Қасым өлеңі

Қарағанды облысы
Шет ауданы
Жоғарғы Қайрақты негізгі мектебінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
оқу ісінің меңгерушісі
Ибакова Самал Мухитовна
Тақырыбы: «Теңіздей тебіренген дауыл күй»
Мақсаты: Оқушыларды ақын шығармашылығымен, өмірбаянымен, азаматтық тұлғасымен таныстыру; Поэзияны сүюге үйрету, оның құдіретін сезіндіру; Оқушылардың өлең, көркем сөз оқу, ән айту қабілеттерін дамыту, өлең жазуға, ән айтуға қабілеті бар оқушылардың талабын ұштау.
Түрі: Қасым Аманжоловтың мерейтойына арналған әдеби кеш
Жүргізуші-1: Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені,
Мен қазақтың баласы, -деп кезінде ағынан жарыла толғанған ақиық ақын Қасым Аманжоловтың туғанына биыл 100 жыл толды.
Жүргізуші-1 : - Тірісінде -ақ аңызға айналған Қасым - ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады.
Жүргізуші-1 : Поэзия пайғамбары, дауылдай тебіренген сыршыл ақынның 100 жылдық мерейтойына арналған «Теңіздей тебіренген дауыл күй» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жүргізуші-1: Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Сарыарқаның ең көрікті жері Қарқаралы ауданы, Қызыл Көшен тауының баурайындағы Рақымжан қыстағында дүниеге келген. Ата жұртының тұрағы Қызыл деп аталып кеткен таудың етегіне орналасқан.
Көктемде тау бөктерінде қызғалдақ гүлдер, белуардан көкорай шалғын өсетін сары дала Сарыарқа Қасымның балалық шағы өткен құтты қонысы.
«Сарыарқа» өлеңі оқылады.
Жүргізуші-1: Қасым Аманжоловтың бүкіл өлеңдерін оқып отырып, оның бүкіл соқтықпалы жолдары мен өткелекті өмірбаянын түгелге жуық көз алдына елестетуге болады. Ол тұтастай өлең-өмірбаян.
Жүргізуші-1: Өмірбаян болғанда да, өзі өмір сүрген қоғаммен, уақытпен, заманмен, адамдар тағдырларымен тамыр-талшықтарына дейін бірге өріліп кеткен өмірбаян.
7-сынып оқушысы Қыдырасқар Нұрбектің орындауында «Өзім туралы» өлеңі
Жүргізуші-1: Табиғаттың тамаша ортасында есейген Қасым:
Ышқына соққан дауыға,
Құмартушы ем жасымда.
Нөсерлеп құйған жауында,
Қызығушы ем жасынға.
Жүгіруші ем жарысып,
Сарыарқаның желімен.
Ойнаушы еді алысып,
Соққан дауыл менімен, - деуші еді. Осындай албырт жасөспірім күз желімен майысқан Арқаның боз селеуіндей жалаңаш жетім еді.
Жүргізуші-1: Қасым 6 жасында, ағасы Тайжан 11 жасында әкесінен жетім қалады. Тайжан мен Қасым жастай жетім қалғандықтан, өмірдің асау толқынымен арпалысып, қозы-қой бағып, кісі есігінде жүріп, қатарына қарағанда ерте ержетеді. Қасым жас кезінен өмірдің сырын тануға ұмтылып мінезі өткір, алғыр, зерек болып өседі.
Көрініс: «Балалық шақтан бір елес»
Бәйбіше: (Екі бала сыртта жүреді) - Әй жүгірмектер, текке жүргенше жұмыс істеп өз тамақтарыңды неге таппайсыңдар. Менің сендерге беретін тамағым жоқ. Анау Жұмаділ кеше жұмыс істейтін адам іздеп жүрген. Бар сонда барыңдар.
Тайжан: Қасым сен менімен бірге жүр. (екеуі кетеді)
Қасым өлеңі: Өмірге ендім еңбектеп,
Шалқалап әкем шықты үйден.
Жетімдік тағдыр жетті ептеп,
Қабағын жаба түксиген.
Өмірден үміт жоқ өзге,
Даланың тердім тезегін.
Әкем боп таптың сол кезде,
Қайран да менің өз елім.
Көрші әйел: - Апырмай, кешегі сал-сері Рақымжанның көзі еді. Бұлар осылай жүреді деп кім ойлаған. Заман не болып барады. Айналайындар-ай, келіңдер, ең құрмаса айран ішіп кетіңдерші
(екеуіне айран береді) (Екеуі кетіп бара жатады)
Әлі буындары бекіп, сүйектері қатқан да жоқ. Әйтеуір аман болса екен
Жүргізуші-1: Қос жетімнің барар жері, басар тауы қалмайды. Қол ұшын созып, бауырына басар, пана болар ешкім жоқ.
Сұлтан: Жолаушы дұға оқып, жаяулайтын,
Қалжырап келе жатқан ұзақ жолдан.
Дозақтай түсі суық бейіттерде,
Біздерге әке үйіндей мекен болған.
Бейуақта не бейіттен, не қорғаннан
Біздерді көрген жандар естен танған.
Ойпыр -ай, Тайжанбысың, сайтанбысың, -
Деген сөз ел аузында содан қалған.
Жүргізуші-1: Қандай қиын, қандай ауыр тағдыр! Басқаша қалай айта аласың?! Әйтпесе, құйтақандай екі баланың түн ішінде тентіреп, ескі қыстаулар мен бейіттерді пана етіп жүргендерін көз алдыңызға елестетіп көріңізші.
Жүргізуші-1: Жетімдіктің, өгейіліктің зардабын молынан көрген Қасым 1924 жылы Семейдегі балалар үйіне барып жан сақтайды.
Жүргізуші-1: Интернаттағы оқуын аяқтап, 1927 жылы Семей мал дәрігерлік техникумына барып түседі. Онда 3 жыл оқып, 1930 жылы Алматыға келіп, шығармашылық ортамен араласады. Бір жылдай «Лениншіл жас», «Қызыл әскер» газеттерінде жұмыс істейді. 1931 жылы Ленинградта орман шаруашылығы институтына оқуға түседі. Одан денсаулығы жарамай бірер жылдан кейін елге келіп, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетінде тілмаш болып қызмет атқарады. Көптеген өлеңдері осы газетте жарық көреді. 1933жылы Орал қаласында 2 жыл әскери міндетін өтейді. Одан кейін сол қаладағы театрдың көркемдік жетекшісі болады.
Жүргізуші-1: Қасым өзі бірнеше аспапта еркін ойнайтын болған. Орал қаласындағы талантты жастарды жинап, жаңа рөлдерге баулыды. Оркестр құрады және ол театр Қазақстандағы тұңғыш музыкалық драма театр болады. 1935-36 жылдардан бастап ақындыққа біржола бет бұрады. 1936жылдан бастап Алматыда газеттерде поэзия бөлімінде қызмет атқарады. 1938 жылы «Өмір сыры» атты тұңғыш өлеңдер жинағы щығады.
Көрініс:
«Екпінді құрылыс» газет редакциясы
Қасым кіреді.
- Амасыздар ма?
- Иә, Қасым амансың ба? Кел отыр
- Аға, менің шығарған бір топ өлеңдерім бар еді. Соны тыңдап көріңізші.
- Бәрекелді, тыңдасақ, тыңдайық.
(Бір топ өлеңдерін оқып береді. )
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып бар дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.
Ішім пысты жалықтым,
Жүре алман енді аяңдап.
Кенде қаппын, соны ұқтым,
Не болса соған аялдап.
Нар тәуекел құлаш ұрдым қиынға,
Қайрат шіркін алып шықса қиын ба?!
Жығылам деп жүре алмаймын жай басып,
Жүгіремін киіп, жарып, айқасып.
Мүлги берсін, ілби берсін қорқақтар,
Іш пыстырып, жалт-жұлт қарап жай басып.
Жығылсам да жүгірумен өтемін,
Аяңшылдың ақылын мен не етемін,
Жығылармын, алқынармын, шаршармын,
Барар жерге бұрынырақ жетермін.
Иса Байзақов : Мен кісі танысам бұл бала бәрімізді басып озып, барлық ақынның алдына шығайын деп тұр. Тірі болсаңдар көресіңдер әлі.
Елубай Өмірзақов: Иә, Қасым өлеңдерін тамаша екен. Осы жолдан тайма, тоқтама. Жаза бер.
Жүргізуші-1: Оралда болған жылдар Қасым ақынның ең бір шарықтап өрлеген, талантының толысқан кезі еді. Қасымды өнерлі ортада нағыз ақын деп таниды. Бәрімен жақсы араласады.
Жүргізуші-1: «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» деп Абайдың өзі айтқандай, Қасымның ақындық, серілік, оның үстіне бекзаттық адамгершілігі алдында көп сұлулардан ерік кетті. Оралдағы жылдар «махаббат қызық мол жылдар» болды. Махаббат, ақындығына қанат бітіргеннің бірі - осы Оралда 1935 жылы кездескен Сақыпжамал.
Жүргізуші-1: Сақыпжамал, атың қандай,
Сәпен дейміз қысқартып.
Жар бола гөр айтылғандай,
Сенен қайсы қыз артық, - деп жырлаған Сақыпжамалға
Қасым тоғыз жылдан кейін, соғыстан аман-есен оралған соң қосылады. Екеуінің арманы орындалып, балалы-шағалы болады. Жанар, Дариға деген қыздары болды. Қасым Дариғасын еркеше жақсы көрсе керек. «Дариғасыз бір күнде өмір сүре алмаймын» дейді екен.
Көрініс: Жары Сақыпжамалдың естелігі
Жүргізуші-1: - Мына өмірден тіліңнен бал сорғалап, жан жүрегінді алтын шуаққа бөлеп, болмыс-бітімінді жарқылдаған сәулеге орап жіберетін сұлулықтың сиқырлы сымбатынан көздің жауын алатын үйлесім мен сөздің нәрі мен құнарын құятын жарасымдылық іздеп шарқ ұрған, оған шаң қондырып, тозаң түсіргендермен бүкіл жан дүние, бар табиғатымен аяусыз күрес ашатын қызықты да шыжықты сол бір сәттері бір-ақ күнде айра-жайра, ойран-ботқасы шықты. Соғыс басталды. Ақын майданға аттанды.
(Қасым ел-жұртымен, достарымен қоштасып соғысқа аттанады . )
Қасым: Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын,
Сұрапыл бір соғысқа
Қош бол енді, Оралым,
Күле бер шалқып, сайранда!
Айтпақшы, қайда бораның,
Кетейін алып майданға.
Жүргізуші-1: Қасымның шынайы ақындық болмысы соғыс жылдары көрінді. Ол қазақ ақындарынан тұңғыш қаһармандықтың, қайсарлықтың тамаша үлгісін көрсеткен Абдолла Жұмағалиевтің бейнесін сомдайды. «Ақын өлімі туралы аңызды» ауырып емханада жатқанда жазған.
Жүргізуші-1: Поэма небәрі 220 жол. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылық, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай тас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес.
Жүргізуші-1: Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы ауылында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан ақындық талантымен ерте танылған. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен өте достасып кеткен, айырылмастай бір теректің қос бұтағындай болған екен. Абдолла 30 жасында шейіт болады. Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасына әдебиет сыншылары сол кезде «Бүкіл қазақ поэзиясының маржаны» деп баға берген екен.
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмадан үзінді оқылады
Жүргізуші-1: Соғыс кезінде қайнаған Қасым шығармаларының ғажайып маржандарының бірі «Дариға, сол қыз» - тұтас бір соғыстың шежіресі. Басты кейіпкері - қазақ батыры, ақыны. Сол сұрапыл соғыс, сол сүйген қыз, өмірге құштарлық. Қансырап жығылып, семіп бара жатқан батырды қыз тұрғызып жібереді. Өмір елестеп, қыз алыстап, аласұрған, еңіреген ақын аяғында өлімді алыстатқан әмірші қызбен, өмірмен қайта табысады.
Қасым: «Дариға, сол қыз»
Өңімде ме еді, түсімде ме еді,
Көріп ем ғой бір армандай қызды
Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,
Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.
Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,
Тулады толқын, шайқалды шың-құз,
Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз.
Қайда, екен қайда, дариға сол қыз?!
«Келмейді өлгім, Келмейді өлгім.
Қайратым қайда, Келші осындайда».
Дедім де тұрдым, жүгіре бердім.
Қолымда найза, шағылып айға.
Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым.
Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс.
Таба алмай жүрмін, айқайлап ән сап,
Қайда екен, қайда, Дариға, сол қыз?!
Қасым өлеңі: Жылдап бір жүріп, қан жұтқан,
Адамды қылғып тірідей.
Түскендей жерге "тамұқтан"
Қап-қара алып бір дүлей.
Ырсиып темір тістерін,
Жалақтап, жалмап, жұтынып,
Істеп бір алып істерін,
Тұр әлі тоймай құтырып.
Қасым: Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Баяғы Қасым, бір Қасым,
Баяғы күйім, өлеңім.
Жүргізуші-1: Соғыс та бітті. Қасым Аманжоловта өзгелермен бірге, туған жерге, ғұмыр бойы аңсаған Алматысына оралды. Оның әр бұрышын мекен етті. Күні кеше ғана Отанын қорғап өрт ішінен шыққан қайсар жауынгер ақын өзінің туған елінде, кең дүниеге сыймай қор болды. Қыңсылап қыр соңынан қалмайтын тіміскі тұрмыс деген бәле ақынды әбден тұралатып бітті. Бойын жаздырмады, адымын аштырмады. Осы бір тұста, ол бір майданнан шығып екінші бір майданға кіргендей күй кешті.
Партия жиналысы: Жиналысты жазушылар одағының хатшысы Ғ. Мұстафин жүргізіп отырады. Жиналыста Қасымның шығармашылық жұмысы, комунистік партияға көзқарасы және осындай басқа ақын жазушылардың мәселесі талқыланады.
Жиналысты Ғабең ашып мәселені түсіндіріп өтеді.
Ақын Әбділда Тәжібаев: Қасымның барлық жырын түгел қамту, түгел түсіну қиын. Ол да уақыт өткен сайын, эстетикалық білім тереңдеген сайын тереңдей беретін, жаңа қырлары ашыла беретін ақын.
Әдебиет сыншысы Серік Қирабаев: Қасымның мінезі өткір, пікірін ашық айтады. Табиғатының өзінде қайсарлық бар. Қазақтың қаһармандық мінезі бойына сіңген. Жалтармай тура айтатындықтан түсінбестік болуы мүмкін.
Одан кейін партияның хатшысы сөйлейді : Қасым Аманжолов ескі жолдағы ақын. Өлеңдерінде көбінесе Комунистік партия туралы, партия көсемдері туралы айтпай айналып өтеді. Бұл кешегі Алашордашылардың сарқыты. Сондықтанда Қ. Аманжоловты партиядан шығару қажет. Ә. Тәжібаев, Қ. Бекхожиндар да осы сарындас. Біздің қоғамға тек партияның әнін айтатын ақын ғана керек. Басқаларын қоғамнан аластауымыз тиіс.
Отырғандар: Дұрыс ондайларға қарсы шара қолдану керек. Ондай пікірдегі адамдардың бәрі халық жаулары. Олар көбеймей тұрғанда сазайын беріп, қоғамымызды халық жауларынан тазартайық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz