5-сыныпқа арналған сабақ: Компьютердің қосымша құрылғылары

5 сыныптар

Сабақ: 7

Сыныптарға кіретін уақыт: 5а5ә5б5в5г5д5е

Сабақтың тақырыбы:Компьютердің қосымша құрылғылары.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Компьютердің қосымша құрылғылары туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдістері: көрнекі, практикалық

Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, тест сұрақтары т. б.

Сабақтың барысы:

Қосымша құрылғылар - компьютердің жүйелік блогына қосымша жалғанатын құрылғылар. Оларды жүйелік блоктың сыртына да, ішіне де қосуға болады. Компьютердің қосымша құрылғыларына дыбыс колонкалары, микрофон, принтер, сканер, модем және т. б. жатады.

Дыбыс колонкалары - дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы.

http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=9e4600db1b4af2b28bd211b482cb6114-11-144&n=21 Принтер - ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Заманауи принтерлер басып шығару тәсіліне қарай лазерлік және бүріккіш болып бөлінеді.

http://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=a5c9caf32bfe592167be27eba5d27e9b-107-144&n=21 Сканер - мәтіндік және графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы. Сканердің көмегімен мәтіндерді қағаздан мәтіндік редакторға, фотосуреттерді -бейнелерді өңдеу программаларына аударады және т. с. с.

http://im2-tub-kz.yandex.net/i?id=7c0cc2ac53e9674022d7daf21bc71c30-60-144&n=21 Көпфункционалдық құрылғылар- бір құрылғыдағы принтер/сканер/копир. Аталған функциялардың бәрін жүзеге асыруға арналған. Мұндай құрылғылардың ерекщелігі - оларды компьютерсіз де көшірме жасау құрылғысы ретінде қолдануға болады.

http://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=f822c4a585ebd26806ed3b54e9fb58ce-04-144&n=21 Модем - компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы . Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.

Ақпарат тасығыштар:

  • Қатты диск (винчестер) ;
  • Жұмсақ диск (дискета) ;
  • Лазерлік дискілер;
  • Флеш-жады

Тасығыштарда ақпарат компьютерге ыңғайлы түрде - сандық форматта сақталады. Адам тасығыштағы ақпаратты компьютердің көмегінсіз ажыратып оқи алмайды. Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші - олардыңсыйымдылығы.

Үйге тапсырма 50-56 беттердегі 7 тақырыпты мазмұндап келу. 57 беттегі өзіңді тексер тестіне жауап жазу.


Ұқсас жұмыстар
5-сынып информатикасы: Компьютердің қосымша құрылғылары - сабақ жоспары
Компьютердің қосымша құрылғылары: енгізу, шығару және сақтау құрылғылары
8-сынып: Компьютердің қосымша құрылғылары мен драйверлерін орнату
7-сынып информатика: Компьютердің қосымша құрылғылары мен ақпарат тасығыштары
7-сыныпқа арналған информатика сабағы: Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
5-сынып информатикасы: Компьютердің негізгі және қосалқы құрылғылары (қайталау сабағы)
7-сыныпқа арналған ашық сабақ: Дербес компьютердің сыртқы және енгізу-шығару құрылғылары
Дербес компьютердің құрылғылары және олардың функциялары
5-сынып информатика сабағы: Компьютердің негізгі құрылғылары, құрылымы және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz