Мектепалды даярлық тобына арналған Жұлдызды сәт интеллектуалдық ойынының сабақ жоспары

Қостанай облысы Аманкелді ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Абишева Зада Нуркановна

Мерзімі: 03. 12. 2014жыл.

Сабақтың тақырыбы : «Жұлдызды сәт» Интеллектуалдық ойын.

Сыныбы : Мектепалды даярлық тобы.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, математика, көркем әдебиет, тіл ашар сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау ой-өрісін, сана-сезімдерін қалыптастыру.

Көрнектілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кеспе қағаздар, цифрлар, сюжетті суреттер.

Тәрбиеші: Қайырлы кун, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобының зияткерлік ойынына қош келдіңіздер! Компьютер-сенің көмекшің,

Қағазың әрі қаламың.

Керек емес демессің,

Аздаған соң хабарың,

Ақпараттың заманын, - дей отыра, сайысымызды интерактивті тақтаны қолдана отырып бастаймыз.

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріңе еріңдер.

Өздеріңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер, - деп бугінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Енді сайысқа қатысатын оқушыларымызбен танысайық.

«Алғырлар» тобы.

1-топ . Мүшелері:

  1. Мунира
  2. Ділназ Т.
  3. Ділназ Қ.
  4. Муханбетәли.

2-топ . «Тапқырлар » тобы .

Мүшелері:

  1. Гүлсезім.
  2. Юран.
  3. Рауана.
  4. Ералы .

Тәрбиеші: Ендігі кезекте бүгінгі сайсымыздың шарттарымен таныссақ деймін. Сайысымыз 7- бөлімнен тұрады.

1 . Таныстыру.

(әр топ атымен, ұранымен, төсбелгілерімен таныстырады) .

2 . «Мамандықтар әлемі».

(суретте берілген мамандық иелерін атайды) .

3. « Ойлан тап!»

( математика сабағы суреттегі сұрақтарға және тапсырмаларға жауап береді. )

4. « Төртінші артық ».

( төртінші артық затты сызып таста)

5. «Санап көр».

(неше? деген сұраққа жауап береміз) .

6. « Тілашар».

( жұмбақ жасырылады, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)

7. « Жағдаяттарды талдау »

( сурет бойынша әңгіме) .

Әділдікпен баға берер сендерге,

Әділдікпен қара қылды қақ жарар.

Қазір енді қазыларды сайлайық,

Ең алғыр топты айта алар, - дей келе қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1-әділ қазымыз мектеп директорының бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Мақышева Ғалия .

2-әділ қазымыз: Бастауыш бірлестігінің жетекшісі : Аубакирова Гулмира

Өнер қуып сайыскелер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәске түскен сайыскелер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Әр топ өздерін таныстырады:

1-топ: Топ Аты: Алғырлар.

Топ ұраны: тоғызда сабаққа келеміз,

Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.

4пен 5-ке оқып біз,

Жарыста бәрінде жеңеміз.

2- топ: Тапқырлар.

Топ ұраны: Қайырлы күн досым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі күннің сәті,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Ал кәнекей балалар

Мына жаққа қараңдар.

Бүгінгі сайыс төрінде,

« Мамандықтар елінде » .

« Ойлан тап! »

(математика пәні бойынша тапсырмаларды орындау)

« Төртінші артық».

(артық затты сызып таста)

« Сергіту сәті »

Жарайсыңдар, балалар. Балалр енді шамалы бойымызды жазып, сергіту сәтін орындайық.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау - басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің -оң қолым,

Мынау менің - сол қолым,

Барлық істі атқарған.

«Санап көр» .

(тақтада тұрған заттарды санау, цифрмен белгілеу. )

«Тілашар»

( Жұмбақ жасырамын, қай топ көп жауап берсе, сол топқа көп ұпай беріледі)

Жұмбақтар :

  • Жолбарыстан аумайды,

Пеш түбінде аунайды (мысық)

  • Өзіне болған қорған,
  • Орман ішінде бар аң

Қорбаң-қорбаң. (аю)

  • Жалт-жұлт етіп төбемде,
  • Түсе алмай тұр төменге. (жұлдыз)
  • Аяғы бар, басы бар

Арқалаған тасы бар, (Тасбақа) .

-Шыр-шыр етеді

Құлагыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді. (Телефон)

-Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)

-Көк жүзінде көп жолақ,

Қойды екен кім бояп. (Кемпірқосақ)

-Үлкен алтын табақ,

Әлемге нұр таратқан. (күн)

  • Қыста үйге кірмейді,
  • Көктем шықса жүрмейді. ( Шана)

«Жағдаяттарды талдау»

( сурет бойынша әңгіме )

1-топ. Тақырыбы:

« Қарға болсаң, қара бол».

2- топ: «Көмекші»

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір- күрес, жеткіземе мұратын?

« Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме

Қатысуда бір жеңіс, жан болсаң екен ұғатын.

Осымен осы ойынды тамандасақ,

Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тагы да үйренеміз аман болсақ.

Қорытындылау

Әділ қазылар сөзі:

Мадақтау грамоталары беріледі.


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобына арналған Ойлан тап интеллектуалдық ойынының сценарийі
Мектепалды даярлық тобына арналған ашық сабақ: Балықтар
Мектепалды даярлық тобына арналған Жабайы аңдар тақырыбындағы сабақ жоспары
5-7 сыныптарға арналған Информатика пәнінен Жұлдызды сәт интеллектуалдық сайысының өткізу жоспары
Ою-өрнектер сыр шертеді: мектепалды даярлық тобына арналған сабақ жоспары
Мектепалды даярлық тобына арналған логика негіздері вариативтік оқу бағдарламасы
Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамыту сабағы: Көктем
Көрікті көктем: мектепалды даярлық тобына арналған экология сабағы
3-сыныпқа арналған Бақытты сәт интеллектуалдық ойынының қазақ тілі сабақтық жоспары
Жұлдызды сәт - физика пәні бойынша білім беру ойынының методикалық нұсқаулығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz