Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Арманның қажеттілігі

Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Абай орта мектебі
Билялова Базаргүл Қонысбекқызы
<<Өзін-өзі тану>> пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Арман - жарқын болашақ бейнесі
Мақсаты:
<<Арман>> құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыру
Міндеттері:
Арман туралы, оның әлеуметтік, қоғам сипаты, арманға жету жолдары туралы ұғымдар қалыптастыру;
Жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету, өмірге, өзінен деген сезімін арттыру, өмірге құштарлыққа баулу;
Оқушылардың талдау, сараптау дағдыларын дамыта отырып, тұшымды ойдан ләззат табуға бағыттау, сезімін жетілдіру. Сезім мөлдірлігін, жан сұлулығын ұштау.
Шаттық шеңбері
Оқушыларды шаттық шеңберінде ән тыңдайды, қосылып айтуларына да болады
<<Ақ желкен арман>>өлеңі
Әңгімелесу
<<Ойлайық,пікірлесейік>> айдарымен өтетін кезеңінің сұрақтары бойынша жеке - жеке пікірлесу ұйыдастыру керек.
Арманның адамның танымына, қөзқарасына ,қоғамдық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екеніне көз жеткізу үшін жетекші сұрақтар беру керек.
* Армансыз адам бола ма?
* Арманның үлкен, кішісі бола ма?
* Арман мен қиял, мұрат ұғымдарын қалай түсінесіздер?
Мәтінмен жұмыс
М.Шахановтың <<Арман>> өлеңі ұсынылады. Осы өлеңнен оқушының білуге тиісті нәрселері - арманның алыс көк жиектерді қамтитын, әр адамның өресіне қарай арманның түрлілігі, қоғамдық талаптар деңгейінде болуы, адам болашағына әсері, осы жағдайларды талдап, зерделеуде оқушы ой түйеді, пікір қорытады.Өз жанына үңіліп, жүрек қалауын қайта қарайды, осының бәрі ой салып, адам жанын тербейтіні сөзсіз.
* Екі жастың бойында қандай ортақ қасиеттер бар?
* Ой алшақтығы нені меңзейді? Әлеуметтік сипаты қандай?
* Арманның адам болашағына әсері қандай?
Жаңа ақпарат
Біз күн сайын <<Нағыз өмір>> туралы армандаймыз...Егер терең ойлайтын болсақ, шындығында адамға арман керек- ақ, ол бізге бағыт, күш- қуат береді, үмітімізді жалғап отырады. <<Арманы адамзат игілігіне бағытталған адамда ұлы даналық бар,>>- дейді француз жазушысы А.Франс
<<Жаңа ақпаратты>> оқыта отырып, оқушылардың өзіне тың ойларды анықтатуының жөні бар.
1. Арманның қажеттілігі.
2. Арманның қоғамдық, әлеуметтік орны мен байланысы.
3. Арманның жүзеге асу жолы
4. Қол жететін игілікке бағытталуы керек.
Тапсырма
Мұнда берілген өлең жолдарынан жанына жақынын таңдап алып, түсіндіріп беру тапсырылады.
...Адамды санай берсең, көп арман да,
<<Мінсіз бақ, сансыз дәулет>> деп арманда...
Мергенге түзу мылтық, оқ арманда
Тамақсыз табысы жоқ кәріптерге
Жалғыз күнгі тамақтың тоғы арман да.
Ш.Құдайбердиев
Мәтінмен жұмыс
2- сабақты осы мәтіннен бастауға болады. Міндетті адам арманын жүзеге асыру үшін қандай негізгі қасиетке ие болуға тиісті екенін ұғыну.
Н. Келімбетовтың <<Үмітімді үзгім келмейді>> деген шығармасынан алынған үзіндімен таныстырып, ондағы түйінді ойды өздеріне тапқызып, тапқанына зер салдыра қайта оқытудың мәні зор.
* Адамға өз арманын жүзеге асыру үшін қандай құндылықтар қажет деп ойлайсың?
* Арманды адам мүмкіндігімен шектеуге бола ма? Неліктен?
Дәйексөз
Ғ.Мұстафиннің пікірі ұсынылған.Мұнда оқушы арманның бір - біріне н жалғас, бір ойдан екінші ой туғандай болатын кезеңдерін де білген жөн. Өмірден нақты мысал келтіре отырып, пікір түю керек.Мұндай мысал табу қиындық келтірмесе керек.
Арман деген көп белес - біріне шысаң, бірі бар.
Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыста ұсынылған <<Арман - асыл мұратым>> тақырыбында жоба ( мақсат, әрекет, құрал, уақыт, нәтеже) құру ұсынылады.
Оқушылар жұмыстарын сыныпта жария етеді.
Жүректен жүрекке
Оқушылар <<Арман жолдар>> әнін тыңдайды.

Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Абай орта мектебі
Билялова Базаргүл Қонысбекқызы
<<Өзін-өзі тану>> пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Мамандық - жетістік мерейі
Мақсаты:
<<Мамандық>> құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; Мамандық таңдау, оның нәтежесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері:
мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануға жетелеу;
еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Шаттық шеңберінде Әль-Фарабидің өлең шумағы оқылып, мамандық туралы ұлы ойшылдың ойын ұғынады.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Мәтінмен жұмыс
Н.Келімбетовтың<<Үмітімді үзгім келмейді>> шығармасынан алынған екі дәрігердің қызметіне, өмірдегі қызыметі мен тұрмыстық әрекетіне бақылауы түріндегі әңгімесін оқып, пайымдап пікірлесу қажет.
* Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
* Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі қажет?
Жаңа ақпарат
Оқушылардың <<Жаңа ақпараттан>> түсінетін, есте мәңгі сақтайтын нәрселері:
1) Икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдау;
2) Өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау;
3) Мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу.
Әңгімелесу
* Сен қандай маман болуды армандайсың? Неліктен?
* Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дай ындауы керек деп ойлайсың?
* Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсың?
* Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
Шығармашылық жұмыс
Отбасы мүшелерінің қандай кәсіппен айналысатынын ескере отырып, <<Отбасылық кәсіп>> шежіресін жазу ата жолын, кәсібін құрметтеуге, ата- ананы бағалауға арналған жұыстар болары сөзсіз.

Түйіндеме
Осы түйіндемемен 2- сабақты бастауға болады. І.Есенберлиннің <<Шабыт>> деген ой жазбасын ұсынылған.Танысып, ұққанын пайымдап алған соң , шабыттану, еңбекке құштарлық, ерекше көңіл күймен іске ынталы кірісу сәті екенін ескере отырып, шығармашыл еңбек үстінде туатын кезеңді Абай ақын бейнелегендей, ерекше көңіл күйдегі, қуатты шақ екенін ақындар, өнер адамы, ғалымдар мұндай шақты қалай өткізетінін әңгімелеп айтып, не шығармаларынан оқып беру артықтық етпейді.
Дәйексөз
Л.Н.Толстойдың сөзі берілген. Осы сөздің мәнін, мағынасын ашып, пікір білдірген жөн. Талдау жасап, бүтінді бөлшекпен үйренгені қажет.
Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.
Л.Н.Толстой
Жағдаят
Жағдаятпен танысып, шешімін табу тапсырылған.Оның еш қиындығы жок.Адам өз мүмкіндігін , өз қабілетін асыра бағалады, жұмыс этикасын бұзып, инженерге тиісіп отыр. Бастық дәрменсіз. Ашық ангіме арқылы шешуге болады. Оны балалар ойланып, айтатын сөзін әзірлеп, талдап алып айтқаны жөн.
Тапсырма
Тапсырма бойынша оқушы өзі келіспейтін тұжырымды берілген тұжырымдардан бөліп алып, ойын жазбаша түрде дәлелдейді.
Мысалы: мамандық бірақ рет біржола таңдалады - келісуге болмайды. Жағдайға байланысты жаңа мамандық игеруге құқығы бар, сәйкес мамандықты атқаруға болады т.б.
* Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады.
* Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.
* Отбасы мен достарыңның ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға болады.
* Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
* Жақсы білім алу үшін, қымбат оқу орнына түсу керек.
* Ақша болса мамандық қажет емес.
* Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
* Мамандық таңдаудағы басты өлшем - қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
* Таңдайтын мамандығымды болшақ табысым анықтайды.
* Мамандық таңдау- күн көріс қамы.
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңберге жиналып, өлең оқиды.
Еңбек туралы
Басым көкке жетсін десең армандап,
Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап.
Барлық істі сарапқа сап істеген,
Қисаппенен қазынаңды үстегін.
Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.
Өз күшің жеткенше,өзің үшін аянба.
Ерте тұрып, кеш жат ұйқың қанады,
Ерте тұрған ердің бағы жанады.
Ж.Баласағұни

Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Тіл дамыту. Қазақ тіліндегі сөздердің тасымалдануы
Ұқыпты бала - әдепті бала
Жай бөлшектерді, аралас сандарды қосу
Арман жарқын болашақ бейнесі
Білім саласындағы адамгершілігі мол, толеранттық тұлғаны қалыптастыру
Арман - жарқын болашақ бейнесі. Арман құндылығы оның әлеуметтік, қоғамдық сипатын кеңейту
Менің арманым
Десант сабақ
Эссе "менің арманым"
Пәндер