Құймақ дайындау технологиясы: 7-сыныпқа арналған сарамандық сабақ

БҚО, Зеленов ауданы

Трекин жалпы орта білім беретін қазақ мектебі

Бисенова Айнұр Мұхитқызы

7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Құймақ дайындау тәсілі Сарамандық жұмыс

Мақсаты:

  • таңғы асқа құймақ дайындап үйрену,
  • оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын арттыру.
  • Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу

Сабақ барысы:

І . Ұйымдастыру бөлімі

оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықты тексеру.

Бағалау парағын үлестіру

ТҚЕ білуі

Жартылай-1балл, толық-2балл

Сарамандық жұмысты орындауы

2балл

Сұрақтарға жауап беруі

Дұрыс жауап-1балл

Қорытынды баға
ТҚЕ білуіЖартылай-1балл, толық-2балл:
Сарамандық жұмысты орындауы2балл:
Сұрақтарға жауап беруіДұрыс жауап-1балл:
Қорытынды баға:

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау.

Оқушылардан асүйге байланысты техника қауіпсіздік ережелерін сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

Дайындалатын өнімнің құрамына қарай қамыр қатты, сұйық, ал дайындалу тәсіліне қарай ашытқылы және ашытқысыз деп бөлінеді.

Ашытқысыз қамырдан құймақтық пирогтар, құймақ, оладьи дайындалады. Олардың барлық түрлерінің технологиясы, қуыру тәсілі бірдей, ал олардың безендірілуі мен дастарханға ұсынылуы әртүрлі.

Құймақ екі жағынан қуырылып дайын болғанда, дастарханға маймен, қаймақпен, қуырылған етпен, сүзбемен қоса ұсынылады. Құймақты бір жағынан қуырып екінші жағына салма салып, оны бұрыштап бүктеп, екінші рет қуырады. Ашытылмаған сұйық қамыр көтерілуі үшін оған ас содасын қосады. Соданы қыздыру барысында пайда болған көмірқышқыл газы көтереді. Көмірқышқыл газы ас содасынан басқа сірке қышқылында, лимон қышқылында болады.

Құймақ пісіру үшін түбі қалың шойын таба қолданылады.

IV. Сарамандық жұмыс Таңдау бойынша құймақ дайындау.

Нұсқау картасы.

Керекті азық-түліктер:

  1. Ұн - 2 стакан;
  2. Секер - 1 ас қасық;
  3. Сүт - 1 литр;
  4. Ас содасы - қасықтың ұшымен ғана;
  5. Жұмыртқа - 3 дана;
  6. Тұз - бір шымшым;
  7. Күнбағыс майы - 100 гр.

Ыдыс-аяқтар: қасық, шұңғыл ыдыс, құймаққа арналған таба

Дайындалу реті:

  1. Жұмыртқаны құмшекер мен тұзға жарып қосады. Араластырады.
  2. Біртіндеп сүт құяды.
  3. Алынған қоспаны аздаған бөлікпен ұнға салып жақсылап араластырады.
  4. Дайын сұйық қамырға өсімдік майын қосады.

Мұндай қамыр табаға пісірген кезде табаға жабыспайды және табаға салған сайын оны майлаудың қажеті жоқ. Піскеннен кейін әрбір құймаққа май жағады да, қабаттап табаққа салады. Құймақпен бірге тосап, сары май, бал, жеміс қосып береді.

Кезекшілер ыдыс - аяқты үлестіреді. Оқушылар бөлінген жұмыстары бойынша жұмыстанады.

V. қорытындылау

Оқушыларға пысықтау сұрақтарын қою:

  1. Дайындалатын өнімнің құрамына қарай қамыр қалай бөлінеді?
  2. Ашытқының салыну мөлшеріне қарай қамыр қандай түрлерге бөлінеді?
  3. Қамыр илеуде қолданылатын негізгі азық өнімдері?
  4. Ашытқының қандай түрлері бар. ?
  5. Ашытқысыз қамырдан қандай тағамдар дайындалады?
  6. Ашытылмаған сұйық қамыр көтерілуі не қосамыз?

Оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады.


Ұқсас жұмыстар
Құймақ қамырын дайындау және пісіру технологиясы
7-сыныпқа арналған пернелік тақта бойынша сарамандық сабақ жоспары
Ашық сабақ: бисквитті торттарды дайындау технологиясы
Халат тігу технологиясы: үлгі бойынша матадан пішу - теориялық және сарамандық сабақ
Дымқыл жүннен моншақ дайындау технологиясы
Соңғы ылғалды-жылулық өңдеу технологиясы және үтіктеу қауіпсіздігі: сарамандық сабақ жоспары
Картоп егу технологиясы: 7-сыныпқа арналған сабақ жоспары
7-сыныпқа арналған желімдеу технологиясы: теория мен практикалық сабақ жоспары
FrontPage бағдарламасында веб-сайт дайындау технологиясы - оқу-әдістемелік сабақ
Қайнақты қамыр және эклер дайындау технологиясы (сабақ жоспары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz