Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қисықтарды редакциялау

Пән Информатика сынып 7 Күні 03.03.16 ж.
сабақ №: 24
Тақырып: Қисықтарды редакциялау
Мақсат: Қисықтарды редакциялау тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
Білімділік - Қисықтарды редакциялау тақырыбын түсіндіре отырып, Inkscape бағдарламасында қисықтармен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық - Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс істей алу, өздігінен іздену қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Құрал-жабдықтар: ДК-лер, оқулықтар, дәптерлер, Inkscape бағдарламасы, видео (көзге арналған жаттығу)

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеттері
Оқушылардың іс - әрекеттері
І. Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
- Сәлеметсіздер ме, балалар?!
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Сабаққа дайындық қалай?
- Бүгінгі сабақта мен сендерге сәттілік тілеймін
- Бір - бірімізге сабақтың жақсы және де қызықты өтуіне тілектер тілейік.
- Сәлеметсіз бе?!
- Керемет! Жақсы! және т.с.с
- Жақсы
- Рахмет
Оқушылар бір-бірлеріне <<Саған 5 деген баға тілеймін>>, <<Өмірде жеңілме!>>, <<Сәттілік саған серік болсын!>> деген тілектеп айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
8 мин
<<Ыстық орындық>> Бір оқушы ортадағы орындыққа отырады, қалған оқушылар өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

Кезекпен тұрып, орындықта отырған оқушыға сұрақтар қояды.
Мысалы:
1. Компьютерлік графика қолданылу әдісіне қарай қанша топқа бөлінеді?(4)
2. Екі өлшемді графика түрлерін атаңыз?(расторлық, векторлық және фрактальдық)
3. Математикалық теңдеулерден құралатын графика түрі?(фрактальдық)
4. Әр түрлі кескіндерді компьютер көмегімен алуды қарастыратын информатика саласы?(компьютерлік графика)
5. Пиксель сөзінің мағынасы: (нүкте)
6. Векторлық графикаға жататын бағдарламаны көрсетіңіз (CorelDraw, Inkscape)
7. Расторлық графикаға жататын бағдарлама түрін көрсетіңіз: (Photoshop)
ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру
7 мин

Кескіндерді тек нысан-фигуралардан барлық уақытта жасай алмаймыз. Көбінесе кескіндер күрделірек. Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның бір әдісі - Контур => Нысанды контурлау (Контур => Оконтурить объект) бұйрығы арқылы орындалады.
Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар: Түйіндер, Қарындаш, Қаламұш, Каллиграфиялық қаламұш.
Түйіндерді редакциялау үшін ең алдымен сегментті тінтуірмен шертіп, ерекшелеу қажет. Shift пернесін басқанда, бірнеше түйін ерекшеленеді.
Құралдарды контурлармен жұмыс істеу кезінде қолдану ерекшеліктерін қарастырайық.
Қарындаш
Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға болады. Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді Құралдар параметрлерінің панеліндегі Түйіндердегі батырмамен жоюға болады.
Түйіндер санын автоматты түрде Контур => Жеңілдету (Упростить) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.
Түйіндер санын суретті салу кезінде реттеп отыруға болады.
Одан басқа Қарындаш құралы үшін Құралдар параметрлері панеліндегі тізімінен бірнеше қолжетімді пішінді таңдап алуға болады ( 60-сурет ).
құралы Қарындаш құралының үнсіз келісімге дейінгі параметрлерін алып тастайды.

Қаламұш
Құралдар қисықтармен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.
Төрт режім қолжетімді:
Безье қисығы;
Спиро қисығы;
тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарда);
тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда).
Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.
Каллиграфиялық қаламұш
Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған параллель екі контурды құрайды (61-сурет).

61-сурет. Каллиграфиялық суретті қаламұшпен құру
Түйіндерді редакциялау
Өздеріңнің көздерің жеткендей, Түйіндер құралын пайдаланып, түйіндерді қосуға, жоюға, ерекшелеуге, жылжытуға болады. Аталғандардан басқа, Түйіндер құралында тағы бірнешс параметр бар. Олармен мысал арқылы танысайық.
!Түйін
Контурларды жасау және редакциялау үшін Қарындашты, Қаламұшты,
Каллиграфиялық қаламушты, Түйіндерді пайдаланады.
Контур - құйып бояу мен жиектеу параметріне ие қисық сызықтардың тізбектелуі.
Кез келген фигураны контурға Контур => Нысанды контурлау (Оконту - рить объект) бұйрығы арқылы түрлендіруге болады.
Контурлар Түйіндер құралын қолданумен редакцияланады.
Контурдың Түйіндер санын автоматты түрде Контур => Жеңілдету (Уп - ростить) (Ctrl + L) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.
Контурларды біріктіруге, үзуге, тегістеуге және түзуге, түрлендіруге болады.
IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
10 мин
ДК-де Inkscape бағдарламасында компьютердегі тәжірибелік жұмысты орындайды. 129-130 б.б.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1. Қарындаш құралын пайдаланып, кез келген контур сызыңдар. Мысалы, 63-суреттегідей.
2. Контурды көшіріп алыңдар Ctrl + D.
3. Көшірмеге контурлық әсерлерді қолданыңдар: Контур => Контурлық
әсерлер редакторы.
4. Ішкі сызықты түр салу (Внутренняя штри - ховка ) әсерін таңдап, Қосу батырмасын басыңдар. Нәтижесінде контур сызықты түрге айналады (64-сурет).
5. Сызықты түрді Түйіндер құралымен ерекшелеңдер, бірнеше сары түсті таңбалар пайда болады, оларды басқара отырып, өздеріңе керек әсерді ала аласыңдар (65-сурет).
6. Tab пернесін басу арқылы бастапқы контурға ауысыңдар, Қарындаштық нобай әсе - ры қолданыңдар (66-сурет).
7. Контурларды топтал, жиектеудің түсін өзгертіңдер.

65-сурет. Сызықты түрлерді 66-сурет. Контурлық
өзгерту әсер қосылған қарындаштық нобай
В деңгейі
Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар.

С деңгейі
Киіз үйді салып, оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер.

V. Сергіту сәті
2 мин
Видеоға қарап көрсетілген қимыл іс-әрекеттерді орындайды.
Жаттығуды орындарында отырып орындау.
VI. Бекіту
10 мин
Оқулықпен жұмыс, 128 бет бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындайды, сұрақтарға ауызша жауап береді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Контурдың анықтамасын беріңдер.
2. Контур мәзірін зерттеп, әрбір бұйрығының қызметін сипаттаңдар.
3. Қарьшдаш құралымен салынған контурдың қандай ерекшеліктері бар?
4. Қаламұш құралының көмегімен түзу сызықтар жасау алгоритмы құрастырыңдар.
5. Қаламұш құралының көмегімен қисық салған кезде түйіндердің тетігі қандай рөл атқарады?
6. Қисықты қалай редакциялауға болады?
7. Каллиграфиялық қаламұш құралының Қаламұш құралынан қандай ерекиіелігі бар?
8. Контурдағы түйіндер санын қалай азайтуға болады?
9. Қандай бұйрықтар контурларды біріктіруге мүмкіндік береді?
10. Контурды қалай ажыратуға болады?
VIІ. Рефлексия
2 мин
Тақтадағы рефлексивті экраннан фразаның басын таңдап, әр оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз пікірін айтады.

Бүгін маған............................. қызықты болды.
.................................... қиын болды.
Мен тапсырмаларды ...................... орындадым.
........................... орындап көремін.
...................... мені таң қалдырды.
Өмір үшін сабақ маған ................. берді
........................ мен орындай алдым.
Енді мен ...................істей аламын.
VIII. Бағалау
2 мин
Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.
Күнделіктеріне баға қойдырады.
ІХ.Үй жұмысы
2 мин
24 оқу, конспект
Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.

Ұқсас жұмыстар
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Microsoft excel–ге берілгендерді енгізу және редакциялау
Ортада аралар биімен Балапан тобы бүлдіршіндері
Бүтін рационал теңдеу
Берілгендерді енгізу
Берілгендерді ұяшыққа енгізу
Мәтінді редакциялау және пішімдеу. 5 сынып. Информатика
Түйіндерді редакциялау
Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім
Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.Автопішімдеу терезесін сипаттайды
Пәндер