Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сөйлемнен қаратпа сөздерді табу
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қаратпа сөз туралы түсінік бере отырып,
жаттығулар орындау арқылы сөйлем ішінен оларды
таба білуге үйрету;
Оқушылардың ойлау және шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды таза, сауатты жазуға, ұйымшылдыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызба, тест.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару (Күн жадын сұрау).
ІІ. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Балалар, біз кімбіз?
Оқушылар: Жарқын болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз.
Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер. Ендеше бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр, сол қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
5-жаттығу. Оқушыларға оқытып, соңғы сөйлемді талдау.
Несі? Қашан? Қандай? несін? Не істейді?
Жидектері де қыс мезгілінде қызыл түсін сақтайды.
1. Сұрақ - жауап.
* Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
* Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
* Тұрлаулы мүшелер неден тұрады, тұрлаусыз мүшелер неден тұрады?
* Бастауыш пен баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
* Жалаң сөйлем неден жасалады? (бастауыш, баяндауыш)
* Жайылма сөйлем неден жасалады? (кімге? неге?)
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы Тұрлаусыз
Жалаң Жайылма
Бастауыш, баяндауыш кімге? неге? кімнің? ненің?
кімнен? неден? т.б.
ІҮ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Ребус шешу.
Қарға, сағат, балапан, сиыр, көз.
<<Қаратпа сөз>>.
1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, салыстыру. Мағыналарын айырып, тыныс белгілеріндегі айырмашылықты табу.
1. Бағдат ертегі оқыды.
2. Оқушылар мектепте тәртіп сақтауға міндетті.
3. Әжем кесте тігуді үйретті.
1. Бағдат, ертегі оқы.
2. Оқушылар, мектепте тәртіп сақтаңдар.
3. Әже, кесте тігуді үйретші.
Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер қаратпа сөз деп аталады. Мыс: Балам, дәптеріңді таза ұста.
2. Оқулықпен жұмыс.
2-жаттығу.
1. Өлеңді көшіріп жазып, қаратпа сөздің астын сыз.
2. Қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылған?
3. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен рөлге бөліп оқы.
Ү. Сергіту сәті.
Аяқпенен топ - топ - топ,
Ал, қолменен хлоп - хлоп - хлоп
Бір оңға, бір солға,
Айналайық, кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп, басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға,
Ойнайықшы кел мұнда.
3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
5-жаттығу. Суретке қарап отырып ертегі құрау. Сөйлемнен қаратпа сөздерді табу.
Ойын: <<Сөз ойла, тез ойла>>
Шарты: Берілген сөйлемдерді қаратпа сөздермен толықтыру.
1. Саған мектептің туған күні ұнады ма?
2. Алақай, терезеге қарашы, қар жауып тұр!
3. Тәуелсіздік күніне арнап концерт қоятын болдық.
4. Жарайсың, деді - әкем.
5. Ертегі айтып берші.
ҮІ. Қорытынды.
1. Тест
1. Қарағым, қайдан келдің? Қарамен жазылған сөз:
А) қыстырма сөз
Ә) одағай сөз
Б) қаратпа сөз
2. Сөйлемдердің ішінен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді табыңдар:
А) Алыста Рим деген қала бар
Ә) Әлтай нанға тоймаушы еді
Б) Апа, отырыңыз, - деп шанасын көлденең тартты.
3. Сара, сен сабақ оқыдың ба? Мына сөйлемде қаратпа сөз:
А) айна
Ә) Сара
Б) сабақ
4. Көп нүктенің орнына қаратпа сөз жазыңдар: Құстың жемін әкелші...
А) қорада
Ә) қызым
Б) үйге
5. Тілде біреудің назарын өзіне аудару үшін қандай сөз қолданылады?
а) одағай сөз
ә) ыстырма сөз
б) қаратпа сөз
2. Кесте.
Сөйлем
Сөйлемдегі орны
Балам, мына лебізің қандай жақсы еді.
...
Кел, балалар, оқылық!
...
Айтыңыз, әке.
...
ҮІІ. Үйге тапсырма.
4-жаттығу. Ереже жаттау.
ҮІІІ. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz