Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ару қыздар байқауы

Новоишим қазақ орта мектебі
Бекітемін:
Мектеп директоры: С.Т. Сүйесінова

<<Көктем аруы-2015>> атты
ару қыздар байқауы
(8-11 сыныптар арасында)

Дайындаған: Б.К. Амиржанова

2014-2015 оқу жылы

Ару қыздар байқауы (8 наурыз сценарий) 8-11 сыныптарға арналған
Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан - жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.

1-жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. <<Көктем аруы - 2015>> байқауына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: <<Көктем аруы-2015>> атты байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сіздердің көңілдеріңізді көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлаймыз деген ойдамыз.
1-жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!
2-жүргізуші
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)
1-жүргізуші:
Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

2.жүргізуші:
Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. - деп әділ - қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
1.Жүргізуші:

Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
2.Жүргізуші:

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі <<Мен қазақтың қызымын>>.
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз
1.Жүргізуші:
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.

Байқаудың ІІ кезеңі <<Қыз еркем - кестесімен көркем>>
Бұл кезеңде әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз
2.Жүргізуші:

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты - дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі <<Қызды тәрбиелеген - ұлтты тәрбиелейді>> деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі
1-ші аруға:
1. <<Байғазы>> салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз,
Жауабы:. <<Байғазы>> - балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы, қамшы, шана, ер-тоқым т.б.) берілетін ақшалай заттай сыйлық, ақша.
2. 3 санына байланысты сұрақ: 3 жұртұнды атаңыз :
Жауабы: 1.Ағайын жұрт. 2. Нағашы жұрт. 3.Қайын жұрт.
3. 5 санына байланысты 5 қаруды атаңыз:
Жауабы: 1.Садақ. 2.Мылтық. 3.Найза. 4.Қылыш. 5.Айбалта

1.Жүргізуші:
2-ші аруға
1. <<Көрімдік>> салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз
Жауабы: <<Көрімдік>> - жаңа туған балаға, жас келінге, құдасына, күйеуге береді. Мұның маңызы алып-беруде ғана емес, жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашық қолдығын танытудың белгісі ретінде қаралады.
2. Тізеңді құшақтама! осы тыйым сөзінің мағынасын түсіндіріңіз...
Жауабы: ә) Тізе құшақтау жаман ырым болып саналған, жалғыз қалудың белгісі
3. . Не жетім?
Жаңбыр жаумаса .........( жер жетім)
Басшы болмаса .........( ел жетім)
Ұқпасқа айтылған......... ( сөз жетім)
3-ші аруға
2.Жүргізуші:
1. <<Бастаңғы>> салтының мағынасын түсіндіріңіз және атап беріңіз...
Жауабы: <<Бастаңғы>> - үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, жолаушылардың жолда басы ауырмасын <<бастаңғы>> жаса дейді. Бастаңғының мәнісі-жастардың сол үйде ойын - сауық жасап бас қосуында.
2. Жатқанда аяғыңды басыңнан биік көтерме! осы тыйым сөзінің мағынасын түсіндіріңіз...
Жауабы: а) Бұл сөз басыңды қорлау, өйткені <<Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды>> деген тегін айтылмаса керек.
3. Алыс жерде жүрген отбасы мүшелеріне не сақтайды? ( сыбаға)
4-ші аруға
1. Жалғастыр: Ананың құны,
Ананың .... ( сүті)
2. Нанды бір қолыңмен үзбе! Осы тыйым сөзінің мағынасын түсіндіріңіз...
Жауабы: а) Нанды бір қолыңмен үзу деген киелі асты қорлаумен бірдей.
3. 7 санына байланысты: Жеті атаны атаңыз:
Жауабы: 1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.
5-ші аруға
1.Жүргізуші:
1. <<Жасау салтының мағынасын түсіндіріңіз
Жауабы: <<Жасау>> - ұзатылған қызға берілетін дүние - мүлік <<жасау>> деп аталады. Халық қыздың жасауына жақсы бұйым, кілем, текемет, ыдыс - аяқ, төсек - орын, киім - кешек, әсем - әшекейлі заттар берген. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.
2. Үйдегі жан басын санама! - тыйым сөзінің мағынасын түсіндір
Жауабы: ә) Көп балалы ата - аналар жан басын санағанды жек көрген. <<Көз тиеді>> , <<Көп екен>>, <<Сұқтанба>> деп қорыққан.
3. Жеті қазынаны атаңыз:
Жауабы: 1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел.3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы.
6-ші аруға
2.Жүргізуші:
1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты ?
(Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты)

2. Үйде ысқырма! тыйым сөзінің мағынасын түсіндір
Жауабы: а) Үйде ысқырма, үйге жылан келеді деген ұғым бар. Жалпы қазақ ұғымында жылан - дұшпан. Немесе айдалада ысқырған желдей ұлыған қасқырдай баспанасыз қаласың деген ырым.
3. Жеті жұтты атаңыз:
Жауабы: 1.Құрғақшылық.. 2.Жұт (мал қырылу), 3.Өрт. 4. Оба. 5.Соғыс. 6.Топан су. 7.Зілзала (жер сілкіну)
1.Жүргізуші:
7-ші аруға
1. 3 арсызды атаңыз:
Жауабы: Ұйқы арсыз. 2. Тамақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.
2
2.Жүргізуші:
8-ші аруға
2. Жаңа түскен келінді, жас сәбиді көрсетіп не алады? (көрімдік)

<<Енші>> салтының мағынасын түсіндіріңіз
Жауабы: <<Енші>> - балаларды ержетіп жеке үй болғанда ата- анасы оған отау тігіп, дүние - мүлік, мал береді.Мұны <<енші>> деп атайды.
<<Қызойнақ>> салтының мағынасын түсіндіріңіз және атап беріңіз...
Жауабы: <<Қызойнақ>> - әке - шешелері жоқ кезінде бойжеткен қыздар оңаша қалып, ойын - сауық ұйымдастырады. Оған (жасырын түрде) жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия және оның ұйымдастырушылары тек қыздар болғандықтан <<қызойнақ>> деп аталады.
5 қатерді атаңыз:
Жауабы: 1.От. 2. Жау. 3.Борыш. 4. Ауру. 5. Сөз.

1.Жүргізуші:
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.

ІV кезең <<Өнер>> Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ - қазылардан арулардың бағасын күтеміз

1.Жүргізуші:
V кезеңі <<Сұлулық сыры>>
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. <<Жастықтың өзі жастығымен әдемі>> деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі - жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады - деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса V кезеңі <<Сұлулық сыры>> кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.

2.Жүргізуші:
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
<<Қыздар - ай>> әні.
Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

VII Қорытынды:
2.Жүргізуші:
Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым - қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
1.Жүргізуші:
<<Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын>> - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға сайысқа қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті 5 - 11- сынып қыздары!
Сіздерді 8 наурыз мереке күніне арналған
<<Көктем аруы-2015>> байқауына қатысуға шақырамыз!
Байқаудың шарттары:
1. <<Мен қазақтың қызымын>> таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. <<Қыз еркем - кестесімен көркем>>
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. <<Өнер>>
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
4. <<Сұлулық сыры>>
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
Әр сыныптан бір үміткерден қатысуы қажет.

Өтетін күні: 04.03.2015ж. 5-7- сыныптарға арналады. Уақыты:1700
05.03.2015ж. 8-11 - сыныптарға арналады. Уақыты:1700

Ұйымдастырушы: <<Жас Ұлан>> ұйымы

Ұқсас жұмыстар
"көктем аруы-2013" 9-11 сыныптар
<<бұрымды қыз>> байқауы
"еркетай аруы" сайыс
"қыздар сұлу көрінер өнерімен" қыз сыны байқауы 5-8-сынып
Суретке түсіру
"Бұрымды қыз" (қазақ қызы)
Мектеп аруы
Қазылар алқасының төрағасы
Жаңашаруа аруы-2012
Жауқазындай құлпырған - қызғалдақтар
Пәндер