Қарапайым мәтіндік редактор

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Практикалық жұмыс
Ү. Жаңа сабақты бекіту:
ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау
ҮІІ. Үй тапсырмасы
ҮІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
4. Қауіпсіздік ережесі дәптерін толтырту.
5. Сабақ барысында дұрыс жауап берген, тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға қаршалар беріліп, сабақ соңында жинаған қаршаларының санына қарай бағаланатындығы туралы айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кім тапқыр» ойыны ойнатылып, әр-бір дұрыс жауапқа қарша беріледі.
Ақпарат және компьютер бөлімінің сұрақтары:
- «Ақпарат» сөзі латынның қай сөзінен аударылған?
- Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз.
- Компьютер құрылғыларының қайсысы негізгі және қайсысы қосалқы құрылғыларға жататынып атап беріңіз.
Ақпарат және компьютер бөлімінің жауаптары:
- Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін information сөзінен шыққан.
- Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт, Петабайт, Ексабайт, Зеттабайт, Йоттабайт.
- Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта және компьютердің қосалқы құрылғылары: тышқан, колонкалар, принтер, сканер, т. б.
Компьютер құрылғылары бөлімінің сұрақтары:
- Пернетақта пернелері неше топқа бөлінеді?
- Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғыларды атаңыз.
- Компьютер жадының түрлері.
Компьютер құрылғылары бөлімінің жауаптары:
- Пернетақта пернелері бес топқа бөлінеді:Символдық пернелер; Функционал пернелер; Меңзерді басқару пернелері; Сандық пернелер; Арнайы көмекші пернелер.
- Тінтуір, джойстик, микрофон, сканер.
- Ішкі жады: Жедел жад, тұрақты жад, кэш-жады;
Сыртқы жады: иілгіш диск, оптикалық диск, флеш-жадтары.
Қарапайым графикалық редактор бөлімінің сұрақтары:
- «Paint» бағдарламасының ашылу жолы?
- «Paint» бағдарламасының құрал-саймандар тақтасында қанша құрал және түстер палитрасында қанша түс бар?
- Берілген суретті 90º-қа бұру үшін қандай команда орындалады?
Қарапайым графикалық редактор бөлімінің жауаптары:
- Пуск 🡪 Все программы 🡪 Стандартные 🡪 Paint.
- 16 құрал және 28 түс бар.
- Рисунок 🡪 Отразить/Повернуть 🡪 Повернуть на угол 🡪 90º 🡪 ОК.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты: Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың құрылымы мен редактордың терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға үйрету.
Оқушылардың редактормен қаншалықты таныс екенін зерттеу мақсатында редактордың іске қосылу жолы, терезе элементтері, құрал саймандардың қолданылу мақсаттары және құжатты сақтау жолы алдымен оқушылардан сұралады.
Word Pad мәтіндік редакторы Пуск 🡪
Все программы 🡪
Стандартные 🡪
Word Pad - командасы арқылы іске қосылады. Word Pad бағдарлама-сының ашылу жолы интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.
Ашылған редактор терезесінен терезе элементтері көрсетемін.
Терезе элементтері:
- Тақырып жолы;
- Меню жолы;
- Құрал-саймандар және пішімдеу тақтасы;
- Сызғыш;
- Абзац шегінісі маркері;
- Меңзер немесе енгізу нүктесі;
- Жұмыс аймағы.
Құрылған құжатты сақтау үшін WordPad 🡪 Сохранить как . . . 🡪 Сохранить - командасы орын-далады. WordPad 🡪 Сохранить как . . . командасынан кейін ашылған диалогтік терезеде құжатты қай жерге және қандай атпен сақтайтынымызды көрсетіп Сохранить батырмасын басу арқылы сақтаймыз.
Word Pad мәтіндік редакторында жұмысты аяқтаған соң редактордан шығу жолы: Пуск 🡪 Выход командасы орындалады.
ІҮ. Практикалық жұмыс.
Практикалық жұмысқа алдын ала А4 форматында дайындалған деңгейлік тапсырмалары бар қағаздар үлестіріледі. Тапсырмалар шарты бойынша берілген мәтінді WordPad мәтіндік редакторында теріп, мәтіннің күйін өзгертулері қажет. Оқушыларға әр-бір тапсырмаларды орындағаны сайын қаршалар беріліп отырады.
ҚЫС.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz