7-сынып алгебрасы: қысқаша көбейту формулалары-сабақ жоспары мен тапсырмалар

Алгебра-7сынып «Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығарту.

(сайыс сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін арттыру.

1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

Дамытушылық: логикалық сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік:

Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сөйлемді аяқта

1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы . . .

осы өрнектердің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең

2. Екі өрнектің қосындысының квадраты . . .

бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісінің плюс екінші өрнектің квадратына тең

3. . Екі өрнектің айырымының квадраты . . .

бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселенген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне плюс екінші өрнектің квадратына тең.

4. Екі өрнектің қосындысының кубы . . .

бірінші өрнектің кубына, пюс бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне, плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының үш еселенген көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің кубына тең

5. . Екі өрнектің айырымының кубы . . .

бірінші өрнектің кубына, минус бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне, плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының үш еселенген көбейтіндісіне, минус екінші өрнектің кубына тең

6. Екі өрнектің кубтарының қосындысы . . .

осы өрнектердің қосындысына олардың айырмасының толымсыз квадратының көбейтіндісіне тең

7 Екі өрнектің кубтарының айырымы . . .

осы өрнектердің айырмасы олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең

Ұшқыр ой

Қысқаша көбейту формулалары

Берілген сөйлемге өрнек құрастыр.

1) 4х және 7 санының айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі; (4х-7) (4х+7)

2) в және 5а өрнектерінің айырмасының квадраты; (в - 5а)

3) 2х және 1 өрнектерінің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі. (2х-1) (2х+1)

Қатені түзе

Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.

Кестені толтыр :

“?” Белгісінің орнына қандай өрнек жазу керек?

Сөз жұмбақ

  1. Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні не деп атайды?
  2. Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы

Жауабы:

Үй тапсырмасы:

Қысқаша көбейту формулаларын жаттау.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып алгебра: Қысқаша көбейту формулалары - бекіту сабағы
7-сынып алгебрасы: Қысқаша көбейту формулаларын қайталау (Сабақ №42)
7-сынып: Қысқаша көбейту формулалары - математикалық поезд ойыны түріндегі ашық сабақ
Қысқаша көбейту формулалары: қорытынды сабақ жоспары
7-сынып сабақ жоспары: Екі өрнектің қосындысы мен айырмасының квадраты - қысқаша көбейту формулалары
7-сынып алгебрасы: Қысқаша көбейту формулаларын жүйелеу және қолдану
7-сынып алгебрасы: Қысқаша көбейту формулаларын қайталау және бекіту сабағы
7-сынып: Қысқаша көбейту формулалары арқылы есептер шығару (қайталау-қорытынды сабақ)
Орта мектеп математикасы: Қысқаша көбейту формулалары бойынша қайталау сабақ жоспары
7-сынып математикасы: Математикалық эстафета алауы - қысқаша көбейту формулалары арқылы көпмүшелерді жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz