Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұстазым әні

Сабақтың тақырыбы: Қош бол, бастауышым!
Сабақтың мақсаты: білім негізі бастауыштан қаланатынына ерекше мән беру. Бастауыш сыныптарда алған білімінің маңыздылығына көз жеткізу, алған көрсете білу. Отансүйгіштікке баулу, білімді, саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер.
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе.
Сахна ашлылғанда, ортада әсем киінген ханша отырады, екі жақта уәзірлері.
Уәзір: (жар салады)
Уа, халайық! Білім ордасыда бастауыш мектеппен қоштасу кеші өтеді. Келіңіздер, келіңіздер, көріңіздер, өрендер сынға түседі.
Музыка ойналып, вальс билеп оқушылар кіреді.
Ханшайым:
Уа, халқым! Білім ордасына тарыдай болып еніп едіңдер, жан - жаөтарыңа таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттағандарыңа, міне, табаны күректей төрт жыл толыпты.
Осы білім ордасына алғаш келгенде алдарыңнан күндей күліп, әсем ұстаз шықты емес пе? Сол ұстазды ортаға шақырайық.
Уәзір:
Құп тақсыр! (Уәзір ұстазын қолынан ұстап алып келеді, балалар бас иіп, амандасып ән айтады) <<Ұстазым>> әні.
Ханша: Ал, уәзірлерім, сендер алғашқы ұстаздарыңа не тілек айтасыңдар?
І-уәзір: Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.
Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,
Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

ІІ-уәзір: Көңілің бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

Ән: <<Фараби>> хор

Ханша:
Ал ендігі кезекті, көңілі толқып тұрған, алғашқы ұстаздарың Нургүл апайға берейік.

Ұстаз: Күні кеше ғана білім ордасына жанарларың жәудіреп, тал бойларың майысып, үркектей еніп едіңдер. Енді, міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмамдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата - ана, ұстаздар қауымы - сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Осы сыннан мүдірмей өтсек, келесі басқыш, негізгі мектеп қуана қарсы алады.
Ендеше:
Ана тілсіз іс өрге баса алмайды,
Ана тілсіз тарих та жасалмайды.
Желмаяға мініп ап желіп жүріп,
Күңіренбеген тектен тек Асан-Қайғы - дей отырып, ана тілі сабағынан оқыған, тоқығандарымызды ортаға салайық.
Көрініс: <<Зерделі>> әңгімесі бойынша.

Уәзір: Ұлы мәртебелі ханшайым, батырлар келді.
Ханшайым: Кірсін. (қолымен сілтеп).
Батырлар: (батырларша киінген).
Армысыздар! (амандасады).
Қамшы үйірдім атайлап хан тағына
Хан сұлтандай қайырымсыз аң табына
Жалаңдаған найзама жалт қарады,
Қаңтарылға зар - заман аңтарыла,
Азаматтық келді еліме,
Ақ найзаның ұшымен
Ақ білектің күшімен
Батырлардың ісімен
(Қаракерей Қабанбай батыр).
Жерімізде жау қолы жосығанда
Тура айтуға тірі тіл шошығанда
Қазақтың батырлары емес пе еді
Қаймықпай қарсы шыққан дұшпандарға.
(Қанжығалы Бөгенбай батыр).
Нөкерлері: Ал, өнерпаз өнерім, батырлардың
Құрметіне шалқыта күй төгіңдер,
Шабыттана ән шырқаңдар.
Ән: <<Домбыра>>
Күй: <<Балбырауын>>
<<Ойлан, тап>> әні орындалады.
1. Жұмбақ есеп (2)
2. Би.
Уәзір: туған тіліміз туралы не айтар едіңдер?
1-оқушы: Жетер енді, әркімдерге ермейік,
Қазақ болып құлашты бір сермейік.
Қанға сіңген ана тілін халқым - ау,
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.
2-оқушы: Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін.
3-оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Ән: <<Ана тілі>>
Би: <<Кеңес>> күйіне қойылған

Ханша: Қалың елің қазағыңа қорған бол,
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол.
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп ап,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол.
Нөкер:
Ағылшын тілінен үйренген өнерлеріңді көрейік.
І. Көрініс (ағылшын тілінде)
ІІ. (залда отырған көрермендерден ағылшын тілде әңгіме жүргізу).
ІІІ. Ән (ағылшын тілінде).
Ұстаз:
Міне, балалар, сыннан де сүрінбей өттіңдер. Негізгі мектепте сендерді жаңа пәндер патшалығы қарсы алады.
1. Тарих патшалығының ханшайымы Индира Қуанышқызын қарсы алайық.
Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен,
Қалалар да өтіпті жүз белінен
Қаңқалары табылып жатыр қазір
Соғыстар мен жорықтардың іздерінен.
Таңба, таңба тәнімнің жыртықтары,
Қатпарына қаншама сыр тықпады.
Шежіренің беттерін ашар тарих
Оқи алсаң кітаптай сүртіп қанын.
2. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Қалампыр Әліпқызын қарсы алайық
Ақ сүтінен ананың ауыздандық,
Ана тілде өренім білім алдың
Орыс тілі әлемге кең тараған
Артық болмас бқл тілді де біліп алған.
3. Математика пәнінен дәріс берітін Ғалия апайды шақырайық.
Інжу-маржан жатар теңіз тереңінде,
Ұлы ойшылдар қалды мәңгі ел есінде.
Талаптанып жасыңнан ұғып алғын,
Математика жарар әркез керегіңе.
4. Қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Нүргүл Аққалиқызын шақырайық (терме орындайды).
Ханша:
Ұстаздар қауымы, өреңдеріңнің білімі мен өнеріне ризасыңдар ма? Келесі басқышқа қабылдайсыздар ма? Болашақта сапалы біліммен сусындап, өнерлі шәкірт болатынына сенесіздер ме?
Нөкері: Оқиды.
Ұстаз:
Міне, балалар, сыннан да сүрінбей өттіңдер, білім жолындағы сапарларың сәтті болсын. Ақ жол тілеймін. Қадамдарыңа гүл бітсін (гүлден шашу шашылады).
Ханша:
Той тойға ұлассын. Шақыр әншілер мен күйшілерді.
Ән: Тойға шашу.
Ханша:
Тойда күй тартылмаса болмас, әкеліңдер домбырамды (тақтан түсіп, домбырасын алып ансамбльге қосылады) ансамбльдің орындауында: <<Тойбастар>> (Динаның күйі).
Ұстаз:
Аяулы шәкірттерімнің келесі сынып жетекшісі, әрі екінші анасы болатын апайды ортаға шақырамыз (музыка ырғағымен, оқушыларды жетектеп өтеді).
Ұстаз:
Қырандарыңыздың білім қуған қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын.
Білім ордасында өткен бастауыш мектеппен қоштасу салтанатымыз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Басталған балалық көктемім, Қош бол, бастауыш мектебім
Үйреттің бізді сарқылмастай білімге
Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы
Ұстаз ұлы тұлға жайлы ақпарат
Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім
Ұстазым менің, ұстазым
Оқыту үрдісіндегі кері байланыстың тиімді жолдары
Аяулы ұстаздарды бүгінгі күні
Бастауышым-балбұлағым. бастауышпен қоштасу кеші сценарий
Ұстазым - ұлағатым
Пәндер