Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөйлем құрату

Шығыс Қазақстан Облысы
Глубокое ауданы Алтай кенті.
<<Жаңа Ертіс орта мектебі>> КММ

Қазақ тілі
3 сынып
Тақырыбы: <<Баяндауыш>>

Бастауыш сынып мұғалімі:
Сүйіндінова Жанна Ризабекқызы

Тақырыбы: Баяндауыш.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға баяндауыш жайлы ұғым бере отырып, теориялық және практикалық білім дәрежесін қалыптастыру.
Дамытушылық: Өзіндік қорытынды жасай білуге, ізденуге үйрете отырып сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін, ойлауын дамыту.
Тәрбиелік:Еңбекқорлыққа, салт-дәстүрлерді ұмытпауға баулу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: жаңа
Пәнаралық байланыс:дүниетану, матем,ана тілі.
Қолданған әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, талдау, Вен диаграмма, түсіндіру,әңгімелеу,суретпен жұмыс, карточкамен жұмыс, кітаппен жұмыс.
Көрнекілігі:қиіз үй суреті, 4жыл мезгілінің суреті, қима қағаздар, вен диагр.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Тәлім сәт.
Айналаға алақаннан,
Жылулықты шашайық,
Күлімсіреп,сәттілік тілеп,
Біз сабақты бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру:
Бүгін балалар, бізде ерекше күн ашық сабақ қазақ тілі пәнінен. Сондықтан өз білгендерімізді көрсетейік.
Кезекші үйге қандай тапсырма берілді?
-159 жаттығу.Сурет бойынша сөйлем құрату.(1-2 сөйлемді оқытып, бастауышын тапқызу).
-Қазір сендерге жеке-жеке карточка беремін, ондағы сұраққа сан қатарына байланысты шығып тақтаға жауап береміз.
Сандар қатары бойынша тақтаға шығып жауап береді.
1.Сөз дегеніміз не?
Сөз туралы не білесің?

2.Сөз табының қандай
түрлерімен таныстық?

3.Мәтін дегеніміз не?
Қандай түрлері бар?

4.Зат есім дегеніміз не?

5.Етістік дегеніміз не?

6.Сөйлем дегеніміз не?
Түрлерін ата?

7.Сөйлем мүшелері
Дегеніміз не?

8.Сөйлем мүшелері
Неше топқа бөлінеді?

9.Бастауыш дегеніміз не? 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Б А Я Н Д А У Ы Ш
-Бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз Баяндауыш екен.
Жеке суретпен жұмыс.
Сөйлем құрату.
-Бұл сөйлемнің бастауышы қай сөз. Осы бастауыштың қимылын, іс-әрекетін білдіріп тұрған сөзді атайықшы.
Оқушыларға ережемен таныстырып өтемін.
Ой қозғау сұрағы:
-Бұрындары қазақ халқының баспанасы не болған?
-Киіз үй.
-Киіз үйдің сүйегі неден тұрады?
-Шаңырақ,уық, кереге,сықырлауық, т.б.
-Киіз үй қазақ халқының мал шаруашылығымен айналысқан соң көшіп-қонып жүру үшін қолайлы болған екен.Қазір біз сол киіз үйді құру арқылы сабағымызды ары қарай жалғастырайық.
-Алдымен киіз үйдің керегесін құрамыз.Оны оң жақтан бастаған екен, сол үшін де қазақта оң босаға деген ұғым қалыптасып кеткен. Ол үшін кітаптағы
1.160-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп оқиық.
Өлеңді талдау.Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойғызып, бастауышқа қатысы бар екенін аңғарту.Жыл мезгілдеріне байланысты суретті іліп қоямын.
Осы жыл мезгіліне байланысты қазақтарда қандай сөздер бар?
-Көктеу, жайлау,күзеу,қыстау.
-Жыл мезгіліне байланысты қай ақынның өлеңін оқыдық?
-Абай.

2.Енді шаңырақ көтеру қажет.Қазақта шаңырақ пен бақанды ер адам көтерген екен сондықтан да шаңырақ иесі ер бала болатыны бұрыннан келе жатқан салт.
Дәптерді таратып беремін.
Көркем жазу, әдемі тік етіп жазғызу.

3.Шаңырақ пен керегені байланыстырып тұру үшін уық қадаймыз. Әрбір уықты мықты етіп байлайық, ол үшін 161-жаттығуды орындайық.
(Тақтамен, дәптермен жұмыс.Баяндауыштарға тиісті сөздерді қойып,сөйлем құрату)

4.Сықырлауық(есік) қою.
Сергіту сәті .
Мынау менің жүрегім,бәрін осы басқарған,
Мынау менің басым,бәрін осы бастаған.
Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым,
Бәрін осы бастаған.

5.Киіз үйдің сыртынан кереге бойы киіз жабамыз.(Туырлық,басқұр)
162-жаттығу.Қөп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазамыз.
Өзіндік тапсырма.қима суреттер таратып беріп сөйлем құрату.
Талдату.Дәлелдеп , айтқызу.

6.Шаңырақ бойын киіз үйдің кигізін жауып (үзік, түндік) үйіміз дайын болды.
Вен диаграммасы.

Баяндауыш
Баяндауыш
Бастауыш
Бастауыш

7.Киіз үйдің есігін ашып ішке кірмес бұрын Баяндауыш жайлы өлең, ребус,ертегі,өтірік өлең құрап жіберейік.(Оқушыларды тыңдау)

-Ендеше киіз үйдің іші әсем, әр-түрлі бұйымдар барекен. Сол секілді қазақ тілінің біз әлі таныспаған,көптегентүрлері мен салаларымен алдыңғы сабақтарда және сендер жоғарғы сыныптарда танысасыңдар.

Қорытындылау:
-Сонымен,балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

Ребус. ертегі құрадық
Қайталадық
Суретпен,кітаппен жұм.ыс
Жаңа ұғыммен таныстық
танс
Салт-дәст. еске түсірдік
Баяндауыш
Е
Ң
Б
Е
К
Т Ә Р Б И Е

Б І Л І М
Ребус. ертегі құрадық
Қайталадық
Суретпен,кітаппен жұм.ыс
Жаңа ұғыммен таныстық
танс
Салт-дәст. еске түсірдік
Баяндауыш
Е
Ң
Б
Е
К
Т Ә Р Б И Е

Б І Л І М
Үйге тапсырма:
4 жыл мезгіліне байланысты еңбек түрлеріне сөйлем құрату.
Киіз үйдің айтылмаған құралдарын тауып,жазып келу.
Бағалау: Әркім өз фишкасы арқылы бағаланады.

Ұқсас жұмыстар
Сұраулы сөйлем. 2-сынып
Қатыстырып сөз, сөйлем құрату
Суретке қарап дыбыстық талдау жасату
Күз мезгілін жұмыс
Мәттіннің түрлерін ата
Не білдік, не үйрендік?
Инеліктен үйреніп
Сөйлем. Қолғанат
Т дыбысы және әрпі
Қазақстандық батырлар және сөйлем мүшелерін қайталау
Пәндер