ҚР Жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заң: жастарға таныстыру және әскери-патриоттық тәрбие

Құрметті шақырулы қонақтар, оқытушылар, оқушылар!

Бүгін сіздермен Қазақстан Республикасы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік" туралы заңын таныстыру мақсатында кездесу ұйымдастырылып отыр.

Кездесудің мақсаты: Қазақстан Республикасы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік" туралы заңымен танысу; жасөсіпірмдердің Отан алдындағы борышын өтеуге деген патриоттық сезімін ояту; отаншылдық рухын ояту, ерлікке, елдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім

Сөзімді қазақтың «Халық қаһарманы», «Кеңес Одағының батыры» Бауыржан Момышұлының сөзімен бастағанды жөн деп санаймын.

Ежелден ер тілегі - ел тілегі.
Адал ұл ер боп туса - ел тірегі.

Ендеше, ел тірегі болар азаматтар - мына сіздер. Сондықтан болашақ Отан қорғаушылар ретінде әр ер азамат өзінің Отан алдындағы қасиетті борышын сезініп, оны жауапкершілікпен атқаруы тиіс

Негізгі бөлім

«Ерім дейтін халқың болмаса, жұртым дейтін ерлер» қайдан шықпақ, - деп қазақ бекер айтпаған. Қаншама баһадүр батырлар найзаның ұшымен, білектің күшімен ел қорғап, ел басына күн туғанда етігімен су кешіп, қасық қаны қалғанша күрескен еді. Сол батыр бабалар ұрпағы да осал болмауы тиіс деп білемін.

1/ Бүгінгі кездесуге аудандық Қорғаныс істері бөлімі аға қызметкері Нармуханбетова Лейман Наилевна шақырылып отыр. Қазақстан Республикасы "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік" туралы заңымен және 17 жасқа толған азаматтарды әскери есепке алу туралы ережелермен таныстыру үшін сөз кезегі Лейман Наилевна беріледі.

Баяндамашыға сұрақтарың болса, баяндама оқылып болғаннан кейін қоюларыңызға болады (Оқушылардың сұрақ қою сәті) .

2/ Енді кезекті Қазақстан Республикасының қазіргі армиясы туралы бейнебаяндарға берелік.

1. ҚР Қарулы Күштері.

2. «Шоқпар-2013» оқу-жаттығуы.

3. Аэро-ұтқыр әскерлері.

Қорытынды бөлім

Кездесуге келген Лейман Наилевнаға алғысымызды білдіремін.

Кездесу соңын «Әрқашан әскери ар-намысыңды сақта, солдаттық борышыңа адал бол» деген батыр Бауыржанның сөзімен қорытындылағым келеді. Ел қорғайтын азаматтар ретінде сіздерге денсаулық, бақытты ғұмыр тілеймін. Болашақтарыңыз жарқын, елімізде тыныштық болсын.


Ұқсас жұмыстар
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында патриоттық тәрбие беру жолдары
Алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту және әскери-патриоттық тәрбие беру тәжiрибесi - М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернаты (Орал)
Алғашқы әскери дайындық арқылы патриоттық тәрбие: модульдік оқыту тәжірибесі
Ауған соғысы ардагерлері және мектептегі әскери-патриоттық тәрбие: тәжірибе мен мәселелер
Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие: маңызы, проблемалары және мектеп тәжірибесі (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы)
Білім беруді жаңғырту жағдайында алғашқы әскери дайындық пәні арқылы патриоттық тәрбие беру
Жас ұлан әскери-патриоттық сайысын ұйымдастыру және өткізу жоспары
ҚР Қарулы Күштерінің әскери дәстүрлері және офицер кадрларын даярлаудың тарихы мен қабылдау тәртібі
Қыран: бастауыш әскери дайындық бойынша мектептік интеллектуалдық-патриоттық байқау
Маңғыстау политехникалық колледжіндегі дене тәрбиесінің әскери-спорттық және патриоттық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz