Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өздері дұрыс түсінбей жатқан әңгіме - ертегіні қалай балаға жеткізбек
Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе (халық мақалы)
Бүгінгі күні еліміздің мектепке дейінгі және орта білім мазмұны әрбір оқушы үшін жеңіл беріліп, ақыл-ойына оңай қабылданып жатқан емес. Өз тәжірибемде көріп - білгенім ауылдық, қалалық жерлерде оқушылардың көбі орысша сөйлейді. Балабақшаға барған баланың өзі орыс тілін жетік меңгерген, ал қазақ тілінде екі-үш сөздің басын қосып берсе ата-анасы мұндайға да қуанып қалады. Ал шынына келсек бұл жағдай қуантарлық жағдай емес. Егер бала кішкентайынан орысша сөз сөйлеп, келешекте қазақ мектебінде тәлім-тәрбие алмақшы болса, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдеріне қиын түседі, сонымен қатар бала да қиналады. Ал оқуда қиналып, мұғалімнің түсіндіріп жатқан тақырыбын түсінбей жатқан бала, қалайша білім алып, оны қолдана алады. Осындай кезде шәкірті үшін ұстаздың жүрегі шырылдайды, қалай үйретем, қалай меңгертем деп. Оқушыға қазақша тілді үйретіп жатқаның да, бағдарлама жылдан жылға күрделене түседі, бастауыш мектеп оқулықтарының өзі мағыналары ауыр сөздерден тұрады. Ал кей кезде, осы жағдай тікелей мұғалімнің түсінігіне байланысты, бала түсінбейді ау деп, ұстаздың қарауынсыз қалады, ата-анасы да әйтеуір мектепке барып жүр, мұғалімі үйретер деуімен жүре береді. Әр оқушының қабілеті әр түрлі біреулері ақылды, тез қабылдағыш, кейбірі нашар қабылдап, айтқан сөздерді есте сақтамай алмай көп қиналады. Осындай жағдайда үлгерімі төмен оқушы пайда болады. Қабілетсіз оқушы болмайды, әр баланың ойы гуманитарлы немесе математикалық бағыттарға қарай бөлініп, өзіне жақын бағытқа қарай тартылады. Спортқа жақын балалар да, оқуда осал бола бермейді. Оқушының жақсы оқуы үшін мақсат, талпынушылық пен ынта қажет. Білім алушының бойында ол қасиеттерді оятушы ұстаз. Осы орайда еліміздің ұстаздарына үлкен, әрі ауыр міндет артылған. К.Д.Ушинский айтпақшы, - Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істің бірі. Бүгінгі біздердің ісіміз ертеңгі еліміздің тарихына жазылмақ, еліміздің болашағы мұғалімдердің талпынысына, өз жұмысын жауапкершілікпен орындауына байланысты болып отыр. Осы орайда білім алушылардың ата-аналарының да алар орны аз емес. Өздері Совет үкіметі кезінде білім алған ата-аналар балаларын қазақша оқытуда қиыншылық көріп жүр. Өздері дұрыс түсінбей жатқан әңгіме - ертегіні қалай балаға жеткізбек. Бұл кездерде ата-ана мұғаліммен хабарласып, сұрақтар қояды. Ал кейбір ата-ана бұлай істемейді. Баласының оқуына көңіл бөлмеген әке-шеше кейін келе өкінеді, өйткені баланы оқыту үрдісі ерте жастан, балабақшадан немесе шағын орталықтан басталады. Балалардың білім алуы үшін мектепке дейінгі тәрбиенің алатын орны зор. Болашақта оқушының ынтамен,қызығушылықпен, жауапкершілікпен оқу оқып, білім алуына балабақшадағы, кейін бастауыш мектептегі алған тәрбиеге байланысты. Ынталандыру үрдісі сәтті өткен сайын білім алушы мақсат қойып, өз мақсатына жету үшін барынша талпынып күш салады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың <<Жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу - қазақстанның жаңа мүмкіндіктері>> атты халыққа жолдауында <<балаларды мекепке дейінгі оқыту мен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған Балапан арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта бі лім беруде 12 жылдық
оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс>>. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет-деп атап көрсеткен еді. Аталған стратегияны жүзеге асырудағы басым бағыт білім беруді жаңарту - Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын маңызды құрал болуында. Білім берудің бағыт - бағдары Қазақстан Республикасының Ата Заңында,
Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында және басқа мемлекеттік құжаттарда негізделген.
Қоғам дамуындағы, заман ағымындағы болып жатқан соңғы өзгерiстер мен бiлiм беру саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейiнгi ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға сәбилiк шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен бiлiм беруге аса жауапты қарауды басты мiндет етiп қойып отыр. Аталған мiндеттердi шешуде кезек күттiрмейтiн мәселелердiң бiрi ретiнде мектепке дейiнгi кезеңде білім мазмұнын жаңартуды қамтамасыз етудiң жолдарын нақтылаудың маңызы зор.
Мектепке дейінгі білім беру орталықтарының басты мақсаты кішкентай сәбилердің бойында өз ұлтына деген қадірлеу, құрметтеу сезімдерін ояту, сүйіспеншіліктерін дамыту, басқа ұлт өкілдерін сыйлап, бейбітшілікте өмір сүруді үйрету. << Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады>> деп Мұхтар Әуезов атамыз бекер айтпасқа керек.Тәрбиеленушілердің тұлға ретінде қалыптасуына көмектесу, білім алып, өзінің қабілеттерін ашып, дамытуына жол көрсету. Бала тәрбиелеу ісінде бұрын өткен ағартушы,педагогтардың, ойшылдардың нақыл сөздерін ойымыздан шығармай, тәжірибелерінен тәлім алып қолдана білу білім беруші үшін маңызды. Өткеннiң тәжiрибесiн бүгiнмен жалғастыра озық өнегелi рухани дәстүрдi ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзу үдерiсi үнемі жүрiп отырады. Бұл үдерiссiз қоғамның өркениеттi елдер деңгейiне жету мүмкiн емес.
Педагогика ғылымының дамуы барысында тәрбиенің мақсаттары туралы мәселені қоғамның даму заңдылықтарымен байланыстырды және жас ұрпақтың жан - жақты дамуын педагогикалық тұрғыда дәлелдеп берген ағартушы - педагогтар: Т.Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, Ш.Фурье, Ж.Ж.Руссо, И.Ф.Гербарт, И.Г.Песталоции, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи т.б зор еңбек сіңірді. Қазақ елінің атақты педагог - ағартушылары да халық ағарту ісіне аз еңбек еткен емес. Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев сынды өнер қайраткерлері білім беру мен жас ұрпақ тәрбиесін жүргізу ісі жөнінде қалдырған еңбектері жетерлік.
2007 ж 15 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасының << Білім туралы
Заңының>> Білім беру мазмұны - деп аталатын 4 тарауының 13 бабында: <<Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын
қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі
бойынша білімдер жүйесі>> (кешені) - деп атап көрсетілген. Республика көлемiнде бiлiм беру саласындағы түбiрлi өзгерiстерге сәйкес << Бiлiм туралы>> заңды жүзеге асыруда бiрқатар шаралар ұйымдастырылуда.
Бүгінгі таңда болашақ ұрпаққа білім беруде жас өркеннің болмыс бітімі,
талғам таразысы, талап деңгейін айқындай отырып, оларға нені оқыту керек, қандай білім беру керек деген мәселені нақтылап алу қажет. Ол үшін білім мазмұнын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау қажеттілігі туындап отыр. Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Олай дейтін себебіміз, ол қоғам дамуының қай кезеңінде болмасын білім берудің мақсаты мен міндеттерін айқындайды. Білім мазмұны әртүрлі әлеуметтік жүйеде бірдей болған емес. Ол өмір талаптарының ықпалымен, өндірістің және ғылыми білім деңгейінің дамуына байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасында Балаларды сапалы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумен толық қамтуды қамтамасыз ету, балаларды мектепке дайындау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқу бағдарламаларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету;
Жалпы білім беру мектептерінде зияткерлік, дене және рухани жағынан дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, жылдам өзгеретін әлемде жетістікке жетуді қамтамасыз ететін, білім алуға деген оның сұраныстарын қанағаттандыру, мемлекеттің экономикалық саулығы үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын дамыту.
Оқудың 12 - жылдық үлгісіне өту сияқты мақсаттар көзделген. Дегенмен бұл мақсатқа жету барысында әлі де көп еңбек ету қажет. Мектеп оқушыға сапалы білім беру мақсатында жүргізетін жұмыстар кезінде келеңсіз жайттарға жиі тап болады. Ол: оқушылардың ана тілін жетік білмеуі, қажетті оқулықтар мен қазақ тілінде жазылған оқыту мен тәрбие үрдістерін ұйымдастыру әдістемелік кешендердің аздығы, ата-аналардың балаларының оқу үрдісіне көңіл аудармауы, педагог кадрлардың біліктіліктерінің жетіспеушілігі, қазіргі заман технологиялары оқушы уақытының көбін алуы(ұялы телефон, интернет желілері, видеоойындар)
Сондықтан қазіргі кезде мектепке дейінгі және орта білім мазмұнын жаңарту үшін оқушының ой-дағдысын, есте сақтау қабілеті, логикалық ойлауы, дене бітімі мен ақыл-есінің дамуын, оқыту тілін меңгергендігін, жаңа технологияларды қолдана білуін, білім сапасын ескерген жөн. Бұл орайда көптеген педагог - ғалымдар зерттеулер жүргізуде. Атап айтқанда: педагогика ғылымының дамуы мен қалыптасуын, А.І.Сембаев, Қ.Бержанов, К.Қ.Құнантаева, А.І.Ілиясова, Г.М.Храпченков, К.Ж.Ибраева т.б қарастырды.
Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады дейді халықта. Қазіргі кезде оқушы бойында айтылған қасиеттерді толықтай дамытып, жетілдіру оңайға соғар емес. Тек қана ата-аналар мен мектептің бірлескен жұмысы ел болашағын қалаушылардың ынта-жігерін тәрбиелеп, еліміздің болашақта биіктерден көрінуіне себеп болмақ. Мектепке дейінгі тәрбие мен орта мектептегі тәрбие жоғары мектепте жақсы оқуға бастау болып отыр. Білім мазмұнының жаңартылуы жаңа талап, жаңа міндеттер туғызбақ. Бұл міндеттерді орындау барысында мұғалімнің жұмысы күрделенбек. Педагог кадрлердің білім-біліктіліктерін арттыру, оқушылардың алдында беделін көтеру маңызды үрдіс.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz