Бәрінен жоғарысы - ана сөзі

«Желбіре -Жеңіс жалауы»

Мақсаты: Оқушылардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін, қасиеттерін арттыру туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, кітап көрмесі.

Барысы

Әдеби кеш көрініс арқылы ашылады: (Күй ойнап тұрады) . Жаздың жаймашуақ күні. Әңгіме-дүкен құрып жүрген құрбы қыздар және көңіл көтеріп ән айтып отырған жігіттер бейнеленеді. Армандары мен мақсаттарын, болашақтарын бірге байланыстырған қос ғашық көше бойлап, қыдырып жүр.

Жігіт: Ауылдағы анамды тастап арман қуып, оқуға бара алмадым. Елдегі еңбекке де үйреніп қалдық. Сенің бейнең күндіз-түні жадымнан шықпайды. Бас қосып, шаңырақ көтерсек қайтеді?

Қыз: не дерімді де білмеймін, менің де өмір бойы сенің жаныңда болғым келеді. Бірақ, ойлануым керек.

(Осындай бақытты сәтті радиодан тараған суық хабар бұзып жібереді) .

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. . . (жастардың үрейі ұшып, жүгіргендері бейнеленеді) .

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің ерен рухын паш еткен Ұлы Жеңістің -70 жылдығына арналған жоғары сынып оқушылары арасында «Желбіре Жеңіс туы»тақырыбындағы әдеби кешімізге қош келдіңіздер! Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әр көктем бізді осынау ұмытылмас 1945 жылдың 9- мамырын еске салады. Неге 70 -жыл бойы сұрапыл соғысты ұмытпаймыз, неге соғыс тақырыбындағы кітаптар мен түрлі фильмдер бейнетаспалар, өлеңдер мен әндер жалғасын табуда? Соғыста қираған қалалар мен селолар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ. Сол бір қаралы жылдары 20 миллион адам құрбан болды. Халық зердесінде бұл күн мәңгі сақталады.

1945 жыл 9- мамыр фашистік құлдық қаупінен азат етілген күн. Бұл -Жеңіс күні!

1-жүргізуші .

Азаматым, ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес тегін іс.

Соғыс деген- қиылған жан, аққан қан.

Соғыс деген екі жаққа жеңіліс

Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,

Жастық күйреп, халық сиреп көнерді.

Жарақат алғандардың күшіменен.

Өркендеттік өмір менен өнерді

Жиырма миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап кәзіргі Қазақстан халқындай

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

Жеңіс күні -желікті ту қанаты,

Жаңа ұрпақтың самсап өткен санаты.

Жеңіс күні болдырмауға соғысты

Адамзаттың ант ішетін сағаты.

2- жүргізуші: Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршыннан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашан ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімдерін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру- баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне жеріне оралмай жат жердің топырағын бұйырған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз. (Бір минут үнсіздік)

1-жүргізуші :Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауыртпалығына төзу үшін азда болса демалыс керек еді. Әрине жауынгерлер ертең алдарында өлім күтіп тұрғанын білді. Дегенменде соғыста әзіл-қалжың, ән мен күй ұмытылмады.

Ән: Смугланка Екібаева Ақеркем 8а

2-жүргізуші:

Сағынышты қам көңілмен ұласып,

Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық.

Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,

Ән серігі домбырамен сырласып.

Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі,

Сағынғаны Алатаудың өркеші,

Сағынғаны Ақжайықтың толқыны,

Сағынғаны кербез сұлу еркесі

Көрініс: (Мұңды әуен ойнап тұрады) . Ән ойналып жатқанда бірі баласын, бірі әкесін, ал бірі сүйген жарын, бірі бауырын соғысқа шақырып салып тұрғаны сомдалады. Әйелдердің жылаған дауыстары естіледі.

1-жүргізуші : Ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақ сақалды аталар бәріне төзді. Барлық ауыртпалық әйелдердің мойнына жүктелді.

2- жүргізуші: Соғыс! Бұл қантөгіс, ерлік, өлім ғана емес.

Соғыста мейірбандылық, батырлық, қайырымдылық та болды. . . Алыстағы жақындардың махаббаты майдан күндерін аз уақытқа болса да ұмытуға көмектесіп, ерлік-жігер беріп отырады.

1-жүргізуші : Жеңіс күні! 1418 тәулікке созылған күрестің соңғы күні!Аспан көгін салюттер шұғылдандырған, құшақтарға көктем гүлдері толған көптен күткен күн!

Сейдолла Бәйтерековтың әні Әлия : Нұршат


Ұқсас жұмыстар
Сарай атауы
Мектеп өмірінің инклюзивті, девянтты балалармен және ата-аналармен байланысы
6 «а» сынып оқушыларының жыр-шумақтар жинағы
Түп ата
Аталар мұрасы – халық қазынасы жайлы ақпарат
Анаңның серігі
Бақытты бол балам
Ә.дүйсенбиев. "ана" тақырыбында ашық сабақ
Қасиетті менің ана тілімде
Аналар асыл жандар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz