Орта білім жүйесін ақпараттандыру жағдайында информатика пәнін 2-6 сыныптарда оқытудың мақсаты мен мазмұсы

А. Құсайынов атындағы ОЖББМБ

Баяндама:

Орындаған: Информатика пәнінің мұғалімі: Батырханов. А. Қ

Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жағдайында информатика пәнiн оқытудың сапасын арттыру қажет. Олай болса, аталған талапты жүзеге асыру барысында ол пәннiң қай сыныптан бастап оқыту қажеттiгi туралы түрлi пiкiрлер туындауда. Аталған пiкiрталас негiзiнде бiз Информатика пәнiн оқытуды төменгi сыныпқа көшiру тиiмдi екендiгiн практика жүзiнде дәлелдеп отырмыз.

Информатика пәнiн оқытуды төменгi сыныптарға көшiруде төменгi факторлар негiзге алынды:

  • кiшi жастан балаларды ақпараттық қоғамға бейiмдеу;
  • кiшi жастан балалардың ақпараттық ойлау қабiлетiн дамыту үшiн Информатика пәнiн пән ретiнде енгiзу;
  • кiшi жастағы балалардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру барысында оларды әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке даярлау.

Аталған факторлар негiзiнде бiз Информатиканы төменгi сыныптарда оқытудың мақсаты анықталды. Мақсат: бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық әлемдiк бейнесiн қалыптастыру. Осы мақсаттан келесi мiндеттер туындайды:

  • төменгi сыныптарда (2-6 сыныптарда) информатика пәнiн оқытудың тұжырымдамалық негiзiн анықтау;
  • төменгi сыныптарда информатика пәнiн оқытудың мазмұнын айқындау;
  • информатика пәнiн оқытуда оқу-әдiстемелiк кешенi мен программалық құралдарын жасақтау;
  • информатика пәнiн оқыту нәтижелерiн анықтау сыныптарын таңдау.

Бұл мiндеттер арқылы бiз төмендегiдей мазмұндық құрылымды анықтадық:

  • 2-4 сыныптар үшiн оқушылардың логикалық, танымдық және алгоритмдiк ойлау қабiлеттерiн дамыту мақсатында ақпарат, компьютер, алгоритм және ақпараттық технологиялар дамытушы компьютерлiк ойындар мен алгоритм атқарушылары ортасында қарастырылды;
  • 5-6 сыныптар үшiн оқушылардың логикалық-құрылымдық, шығармашылық және алгоритмдiк ойлау қабiлеттерiн дамыту мақсатында компьютер, ақпарат, алгоритмдеу және ақпараттық технологиялар қолданбалы программалық құралдар мен алгоритм атқарушылары және стандартты программаларды қолдану арқылы қарастырылды.

Аталған процестер 1998 жылдан бастап Қостанай облысының Лисаков қаласындағы аралас мектеп-гимназиясында қазақ сыныптарында информатика пәнiн 2-6 сыныптарда жүргiзiп келедi. Бұл тәжiрибе барысында 2-6 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы жасақталды.

Ұсынылып отырған бағдарламаның негiзгi идеясы оқушылардың ойлау қабiлетiн компьютерлiк дамытушы ойындар арқылы дамыту мен өзiндiк танымдық iс-әрекеттерiн ақпараттық ортада қалыптастыруға бағытталған.

Бұл бағдарламаның тиiмдiлiгi оқушылар 7 сыныпта Информатиканы оқытуға дайын келедi және мемлекеттiк бiлiм стандарттарын терең меңгеруге мүмкiндiк бередi.

Информатика пәнiн оқыту арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттiң негiзi болып саналатын коммуникация мен түсiнiктердiң, ойлаудың математикалық негiздерiн меңгередi.

Сонымен, ұсынылып отырған оқу бағдарламаның мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамның негiзгi талаптарын қанағаттандыратындай деңгейге жеткiзу болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Жаңа стандартқа сәйкес 5-сыныпта информатика пәнін оқытудың мазмұсы мен әдістемесі
Жалпы білім беретін мектептердегі информатика пәнін оқытудың құрылымы мен кезеңдері
Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытудың маңызы және әдістемелік негіздері
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында информатика мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және білім беру жүйесін ақпараттандыру
Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесін бастауыш математика сабақтарында қолдану
Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатика пәнін оқыту: компьютерлік технологиялар мен ойын элементтерінің әдістемелік негіздері
География пәнін оқытудың ерекшеліктері мен 12 жылдық білім жүйесіндегі бейінді-бағдарлы оқытудың рөлі
Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттыру: заманауи ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді енгізу
Бастауыш сыныптардағы Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдістемесі мен тәрбие мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz