Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сабақта белсенді болу
Дарындыбалаларға арналған үш тілде оқытатынМ.Арын атындағы
"Экономика және бизнес" арнаулы лицейі
Пән мұғалімі: Тулеметова К.А.
Жеке даму бағдарламасы арқылы жүргізілген жүйелі жұмыс
Адамды тәрбиелеу демек,
оның ертеңгі қуанышқа ие болатын
келешек жолын тәрбиелеу
А.С.Макаренко
Сыныптың мақсаты:
Өз бойындағы интегративті қасиеттерді дамытып,өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Міндеттері:
1.Өзін-өзі бағалау картасын жүйелі жүргізу,нәтижесін шығару,саралау.
2.Оқу мен шығармашылық жұмыста өзіндік бағаны қалыптастыру мүмкіндігін зерттеу .
3.Оқу мотивациясын көтеруге ықпал ету.
4.Қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.
5.Педагогикалық консилиум өткізу.
<<Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та, адам бойына нақ осы бала кезде егіледі>> деген С.В.Михалков ойымен келіспеу мүмкін емес.Олай болса, оқушыға жақсы тәрбие бергенде ғана , оның өзіне тән жеке бас қасиеттері дұрыс жетіледі, ал бала бойындағы қасиеттер ашылғанда, тәрбие өз жемісін береді.
Жалпы сыныбым <<Өзіндік және өзара бағалау>> кезеңіне келді. А.И. Кочетов бағдарламасы бойынша, оқушылардың писхологиялық ерекшеліктерін, жеке бас қасиеттерін қалыптастыру және оны көтеруге бағыттау мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргіздім. Оқушының өзін-өзі ұстай білуін, өзіне талап қоя білуін, жаман әдеттерге қарсы тұра білуін, кездескен қиындықтарды жеңе білуін анықтау үшін диагностикалық тест алынып, түрлі тақырыптарда тәрбие жұмыстары ұйымдастырылды. Сынып оқушылары <<Өзіндік және өзара бағалау>> картасын толтырды.
Өзіне деген сенімділік
5,7
Тапқырлық, ақыл-ой
5,3
Жұмыс істеу қабылеті
5,2
Әділдік, шыншылдық
5,3
Табандылық
5,1
Өміршендік
5,5
Сайыскерлік қаб.
5,5
Өзін-өзі бағалай білуі
5,4
Өзін-өзі басқара білуі
5,6
Оқу жетістігі
5,1
Осы карта негізінде оқушылардың төмендегідей қасиеттерінің көрсеткіштері төмен болып шықты. Олар: табандылығы, жұмыс істеу қабілеттері және оқу үлгерімі. Осыған орай, жеке жұмыс түрлерін ұйымдастырдым. Әр оқушының өз бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін айырып, өзін-өзі бағалауға үйрету мақсатында <<Өзіңді дұрыс танисың ба?>> деген тәрбие сағаты, жеке оқушымен жұмыс ұйымдастырылды.
Мінез - адамның жеке басының тұрақты ерекшеліктерінің жиынтығы.Ал сол мінез адамның қылықтары,жауаптары арқылы көрінетіндіктен, оны оқушының мінез-құлқын бақылау арқылы сараптау қажет. Әрбір істің нәтижелі болуы үшін, сол істі орындауда өзіңе талап қоя білу мақсатында <<Өзіңді-өзің тану адамгершілікке жетелейді>> деген тәрбие сағатында төмендегідей сауалнама алынды. Әр оқушы осы сұрақтарға ауызша өз ойларын айтып, пікірлерін білдірді.
Қойылған сұрақтар:
1. Өз мінез-құлқыңда нені түзету керек деп ойлайсың? Неге? Ол үшін не істеу керек? Жасаған әрекеттеріңді, өзіңді қалай бағалайсың?
2.Қандай жеке бас қасиеттерді(жағымды, жағымсыз) ерекше атайсың?
3. Адамдардың бойындағы қандай қасиеттер ұнайды?
4. Құрметті де, сыйлы адам болу үшін өзіңе қандай қасиеттер қажет деп санайсың?
5.Жақсы оқып, белгілі бір мамандықтың иесі атанып, адал қызмет ету үшін қандай қасиеттерді бойыңа жинақтау қажет деп ойлайсың?
<<Оқушылардың интегративтік қасиеттері>> сауалнамасы алынып, әр оқушының <<жеке даму траекториясы>> құрылды.
Әр оқушының мақсат-міндеттері айқындалып, мінез-құлқында байқалған өзгерістері, сабақтағы белсенділіктері , оқу түрткісі , оқу мен шығармашылық бағыттағы мүмкіндіктері зерттелінді.
Оқу-тәрбие үрдісінде жеке оқушыны қалыптастыруда <<оқушының жеке даму траекториясы>> оқушылардың әлеуметтік қарым-қатынасының дамуына, өзін-өзі тануына, өзіндік сараптама жасауына,өзіндік тәрбиесінің қалыптасуына ықпал етеді. Осы негізде сыныпқа және әр оқушыға <<Жеке даму бағдарламасы>> жасалынды. Онда өзіндік бақылау, түрлі сараптамалар, тренинг т.б. жұмыс түрлері жоспарланды. Алғашқы кезде сынып берілген тапсырмаларды оқушылар толық өз бетімен орындай алмады. Себебі, берілген тапсырманы жете түсінбегендіктен, әрі қарапайым мақсат-міндеттерді тиянақты жаза алмауы, бағдарламаны үйлерінде ұмытып кету, оған жауапкершілікпен қарамау т.б. кедергілер болды. Сондықтан жекелеген оқушыларға көмек көрсетіліп, жүйелі бақылауды қолға алдым. Өзін ұстау және өзге оқушылармен қарым-қатынасын жақсарту мақсатында <<Менің мінез-құлқым>>тақырыбында әңгіме жүргізілді. Нәтижесінде Әбді Бауыржан, Жұмақ Арман, Жұмабаева Разия, Алмас Кәрімде жақсы өзгерістер бар.
Оқу жетістігін арттыру мақсатында оқушылармен <<Бізге үштіксіз оқуға не кедергі?>> <<Жіберген қателігімді түзеу үшін маған не істеу керек?>> деген тақырыпта жұмыстар жүргізілді. А.И.Кочетовтың <<Өзін-өзі бағалау жүйесін>> негізге ала отырып, оқушылардың бойындағы жағымсыз қасиеттері анықталды, оны түзету жұмыстар ұйымдастырылды. Сөзімнің дәлелі ретінде сіздерге Түкебаев Серіктің жұмысына тоқталып өтейін. <<Маған жүйелі жұмыс жасауға жалқаулық кедергі жасайды, сонымен қатар көңілім үнемі басқа нәрсеге ауады>> деп көрсетті. <<Егер де мен бойымдағы осы жаман қасиеттерді жойсам, мен өз қабілетімді дұрыс деңгейде қолдана алатындығыма сенемін>> деп жазған болатын. Сол себепті де ол өзіне төмендегідей жоспар құрды.
1. Жауапкершілікті арттыру;
2. Сабақ оқығанда басқа заттарға зейін аудармау;
3. Кітапты көп оқып, сөз байлығымды көбейту;
4. Сабақта белсенді болу;
5. Телефонмен көп сөйлеспеу, теледидар алдында аз уақыт отыру.
6. Нәтижесінде Серік <<екпінділер>> қатарына қосылды. Сол сияқты Иманғалиева Томирис,Кәрім Гүлім, Мұхитова Диана, Мұратбекова Айя өздерінің жауапкершілік қасиеттерін арттыру нәтижесінде көптеген сабақтардан жақсы үлгерім көрсетіп, <<екпінділер>> қатарына қосылды.
Төкен Әділет, Алмас Кәрім, Қабылбек Асылбек, Жарылқасынов Берікжан қабілеттері бар оқушылар, бірақ сабақтарына жүйелі дайындалмау әсерінен осы тоқсанда төмен нәтиже көрсетті. Несіпбекова Мадинаға сабаққа дайындалу, оқу белсенділігін арттыру қажет.Ендігі жұмыс бағыты осы оқушыларға арналады.
Оқушылардың жетістіктері:
1. <<Тілдер апталығы>> бойынша І орын.
2. <<Лапта>> ойыны бойынша І орын.
3. <<Футбол>> ойыны бойынша ІІІ орын.
4. <<Спорттық спартакиада>> ІІІ орын.
5. Математика пәнінен (<<Білім биржасы>>- іскерлік ойын) ашық сабақ өтілді.
6.<<Өнер қарлығаштары>> байқауында <<Күй>> номинациясы бойынша Тулендинова Айжан ІІ орын иеленді.
7. <<Қазақстан патриоттары>> №12 журналына Кәрім Г <<Тәуелсіздік>> және Несіпбекова М <<Желтоқсан>> өлеңдері шықты, Несіпбекова Мадинаның <<Ұстазы жақсының-ұстанымы жақсы>> атты мақаласы <<Талдықорған>> газетінде 23.11.2012 шықты.
8. Ағылшын апталығында <<Ғажайып алаң>> сайысында І орын
9.МЭИ апталығында <<Талантыңмен таныл>> сайысында І орын .
10.Баскетбол ойыны бойынша ІІ орын.
11.<<Адамгершілік-жан қазынасы >>тақырыбында ашық тәрбие сағаты жүргізілді.
ІІІ тоқсан бойынша білім сапасы
Саны
Пайызы
Оқу озаты
5
21
Оқу екпіндісі
14
58
Бір сабақтан 3
2
8
Екі сабақтан 3
2
8
Көп сабақтан 3
1
5
Білім сапасы 79%
Әр оқушыға арналған жеке даму траекториясын бақылап, тексеру,
оқушының сапалы білімін қадағалау,орташа оқитын оқушылрға көмек көрсетіп,жеке жұмыстар,ата-аналарымен,пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жұмыс жасалу нәтижесінде ІІ тоқсанмен салыстрағанда 17% жоғарлағындығы көрінеді.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz