Әріптердің атаманы қай әріп

Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты:Оқушыларға алғашқы төл оқулығымыз Әліппемен қоштасу ертеңгілігін өткізу. Алған білімдерін ұштау, білімдерін өмірде пайдалануға үйрету. Өз елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, ұстаздар!
Жүргізуші: Елімізде жылда тұңғыш мектеп есігін ашушы бүлдіршіңдер қатары артуда.
Жүргізуші: Олай болса1 А сынып оқушыларын ортаға шақырайық!
Мұғалім:Құрметті жиналған барша қауым. Биыл қыркүйекте келген бүлдіршіндерміз аз уақыт аралығында сауаттанып, хат танып, өздері оқып жаза білер халге жетті. Қош келіпсіздер дей отырып, мерекені бастайық.
Назерке: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Шырын: Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Ән: «Болашағы елімнің»
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
Жүргізуші: Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Жүргізуші:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе:
Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мені оқып, ер жеткен,
Бауыржан да, Мәлік те.
Әліппе: - Осы сендер қандайсындар?
Барлығы: Біз - қазақ елінің болашағымыз.
Жүргізуші: Құрметті Әліппе!Балалардың сізге арнаған музыкалық сәлемі де бар екен, соңы қабыл алыңыз!
Әліппе:Бәрекелді мен енді сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
Ән: « 42әріп бар»
Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.
Алфавитті жатадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
Мерейім: Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеңіндер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.
Әріптердің атаманы қай әріп?
1) А дегенің Ақерке
Ақерке деген мен бала.
А әрпінен есімім
Айтсам сөздің кесімін.
2) Айбала мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
3) Бейбарстыбілесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Б әрпі де атымда
Оқып - біліп жүресіз.
4) Дөңгелене доп келеді,
Оны теуіп Диана келеді.
Мәз боламын шаттана
Ойым мүлде басқада.
5) Ж дегенің Жанбол
Жанбол деген мен бала.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шара.
6) Айшаа деген есімді,
Білдіңіздер кесімді.
Ш әрпі бар ішінде,
Тыңдасаныз шешімді.
7) Н әрпі Нұрдаулет деген,
Білім іздеп, оқу оқып терлеген.
8) Сағыныш деген мен едім,
Алсам білім тереңін,
С әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.
9) Х дегеніңіз Хамар,
Х-ны білу керек бұл.
Х деген де тамаша,
Хат, хабарлар - деректер.
10) Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
Би қыздардың орындауында. «Буратино»
(Осы кезде әндетіп Сайқымазақ кіріп келеді)
Сайқымазақ:Әй, сендер не істеп жатсыңдар?
Жүргізуші:Бұл жерде «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі болып жатыр.
Сайқымазақ: Әліппемен қоштасу ?Ал мен енді келе жатсам. Мен де оқиын деп едім.
Жүргізуші:Әліппең болса жарайсың, Сайқымазақ!Әліппені түгелдей бітіріп, Ана тіліне көшті. Бұл балалар әріптердің бәрін біледі. Сен де отыр біздің қонағымыз бол, біздің балалардың барлығы оқи алады.
Сайқымазақ:Ал, қане, оқыңдаршы, көрейін қалай оқиды екенсіңдер?
Балалар Әліппені оқиды.
Сайқымазақ:Бәрекелді, мен енді сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
Жүргіізуші:Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістейсің бір күні бармақты.
Көрініс: «Ата өсиеті».
Жүргізуші:Биші қызда өнер көп,
Билейді биді мәнерлеп.
«Қамажай» биін көріңдер,
Өнерге баға беріңдер.
Би.
Әліппе:Құрметті оқушылар! Сендердің ынталы, білімді, ақылды екендеріне көзім жетті. Қоштасатын уақыт келді.
Жүргізуші : Ендеше біз сізбен қоштасайық.
Сайқымазақ:Ой, сіз кетесіз бе? Енді мені де Әліппені оқуға үйретіңізші. Мен жақсы оқушы боламын.
Әліппе: Балалар сендердің достарың -Ана тілі. Ендігі жерде Ана тілімен дос боласыңдар. Ана тілі сендерді ары қарай білімге жетелейді.
Балалар:Иә, сізге уәде береміз. Сайқымазақ ағаға әріптерді таныстырыңыз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz