Соғыс ұғымы

С. Меңдешев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп

Орындаған: Н. С. Ғаббасов

2012 - 2013 оқу жылы

Тақырыбы : Қазақстандықтардың Ұлы Отан

соғысына қатысуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, Москва, Ленинград және Сталинград майданындағы ерліктері жайында ізденушілік жұмыстары арқылы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: сабақ барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды еске сақтау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытудағы және қазіргі заманға көзқарасын қалыптастыру.

Тәрбиелік: елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға, үлгі етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімді қалыптастыру және өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу, тарихты білуге, ерлікке, батылдыққа баулу.

Әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.

Көрнекілік: карта, соғыс ардагерлерінің суреттері, компютермен слайдттарды көрсету.

Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, әдебиет, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушыларды ізденген тақырыбы бойынша үш топқа бөлу:

- Москва түбіндегі шайқас. ( Қыран )

- Ленинград үшін шайқас. (Лашын )

- Сталинград майданы. (Сұңқар)

ІІ. Негізгі бөлім: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Дүниежүзі тарихы бойынша өткен тақырыптарды еске ала отырып, Кеңес - Герман соғысының басталу себебін қарастырайық. 1926 жылы Италияда, 1933 жылы Германияда, 1938 жылы Испанияда үкімет басына фашизм келген болатын. Әсіресе, Германияға Адольф Гитлер басқарған фашистер бірден ішкі және сыртқы саясатын соғысқа бейімдеп құрған болатын. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польшаға басып кіріп, ІІ дүниежүзілік соғысты бастаған болатын. 1941 жылы 22 қыркүйекте Кеңес одағына соғыс жарияламастан опасыздықпен шабуыл жасады. Олардың мақсаты - Кеңес елін отарға айналдыру, халқын құлдыққа түсіру, дүние жүзіне үстемдік орнату болатын. Кеңестер елінің, халқының міндеті - жауға тойтарыс беру, елін, жерін, халқын, құлдықтан сақтау. Бұл соғысқа қазақстандықтар да өз үлестерін қосты.

Соғыс ұғымы

э

э

2. Әр топ өздерінің тақырыбы бойынша суретті стенд және картаны пайдалана отырып болған оқиғаларды баяндайды.

Қыран тобы. Москва түбіндегі шайқас.

Сұңқар тобы. Ленинград үшін шайқас.

Лашын тобы. Сталинград майданы.

ІІ тапсырма.

Төмендегі кестеде көрсетілген оқиғалардың дұрыс жауаптарын белгілеңдер.

Қыран тобына:

Оқиғалар
Дұрыс жауабы
№: 1
Оқиғалар: Москваға шабуыл қай жылы басталды?
№: 3
Дұрыс жауабы: 1942 ж. 19 - желтоқсан
№: 2
Оқиғалар: Каспий өңіріне соғыс жағдайы қашан енгізілді ?
№: 4
Дұрыс жауабы: 1941 ж. 22 - маусым
№: 3
Оқиғалар: Ұшқыш Нүркен Әбдіров Боковская - Пономаревка ауданында болған әуе айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоңғырына құлатып, серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапқан күн?
№: 1
Дұрыс жауабы: 1941 ж. Қараша
№: 4
Оқиғалар: ҰОС - сы қашан басталды?
№: 2
Дұрыс жауабы: 1942 ж. күзінде

Сұңқар тобына:

Оқиғалар
Дұрыс жауабы
№: 1
Оқиғалар: Ленинградты қорғау неше күнге созылды?
№: 4
Дұрыс жауабы: 316
№: 2
Оқиғалар: Луганский жеке өзі әуе шайқасында қанша самолетті жойды?
№: 3
Дұрыс жауабы: 6 - 8апта
№: 3
Оқиғалар: Германия КСРО - ны неше айда жаулап алмақ болды?
№: 2
Дұрыс жауабы: 37
№: 4
Оқиғалар: Панфилов қолбасшылық еткен даңқты дивизия?
№: 1
Дұрыс жауабы: 900

Лашын тобына:

Оқиғалар
Дұрыс жауабы
№: 1
Оқиғалар: «Ресей кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу!» деген жалынды сөзді кім айтты?
№: 3
Дұрыс жауабы: Г. Булатов
№: 2
Оқиғалар: «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады . . . біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - отанға деген сүйіспеншілік » деп айтқан кім?
№: 4
Дұрыс жауабы: Қ. Қайсенов
№: 3
Оқиғалар: Рейхстагқа қызыл ту тіккен кезде Р. Қошқарбаевтың қасында бірге болған досы?
№: 1
Дұрыс жауабы: Клочков
№: 4
Оқиғалар: Халық Қаһарманы атағын алған қазақстандық партизан?
№: 2
Дұрыс жауабы: Б. Момышұлы

VІІ. Бекіту. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Біз сұрапыл соғыс жайында не білеміз?» деген сұрақ қоя отырып, төмендегі таблицаны толтыруды ұсынамыз.

Ұлы Отан соғысы
Халыққа не берді
Халықтан не алды
Халыққа не берді:

Патриоттық сезім.

Достық пен бауырластық.

Халық қаһармандары.

Тарихты.

Халықтан не алды:

Адам өмірін қиды.

Жарлы, мүгедектер, жесірлер, жетімдер көбейді.

Экономика, шаруашылық құлдырады.

Қалалар қирады.

Викториналық сұрақтар

Ұлы Отан соғысы ұай жылдары болды?

1941 - 1945 жж.

“Ресей кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу”, - деген жалынды сөзді кім айтты?

В. Г. Клочков

Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған қазақстандық батыр?

Төлеген Тоқтаров

ҚР - ның Президенті Н. Назарбаевтың өкімімен Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы қай жылы берілді?

1998жылы

Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде жаудың арнайы салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып қаза

тапқан, сол үшін өлгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген қазақстандық батыр?

Сұлтан Баймағанбетов

Рейхстагқа алғаш болып ту тіккен қазақстандық батыр?

Рақымжан Қошқарбаев

Шығыстың қос жұлдызы?

Әлия мен Мәншүк

VІІІ. Қорытынды.

Тренинг: Жеңіс күнін бұлттардан ашу.

2. Бағаларды жариялау.

3. Үйге тапсырма. 1. Өз облысымыздағы, қаламыздағы, ауданымыздағы соғыс ардагерлері жайлы дерек жинау.


Ұқсас жұмыстар
Республикасының экономикалық және саяси дамуы
Жаңа сабақ жоспары
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар
Қазіргі заман ұғымы
Саяси мәдениеттің тұрпаттары
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Ғаламтор және бала психологиясы
Еуропа опералық театрларына саяхат
Адамзат болашағы
Жеті ата Жеті септік Жеті жұт
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz