Бөлшектер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру

Талап негізгі мектебі

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар

Математика 5 сынып

/ Авторы А. Әбілқасымова, Т. Кучер, З. Жұмағұлова /

Математика пәнінің мұғалімі: Масыгутова Гүлмира Тобышқызы

I. ТҮСІНІК ХАТ

Математика - өзiнiң мазмұнында сандар мен оларға қолданылатын амалдар, шамалар, есептер, геометриялық фигуралар мен шамалар, комбинаторика, статистика және ықтималдық теориясы элементтері өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.

Бiлiм берудiң негiзгi деңгейiндегi базалық пән ретiндегi математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, сызу, жаратылыстану және т. с. с. оқу пәндерiн) оқытудың алғышарттарын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.

Мақсаты: оқушылардың оқу іс-әрекеттерінің жоғары дамытушы әсерін қамтамасыз ету шарты ретінде тұрақты есептеу дағдыларын қалыптастыру.

Математиканы оқытудың негізгі міндеттері:

  • сан ұғымын жүйелі дамыту;
  • сандармен жазбаша және ауызша арифметикалық амалдарды орындау біліктіліктерін қалыптастыру;
  • тәжірибелік есептерді математика тіліне аудару біліктіліктерін қалыптастыру;
  • оқушыларды алгебра және гоеметрия пәндерін жүйелі оқуға дайындау.

Оқу бағдарламасын жасау үшiн оқу материалының мазмұнын таңдауда және пәндi құруда : ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішілік және пәнаралық интеграция, ыңғайлылық, оқушылардың жеке жетістіктері мен шығармашылығы ұстанымдары басшылыққа алынды.

Ғылымилық ұстанымы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.

Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі жалпы, жалпы орта бiлiм беру деңгейлерiнде математика курсында барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнiң арасындағы сабақтастықты сақтауды көздейдi.

Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен әрекеттер тәсілдерін саналы әрі берік игертудiң негізiн қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді анықтауға, өзіндiк бағалау мен өзiндiк бақылауды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады.

Ыңғайлылық ұстанымы оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру белгiлi бiр жетістікке жетуге, оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өзiнiң алға жылжу бағытын анықтауына көмектеседі.

Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы әр деңгейлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды пайдалануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға, жаңа амал-тәсілдерін анықтауға, жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 5 сыныптағы «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

5 сынып - аптасына 5 сағат, жылына 170 сағат.

«Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Негiзгi орта бiлiм беру деңгейiндегi математиканың вариативті мектеп компоненті бағдарлама мазмұнының стандарт деңгейін меңгертуді көздейді, сондай-ақ кейбiр тақырыптарды тереңдете оқытуға бағытталуы және мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес, қызықты есептер және қиындығы жоғары есептер шығару; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігінiң белгiлерi және т. б.

Вариативті оқушылық компоненті базалық мазмұн негіздерін оқытуға бағытталған.


II. «МАТЕМАТИКА» ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

5-сынып

(аптасына 5 сағат, барлығы 170 сағат)

Қайталау (20 сағат)

Натурал сандардың бөлiнгiштiгi ( 20 сағат)

Санның бөлгiшi мен еселiгi. . Натурал сандардың 2, 3, 5, 10-ға бөлiнгiштiк белгiлерi. Жай және құрама сандар. Дәреже. Натурал сандарды жай көбейткiштерге жiктеу. Ортақ бөлгiш және ортақ еселiк.

Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану ( 60 сағат)

Шеңбер және дөңгелек. Жай бөлшек. Бөлшектiң негiзгi қасиетi. Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сандар. Бөлшектерді айналдыру. Бөлшектердi ортақ бөлiмге келтiру. Бөлшектердi салыстыру. Бөлiмдерi бiрдей бөлшектердi қосу және азайту. Аралас сандарды қосу және азайту. Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту және бөлу. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу. Бірігіп орындалатын жұмысқа есептер шығару.

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (44 сағат)

Ондық бөлшек. Ондық бөлшектi оқу және жазу. Ондық бөлшектi салыстыру, дөңгелектеу. Ондық бөлшектердi қосу және азайту. Ондық бөлшектердi көбейту және бөлу. Мәтiндi есептер шығару. Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану. Бiрнеше санның арифметикалық ортасы.

Пайыз (16 сағат)

Пайыз. Пайызға берiлген негiзгi есептер. Диаграммалар. Формула. Формала бойынша есептеу.

Бұрыш. Бұрыштарды өлшеу. Транспортир. Берiлген шамадағы бұрышты салу. Дөңгелек

Статистикалық мәлiметтердi беру тәсiлдерi, кестелер мен диаграммаларға байланысты мысалдар.

Қайталау. Есептер шығару (10 сағат)

ІІІ. СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙIНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

5-сынып оқушысы:

- натурал санды өрнектiң мәнiн есептеу;

- белгiлерiн пайдаланып сандардың 2, 3, 5 және 10-ға бөлiнгiштiгiн анықтау;

- алымы мен бөлiмiн көрсете отырып жай бөлшектердi оқу және жазу;

- бөлiмдерi бiрдей жай бөлшектердi салыстыру;

- алымы мен бөлiмдерiнiң ортақ бөлгiшiне қысқарту арқылы жай бөлшектердi ықшамдау;

- қарапайым жағдайда жай бөлшектердi ең кiшi ортақ бөлiмге келтiру;

- жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;

- разрядтарын ажырата отырып ондық бөлшектердi дұрыс оқу және оларды жазу;

- жай бөлшектер мен ондық бөлшектердiң өзара байланысын анықтау, сандардың жазылуының бiр фомасынан қарапайым түрде екiншi формасына өту;

- жиi кездесетiн сияқты қатынастарды пайдалану;

- кез келген ондық бөлшектердi салыстыру;

- берiлген разрядқа дейiн ондық бөлшектердi дөңгелектеу;

- ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану;

- жай және ондық бөлшектерi бар санды өрнектердiң мәнiн есептеу;

- берiлген санның пайызiн, пайызi бойынша санды табу;

- сандардың қатынасын пайыз арқылы өрнектеу, пайызтi бөлшек түрiнде жазу;

- арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, пайызке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

- күрделi емес комбинаторикалық есептердi шығару барысында қажеттi варианттарды таңдай алу, өз ойын жеткiзе алу;

- арифметикалық ортаны, моданы, медиананы, ауқымды табу;

- сәйкес формуланың көмегiмен шамалардың мәнiн есептеу;

- геометриялық фигураларды ажырата алу және салу;

- сызғыштың, бұрыштың, траспортирдiң, циркульдiң көмегiмен күрделi емес өлшеулер мен салуларды орындау;

  • амалдардың компоненттерi арасындағы тәуелдiлiктер негiзiнде теңдеулер шешу;

- берiлген санның пайызiн, пайызi бойынша санды табу;

- сандардың қатынасын пайыз арқылы өрнектеу, пайызтi бөлшек түрiнде жазу;

- арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, пайызке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;

  • ”пайыз” терминiн қолдану және оның күнделiктi өмiрдегi қолданымына мысалдар келтiру бiлiктерiн меңгерулерiтиiс.

IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

5 сыныпта математика курсын оқытуда жоспарланған оқыту нәтижелеріне жетуді қамтамасыз ететен пәннің оқу материалы мазмұнынының теориялық және практикалық құрамды бөліктерінің тиімді арақатынасы ұсынылады.

Курсты оқытылатын оқу материалдары математиканы ары қарай оқытудың және сыбайлас пәндердi (физика, химия, география, сызу және т. б. ) оқытудың iргетасы болып табылады. Бұл курс өзiнiң қолданбалы және практикалық айқын бағыттылығымен ерекшеленедi және кейiнгi сыныптарда оқытуды жалғастыруға қажеттi бiлiктердi ғана емес, оқушыларға өмiрде қажет болатын маңызды практикалық бiлiктердi қалыптастырып дамытуды көздейдi.

Сонымен бiрге 5 сыныпта оқушылардың есептеу дайындықтарына басты назар аударылады, яғни бағдарламалық материалдарды игерту бағытталған жұмыстарда ойша есептеу бiлiктерi қамтылуы тиiс. Сондықтан орнықты есептеу дағдыларын жеткiлiктi деңгейде қалыптастыру мұғалiмнiң негiзгi назарында болуы қажет.

Мәтiндi есептер оқытудың мақсаты және құралы ретiнде пайдаланылады. Мәтiндi есептердi теориялық материалдарды сапалы меңгертудi, олардың практикада қолдану бiлiктерiн дамытуды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, бөлшек, пайыз, пропорция және т. с. с ұғымдардың мағынасын түсiндiруге көмектеседi.

Мәтiндi есептердi шығару оқушыларды функцияны оқып-үйренуге дайындауда маңызды рөл атқарады. Мұнда баға, тауарлардың саны мен құны, жылдамдық, уақыт және жүрiлген жол және т. б. шамалардың арасындағы маңызды тәуелдiлiктер меңгертiледi. Мұндай есептердi шығаруда оқушылардың ойлау қабiлеттерi дамытылады, пәнге деген қызығушылықтары артады, төзiмдiлiкке, iзденiмпаздылыққа тәрбиеленедi. Есептер арқылы оқушылар қоршаған ортадағы математикалық тұрғыда сипатталатын фактiлер мен заңдылықтарды байқайды, нақты өмiрлiк жағдаяттарды символдық математикалық формаға ауыстыруға үйренедi. Бұл оқушылардың математикалық моделдi құру бiлiктерiн қалыптастырудың бастапқы кезеңдерiн құрайтын қолданбалы арифметиканың мәнi жөнiндегi түсiнiктерiнiң қалыптасуына көмектеседi, белгiлi алгоритмдердi қолдануға, нәтижелердi түсiндiруге мүмкiндiк жасайды. Соған байланысты мәтiндi есептердi шығарудың арифметикалық тәсiлiне басымдылық берiледi.

Геометрия элементтерiн оқытып-үйретудiң негiзгi мiндетi - геометрияның жүйелi курсын оқып-үйренуге, басқа оқу пәндерiн оқып-үйренуде, күнделiктi өмiрде қарапайым геометриялық дағдыларды белсендi қолдануға оқушыларды дайындау.


Ұқсас жұмыстар
Сағат саны
Жай бөлшектерді қысқарту
7.1.Процент
Жай бөлшектер мен аралас сандарды көбейту
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Жай бөлшектің ондық жуықтауы
Бағалау критерийлары
Ондық бөлшектерді азайтуға есептер шығару
Рационал бөлшектерді дәрежеге шығару
Оқушылардың сабақтан алған әсерлері мен сабақты қалай түсінгенін білу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz