Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өмірден сабақ алу
Жалған арман
Самғаған, шарқыраған асау арман,
Неткен тылсым едің дүние жалған.
Адамды жамандыққа еліктетіп,
Қансырап арт жағыңда қалған арман.
Жарқыраған өмірді,
Шаттыққа толы көңілді,
Аңсап нең бар,
Болмаса егер бойыңда,
Бір тамшы ар.
Сен
Көзім менің алаулы,
Көңілім менің қыраулы.
Жүрегім мұңға толы,
Ой-санам жырға толы.
Сен болып едің,
Көңілімнің тірегі.
Бір өзіңе ғана,
Жүрегім бақыт тіледі.
Арман
Арман, арман, арман-ай,
Жүрекке ұя салған-ай.
Ешқашанда сөнбестей,
Оттай лаулап жанған-ай.
1
Қос заман
Тағдырдың тақ сындырар белестері,
Өтіп кеткен өмірдің елестері.
Бұрынғы мен қазіргіге қарап тұрып,
Болашағы өмірдің елес берді.
Бұрынғының жастары тәрбиелі ер еді,
Бұл немесе жай ғана елес пе еді?
Қазірде жас ұрпақтың бойы өскенмен,
Бірақ та, әттеген-ай, ойы өспеді.
Халқымызда кең тараған сөз өнері,
Болатын баяғыда өмір нәрі.
Ал қазірде шам жағып іздесең де,
Таба алмассың сен оны, ел кезссең де.
Қазақстан
Бабамның туған жері - Қазақстан,
Атамекен қасиетті ұлы Отан,
Мәңгілікке ұлың болып сүйіп өтем,
Қазақстандай өз елімді мақтан тұтам
Махаббат
Махаббат деген не екен,
Жүрекке түскен шоқ екен.
Махаббат деген гүл екен,
Өмірдің ән мен жыры екен.
Жүректегі махаббат,
Ауаға қалқып барады.
Өзен, таудан өтеді,
Жаным саған жетеді.
2
Жүрегің махаббат аңсайды
Алаулап таң атты,
Жаңа өмір басталды.
Қызарып күн батты,
Қара түнек орнады.
Ешкім сені көзге ілмейді,
Айқайла, ештеңе өзгермейді.
Сені ешкім тыңдамайды,
Жүрегіңді ұрламайды.
Көңілің қинап бітірді,
Қайғы-мұң күліп құтырды.
Сезімің талып шаршады,
Жүрегің махаббат аңсады.
Жан достарыма
Жан достарым, тіледім бір алладан,
Жүрсе екен деп барлығың, әрқашан да дін аман.
Еңселерің түспесін еш уақытта,
Армандарың орындалсын әр уақытта.
Сағындым тай-құлындай тебіскен күндерімді,
От шашып, шоқтай жанған мөлдір қара көздеріңді.
Сағындым әзіл, қалжыңы жарасқан сөздеріңді,
Достарым, мәңгілікке сыйлап өтем өздеріңді.
Асыл арман
Арманның жағалауын мен бойлаймын,
Армандауды мен ешқашан қоймаймын.
Өмірде не бар, не жоқ деп те ойлаймын,
Тылсым дүние тереңіне бойлаймын.
3
Жүрегімді ауыртпашы
Ақырын жаным, ауырттың менің жүрегімді,
Екі езуім жиырылып, қалайша күлем енді.
Сезімім түтінге қара буланып,
Махаббатым күйреген қалды уланып.
Көңілім күңіренді күңгірт бұлттай,
Сезімім мен жүрегім ауа жұтпай.
Көздерімнен жарқыраған сәуле кетті,
Мұңаюмен қайғыра күндер өтті.
Тыңда, тағдыр, тыңдашы өтінемін,
Бір кездері өзіңе мойынсұнбай кетіп едім.
Кешіре алсаң сен мені құптағаның,
Кеше алмасаң егер де ұқпағаның.
Өткен күндер қиындығын еске алып күрсінемін,
Тағдырдың жазуымен болатынын түсінемін.
Тыңда, тағдыр, бір мезет елесеңші өтінемін,
Маған да шын бақытты сездірсеңші, күтіп едім.
Ешбір жанға жамандық тілемедім,
Бұл ниетім жақсылық әкеледі, біліп едім.
4
Бір өзіңді ұнаттым
Сүйіп едім бір өзіңді, қинадың ғой сен мені,
Тосып едім сарылып, сол күні неге келмедің?
Сені ешкімге қимаған сезімім менің аспандай,
Жүрегіме сыймаған махаббатым көп сондай.
Көздерің сенің қорған болып көңіліме бекіген,
Басқа жанның сезімі жүрегіме жетпеген.
Алдадың неге сен мені, оныңды мен білмедім,
Артыңнан жүріп көп күндер, бақытты қуып іздедім.
Тағдырымнан сұраймын
Кірме менің көңіліме мұң-қайғы,
Жалындаған жүрегім қалай ғана шыдайды.
Айналып өт, мені әрқашан өкініш,
Деп сұраймын сенен де бір өтініш.
Қинамашы, ар-ұятым, кешірші,
Күнә істеген адаммын мен нешінші.
Сан алуан жандар бар ғой адасқан,
Кешір, тағдыр, мен де пендең кер басқан.
Жүрмін іздеп бақытты
Өмір мені көп нәрсеге үйреткен,
Біраз қайғы көңілімді күйреткен.
Жүректен қан, аққан азап кеудеден,
Талай рет қалған үміт түнекте.
Күндер де бар, бағым маған серік болған,
Шаттандырып, қуанып көңіл толған.
Есім кетіп талай рет сезімдерім тулаған,
Айтыңдаршы адам бар ма, бақыт іздеп қумаған?
5
Шыдамды бол
Дүние бұл не?
Өмір ме жалған,
Көңіл ме қалған,
Жүрек пе күйген,
Сезім бе сүйген?
Жоғалған шаттық,
Қайдасың бақыт,
Іздейді сені көп адам.
Қашады бағың,
Сынады сағың,
Қуасың жүріп сен соны.
Талады талап,
Құлайды қайрат,
Қурайды күлкі,
Шаршайды үміт.
Өтеді күндер,
Кетеді сенің жас шағың.
Кіршіксіз көңіл,
Қайғысыз өмір,
Сол болды сенің арманың.
Шыдашы достым,
Мойыма тағдыр сынына.
Қиындық кетер,
Қуаныш жетер,
Жадырап сенің қасыңа.
Ақылың болса,
Көңілің толса,
Тәубе қыл, достым,
Қолыңда бар нәрсеңе.
Бұл өмір сондай,
Тағдырың жазбай,
Болмайды достым ештеңе.
Көңіл де келер,
Ісің де жүрер,
Жүрегің толар шаттыққа.
Үмітің туып,
Келер күн,
Толар бақытқа.
Сексен алтының жастары
Сексен алтының жалындаған жастары,
Азат еткен қазағымның аспанын.
Әділетсіздікке қарсы тұрған сол жастар,
Шықты алаңға ойлап қамын баршаның.
Сексен алты дүрбелеңі есінде әлі халықтың,
Кезі еді бұл күйреген КСРО-дай алыптың.
Тәуелсіздік келді бізге, ата-бабам аңсаған,
Азат енді бодандықтан ұл мен қызы қазақтың.
6
Бұлттардан биік арман
Алыстағы бұлттарға көз тастадым кенеттен,
Қарай бергім келеді, білмеймін не себептен.
Бұлт жамылған арманым елестейді,
Бұл арман бұлттан биік белес дейді.
Арманым бар қаншама қиялдайтын,
Жалын құшып өмірге сыя алмайтын.
Қолымдағы барымды берер едім,
Не болса да соған мен көнер едім.
Арманым, алыстама, өтінемін,
Саған қарай асыға мен келемін.
Махаббат құдіреті
Өмір неткен тамаша еді,
Көңіл құдды бір балаша еді.
Бойым жылып, жүрегімде жыр ойнаған,
Мен байғұсты бақытты деп кім ойлаған.
Достым менің , махаббат барда түңілме,
Махаббатсыз өткен өмір өмір ме
7
Саған ғашықпын
Адамсың сен жүрегіме ең жақын,
Әрқашанда есімде сенің атың.
Саған деген сезімім ыстық болған,
Талай адам өзіңе ынтық болған.
Сағынам бірге өткізген күндерді,
Қол ұстасып бірге жүрген түндерді.
Өзіңді мен сүйе алмаспын лайықты,
Бірақ бұған мен емеспін айыпты.
Сүйесің сен өзгені, амал бар ма,
Бұл шындық салатұғын жара жанға.
Қыс түсіп көңіліме ерте келген,
Сөнер емес сол сезім өршеленген.
Кеткен көңіл мені тастап алысқа,
Үмітім де үзілер күн алыс па?
Түңілдім де, күрсініп болдым басқа,
Амал не, тағдырдың бұл ісіне шара бар ма?
Сезімім аяқ асты болды менің,
Шын сүйген аяулым өзің едің.
Сырымды айтып, ұнатып ем өзіңді,
Махаббатым болатын күйреместей еңселі.
Атты талай таңдарым сағынумен,
Батты талай түндерім жабығумен.
Сезімің жоқ, өзің жоқ, болдым жетім,
Бір өзіңе бақыт тілеп өтумен.
8
Өлеңдерім өмірім
Өлеңдерім - өмірім, білдіретін көңілім,
Сезінетін сезімім, айтатұғын төзімім.
Шығаратын өз үнім, шағатұғын өз мұңым,
Кемшілігім, кемдігім, теңесетін теңдігім.
Шығатұғын шыңдарым, тағдырымды тыңдадым,
Өмірдегі белестер, кешегі күн елестер.
Өлеңдерім - өмірім, ұйқысыз өткен түндерім.
Бейқам жүрген күндерім,
шумақтарым шырағым,
Самғайтұғын пырағым.
Өмір жауын
Күндерің бұл күн емес, тамшы сулар,
Тамшылар көп өмірде жанды улар.
Жылдарымыз біздердің жауған жауын,
Ал қиындық асу бермес шың тауың.
Жауынның түр-түрі бар, мен білемін,
Айтарым сол, бәріңе ұзақ жауын тіледім.
Жауындар бар пайдасын тигізетін адамға,
Нөсерлер бар кей кезде айналатын наданға.
Неше өмір, неше жауын бұл өмірде тоғысқан,
Жандар да бар күйінген, тағдырымен таласқан.
Қанша адам бар зұлымдықпен адасқан,
Бар мұнда да шын сүйетін, жұптарымен жарасқан.
9
Достарыма кеңес айттым
Қосалқы сөздің керегі жоқ,
Керегі жоқ басқаның.
Кей адамдар айтып салып,
Білмей қалар сасқанын.
Кір келтіріп көңіліне,
Өзге жанның жазықсыз.
Еріп сайтан сөзіне,
Неге бұндай болдық біз.
Балағаттап біреуді,
Қолдан келер іс болды.
Көре алмай кей жақсыны,
Қаның қашып, мұз болды.
Күліп қарап өзіңе,
Сырттан пышақ қадайтын.
Жандар көп қой өмірде,
Жақсыға өзін балайтын.
Кемшілігін білмей тұра,
Өзін мінсіз санайтын.
Басқалардың құлдырауын,
Шын көңілмен қалайтын.
Жарқырайды ондай жанның,
Байлықты көрсе көздері.
Пайда табу үшін олар,
Өтірік қылар сөздерін.
Сендерге ақыл үйретер,
Адам мүмкін мен емес.
Достық ниетпен ескертер,
Сөзімді ешкім елемес.
<<Абай бол>> деп достарым,
Айту менің парызым.
Болмасын деп күні ертең,
Өмірге айтар арызың.
Көңілге қонар нәрсе тап,
Босқа жүрме, замандас.
Түкке ебі болмаса,
Басқаға ондай болар қас.
10
Ең басты бақыт - өмір сүру
Жақсыға бет бұралық,
Жаманға қарсы тұралық,
Бақыттан барып сұралық.
Сәттілік қайда екен деп,
Ізгілікке өтем деп,
Надандық бізге бөтен деп,
Шаттыққа жол бар жететін.
Амал бар қайғы мүлде кететін,
Күлкіңді жайлы ететін,
Жүрекке жылу төгетін,
Кеудеңе көңіл егетін,
Санаңа нұрын шашатын,
Жаңа өмір есігін,
Достым, саған ашатын,
Кез емес бұл қашатын.
Қиындықтан, қайғыдан,
Барша жанды аңдыған.
Шындықты айтсаң сен егер,
Өмір сүру жеңілдер.
Бақыт саған келмесе,
Күлкі артыңнан ермесе,
Тағдыр төзім бермесе,
Үмітіңді үзбе, ендеше.
Келер саған сонда достым,
Аңсаған асыл арманың.
Ниетке сендің, жақсы сен,
Сауапсыз әсте қалмассың.
Ең керемет сый бізге,
Емес пе көру таң нұрын.
11
Жаңа өмір
Жаңа өмір бастадым,
Кешегіні тастадым.
Бүгінгіні қарсы алдым,
Ертеңгіні аңсадым.
Өткен күнді еске алдым,
Түскен шақты басқа мұң.
Болашаққа қарадым,
Бақыт іздеп қаладым.
Тіледім мен тағдырдан,
Ар-ұят үшін жан құрбан.
Сезімінен сескенбей,
Жүрсем деймін өкінбей.
Күлсем деймін уайымсыз,
Жас балаша желпілдеп.
Келмейді қорыққым қайғыдан,
Жан түршігер селкілдеп.
Кірме деймін қиындық,
Жаңа менің өміріме.
Сыз түсіріп жүрекке,
Мұң түсіріп көңіліме.
Жаңа өмір бастадым,
Кешегіні тастадым.
Бүгінгіні қарсы алдым,
Ертеңгіні аңсадым.
12
Ешқашан кеш емес өзгеруге
Көңілім қандай білмеймін,
Кейде солған гүлдеймін.
Сезімім толқып бір кезде,
Өмірден бақыт іздеймін.
Қиындық бізге келеді де кетеді,
Бар өмірің арпалыспен өтеді.
Егер де сен шын ниетпен тілесең,
Бақыт саған көп ұзамай жетеді.
Аспан да берер егер жауын тілесең,
Сүрінгеннің қолтығынан демесең.
Ар-ұятың сонда таза болады.
Ұялудың қажеті жоқ өзгеден.
Ешқашанда кеш емес өзгеруге,
Шынайылықты сезініп, көз көруге.
Қиындықты өткеріп сан алуан,
Уәдеңде тұр, ешқашан сөзге ерме.
Өмірге нық сеніммен қадам бас,
Қайталама әдеттерді қағынды.
Ойлан, достым, неліктен осы адамдар,
Өзгелерге ор қазып, өзі соған ұрынды.
13
Шын мұратқа жету
Тіледім жандарға жүзі жарқын,
Шын жүректен кетпес бақыт.
Мұратқа жетуге асығыңдар,
Зулайды, өтеді, күтпес уақыт.
Мұрат деген байлық емес,
Көп адамдар аңсаған.
Ақылменен мұрат жиған,
Жандарға мен тамсанам.
Мұрат деген өмір емес жайнаған,
Ізгіліктің жолы болар жиналған.
Батыл болып шындықты айту,
Қайратың ол қайнаған.
Түнектен салқын күн туғызып,
Пайданы ешбір қумайтын,
Әділдікті жырлайтын,
Тілің ол сенің сайраған.
Болмасқа амал, құламас қамал,
Сертің ол сенің таймаған.
Мұрат деген ашкөздік емес,
Қылмысқа сені итерген.
Ешбір жанды алдамайтын,
Кісіні халық құрметтер.
Әр айтқан сөзің, істеген ісің,
Сонда достым құр кетпер.
Жалған сөзге бара алмайтын,
Жақсылығын санамайтын,
Асыл мұрат, міне осындай,
Жақсылап ойлан, достым - ай.
Байлыққа барып шығарсың,
Барыңды жинап тығарсың.
Күндердің бір күнінде,
Дәулет қолдан кеткенде,
Айтқанымды сонда ұғарсың.
Сол кезде бірақ кеш болар,
Күнің сенің түн болар,
Бар байлығың құм болар.
14
Абайды ұлықтау
Абай ата алып аспан,
Ашылмаған бар сыры.
Абай ата ақын туған,
Жырлау үшін жаралған.
Абай дана, Абай дара,
Айтарың бар ма сен бұған.
Абайды сен оқыдың ба?
Не айтқанын мен де ұғам.
Көңіліңе қонды ма ақыл,
Парасатпен айтқан ақын.
Өлең, жырын оқымасқа,
Тыңдамасқа бар ма хақың?
Абай ғасыр, Абай асыл,
Деп жырлаймын мен бүгін.
Таба алмай кетті өмірден,
Елің қазақ теңдігін.
Аңсап бақыт елі үшін,
Таласты ол мыңменен.
Қалың қара халқы үшін,
Тартты азап мұңменен.
Осыдан соң дана Абайды,
Неге бізге сыйламасқа.
Қазақ деген ел дегенде,
Елжіреген, болған басқа.
Зарлап өткен сорлы жүрек,
Тапқан шығар тыныштық.
Ұран қылып Абай сөзін,
Аспанда бейбіт біз ұштық.
Абайды ұлықтау, Абайды ұмытпау,
Бүгінгі ұрпақ сенің міндетің.
Ақылын тыңда ұлы ақынның,
Кетсін десең қайғы-індетің.
Жақсы сөз айтып жұбатқан,
Талайды сынап құлатқан.
Тәубеге келтірген талайды,
Достарым, құрметтелік,
біз Абайды.
15
Абай ата қасиеті
Өзгермейтін қалыбы,
Поэзия алыбы.
Азат елдің тұлпары,
Ашық аспан сұңқары.
Шындық сөздің тарланы,
Құдіретті арланы.
Биік таудың шынары,
Еңбек, білім ұраны.
Таусылмайтын өсиеті,
Барлығы бұның,
Абай ата қасиеті.
Ар-ұят құлы,
Қазақтың ұлы.
Дананың өзі,
Ақылдың көзі.
Қайратты тұлға,
Ізгілік қуған.
Көкірек толы,
Наданға долы.
Адам бар барша
Бас иетін,
Түсінсең егер,
Абай ата қасиетін.
Елі үшін күйген,
Ғашығын сүйген.
Байлықтан безген,
Сұмдықты езген.
Барларды сынап,
Жоқтарды сыйлап.
Ақылы, күші,
Жақсылық ісі.
Адам бар барша
Бас иетін,
Түсінсең егер,
Абай ата қасиетін.
16
Қайғы жұтқан жұрты үшін
Қазаққа дана атанған Абай еді,
Аралап, көзбен көрген талай елді.
Абай еді шындықты жырлап айтқан,
Біраз жанның өзінен беті қайтқан.
Әділдікті жалғыз өзі жақтаған,
Надандардың ісі оған жақпаған.
Қайғы - мұңды жырларымен жеткізген,
Бар ғұмырын ізгілікпен өткізген.
Жылдар бойы шеккен ақын азап, мұң,
Қамын ойлап қалың елі қазақтың.
Қанжығалы топ алдында сөз айтып,
Арпалыстың, мыңмен жалғыз алыстың.
Шынайылық қалса кетіп
Көрмесек, егер өмірдің қасіретін,
Қалайша түсінеміз, біз оның қасиетін.
Білмесек қандай екенін арсыз күлкінің,
Жамандыққа тап болармыз кез келетін.
Сезіне алмасаң махаббатты шынайы,
Уақыт өте нәзіктігің құлайды.
Тасқа айналар жүрегіміз қарайып,
Қара көзден жас ағады мұңайып.
Жамандыққа ерме деп ескерткенмін,
Пәк жүрек туралы ой, сөз еткенім.
Қол сұқпадым ешкімнің өміріне,
Қарамадым достардың көңіліне.
17
Таңғажайып табиғат
Күннің нұры көзіме түсті
сәулеленіп жарқыраған,
Таң атты, құстар аспанда
ән салып шарықтаған.
Таңғы самал неткен тамаша
иісі жұпар
Рахаттана бар кеудеңмен
болсаң жұтар.
Көңілді тербетеді
елжіретіп,
Бар уайымды ұмытасың,
есің кетіп.
Жарыққа көзің бөленді
жанған оттай,
Келші құрбым, қыдыралық
босқа жатпай.
Сезіміңді сергітейін
мен сенің,
Кеудеңді бір құмар бассын
еңселі.
Қара көкке күннің көзі күледі,
Ашық аспан бізге бақыт тіледі.
Гүлдер жайнап жұпар иіс
төгеді,
Таңғы самал әсем күйге бөледі.
Сыр айтады қалың ағаш
жапырағы,
Күй ойнаған тәрізді
өзеннен су ағады.
Қиялды көкке ұшырып
ойың қанат қағады,
Самал жел ән сияқты
жаныма әбден жағады.
Көптен бері болмап едім
мұндай күйде ғажайып,
Ішімдегі бар сырымды
айтқым келді мен жайып.
Неткен ғажап қыдыру
құшағында орманның,
Тылсым күйге бөленіп
қиялында арманның.
Қандай рахат қыдыру
көл басында,
Тұрса толқып, нұр шашып
ай аспанда.
Жұлдыздар әкетеді
бізді арманға,
Тамсанбайтын жұлдызға
адам бар ма.
Бар нәрсені ұмытып
өмірдегі,
Құмартасың тәтті сәтке
көңілдегі.
Ән салғым келіп-ақ тұр
мен айқайлап,
Ұрлана қарағандай
бәрі байқап.
Айтарым сол, жан құрбым,
сенесің бе?
Сырын ұқтым табиғаттың
білесің бе?
18
Жол басы
Жол басы мына өлең ақындықтың,
Жазсам деймін жырларды толқындардай.
Жүк артып аса ауыр жолға шықтым,
Санасыз түнекке жарық шашсам, толған айдай.
Көр кеуде, жат мінез, өтірік сөз,
Болды ма, бүгінгі күн бізге жақын.
Шындығына өмірдің жеткізіп көз,
Жасқанбастан, бұлтартпай айтар ақын.
Мен өмірге ғашықпын
Мен өмірге ғашықпын,
Айтуға соны асықтым.
Жырлаудан ешбір шаршаман,
Тағдырға қарап тамсанам.
Мен өмірге ғашықпын,
Күлімдеген күн үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Жайнап өскен гүл үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Қасиетті мұң үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Балдай тәтті тіл үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Бақыт үшін, бақ үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Адамдық атты тақ үшін.
19
Жас көңіл
Жазылды сөздер тізіліп,
Ой құрап, сөйлем түзіліп.
Тереңде жатқан сырларға,
Қарайды көңіл қызығып.
Санамды билер көп үміт,
Жастық шақ мәңгі көрінер.
Бостандық қарар үңіліп,
Кеудемнен ән-күй төгілер.
Шаттыққа толар жүрегім,
Естімес жырдан басқаны.
Шабытпен шығар тілегім,
Білмей-ақ, қорқу, жасқанып.
Тыңдамас, басар мұң-зарды,
Тамырдан өткен жас көңіл.
Қалады арман, бір жарлы,
Тағдырдан күткен басқа өмір.
Жоғалту
Қандай мақсат, мына өмір сүруім,
Қиналу ма мұңайып, әлде жай бір жүруім.
Қандай сынақ қарсы шығар алдымнан,
Сынақтардан тағдыр мені шалдырған.
Қандай бақыт, күтіп жүрген қасымда,
Отыр ма әлде, дәл жанымда расында.
Олай болса, неге оны көрмедім,
Қолынан ұстап, неге артынан ермедім.
20
Достарыма арнадым
Достарым, достарым, достарым,
Доспын деп әнімді бастадым.
Өздерің болғанда жанымда,
Ақ болып көрінер аспаным.
Достарым, достарым, достарым,
Сағынам сендерді көрмесем.
Алаңдай қаламын мұң басып,
Жағдайың, халіңді білмесем.
Достарым, достарым, достарым,
Аман бол, әрқашан түңілме.
Қайғы мен қасірет күйіне,
Салынып еш уақыт үңілме.
Тілім менің
Тілім менің - тірегім,
Кеудеде соққан жүрегім.
Тілім менің - намысым,
Алты алаштай арысым.
Тілім менің - тарихым,
Көңілді сөзсіз қаритын.
Тілім менің - дәстүрім,
Шаттыққа толы бәс күнім.
Тілім менің - асылым,
Өткерген қайғы-мұң ғасырын.
Тілім менің - паңдығым,
Жақсының сөзін аңдыдым.
Тілім менің - ұраным,
Жетелеген алға ұланын.
Тілім менің - шындығым,
Жырлаған дүние құндығын.
21
Құтыла алмадың
Құтыла алмадың,
Біреуді арбадың.
Сүйдің де, бір жанды,
Әніңді арнадың.
Болдың ба бақытты,
Өзгені жылатып.
Шықтың сен қай шыңға,
Басқаны құлатып.
Естідің шындықты,
Айтқаның өтірік.
Көрдің бе, расында,
Бір сәтке өкініп.
Таптадың арыңды,
Жоғыңды іздедің.
Жоғалттың барыңды,
Өткен күн, іздерің.
Шыдамды болмадың,
Қиындық түскенде.
Жаманды қолдадың,
Ақ, қара түйіскенде.
Елемей ақылды,
Білімнен безгенің.
Жоғалтып хақыңды,
Не болды, сезгенің.
Құтыла алмадың,
Сендағы қайғыдан.
Құтыла алмассың,
Ажалдан аңдыған.
Қызылсая кештері
Айлы кештер, сәнді кештер,
Қызылсая кештері.
Жас күлкілер, сауық істер,
Әлі естен кетпеді.
Жұлдызды аспан, құшақ ашқан,
Қызылсая кештері.
Достарменен көңіл қосқан,
Жүректен күндер өшпеді.
Қызық қуған, той мен думан,
Қызылсая кештері.
Сан алуан арман туған,
Ойлар ою кестелі.
Сатпас арын, жастық жалын,
Қызылсая кештері.
Сезім үшін берген барын,
Болар мәңгі естелік.
22
Жаңа бағыт
Түнімен көңіл кезді әр нәрсені,
Оқиғалар баяғы, өткен еске түседі.
Барлығы көз алдымда елес берді,
Көрдім шыңырау мен белестерді.
Шақтарым сәби күнгі көз алдымда,
Балдай тәтті, әп-әдемі із қалдырған.
Мектепке келген алғаш күнді ойладым,
Оқимынды білмейтін, келетін тек ойнағым.
Ер жеткенім, есейгенім есімде,
Жүруші едім көңілдің құшақ төсінде.
Еш алаңсыз, жай бір рақат кез еді,
Өмір мені дұрыс ойға, көп ұзамай түзеді.
Енді міне, ересектер арасында жүргенім,
Бұған дейін қалай өмір сүргенім.
Түк бітірмей өткізіппін уақытты,
Болыппен тек, аңсауменен бақытты.
Он алтыға келді биыл жасымыз,
Үлкен ойға, терең ойға толды әбден басымыз.
Өмірді ойлап, көңілді ойлап, сезімді,
Ойлар улап, жегідей жеді төзімді.
Шырмауында қалдым қалың ойлардың,
Білмеймін, қайсысын ғана бойларын.
Қалам алып, кез келгенді жазатын,
Түсіндім, ойлар көп, әлі де мен қазатын.
Осылайша жаңа бағыт алғаным,
Кімге керек, менің жай ән салғаным.
Болса егер де ақын болу,
Мұратым да, асыл ойым, арманым
23
Махаббат
Кеудемді жаулап алды, бір тәтті мұң,
Серігім күннің көзі, сырласым болды қапас түн.
Жүрегім таппады тыныштықты ешбір жерден,
Сағым менен тілегім, сезімге ерген.
Гүл болып көрінеді қап-қара тас,
Шабыт келіп қысады, парлатып көзімнен жас.
Махаббат өлшемі жоқ, шексіз сезім,
Шыдамым, бар таусылып, санамнан кетті төзім.
Көндім мен еріксізден, кеудемдегі бал құмарға,
Жан-тәніммен сүйгенімді, теңедім ақ тұмарға.
Тұмарға еш уақытта, мойнымнан түспейтұғын,
Ес пенен ақылға көнбейтін, сезімнің айтқанын істейтұғын.
Тәрбие үшін төрт шумақ
Кішіпейіл болсаң достым, сен егер,
Мол бақытқа боларсың кенелер.
Кішіпейілділік зиян саған тигізбес,
Еш уақытта жаман атын кигізбес.
Мейірімділік әрбір жанға жарасқан,
Мейірімді жан, надандармен таласқан.
Мейірімділік түзеген талай адамды,
Күнә істеп, опасыз болып адасқан.
Ізгілік бізді қорғаған,
Ізгіліксіз адам оңбаған.
Жақсылық оған жақпаған,
Қуаныш, күлкі қонбаған.
Әдепсіз жан, арсыз жан,
Әдепсіз жан, әлсіз жан.
Бетімен сайрап, ол күлер,
Есуас шығар, кім біл
24
Өмірден сабақ алу
Қайғыра біл,
Күйіне біл.
Өмірден сабақ алып,
Түйіне біл.
Қуана біл,
Күле де біл.
Өмірден сабақ алып,
Сүйе де біл.
Самғау да біл биікке,
Құлау да біл.
Өмірден сабақ алып,
Жылау да біл.
Шешіміңді қабылдап,
Бекіне біл.
Өмірден сабақ алып,
Өкіне біл.
Шашуды да жаманды,
Жақсыны жинай да біл.
Өмірден сабақ алып,
Өзгені сыйлай да біл.
Басыңа іс түскенде,
Ашусыз күрсіне біл.
Өмірден сабақ алып,
Басқаны түсіне біл.
Барлығын санап айту,
Мүмкін емес.
Кетеді онда бұған,
Бір күн емес.
Ұзын сөзді,
Қысқартар болсақ егер.
Ақылды бол, есті бол,
Өмірді сүрме бекер.
Абай атам айтқандай:
"Күнде өзіңнен сынақ ала біл".
Не болса да,
Өмірден сабақ ала біл
25
Қазақтың мұңды тарихы
Қайран жұртым, қайран қазағым,
Аз болды ма, тартқан азабың?
Еске түсір, шеккен қайғы күндерді,
Шошынып, ұйықтай алмай өткен түндерді.
Кім еді біздерді арандатқан,
Адал жүрек жандарды арамдатқан.
Әділдікті жақтайтынды азғырған,
Осылайша жазықсызды жазғырған.
Көз жасымен талай таңды атырған,
Кімдер еді, бізді мұңға батырған.
Сөйлегенді сүйектей қып сабаған,
Талап бізді, аш иттерше қабаған.
Жұмыс істеп қорыққаннан бастықтан,
Өлмеп пе еді, талай қазақ аштықтан.
Талай сәби, жылаған еді шырылдап,
Ақырғанда кей надандар ырылдап.
26
Заман талабы
І
Заман талабы, не болды бүгіндері,
Қылмыскер, нашақор болып жүру ме еді.
Қатыгездікті талап ете ме заманымыз,
Кірлегенде күннен - күнге-ақ ақ арымыз.
Мүмкін, сірә, айналармыз жауызға,
Боқтық сөзі түспейтұғын аузынан.
Талабың сол, сыйластықты ұмыту ма,
Болайық па есалаңдар жын қуған.
Әлде біздер намысымызды сатармыз,
Мас күйге еніп, әрбір жерде жатармыз.
Мүмкін тағы, ұятты да жоғалтып,
Пара алармыз, тұрмыс - жайды оңалтып.
Қастандықты көбейтерміз тағы да,
Шықпас ешкім, бүгін әлсіз жағына.
Қолы қысқа кедейлерді қорлармыз,
Тас жүректер атанармыз, онда біз
Сабыр жоқ, асығады жамандыққа,
Сол ауру болғаны ма, маған жұққан.
Көбінің жүздерінде өтірік күлкі,
Махаббат, сезім деген естен шыққан.
27
ІІ
Талабы бұл заманның адамдықта,
Ақысын жеу өзгенің адалдық па?
Барлық білер ісі күндеп, қорлау,
Осы біз, соғысу үшін жаралдық па?
Сыйлауды қысқа өмірде үйренбесек,
Берерміз, о дүниеде нендей есеп?
Достарды, бауырларды сатып кетіп,
Табармыз біз қолдауды неге жетіп?
Ақылды ойламасақ ерте кезден,
Безбүйрекке айналармыз дүние кезген.
Шындықты сүйремесек шың басына,
Жолайды ертең сенің кім қасыңа?
Ойлаудан бостандық деп, көңіл сәні,
Адасып талай ұшты, адам жаны.
Қол жеткізіп тіршілік тірегіне,
Кім бар еді, у сепкен жүрегіне?
Пара алып қор болған қаншамасы,
Қаншамасы қырылды, бір санашы.
Кім байыды, біреуден еңбек ұрлап,
Суға кіріп, адам жоқ шыққан құрғақ.
ІІІ
Жаңадан бәрін де бастау,
Қиынға түсер, мүмкін бекінсек.
Ең бастысы, арыңнан аспау,
Кешірім алармыз, ертерек өкінсек.
Кеш емес әлі де,
Пердесін ашуға шындықтың,
Сабырмен қарасақ бәріне,
Көрерміз, сонда біз, кім мықты.
28
Шындық
Жарқырап туған жұлдыздар,
От шашар, тұрып аспанда.
Шындықты қамал бұзғызар,
Айта бер, достым, жасқанба.
Өткен күн сенің тарихың,
Не болсадағы ұмытпа.
Шындықты көңіл қаритын,
Сақта да, есте ұлықта.
Алынбас қамал, жоқ сірә,
Шың да жоқ адам шықпайтын.
Өтірік жұқпас жақсыға,
Надан бар соны ұқпайтын.
Тағдырға әмір жүрмейді,
Шыдарсың, достым, көнерсің.
Өтірік айтып, жүр мейлі,
Көрерміз, қайтіп өнерсің.
Жақсымын деймін
Жақсымын деймін қалайша,
Ғайбат істер істесем.
Шындық сөзді жасырып,
Қорғауға, әлсіз түспесем.
Жақсымын деймін қалайша,
Жоғалтсам ар мен ұятты.
Көшелер кезсем қаңғырып,
Есалаң, жауыз сияқты.
Жақсымын деймін қалайша,
Ұмытсам дін мен тілімді.
Біреудің ұрлап тапқанын,
Дұшпанға айтсам сырымды.
Жақсымын деймін қалайша,
Жаманның сөзін қостасам.
Мына үлкен қоғамға,
Пайдалы үлес қоспасам.
Жақсымын деймін қалайша,
Жоқтарға жәрдем бермесем.
Мейірбан, ұлық жандарға,
Көрсетіп қолдау, ермесем.
Жақсымын деймін қалайша,
Ұқпасам ғибрат сөздерді.
Сатқындық жасап достарға,
Өшірсем бақыт кездерді.
29
Қызылсая кештері
Айлы кештер, сәнді кештер,
Қызылсая кештері.
Жас күлкілер, сауық істер,
Әлі естен кетпеді.
Жұлдызды аспан, құшақ ашқан,
Қызылсая кештері.
Достарменен көңіл қосқан,
Жүректен күндер өшпеді.
Қызық қуған, той мен думан,
Қызылсая кештері.
Сан алуан арман туған,
Ойлар ою кестелі.
Сатпас арын, жастық жалын,
Қызылсая кештері.
Сезім үшін берген барын,
Болар мәңгі естелік.
Бәрі де ақ
Ақ ағаш қар жапқан,
Пәк жүрек тәрізді көрінер.
Ақ ағаш қар жапқан,
Орын бер, көңілдің төрінен.
Ақ жүрек, ар жапқан,
Сезімді жолдасым етсеңші.
Ақ арым, мұң жапқан,
Қуаныш кеудеден кетпеші.
Ақ мұңым, сыр жапқан,
Толтырма уайымға ойымды.
Ақ үміт, гүл жапқан,
Бір өзің биледің бойымды.
Ақ бақыт, бақ жапқан,
Жолаушым, сәттілік болсыншы.
Ақ бағың, жыр жапқан,
Ақ түске өмірім толсыншы.
30
Есте сақта
Табыла ма іздесем,
Ару арман көктегі.
Орала ма қаласам,
Махаббаттың көктемі.
Өтеді ме жас күнім,
Сайрандаған шаттығым.
Ертеректеу өкінсем,
Ағара ма пәктігім.
Сезімдерім жана ма,
Құдіретті тудырып,
Ойлар келер санама,
Күнәларды жудырып.
Сынады ма сабырым,
Ортасында сапардың.
Ар-ұятым қалмаса,
Барымды да сатармын.
Күштілермен теңесер,
Әлім, мүмкін, жоқ шығар,
Мен емеспін есалаң,
Көрінгенге соқтығар.
Есте сақта достарым,
Дүние ертең өтеді.
Қорқынышты кейіпте,
Ажал бізге жетеді.
Көміледі тәніміз,
Көкке ұшар жанымыз.
Қорқынышты түстердей,
Қатады әлі қанымыз.
31
Жыла да, жылама
Жыла да, жылама,
Өмірім өтер деп,
Кеудеден шығып жан,
Көкке ұшып кетер деп.
Жыла да, жылама,
Үмітің алдаса.
Сабыр ет, жолдасым,
Басқа жол қалмаса.
Жыла да, жылама,
Қайғы-мұң басқанда.
Айта бер шындықты,
Ер, досым, жасқанба.
Жыла да, жылама,
Қастықты көргенде.
Жақсылық істей бер,
Жақсы іс өлген бе.
Жыла да, жылама,
Ар-ұят қысқанда.
Боларсың бақытты,
Сезімді құшқанда.
Жыла да, жылама,
Бәрібір пайдасыз.
Өткенге өкінер,
Адамдар, қайдасыз?
32
Өмір үшін күрес
Кемтар адам:
Өз-өзіңді құртасың,
Таста мына бәлені.
Жігер-мінез танытып,
Баста өмір әдемі.
Нашақор:
Айту оңай өзгеге,
Шыдап тұра алмаймын.
Қоям деймін, бірақ та,
Өзімді-өзім алдаймын.
Кемтар адам:
Жақындарды зарлатып,
Қашанға дейін жүресің.
Қолға алып көрсеңші,
Біраз уақыт күресіп.
Нашақор:
Күрес дейсің қалайша,
Бір күннен ары аспасам.
Төзімім жетпей, тағатым,
Басынан қайта батасам.
Кемтар:
Мәңгілік емес, бұл дертің,
Қаласаң өзің, жоғалар.
Қалыпқа келер барлығы,
Түзеліп өмір, оңалар.
Нашақор:
Айтпашы, өтірік сөздерді,
Сендірме мені жалғанға.
Талай адам тырысып,
Дегенмен, құтыла алған ба?
Кемтар.
Қара менің халіме,
Мен өмірлік осылай.
Кеш емес қой, әлі де,
Қойсаңшы, жетер, досым-ай.
33
Нашақор:
Нашасыз өмір жоқ маған,
Өтінбе, мүмкін еместі.
Еш уақыт наша татпаған,
Жандарға бер кеңесті.
Кемтар:
Орныңда болсам, егер де,
Күресер едім аянбай.
Жүре алмаймын, онсыз да,
Қолыма таяқ таянбай.
Нашақор:
Кемтар менен нашақор,
Бірдейміз біз, бауырым.
Жол жоқ қайта шығатын,
Жүрсе де жүрек ауырып.
Кемтар:
Болашағың бар сенің,
Айтпа олай, өтінем.
Құтыларсың мынадан,
Болсаң егер өкінер.
Нашақор:
Өкінгенмен не болар,
Өткен қайта келмейді.
Денсаулықты баяғы,
Тағдыр маған бермейді.
Кемтар:
Мүмкін емес мұндайың,
Жықпа туын үміттің.
Қайрат барын өмірде,
Достым қалай ұмыттың.
Нашақор:
Қайрат бар деп ойлама,
Уланған мына санада.
Қайратым болса болаттай,
Бастар ем өмір жаңадан.
34
Кемтар:
Сонда да, достым, ойлашы,
Менен жақсы жағдайың.
Күресуді қоймашы,
Жақсы болар әрдайым.
Нашақор:
Кемтар болдым, мен де бір,
Дертінен құтыла алмайтын.
Тұтқынымын нашаның,
Қайғыға күнә жалғайтын
Кемтар:
Ашынба, ешбір мұңайма,
Басыңды төмен түсірме.
Не болса да, шыдай біл,
Өмірдің мәнін түсін де.
Нашақор:
Қорқамын, сенім жоғалған,
Өмірге деген болашақ.
Қалайша адам болармын,
Айуанмын, дұрыстап қарасаң.
Кемтар:
Бірінші қадам жасалды,
Мойындадың күнәңді.
Қорықпа, еркін бас алға,
Шаруа тап, саған ұнамды.
Нашақор:
Қолымнан түк те келмейді,
Не істерімді білмеймін.
Іздеймін, жұмыс табамын,
Бірақ, босқа жүрмеймін.
Кемтар:
Екінші қадам осында,
Бекіндің, енді істейсің.
Нашақорлық жолына,
Достым, болды түспейсің.
35
Нашақор:
Шыдамдығым таусылса,
Бәрін қолға алармын.
Жақын туған бауырды,
Тағы әуреге салармын.
Кемтар:
Ұмыт наша дегенді,
Өмірді ойла болашақ.
Арманың бар кеудеңде,
Орындалар қаласаң.
Нашақор:
Дұрыс екен айтқаның,
Пайда болды сенімім.
Бұл жолымнан қайтқалы,
Шыңдала түсті төзімім.
Кемтар:
Үшінші қадам жасайтын,
Достым енді кез келді.
Жақсылық жаса басқаға,
Қара, өмір өзгерді.
Нашақор:
Шындығында солай-ақ,
Достарым да көбейді.
Бұрынғыдай емеспін,
Жақсыға мені теңейді.
Кемтар.
Міне, бітті барлығы,
Кеңейді дүние тарлығы.
Кемтар емес нашақор,
Қылмаған мені тағдырым.
Көрер ем, өмір қызығын,
Сау болар едім, айығып.
Жаратқан, өтінем, көрмеші,
Үміттен жанды айырып.
36
Нашақор:
Өмір үшін жаралдым,
Қақым жоқ, оны құртуға.
Жақсыға бет бұрғалы,
Мереке, әрбір күн туған.
Сезіндім ләззат шынайы,
Керемет көрдім басқаша.
Өмірім жаңа ұнайды,
Адаспаймын енді ешқашан
Қолдан келсе
Қолдан келсе, шырқар едім,
Махаббаттың асқақ әнін.
Тебірентер едім, тамылжытып,
Рахатқа бөлеп, адам жанын.
Қолдан келсе, ұшар едім,
Ақ үмітті арқалап.
Талай сезім құшар едім,
Болмадым тіпті, жарқанат.
Қолдан келсе, жүзер едім,
Мұхиттарда тұңғиық.
Әттең, арман алыстасың,
Бұл да болды тым биік.
Қолдан келсе, айналар ем,
Өзен болып ағар ем.
Енді қайттым, осы ғана,
Тудыра алмадым, жаңа әлем.
Қолдан келсе, тұтқын болу,
Жақсылыққа әрдайым.
Бұл да, сірә, мүмкін емес,
Тек қана өлең арнаймын.
Қолдан келсе, кірлетпес ем,
Кеудедегі пәктікті.
Шайқасқанда қараменен,
Мен қолдаймын ақтықты.
Қолдан келсе, сақтап қалу,
Өмірлерді қымбатты.
Тағдыр, адам аямайды,
Соққы берер тым қатты.
Мәңгі өлең жазар едім,
Өлмеу егер қолдан келсе.
Ақын атын тағар едім,
Бағым егер маған ерсе
37
Әкеге ант
Көз жасын төгетін,
Кетті ме күн өтіп.
Орның бос қалды ма,
Қорғаным, сен кетіп.
Жалғызбын демеймін,
Анашым қасымда.
Бір сенің демеуің,
Жоқ болды, расында.
Сырымды айтатын,
Жан іздеп сабылам.
Артық жан әкеден,
Жоқ қой деп жабығам.
Қолдауы әкемнің,
Керекті кездерде.
Көңілді алдаймын,
Сабырлы сөздермен.
Түбінде ойлардың,
Отырам күні-түн.
Болашақ өмірге,
Зор менің үмітім.
Қамқорлық жасаймын,
Қарындас, анама.
Шындықты сіңірем,
Жүрек пен санама.
Шыңдарға шығамын,
Әкешім, ант етем.
Жаманды жығамын,
Биікке мен жетем.
38
Жел, қыс, көңіл
Бәрі суық,
Жел де, қыс та,
Көңіл де.
Бәрі жалған,
Тірлік, қайғы,
Өмір де.
Бәрі ұмыт,
Мейірім, шаттық,
Сезім де.
Бәрі үміт,
Шыдам, сабыр,
Төзім де.
Бәрі асыл,
Өнер, білім,
Ақыл да.
Бәрі қымбат,
Туған, туыс,
Жақындар.
Бәрі бақыт,
Сәттілік, күлкі,
Қуаныш.
Бәрі ыстық,
Қайрат, жүрек,
Жұбаныш.
Бәрі мәңгі,
Жақсылық, достық,
Махаббат.
Бәрі арман,
Пәктік, ғажап,
Шапағат.
Бәрі шындық,
Құдірет, тағдыр,
Болашақ.
Бәрі заңды,
Сүю де, қорқу,
Қарасақ.
Бәрі күнә,
Қорлау, ұрлау,
Өлтіру.
Бәрі сауап,
Адалдық, еңбек,
Өкіну.
Бәрі зиян,
Ашу, ыза,
Құмарлық.
Бәрі артық,
Жақсы мінез,
Ұнамдық.
39
Халқымның ажалсыз ұлдары
Халқымның ажалсыз ұлдары,
Ар менен пәктіктің құлдары.
Қоңырлау, қатыгез тағдырдың,
Қастық пен жаланың құрбаны.
Халқымның ажалсыз ұлдары,
Ақындар - қалдырған жырларын.
Батырлар көрсеткен ерлікті,
Шешендер - ақтарған сырларын.
Халқымның ажалсыз ұлдары,
Тарландар жырлаған мұң-зарды.
Қырандар самғаған биікке,
Өнермен тербетіп қырларды.
Халқымның ажалсыз ұлдары,
Біздерге бостандық қалдырған.
Әрбірің қол жетпес шыңдарым,
Қазақтың тарихын салдырған.
Он алты жыл өмірім
Он алты жыл өмірім,
Өтіп міне кетті енді.
Қолға қысып қайратты,
Үлкен сапар шеккенмін.
Балалық қалды артымда,
Қуаныш, бақыт артылған.
Білемін, енді күлмеймін,
Жас балаша жарқылдап.
Он алты жыл өмірім,
Аз болды ма сезгенім.
Түскен талай көңілім,
Қанша болды төзгенім.
Не керемет көрмедім,
Ұнаттым да талайды.
Еске алып күлемін,
Өткен күнге қарайлап.
Бір мүшелді тастадым,
Ересек өмір бастадым.
Ойлайтын мен көп болдым,
Қиялға талай кеп қондым.
Үлкен болу оңай емес,
Өмірге қарап білемін.
Өз-өзіме жалына,
Тағдырдан бақыт тіледім.
40
Ой түйін
Санамда не бар,
Сен білмейсің,
Осылай бола тұра,
Мені тілдейсің.
Жүрегімде қандай мұң,
Түсінбейсің.
Сөйте тұра,
Өзімді түсін дейсің.
Пешенеме не жазды,
Кім біледі.
Қиындығыма кенелген,
Біреу күледі.
Сен күштісің,
Мен әлсіз.
Бірақ бәріміз де,
Емеспіз күнәсіз.
Мықтысың сен,
Менен сірә.
Кішіпейіл болу,
Емес күнә.
Көндім өмір,
Мен саған.
Арқама талай,
Жүк салған.
Ару арман
Арманым бар алдымда,
Кеудемде от жандырған.
Қайрат жиып қолыма,
Шықтым енді жолыма.
Қиялдаймын, ойлаймын,
Армандауды қоймаймын.
Еңбекпенен жетемін,
Болмаса олай, не етемін.
Қиындыққа төземін,
Білем, келер кезегім.
Бағым қонар басыма,
Бақыт келер қасыма.
Жүріп шыдап қорлыққа,
Тап болады молдыққа.
Күліп қарсы ал қайғыны,
Кетпейді сынып айбының.
Қайғы ешқашан іркілмер,
Жыламады кім-кімдер.
Сынды ғой сағы талайдың,
Шаршады біреу, қинай мұң
41
Махаббаттан айрылған
Аспандай биік арманға,
Қол создым бұл жалғанда.
Сезімнен әбден жүдедім,
Екі айырыылып жүрегім.
Жан дүнием қобалжи,
Сүйіп едім біреуді.
Күйініп енді көңілім,
Жүрегім шоққа тірелді.
Бар рахатын, қызығын,
Көре алмадым өмірдің.
Қорқыныш қонып кеудеме,
Бойымды билеп, діріл - мұң.
Жұлдыздай жарық арманым,
Шындық па артта қалғаның.
Енді міне, отырып,
Жалғыздық әнін салғаным.
Сезім
Сезім, сезім,
Қинамашы, жалынамын.
Сен туралы ойлай қалсам,
Неге сонша жабығамын.
Сезім, сезім,
Күйдірмеші, күйретпеші.
Өмірімді жастайынан,
Қайғы-мұңға үйретпеші.
Сезім, сезім,
Себелеші жанарыма.
Берші уәде, өтінемін,
Бақытымды табарыма.
Сезім, сезім,
Сыйла маған шапағатты.
Әр таң сайын кеп қасыма,
Салшы әнін махаббаттың.
42
Пәк жүрек неге жылайды
Пәк жүрек неге жылайды,
Қалайша ол мұңайды.
Жұбаныш таппай еш жерден,
Көңілі оның құлайды.
Көңілің нені сұрайды,
Қолдауын ба басқаның.
Ренжіттің сен де талайды,
Демейтін жанды таппадың.
Құдіретті достықты,
Кірледің сен қаншама.
Аталған соң дос болып,
Дос болудан шаршама.
Әділетсіз болдың сен,
Көрдің бе содан пайдаңды.
Адал жанды, ақ ниет,
Бақ беріп, тағдыр таңдады.
Сағым болды сезімің,
Таусылды шыдам, төзімің.
Еріксіз жасың ағады,
Қайғы, мұң есік қағады.
Кірді міне кеудеңе,
Жаныңды әбден қинады.
Сырқат болды қайратың,
Жүрекке күлкі сыймады.
Қалды үміт түнекте,
Барлық арман тілектер,
Орындалмай барады,
Қиялың артта қалады.
43
Егер болсам
Армандауым мұң емес,
Өмірдің мәні бұл емес,
Тағдырға қарсы тұра алар,
Сірә, мүмкін, біз емес.
Егер болсам мен ағаш,
Жалғыздыққа жаным қас.
Бұтақтарым көп менің,
Бағым да бар төкпелі.
Егер болсам мен бұлбұл,
Салар едім ән мен жыр.
Әділдік пен шындықтың,
Білер едім, кім ұқты.
Егер де мен тау болсам,
Қасыма жақын жинар ем.
Жандарды ізгі ниетті,
Зұлымдарды қинар ем.
Егер де болсам найзағай,
Құртар едім наданды.
Азапқа салған бейкүнә,
Қарапайым адамды.
Егер болсам мен жауын,
Жауар едім тамшылай.
Ұрлықпенен семірген,
Азғынның артын қашылай.
Егер де мен түн болсам,
Ғашықтар сүйген жұлдызды .
Жарқыратып ай жақсам,
Салқын самал тұрғызып.
44
Балалық шақ
Бала кезім, бал күнім,
Жүрегімді жылытқан.
Сол бақытты сәттерді,
Емеспін мен ұмытқан.
Көз алдымда тұр әлі,
Бала күннің бейнесі.
Сыңғырлаған бал тілі,
Еш кіршіксіз жейдесі.
Төгілген талай көз жасым,
Ренжіген еш себепсіз.
Көңілге алып әр нәрсе,
Пайдалы да, керексіз.
Еске аламын отырып,
Күлген сәтті баяғы.
Үзік-үзік суреттер,
Басы да жоқ аяғы.
Жұбаныш айтқан жандарды,
Ұнататын көңілім.
Армандаушы едім осылай,
Өтсе деп бар өмірім.
45
Қарындасыма
Жүзің жарқын, жүрегің пәк,
Болсын деп мен тіледім.
Бар ма мына өмірде,
Сенен артық тірегім.
Тілерім менің жалғызым,
Бар жақсылық өзіңе.
Ешқашан да қайғырма,
Жас түспесін көзіңе.
Жұбанышты көзімен,
Жүрегімді жылытқан.
Қайда жүрсем мендағы,
Болмадым сені ұмытқан.
Күндей сұлу күлкіңді,
Сағынам алыс кеткенде.
Еркелету өзіңді,
Қиындық маған еткен бе.
Анашым
Анашым, сенсің өмірде,
Қасиетті деп санайтын.
Құрмет тұтып, барша жан,
Бауыр етіне балайтын.
Ашқызды маған есігін,
Мына жарқын әлемнің.
Өсірдің мені, жеткіздің,
Жеткенше күшің, кәдеңнің.
Қиналдың дағы мен үшін,
Ауырсам не жыласам.
Талай рет демедің,
Шалынсам не құласам.
Жұбату үшін өзімді,
Ұйқыңды талай бөлдің сен.
Қарап маған сабырмен,
Еркелікке көндің сен.
Сенсің менің тұмарым,
Аяулы, асыл, жан анам.
Сенсің менің шырағым,
Мәңгілік қарыз мен саған.
46
Сағыныш
Сағынам нұрлы жүзіңді,
Жарқыраған қайратты.
Сағынам, әке, өзіңді,
Батыр да, батыл, айбатты.
Жүректе мұң, көңіл бос,
Өткіземін уақытты.
Қосып сені қиялға,
Аңсап едім бақытты.
Кей сәттерде ойлаймын,
Болсаң ғой деп қасымда.
Баладан әкені айырған,
Тағдыр қатал расында.
Оған істер, амал жоқ,
Не айтасың өмірге.
Қыспаққа алып талайды,
Еріксіз жасың төгілген.
Армандарым бұрынғы,
Емес биік жайдарлы.
Көре алмай, бұрылып,
Жүзіңді сенің айдарлы.
Көкірегімде ауыр жүк,
Санамды менің улайды.
Еске алсам өзіңді,
Көңілім сырқат жылайды.
Түсінік
Уақыт қайда барасың,
Алшақ етіп жылдар арасын?
Бақыт қайда қаласың,
Неге қайғы, адамдарды шаласың?
Мәңгі емес, бұл өмірім білемін,
Кей шақтарда, ойнаймын да күлемін.
Қандай қайғы салсаңдағы басыма,
Бұл өмірді жан-тәніммен сүйемін.
Қандай өмір тағдыр жазды,
Сырын ашып айтпайды.
Бұл дүниеден өткен жандар,
Енді ешқашан қайтпайды.
47
Осы ма заманың
Осы ма заманың,
Қор болған адамың.
Жекіріп жендеттер,
Семірген арамың.
Осы ма заманың,
Құтырған жаманың.
Жақсының кес-кестеп,
Әр басқан қадамын.
Осы ма заманың,
Тигізген залалын.
Барлардың жоқтарға,
Қойғызған талабын.
Заманың осы ма,
Қас қылған досыма.
Қолы ұзын зұлымды,
Көтерген басына.
Сыйлайық, достарым
Сыйлайық, достарым,
Ана мен әкені.
Қамқорлық жасайық,
Сәбиге мәпелі.
Сыйлайық, достарым,
Әже мен атаны.
Ақылын тыңдайық,
Алалық батаны.
Сыйлайық, достарым,
Бауырың, туғанды.
Жолдасың етсеңші,
Білімді қуғанды.
Сыйлайық, достарым,
Дәстүрін ұлтымның.
Қолдан біз бермейік,
Намысын жұртымның
48
Не етермін
Өмірім өтермісің,
Ойлардың арасында.
Төзімім өшермісің,
Ақ, қара таласында.
Алыстан жарқыраған,
Бақытқа жетемін бе?
Өзендей сарқыраған,
Ағып мен кетемін бе?
Тағдырым, жазармысың,
Бағыма ақын болу.
Ұраншыл өлеңіммен,
Халқыма жақын болу.
Көңілді үміттенген,
Сен әлде, алдайсың ба?
Шындықты көзге айтсам,
Жұртым-ау, қолдайсың ба?
Баршаны сынға алсам,
Менімен жырлайсың ба?
Өткеннің ісін істеп,
Қастандық қылмайсың ба?
Көктемде
Жабырқау, жайсыз көктемде,
Аспаның тамшы төккенде,
Жазыққа гүлдер еккенде,
Қуанам, кеудем нұрланып.
Самал жел бетім өпкенде,
Ойымды құстар сөккенде,
Жалғыз қап, жасыл бөктерде,
Сыр шертем, көлге ұрланып.
Жылуы күннің жеткенде,
Қанымнан салқын өткенде,
Жабайы, шалғай беттерде,
Отырам бейқам, жыр жазып.
Аққулар жүзген шақтарда,
Қызарып күндер батқанда,
Келе алмай бір тоқтамға,
Толқиды көңіл құлазы
49
Әжем менің ардақты
Әжем менің ардақты,
Таусылмас кені ақылдың.
Айтар сөздер салмақты,
Жаныммен саған жақынмын.
Ертегің баян етілген,
Менімен жетті бүгінге.
Мен үшін, жылап егілген,
Әжетай жүрші күлімдеп.
Түк емес, мына өлеңім,
Көбірек сенің пейілің.
Бассын деп өрге өнерім,
Сыйлаған едің мейірім.
Апашым, ақ ниетті,
Ізгілікке мені үйретті.
Қартайма, әже, тілегім,
Жаныңда сенің жүремін
Ұстаған қолдан сәби боп,
Кіршіксіз пәк жүрегім.
50
Ақындық арманым
Ақын боп, мен де жаралдым,
Рухынан жырдың нәр алдым.
Өлеңнен қамал салармын,
Бұлт болып көкте жауармын.
Нөсер боп жерге жауармын,
Бақшаны гүлмен жабармын.
Шындықты, достым, сынармын,
Өмірден орным табармын.
Жазды күн, жасыл жайнаған,
Найзағай болам ойнаған.
Бұлбұлдай болам сайраған,
Тынышын алып қоймаған.
Жанартау сынды қайнаған,
Қайратым күшін жоймаған.
Жандарға толды айналам,
Ниетке қара тоймаған.
Қар болып, қыста түсермін,
Ақпанда мұздап үсермін.
Білмессің қалай кеткенін,
Күн нұрын төксе көктемің.
Таулардың етек жағында,
Өзен боп ағам мамырда.
Мұхитқа келіп қосылам,
Өмірім - мұхит, тосып ал.
Маужырап ерке маусымда,
Тұрармын биік тау сынды.
Ормандай гулеп, шулармын,
Алыстан естір даусымды.
51
Қапырық шілде кезінде,
Самалдай есем сезілмей.
Тамызда атқан таң болып,
Күз келсе желдей жанданам.
Қыркүйек келген шақтарда,
Кезермін сарғылт бақтарда.
Тағы да ақ қар жапқанда,
Оралам қармен ақпанға.
Қайсысын айтам жылдардың,
Тыныштығымды ұрлар мұң.
Ақындық жолы оңай деп,
Осыдан кейін ойлар кім.
Арманы көп қой ақынның,
Арманға мен де жақынмын.
Шындықты жазсам, егер де,
Өшпесін білем атымның.
Атақ емес, менің арманым,
Түсінем дүние жалғанын.
Құдіретті сөздің мұрасын,
Келеді тек жалғағым.
Жоқ енді басқа тілегім,
Ақын боп өмір сүремін.
Жақсылық болсын тірегім,
Халқым деп соқсын жүрегім.
Қоштассам тыныш өмірмен,
Өкініш қалмай көңілде.
Шын сөзім, осы арманым,
Өткерем, тағдыр жазғанын.
Өмір мәні
Өмір, сен өзі қандайсың,
Сүйесің, бірде алдайсың.
Бейкүнә жүрек жандарды,
Қинаудан ешбір талмайсың.
Қанша рет көңіл езілді,
Қаншама бақыт сезіндім.
Шаршатқан талай сынақта,
Түсіне алмадым өзіңді.
Өмірдің мәнін іздеумен,
Берілген үміт үзбеумен.
Бірталай жылдар келемін,
Табамын, білем, сенемін.
Көп ойлар өтті санамнан,
Сездім мен мұңнан таралған.
Бітердей төзім таусылып,
Жақсылық нәрден жаралған.
Атырдым біраз таңдарды,
Мәнісін ойлай жалғанның.
Шырмалып ойлар тоғысты,
Көңіл мен қайғы соғысып.
Түсінгенім мынау, достарым,
Пәктікке өтірік қоспағын,
Бақытты тұрып тоспағын,
Ұмтыл, ізден, еңбектен,
Орындалсын десең жоспарың.
Қайғыға батырма төзімді,
Ардақтап, бағала сезімді.
Сабыр қыл, ешқашан түңілме,
Ұғын да, ұмытпа сөзімді.
Көмекке шақырма наданды,
Айыра біл, арам мен адалды.
Себепсіз ессіздік жасама,
Тани біл мейірімді адамды.
Иман мен ақылды сақта,
Жақын мен досыңды сатпа.
Ата-ана, туғанды сыйла,
Дүние байлығын жима.
Әлсізді қорға әрдайым,
Түсіне біл өзгенің жағдайын.
Иланба, нәпсі құмарға,
Шындықты естен шығарма.
Әр уақытта бол әділ,
Мына жайды және біл.
Жала жаппа басқаға,
Күндесең, тіпті, масқара.
Сөз соңында айтарым,
Ел құрметтер адам бол.
Жақсымен қыл қайтарым,
Бар жақсыға адал бол.
Біліп жүр, достым, осыны,
Біздерге берілген өмір сынақ.
Иман мен махаббат қосылып,
Қалай қарайсың, көрсек шыдап.
52
Тұман
Арманыңнан адастырар,
Жақсыменен таластырар,
Қастықпенен жарастырар,
Жаман ойлар санадағы.
Пәктігіңді қаралайтын,
Жүрегіңді жаралайтын,
Ұятыңды мазалайтын,
Жаман ойлар санадағы.
Жоятұғын талабыңды,
Қинайтұғын жан арыңды,
Жеткізбейтін ақ бағыңды,
Жаман ойлар санадағы.
Мақсатыңнан жаңылдырар,
Өтірікке бағындырар,
Нәпсіге де қылар құмар,
Жаман ойлар санадағы.
Санадағы жаман ойлар,
Тұман сынды келіп бойлар.
Айналаңды көрсетпейді,
Жақсы, жаман өлшетпейді.
Ұстан, достым, адамдықты,
Шындықпенен, адалдықты.
Жақсылықтан құрғыз қамал,
Ізгі оймен қылып амал.
Ой толғау
Есейдім міне, ер жеттім,
Жүретін болдым тербеп мұң.
Бірде сергек, бірде бос,
Ойларыммен болдым дос.
53
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Өлеңдерім - өмірім
Қызылсая орта мектебі
2010 - 2011 оқу жылы
Мазденов Жасқыран
Қызылсая орта мектебінің
11- сынып оқушысы
Өлеңдер жинағы
Жол басы
Жол басы мына өлең ақындықтың,
Жазсам деймін жырларды толқындардай.
Жүк артып аса ауыр жолға шықтым,
Санасыз түнекке жарық шашсам, толған айдай.
Көр кеуде, жат мінез, өтірік сөз,
Болды ма, бүгінгі күн бізге жақын.
Шындығына өмірдің жеткізіп көз,
Жасқанбастан, бұлтартпай айтар ақын.
Мазмұны
1. Жалған арман
Сен
Қос заман
Арман
Қазақстан
2. Махаббат
Асыл арман
Жүрегің махаббат аңсайды
Жан достарыма
3. Жүрегімді ауыртпашы
4. Тағдырымнан сұраймын
Жүрмін іздеп бақытты
Бір өзіңді ұнаттым
5. Шыдамды бол
Сексен алтының жастары
6. Бұлттардан биік арман
Махаббат құдіреті
7. Саған ғашықпын
8. Өлеңдерім өмірім
Өмір жауын
9. Достарыма кеңес айттым
10. Ең басты бақыт - өмір сүру
11. Жаңа өмір
Ешқашан кеш емес өзгеруге
12. Шын мұратқа жету
13. Абайды ұлықтау
14. Абай ата қасиеті
15. Қайғы жұтқан жұрты үшін
Шынайылық қалса кетіп
16. Таңғажайып табиғат
17. Жол басы
Мен өмірге ғашықпын
Жас көңіл
18. Достарыма арнадым
Тілім менің
Жоғалту
19. Құтыла алмадың
20. Жаңа бағыт
21. Махаббат
Тәрбие үшін төрт шумақ
22. Өмірден сабақ алу
Қазақтың мұңды тарихы
54
23. Заман талабы
24. Шындық
25. Жақсымын деймін
Қызылсая кештері
26. Бәрі де ақ
Есте сақта
Жыла да, жылама
27. Өмір үшін күрес
28. Өмір үшін күрес
29. Қолдан келсе
Әкеге ант
30. Жел, қыс, көңіл
31. Халқымның ажалсыз
ұлдары
Он алты жыл өмірім
32. Ой түйін
Ару арман
33. Махаббаттан айрылған
Сезім
Ой толғау
34. Пәк жүрек неге жылайды
Егер болсам
35. Балалық шақ
Қарындасыма
Анашым
36. Сағыныш
Түсінік
37. Не етермін
Сыйлайық, достарым
Осы ма заманың
38. Әжем, ардақтым
Көктемде
39. Ақындық арманым
40. Өмір мәні
41. Тұман
42. Құтыла алмадың
43. Жаңа бағыт
44. Махаббат
45. Шын мұратқа жету
46. Достарыма кеңес айттым
47. Ой түйін
48. Түсінік
49. Балалық шақ
50. Сағыныш
51. Анашым
52. Қарындасыма
53. Әжем, ардақтым
54. Сыйлайық, достарым
55. Махаббат құдіреті
Өлеңдерім өмірім
Өмір жауын
56. Саған ғашықпын
57. Ең басты бақыт - өмір сүру
58. Шынайылық қалса кетіп
59. Жаңа өмір
60. Жүрегімді ауыртпашы
61. Жалған арман
Сен
Қос заман
62. Таңғажайып табиғат
63.Таңғажайып табиғат
64. Тағдырымнан сұраймын
Бір өзіңді ұнаттым
Жан достарыма
Самғаған, шарқыраған асау арман,
Неткен тылсым едің дүние жалған.
Адамды жамандыққа еліктетіп,
Қансырап арт жағыңда қалған арман.
Жарқыраған өмірді,
Шаттыққа толы көңілді,
Аңсап нең бар,
Болмаса егер бойыңда,
Бір тамшы ар.
Сен
Көзім менің алаулы,
Көңілім менің қыраулы.
Жүрегім мұңға толы,
Ой-санам жырға толы.
Сен болып едің,
Көңілімнің тірегі.
Бір өзіңе ғана,
Жүрегім бақыт тіледі.
Арман
Арман, арман, арман-ай,
Жүрекке ұя салған-ай.
Ешқашанда сөнбестей,
Оттай лаулап жанған-ай.
1
Қос заман
Тағдырдың тақ сындырар белестері,
Өтіп кеткен өмірдің елестері.
Бұрынғы мен қазіргіге қарап тұрып,
Болашағы өмірдің елес берді.
Бұрынғының жастары тәрбиелі ер еді,
Бұл немесе жай ғана елес пе еді?
Қазірде жас ұрпақтың бойы өскенмен,
Бірақ та, әттеген-ай, ойы өспеді.
Халқымызда кең тараған сөз өнері,
Болатын баяғыда өмір нәрі.
Ал қазірде шам жағып іздесең де,
Таба алмассың сен оны, ел кезссең де.
Қазақстан
Бабамның туған жері - Қазақстан,
Атамекен қасиетті ұлы Отан,
Мәңгілікке ұлың болып сүйіп өтем,
Қазақстандай өз елімді мақтан тұтам
Махаббат
Махаббат деген не екен,
Жүрекке түскен шоқ екен.
Махаббат деген гүл екен,
Өмірдің ән мен жыры екен.
Жүректегі махаббат,
Ауаға қалқып барады.
Өзен, таудан өтеді,
Жаным саған жетеді.
2
Жүрегің махаббат аңсайды
Алаулап таң атты,
Жаңа өмір басталды.
Қызарып күн батты,
Қара түнек орнады.
Ешкім сені көзге ілмейді,
Айқайла, ештеңе өзгермейді.
Сені ешкім тыңдамайды,
Жүрегіңді ұрламайды.
Көңілің қинап бітірді,
Қайғы-мұң күліп құтырды.
Сезімің талып шаршады,
Жүрегің махаббат аңсады.
Жан достарыма
Жан достарым, тіледім бір алладан,
Жүрсе екен деп барлығың, әрқашан да дін аман.
Еңселерің түспесін еш уақытта,
Армандарың орындалсын әр уақытта.
Сағындым тай-құлындай тебіскен күндерімді,
От шашып, шоқтай жанған мөлдір қара көздеріңді.
Сағындым әзіл, қалжыңы жарасқан сөздеріңді,
Достарым, мәңгілікке сыйлап өтем өздеріңді.
Асыл арман
Арманның жағалауын мен бойлаймын,
Армандауды мен ешқашан қоймаймын.
Өмірде не бар, не жоқ деп те ойлаймын,
Тылсым дүние тереңіне бойлаймын.
3
Жүрегімді ауыртпашы
Ақырын жаным, ауырттың менің жүрегімді,
Екі езуім жиырылып, қалайша күлем енді.
Сезімім түтінге қара буланып,
Махаббатым күйреген қалды уланып.
Көңілім күңіренді күңгірт бұлттай,
Сезімім мен жүрегім ауа жұтпай.
Көздерімнен жарқыраған сәуле кетті,
Мұңаюмен қайғыра күндер өтті.
Тыңда, тағдыр, тыңдашы өтінемін,
Бір кездері өзіңе мойынсұнбай кетіп едім.
Кешіре алсаң сен мені құптағаның,
Кеше алмасаң егер де ұқпағаның.
Өткен күндер қиындығын еске алып күрсінемін,
Тағдырдың жазуымен болатынын түсінемін.
Тыңда, тағдыр, бір мезет елесеңші өтінемін,
Маған да шын бақытты сездірсеңші, күтіп едім.
Ешбір жанға жамандық тілемедім,
Бұл ниетім жақсылық әкеледі, біліп едім.
4
Бір өзіңді ұнаттым
Сүйіп едім бір өзіңді, қинадың ғой сен мені,
Тосып едім сарылып, сол күні неге келмедің?
Сені ешкімге қимаған сезімім менің аспандай,
Жүрегіме сыймаған махаббатым көп сондай.
Көздерің сенің қорған болып көңіліме бекіген,
Басқа жанның сезімі жүрегіме жетпеген.
Алдадың неге сен мені, оныңды мен білмедім,
Артыңнан жүріп көп күндер, бақытты қуып іздедім.
Тағдырымнан сұраймын
Кірме менің көңіліме мұң-қайғы,
Жалындаған жүрегім қалай ғана шыдайды.
Айналып өт, мені әрқашан өкініш,
Деп сұраймын сенен де бір өтініш.
Қинамашы, ар-ұятым, кешірші,
Күнә істеген адаммын мен нешінші.
Сан алуан жандар бар ғой адасқан,
Кешір, тағдыр, мен де пендең кер басқан.
Жүрмін іздеп бақытты
Өмір мені көп нәрсеге үйреткен,
Біраз қайғы көңілімді күйреткен.
Жүректен қан, аққан азап кеудеден,
Талай рет қалған үміт түнекте.
Күндер де бар, бағым маған серік болған,
Шаттандырып, қуанып көңіл толған.
Есім кетіп талай рет сезімдерім тулаған,
Айтыңдаршы адам бар ма, бақыт іздеп қумаған?
5
Шыдамды бол
Дүние бұл не?
Өмір ме жалған,
Көңіл ме қалған,
Жүрек пе күйген,
Сезім бе сүйген?
Жоғалған шаттық,
Қайдасың бақыт,
Іздейді сені көп адам.
Қашады бағың,
Сынады сағың,
Қуасың жүріп сен соны.
Талады талап,
Құлайды қайрат,
Қурайды күлкі,
Шаршайды үміт.
Өтеді күндер,
Кетеді сенің жас шағың.
Кіршіксіз көңіл,
Қайғысыз өмір,
Сол болды сенің арманың.
Шыдашы достым,
Мойыма тағдыр сынына.
Қиындық кетер,
Қуаныш жетер,
Жадырап сенің қасыңа.
Ақылың болса,
Көңілің толса,
Тәубе қыл, достым,
Қолыңда бар нәрсеңе.
Бұл өмір сондай,
Тағдырың жазбай,
Болмайды достым ештеңе.
Көңіл де келер,
Ісің де жүрер,
Жүрегің толар шаттыққа.
Үмітің туып,
Келер күн,
Толар бақытқа.
Сексен алтының жастары
Сексен алтының жалындаған жастары,
Азат еткен қазағымның аспанын.
Әділетсіздікке қарсы тұрған сол жастар,
Шықты алаңға ойлап қамын баршаның.
Сексен алты дүрбелеңі есінде әлі халықтың,
Кезі еді бұл күйреген КСРО-дай алыптың.
Тәуелсіздік келді бізге, ата-бабам аңсаған,
Азат енді бодандықтан ұл мен қызы қазақтың.
6
Бұлттардан биік арман
Алыстағы бұлттарға көз тастадым кенеттен,
Қарай бергім келеді, білмеймін не себептен.
Бұлт жамылған арманым елестейді,
Бұл арман бұлттан биік белес дейді.
Арманым бар қаншама қиялдайтын,
Жалын құшып өмірге сыя алмайтын.
Қолымдағы барымды берер едім,
Не болса да соған мен көнер едім.
Арманым, алыстама, өтінемін,
Саған қарай асыға мен келемін.
Махаббат құдіреті
Өмір неткен тамаша еді,
Көңіл құдды бір балаша еді.
Бойым жылып, жүрегімде жыр ойнаған,
Мен байғұсты бақытты деп кім ойлаған.
Достым менің , махаббат барда түңілме,
Махаббатсыз өткен өмір өмір ме
7
Саған ғашықпын
Адамсың сен жүрегіме ең жақын,
Әрқашанда есімде сенің атың.
Саған деген сезімім ыстық болған,
Талай адам өзіңе ынтық болған.
Сағынам бірге өткізген күндерді,
Қол ұстасып бірге жүрген түндерді.
Өзіңді мен сүйе алмаспын лайықты,
Бірақ бұған мен емеспін айыпты.
Сүйесің сен өзгені, амал бар ма,
Бұл шындық салатұғын жара жанға.
Қыс түсіп көңіліме ерте келген,
Сөнер емес сол сезім өршеленген.
Кеткен көңіл мені тастап алысқа,
Үмітім де үзілер күн алыс па?
Түңілдім де, күрсініп болдым басқа,
Амал не, тағдырдың бұл ісіне шара бар ма?
Сезімім аяқ асты болды менің,
Шын сүйген аяулым өзің едің.
Сырымды айтып, ұнатып ем өзіңді,
Махаббатым болатын күйреместей еңселі.
Атты талай таңдарым сағынумен,
Батты талай түндерім жабығумен.
Сезімің жоқ, өзің жоқ, болдым жетім,
Бір өзіңе бақыт тілеп өтумен.
8
Өлеңдерім өмірім
Өлеңдерім - өмірім, білдіретін көңілім,
Сезінетін сезімім, айтатұғын төзімім.
Шығаратын өз үнім, шағатұғын өз мұңым,
Кемшілігім, кемдігім, теңесетін теңдігім.
Шығатұғын шыңдарым, тағдырымды тыңдадым,
Өмірдегі белестер, кешегі күн елестер.
Өлеңдерім - өмірім, ұйқысыз өткен түндерім.
Бейқам жүрген күндерім,
шумақтарым шырағым,
Самғайтұғын пырағым.
Өмір жауын
Күндерің бұл күн емес, тамшы сулар,
Тамшылар көп өмірде жанды улар.
Жылдарымыз біздердің жауған жауын,
Ал қиындық асу бермес шың тауың.
Жауынның түр-түрі бар, мен білемін,
Айтарым сол, бәріңе ұзақ жауын тіледім.
Жауындар бар пайдасын тигізетін адамға,
Нөсерлер бар кей кезде айналатын наданға.
Неше өмір, неше жауын бұл өмірде тоғысқан,
Жандар да бар күйінген, тағдырымен таласқан.
Қанша адам бар зұлымдықпен адасқан,
Бар мұнда да шын сүйетін, жұптарымен жарасқан.
9
Достарыма кеңес айттым
Қосалқы сөздің керегі жоқ,
Керегі жоқ басқаның.
Кей адамдар айтып салып,
Білмей қалар сасқанын.
Кір келтіріп көңіліне,
Өзге жанның жазықсыз.
Еріп сайтан сөзіне,
Неге бұндай болдық біз.
Балағаттап біреуді,
Қолдан келер іс болды.
Көре алмай кей жақсыны,
Қаның қашып, мұз болды.
Күліп қарап өзіңе,
Сырттан пышақ қадайтын.
Жандар көп қой өмірде,
Жақсыға өзін балайтын.
Кемшілігін білмей тұра,
Өзін мінсіз санайтын.
Басқалардың құлдырауын,
Шын көңілмен қалайтын.
Жарқырайды ондай жанның,
Байлықты көрсе көздері.
Пайда табу үшін олар,
Өтірік қылар сөздерін.
Сендерге ақыл үйретер,
Адам мүмкін мен емес.
Достық ниетпен ескертер,
Сөзімді ешкім елемес.
<<Абай бол>> деп достарым,
Айту менің парызым.
Болмасын деп күні ертең,
Өмірге айтар арызың.
Көңілге қонар нәрсе тап,
Босқа жүрме, замандас.
Түкке ебі болмаса,
Басқаға ондай болар қас.
10
Ең басты бақыт - өмір сүру
Жақсыға бет бұралық,
Жаманға қарсы тұралық,
Бақыттан барып сұралық.
Сәттілік қайда екен деп,
Ізгілікке өтем деп,
Надандық бізге бөтен деп,
Шаттыққа жол бар жететін.
Амал бар қайғы мүлде кететін,
Күлкіңді жайлы ететін,
Жүрекке жылу төгетін,
Кеудеңе көңіл егетін,
Санаңа нұрын шашатын,
Жаңа өмір есігін,
Достым, саған ашатын,
Кез емес бұл қашатын.
Қиындықтан, қайғыдан,
Барша жанды аңдыған.
Шындықты айтсаң сен егер,
Өмір сүру жеңілдер.
Бақыт саған келмесе,
Күлкі артыңнан ермесе,
Тағдыр төзім бермесе,
Үмітіңді үзбе, ендеше.
Келер саған сонда достым,
Аңсаған асыл арманың.
Ниетке сендің, жақсы сен,
Сауапсыз әсте қалмассың.
Ең керемет сый бізге,
Емес пе көру таң нұрын.
11
Жаңа өмір
Жаңа өмір бастадым,
Кешегіні тастадым.
Бүгінгіні қарсы алдым,
Ертеңгіні аңсадым.
Өткен күнді еске алдым,
Түскен шақты басқа мұң.
Болашаққа қарадым,
Бақыт іздеп қаладым.
Тіледім мен тағдырдан,
Ар-ұят үшін жан құрбан.
Сезімінен сескенбей,
Жүрсем деймін өкінбей.
Күлсем деймін уайымсыз,
Жас балаша желпілдеп.
Келмейді қорыққым қайғыдан,
Жан түршігер селкілдеп.
Кірме деймін қиындық,
Жаңа менің өміріме.
Сыз түсіріп жүрекке,
Мұң түсіріп көңіліме.
Жаңа өмір бастадым,
Кешегіні тастадым.
Бүгінгіні қарсы алдым,
Ертеңгіні аңсадым.
12
Ешқашан кеш емес өзгеруге
Көңілім қандай білмеймін,
Кейде солған гүлдеймін.
Сезімім толқып бір кезде,
Өмірден бақыт іздеймін.
Қиындық бізге келеді де кетеді,
Бар өмірің арпалыспен өтеді.
Егер де сен шын ниетпен тілесең,
Бақыт саған көп ұзамай жетеді.
Аспан да берер егер жауын тілесең,
Сүрінгеннің қолтығынан демесең.
Ар-ұятың сонда таза болады.
Ұялудың қажеті жоқ өзгеден.
Ешқашанда кеш емес өзгеруге,
Шынайылықты сезініп, көз көруге.
Қиындықты өткеріп сан алуан,
Уәдеңде тұр, ешқашан сөзге ерме.
Өмірге нық сеніммен қадам бас,
Қайталама әдеттерді қағынды.
Ойлан, достым, неліктен осы адамдар,
Өзгелерге ор қазып, өзі соған ұрынды.
13
Шын мұратқа жету
Тіледім жандарға жүзі жарқын,
Шын жүректен кетпес бақыт.
Мұратқа жетуге асығыңдар,
Зулайды, өтеді, күтпес уақыт.
Мұрат деген байлық емес,
Көп адамдар аңсаған.
Ақылменен мұрат жиған,
Жандарға мен тамсанам.
Мұрат деген өмір емес жайнаған,
Ізгіліктің жолы болар жиналған.
Батыл болып шындықты айту,
Қайратың ол қайнаған.
Түнектен салқын күн туғызып,
Пайданы ешбір қумайтын,
Әділдікті жырлайтын,
Тілің ол сенің сайраған.
Болмасқа амал, құламас қамал,
Сертің ол сенің таймаған.
Мұрат деген ашкөздік емес,
Қылмысқа сені итерген.
Ешбір жанды алдамайтын,
Кісіні халық құрметтер.
Әр айтқан сөзің, істеген ісің,
Сонда достым құр кетпер.
Жалған сөзге бара алмайтын,
Жақсылығын санамайтын,
Асыл мұрат, міне осындай,
Жақсылап ойлан, достым - ай.
Байлыққа барып шығарсың,
Барыңды жинап тығарсың.
Күндердің бір күнінде,
Дәулет қолдан кеткенде,
Айтқанымды сонда ұғарсың.
Сол кезде бірақ кеш болар,
Күнің сенің түн болар,
Бар байлығың құм болар.
14
Абайды ұлықтау
Абай ата алып аспан,
Ашылмаған бар сыры.
Абай ата ақын туған,
Жырлау үшін жаралған.
Абай дана, Абай дара,
Айтарың бар ма сен бұған.
Абайды сен оқыдың ба?
Не айтқанын мен де ұғам.
Көңіліңе қонды ма ақыл,
Парасатпен айтқан ақын.
Өлең, жырын оқымасқа,
Тыңдамасқа бар ма хақың?
Абай ғасыр, Абай асыл,
Деп жырлаймын мен бүгін.
Таба алмай кетті өмірден,
Елің қазақ теңдігін.
Аңсап бақыт елі үшін,
Таласты ол мыңменен.
Қалың қара халқы үшін,
Тартты азап мұңменен.
Осыдан соң дана Абайды,
Неге бізге сыйламасқа.
Қазақ деген ел дегенде,
Елжіреген, болған басқа.
Зарлап өткен сорлы жүрек,
Тапқан шығар тыныштық.
Ұран қылып Абай сөзін,
Аспанда бейбіт біз ұштық.
Абайды ұлықтау, Абайды ұмытпау,
Бүгінгі ұрпақ сенің міндетің.
Ақылын тыңда ұлы ақынның,
Кетсін десең қайғы-індетің.
Жақсы сөз айтып жұбатқан,
Талайды сынап құлатқан.
Тәубеге келтірген талайды,
Достарым, құрметтелік,
біз Абайды.
15
Абай ата қасиеті
Өзгермейтін қалыбы,
Поэзия алыбы.
Азат елдің тұлпары,
Ашық аспан сұңқары.
Шындық сөздің тарланы,
Құдіретті арланы.
Биік таудың шынары,
Еңбек, білім ұраны.
Таусылмайтын өсиеті,
Барлығы бұның,
Абай ата қасиеті.
Ар-ұят құлы,
Қазақтың ұлы.
Дананың өзі,
Ақылдың көзі.
Қайратты тұлға,
Ізгілік қуған.
Көкірек толы,
Наданға долы.
Адам бар барша
Бас иетін,
Түсінсең егер,
Абай ата қасиетін.
Елі үшін күйген,
Ғашығын сүйген.
Байлықтан безген,
Сұмдықты езген.
Барларды сынап,
Жоқтарды сыйлап.
Ақылы, күші,
Жақсылық ісі.
Адам бар барша
Бас иетін,
Түсінсең егер,
Абай ата қасиетін.
16
Қайғы жұтқан жұрты үшін
Қазаққа дана атанған Абай еді,
Аралап, көзбен көрген талай елді.
Абай еді шындықты жырлап айтқан,
Біраз жанның өзінен беті қайтқан.
Әділдікті жалғыз өзі жақтаған,
Надандардың ісі оған жақпаған.
Қайғы - мұңды жырларымен жеткізген,
Бар ғұмырын ізгілікпен өткізген.
Жылдар бойы шеккен ақын азап, мұң,
Қамын ойлап қалың елі қазақтың.
Қанжығалы топ алдында сөз айтып,
Арпалыстың, мыңмен жалғыз алыстың.
Шынайылық қалса кетіп
Көрмесек, егер өмірдің қасіретін,
Қалайша түсінеміз, біз оның қасиетін.
Білмесек қандай екенін арсыз күлкінің,
Жамандыққа тап болармыз кез келетін.
Сезіне алмасаң махаббатты шынайы,
Уақыт өте нәзіктігің құлайды.
Тасқа айналар жүрегіміз қарайып,
Қара көзден жас ағады мұңайып.
Жамандыққа ерме деп ескерткенмін,
Пәк жүрек туралы ой, сөз еткенім.
Қол сұқпадым ешкімнің өміріне,
Қарамадым достардың көңіліне.
17
Таңғажайып табиғат
Күннің нұры көзіме түсті
сәулеленіп жарқыраған,
Таң атты, құстар аспанда
ән салып шарықтаған.
Таңғы самал неткен тамаша
иісі жұпар
Рахаттана бар кеудеңмен
болсаң жұтар.
Көңілді тербетеді
елжіретіп,
Бар уайымды ұмытасың,
есің кетіп.
Жарыққа көзің бөленді
жанған оттай,
Келші құрбым, қыдыралық
босқа жатпай.
Сезіміңді сергітейін
мен сенің,
Кеудеңді бір құмар бассын
еңселі.
Қара көкке күннің көзі күледі,
Ашық аспан бізге бақыт тіледі.
Гүлдер жайнап жұпар иіс
төгеді,
Таңғы самал әсем күйге бөледі.
Сыр айтады қалың ағаш
жапырағы,
Күй ойнаған тәрізді
өзеннен су ағады.
Қиялды көкке ұшырып
ойың қанат қағады,
Самал жел ән сияқты
жаныма әбден жағады.
Көптен бері болмап едім
мұндай күйде ғажайып,
Ішімдегі бар сырымды
айтқым келді мен жайып.
Неткен ғажап қыдыру
құшағында орманның,
Тылсым күйге бөленіп
қиялында арманның.
Қандай рахат қыдыру
көл басында,
Тұрса толқып, нұр шашып
ай аспанда.
Жұлдыздар әкетеді
бізді арманға,
Тамсанбайтын жұлдызға
адам бар ма.
Бар нәрсені ұмытып
өмірдегі,
Құмартасың тәтті сәтке
көңілдегі.
Ән салғым келіп-ақ тұр
мен айқайлап,
Ұрлана қарағандай
бәрі байқап.
Айтарым сол, жан құрбым,
сенесің бе?
Сырын ұқтым табиғаттың
білесің бе?
18
Жол басы
Жол басы мына өлең ақындықтың,
Жазсам деймін жырларды толқындардай.
Жүк артып аса ауыр жолға шықтым,
Санасыз түнекке жарық шашсам, толған айдай.
Көр кеуде, жат мінез, өтірік сөз,
Болды ма, бүгінгі күн бізге жақын.
Шындығына өмірдің жеткізіп көз,
Жасқанбастан, бұлтартпай айтар ақын.
Мен өмірге ғашықпын
Мен өмірге ғашықпын,
Айтуға соны асықтым.
Жырлаудан ешбір шаршаман,
Тағдырға қарап тамсанам.
Мен өмірге ғашықпын,
Күлімдеген күн үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Жайнап өскен гүл үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Қасиетті мұң үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Балдай тәтті тіл үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Бақыт үшін, бақ үшін.
Мен өмірге ғашықпын,
Адамдық атты тақ үшін.
19
Жас көңіл
Жазылды сөздер тізіліп,
Ой құрап, сөйлем түзіліп.
Тереңде жатқан сырларға,
Қарайды көңіл қызығып.
Санамды билер көп үміт,
Жастық шақ мәңгі көрінер.
Бостандық қарар үңіліп,
Кеудемнен ән-күй төгілер.
Шаттыққа толар жүрегім,
Естімес жырдан басқаны.
Шабытпен шығар тілегім,
Білмей-ақ, қорқу, жасқанып.
Тыңдамас, басар мұң-зарды,
Тамырдан өткен жас көңіл.
Қалады арман, бір жарлы,
Тағдырдан күткен басқа өмір.
Жоғалту
Қандай мақсат, мына өмір сүруім,
Қиналу ма мұңайып, әлде жай бір жүруім.
Қандай сынақ қарсы шығар алдымнан,
Сынақтардан тағдыр мені шалдырған.
Қандай бақыт, күтіп жүрген қасымда,
Отыр ма әлде, дәл жанымда расында.
Олай болса, неге оны көрмедім,
Қолынан ұстап, неге артынан ермедім.
20
Достарыма арнадым
Достарым, достарым, достарым,
Доспын деп әнімді бастадым.
Өздерің болғанда жанымда,
Ақ болып көрінер аспаным.
Достарым, достарым, достарым,
Сағынам сендерді көрмесем.
Алаңдай қаламын мұң басып,
Жағдайың, халіңді білмесем.
Достарым, достарым, достарым,
Аман бол, әрқашан түңілме.
Қайғы мен қасірет күйіне,
Салынып еш уақыт үңілме.
Тілім менің
Тілім менің - тірегім,
Кеудеде соққан жүрегім.
Тілім менің - намысым,
Алты алаштай арысым.
Тілім менің - тарихым,
Көңілді сөзсіз қаритын.
Тілім менің - дәстүрім,
Шаттыққа толы бәс күнім.
Тілім менің - асылым,
Өткерген қайғы-мұң ғасырын.
Тілім менің - паңдығым,
Жақсының сөзін аңдыдым.
Тілім менің - ұраным,
Жетелеген алға ұланын.
Тілім менің - шындығым,
Жырлаған дүние құндығын.
21
Құтыла алмадың
Құтыла алмадың,
Біреуді арбадың.
Сүйдің де, бір жанды,
Әніңді арнадың.
Болдың ба бақытты,
Өзгені жылатып.
Шықтың сен қай шыңға,
Басқаны құлатып.
Естідің шындықты,
Айтқаның өтірік.
Көрдің бе, расында,
Бір сәтке өкініп.
Таптадың арыңды,
Жоғыңды іздедің.
Жоғалттың барыңды,
Өткен күн, іздерің.
Шыдамды болмадың,
Қиындық түскенде.
Жаманды қолдадың,
Ақ, қара түйіскенде.
Елемей ақылды,
Білімнен безгенің.
Жоғалтып хақыңды,
Не болды, сезгенің.
Құтыла алмадың,
Сендағы қайғыдан.
Құтыла алмассың,
Ажалдан аңдыған.
Қызылсая кештері
Айлы кештер, сәнді кештер,
Қызылсая кештері.
Жас күлкілер, сауық істер,
Әлі естен кетпеді.
Жұлдызды аспан, құшақ ашқан,
Қызылсая кештері.
Достарменен көңіл қосқан,
Жүректен күндер өшпеді.
Қызық қуған, той мен думан,
Қызылсая кештері.
Сан алуан арман туған,
Ойлар ою кестелі.
Сатпас арын, жастық жалын,
Қызылсая кештері.
Сезім үшін берген барын,
Болар мәңгі естелік.
22
Жаңа бағыт
Түнімен көңіл кезді әр нәрсені,
Оқиғалар баяғы, өткен еске түседі.
Барлығы көз алдымда елес берді,
Көрдім шыңырау мен белестерді.
Шақтарым сәби күнгі көз алдымда,
Балдай тәтті, әп-әдемі із қалдырған.
Мектепке келген алғаш күнді ойладым,
Оқимынды білмейтін, келетін тек ойнағым.
Ер жеткенім, есейгенім есімде,
Жүруші едім көңілдің құшақ төсінде.
Еш алаңсыз, жай бір рақат кез еді,
Өмір мені дұрыс ойға, көп ұзамай түзеді.
Енді міне, ересектер арасында жүргенім,
Бұған дейін қалай өмір сүргенім.
Түк бітірмей өткізіппін уақытты,
Болыппен тек, аңсауменен бақытты.
Он алтыға келді биыл жасымыз,
Үлкен ойға, терең ойға толды әбден басымыз.
Өмірді ойлап, көңілді ойлап, сезімді,
Ойлар улап, жегідей жеді төзімді.
Шырмауында қалдым қалың ойлардың,
Білмеймін, қайсысын ғана бойларын.
Қалам алып, кез келгенді жазатын,
Түсіндім, ойлар көп, әлі де мен қазатын.
Осылайша жаңа бағыт алғаным,
Кімге керек, менің жай ән салғаным.
Болса егер де ақын болу,
Мұратым да, асыл ойым, арманым
23
Махаббат
Кеудемді жаулап алды, бір тәтті мұң,
Серігім күннің көзі, сырласым болды қапас түн.
Жүрегім таппады тыныштықты ешбір жерден,
Сағым менен тілегім, сезімге ерген.
Гүл болып көрінеді қап-қара тас,
Шабыт келіп қысады, парлатып көзімнен жас.
Махаббат өлшемі жоқ, шексіз сезім,
Шыдамым, бар таусылып, санамнан кетті төзім.
Көндім мен еріксізден, кеудемдегі бал құмарға,
Жан-тәніммен сүйгенімді, теңедім ақ тұмарға.
Тұмарға еш уақытта, мойнымнан түспейтұғын,
Ес пенен ақылға көнбейтін, сезімнің айтқанын істейтұғын.
Тәрбие үшін төрт шумақ
Кішіпейіл болсаң достым, сен егер,
Мол бақытқа боларсың кенелер.
Кішіпейілділік зиян саған тигізбес,
Еш уақытта жаман атын кигізбес.
Мейірімділік әрбір жанға жарасқан,
Мейірімді жан, надандармен таласқан.
Мейірімділік түзеген талай адамды,
Күнә істеп, опасыз болып адасқан.
Ізгілік бізді қорғаған,
Ізгіліксіз адам оңбаған.
Жақсылық оған жақпаған,
Қуаныш, күлкі қонбаған.
Әдепсіз жан, арсыз жан,
Әдепсіз жан, әлсіз жан.
Бетімен сайрап, ол күлер,
Есуас шығар, кім біл
24
Өмірден сабақ алу
Қайғыра біл,
Күйіне біл.
Өмірден сабақ алып,
Түйіне біл.
Қуана біл,
Күле де біл.
Өмірден сабақ алып,
Сүйе де біл.
Самғау да біл биікке,
Құлау да біл.
Өмірден сабақ алып,
Жылау да біл.
Шешіміңді қабылдап,
Бекіне біл.
Өмірден сабақ алып,
Өкіне біл.
Шашуды да жаманды,
Жақсыны жинай да біл.
Өмірден сабақ алып,
Өзгені сыйлай да біл.
Басыңа іс түскенде,
Ашусыз күрсіне біл.
Өмірден сабақ алып,
Басқаны түсіне біл.
Барлығын санап айту,
Мүмкін емес.
Кетеді онда бұған,
Бір күн емес.
Ұзын сөзді,
Қысқартар болсақ егер.
Ақылды бол, есті бол,
Өмірді сүрме бекер.
Абай атам айтқандай:
"Күнде өзіңнен сынақ ала біл".
Не болса да,
Өмірден сабақ ала біл
25
Қазақтың мұңды тарихы
Қайран жұртым, қайран қазағым,
Аз болды ма, тартқан азабың?
Еске түсір, шеккен қайғы күндерді,
Шошынып, ұйықтай алмай өткен түндерді.
Кім еді біздерді арандатқан,
Адал жүрек жандарды арамдатқан.
Әділдікті жақтайтынды азғырған,
Осылайша жазықсызды жазғырған.
Көз жасымен талай таңды атырған,
Кімдер еді, бізді мұңға батырған.
Сөйлегенді сүйектей қып сабаған,
Талап бізді, аш иттерше қабаған.
Жұмыс істеп қорыққаннан бастықтан,
Өлмеп пе еді, талай қазақ аштықтан.
Талай сәби, жылаған еді шырылдап,
Ақырғанда кей надандар ырылдап.
26
Заман талабы
І
Заман талабы, не болды бүгіндері,
Қылмыскер, нашақор болып жүру ме еді.
Қатыгездікті талап ете ме заманымыз,
Кірлегенде күннен - күнге-ақ ақ арымыз.
Мүмкін, сірә, айналармыз жауызға,
Боқтық сөзі түспейтұғын аузынан.
Талабың сол, сыйластықты ұмыту ма,
Болайық па есалаңдар жын қуған.
Әлде біздер намысымызды сатармыз,
Мас күйге еніп, әрбір жерде жатармыз.
Мүмкін тағы, ұятты да жоғалтып,
Пара алармыз, тұрмыс - жайды оңалтып.
Қастандықты көбейтерміз тағы да,
Шықпас ешкім, бүгін әлсіз жағына.
Қолы қысқа кедейлерді қорлармыз,
Тас жүректер атанармыз, онда біз
Сабыр жоқ, асығады жамандыққа,
Сол ауру болғаны ма, маған жұққан.
Көбінің жүздерінде өтірік күлкі,
Махаббат, сезім деген естен шыққан.
27
ІІ
Талабы бұл заманның адамдықта,
Ақысын жеу өзгенің адалдық па?
Барлық білер ісі күндеп, қорлау,
Осы біз, соғысу үшін жаралдық па?
Сыйлауды қысқа өмірде үйренбесек,
Берерміз, о дүниеде нендей есеп?
Достарды, бауырларды сатып кетіп,
Табармыз біз қолдауды неге жетіп?
Ақылды ойламасақ ерте кезден,
Безбүйрекке айналармыз дүние кезген.
Шындықты сүйремесек шың басына,
Жолайды ертең сенің кім қасыңа?
Ойлаудан бостандық деп, көңіл сәні,
Адасып талай ұшты, адам жаны.
Қол жеткізіп тіршілік тірегіне,
Кім бар еді, у сепкен жүрегіне?
Пара алып қор болған қаншамасы,
Қаншамасы қырылды, бір санашы.
Кім байыды, біреуден еңбек ұрлап,
Суға кіріп, адам жоқ шыққан құрғақ.
ІІІ
Жаңадан бәрін де бастау,
Қиынға түсер, мүмкін бекінсек.
Ең бастысы, арыңнан аспау,
Кешірім алармыз, ертерек өкінсек.
Кеш емес әлі де,
Пердесін ашуға шындықтың,
Сабырмен қарасақ бәріне,
Көрерміз, сонда біз, кім мықты.
28
Шындық
Жарқырап туған жұлдыздар,
От шашар, тұрып аспанда.
Шындықты қамал бұзғызар,
Айта бер, достым, жасқанба.
Өткен күн сенің тарихың,
Не болсадағы ұмытпа.
Шындықты көңіл қаритын,
Сақта да, есте ұлықта.
Алынбас қамал, жоқ сірә,
Шың да жоқ адам шықпайтын.
Өтірік жұқпас жақсыға,
Надан бар соны ұқпайтын.
Тағдырға әмір жүрмейді,
Шыдарсың, достым, көнерсің.
Өтірік айтып, жүр мейлі,
Көрерміз, қайтіп өнерсің.
Жақсымын деймін
Жақсымын деймін қалайша,
Ғайбат істер істесем.
Шындық сөзді жасырып,
Қорғауға, әлсіз түспесем.
Жақсымын деймін қалайша,
Жоғалтсам ар мен ұятты.
Көшелер кезсем қаңғырып,
Есалаң, жауыз сияқты.
Жақсымын деймін қалайша,
Ұмытсам дін мен тілімді.
Біреудің ұрлап тапқанын,
Дұшпанға айтсам сырымды.
Жақсымын деймін қалайша,
Жаманның сөзін қостасам.
Мына үлкен қоғамға,
Пайдалы үлес қоспасам.
Жақсымын деймін қалайша,
Жоқтарға жәрдем бермесем.
Мейірбан, ұлық жандарға,
Көрсетіп қолдау, ермесем.
Жақсымын деймін қалайша,
Ұқпасам ғибрат сөздерді.
Сатқындық жасап достарға,
Өшірсем бақыт кездерді.
29
Қызылсая кештері
Айлы кештер, сәнді кештер,
Қызылсая кештері.
Жас күлкілер, сауық істер,
Әлі естен кетпеді.
Жұлдызды аспан, құшақ ашқан,
Қызылсая кештері.
Достарменен көңіл қосқан,
Жүректен күндер өшпеді.
Қызық қуған, той мен думан,
Қызылсая кештері.
Сан алуан арман туған,
Ойлар ою кестелі.
Сатпас арын, жастық жалын,
Қызылсая кештері.
Сезім үшін берген барын,
Болар мәңгі естелік.
Бәрі де ақ
Ақ ағаш қар жапқан,
Пәк жүрек тәрізді көрінер.
Ақ ағаш қар жапқан,
Орын бер, көңілдің төрінен.
Ақ жүрек, ар жапқан,
Сезімді жолдасым етсеңші.
Ақ арым, мұң жапқан,
Қуаныш кеудеден кетпеші.
Ақ мұңым, сыр жапқан,
Толтырма уайымға ойымды.
Ақ үміт, гүл жапқан,
Бір өзің биледің бойымды.
Ақ бақыт, бақ жапқан,
Жолаушым, сәттілік болсыншы.
Ақ бағың, жыр жапқан,
Ақ түске өмірім толсыншы.
30
Есте сақта
Табыла ма іздесем,
Ару арман көктегі.
Орала ма қаласам,
Махаббаттың көктемі.
Өтеді ме жас күнім,
Сайрандаған шаттығым.
Ертеректеу өкінсем,
Ағара ма пәктігім.
Сезімдерім жана ма,
Құдіретті тудырып,
Ойлар келер санама,
Күнәларды жудырып.
Сынады ма сабырым,
Ортасында сапардың.
Ар-ұятым қалмаса,
Барымды да сатармын.
Күштілермен теңесер,
Әлім, мүмкін, жоқ шығар,
Мен емеспін есалаң,
Көрінгенге соқтығар.
Есте сақта достарым,
Дүние ертең өтеді.
Қорқынышты кейіпте,
Ажал бізге жетеді.
Көміледі тәніміз,
Көкке ұшар жанымыз.
Қорқынышты түстердей,
Қатады әлі қанымыз.
31
Жыла да, жылама
Жыла да, жылама,
Өмірім өтер деп,
Кеудеден шығып жан,
Көкке ұшып кетер деп.
Жыла да, жылама,
Үмітің алдаса.
Сабыр ет, жолдасым,
Басқа жол қалмаса.
Жыла да, жылама,
Қайғы-мұң басқанда.
Айта бер шындықты,
Ер, досым, жасқанба.
Жыла да, жылама,
Қастықты көргенде.
Жақсылық істей бер,
Жақсы іс өлген бе.
Жыла да, жылама,
Ар-ұят қысқанда.
Боларсың бақытты,
Сезімді құшқанда.
Жыла да, жылама,
Бәрібір пайдасыз.
Өткенге өкінер,
Адамдар, қайдасыз?
32
Өмір үшін күрес
Кемтар адам:
Өз-өзіңді құртасың,
Таста мына бәлені.
Жігер-мінез танытып,
Баста өмір әдемі.
Нашақор:
Айту оңай өзгеге,
Шыдап тұра алмаймын.
Қоям деймін, бірақ та,
Өзімді-өзім алдаймын.
Кемтар адам:
Жақындарды зарлатып,
Қашанға дейін жүресің.
Қолға алып көрсеңші,
Біраз уақыт күресіп.
Нашақор:
Күрес дейсің қалайша,
Бір күннен ары аспасам.
Төзімім жетпей, тағатым,
Басынан қайта батасам.
Кемтар:
Мәңгілік емес, бұл дертің,
Қаласаң өзің, жоғалар.
Қалыпқа келер барлығы,
Түзеліп өмір, оңалар.
Нашақор:
Айтпашы, өтірік сөздерді,
Сендірме мені жалғанға.
Талай адам тырысып,
Дегенмен, құтыла алған ба?
Кемтар.
Қара менің халіме,
Мен өмірлік осылай.
Кеш емес қой, әлі де,
Қойсаңшы, жетер, досым-ай.
33
Нашақор:
Нашасыз өмір жоқ маған,
Өтінбе, мүмкін еместі.
Еш уақыт наша татпаған,
Жандарға бер кеңесті.
Кемтар:
Орныңда болсам, егер де,
Күресер едім аянбай.
Жүре алмаймын, онсыз да,
Қолыма таяқ таянбай.
Нашақор:
Кемтар менен нашақор,
Бірдейміз біз, бауырым.
Жол жоқ қайта шығатын,
Жүрсе де жүрек ауырып.
Кемтар:
Болашағың бар сенің,
Айтпа олай, өтінем.
Құтыларсың мынадан,
Болсаң егер өкінер.
Нашақор:
Өкінгенмен не болар,
Өткен қайта келмейді.
Денсаулықты баяғы,
Тағдыр маған бермейді.
Кемтар:
Мүмкін емес мұндайың,
Жықпа туын үміттің.
Қайрат барын өмірде,
Достым қалай ұмыттың.
Нашақор:
Қайрат бар деп ойлама,
Уланған мына санада.
Қайратым болса болаттай,
Бастар ем өмір жаңадан.
34
Кемтар:
Сонда да, достым, ойлашы,
Менен жақсы жағдайың.
Күресуді қоймашы,
Жақсы болар әрдайым.
Нашақор:
Кемтар болдым, мен де бір,
Дертінен құтыла алмайтын.
Тұтқынымын нашаның,
Қайғыға күнә жалғайтын
Кемтар:
Ашынба, ешбір мұңайма,
Басыңды төмен түсірме.
Не болса да, шыдай біл,
Өмірдің мәнін түсін де.
Нашақор:
Қорқамын, сенім жоғалған,
Өмірге деген болашақ.
Қалайша адам болармын,
Айуанмын, дұрыстап қарасаң.
Кемтар:
Бірінші қадам жасалды,
Мойындадың күнәңді.
Қорықпа, еркін бас алға,
Шаруа тап, саған ұнамды.
Нашақор:
Қолымнан түк те келмейді,
Не істерімді білмеймін.
Іздеймін, жұмыс табамын,
Бірақ, босқа жүрмеймін.
Кемтар:
Екінші қадам осында,
Бекіндің, енді істейсің.
Нашақорлық жолына,
Достым, болды түспейсің.
35
Нашақор:
Шыдамдығым таусылса,
Бәрін қолға алармын.
Жақын туған бауырды,
Тағы әуреге салармын.
Кемтар:
Ұмыт наша дегенді,
Өмірді ойла болашақ.
Арманың бар кеудеңде,
Орындалар қаласаң.
Нашақор:
Дұрыс екен айтқаның,
Пайда болды сенімім.
Бұл жолымнан қайтқалы,
Шыңдала түсті төзімім.
Кемтар:
Үшінші қадам жасайтын,
Достым енді кез келді.
Жақсылық жаса басқаға,
Қара, өмір өзгерді.
Нашақор:
Шындығында солай-ақ,
Достарым да көбейді.
Бұрынғыдай емеспін,
Жақсыға мені теңейді.
Кемтар.
Міне, бітті барлығы,
Кеңейді дүние тарлығы.
Кемтар емес нашақор,
Қылмаған мені тағдырым.
Көрер ем, өмір қызығын,
Сау болар едім, айығып.
Жаратқан, өтінем, көрмеші,
Үміттен жанды айырып.
36
Нашақор:
Өмір үшін жаралдым,
Қақым жоқ, оны құртуға.
Жақсыға бет бұрғалы,
Мереке, әрбір күн туған.
Сезіндім ләззат шынайы,
Керемет көрдім басқаша.
Өмірім жаңа ұнайды,
Адаспаймын енді ешқашан
Қолдан келсе
Қолдан келсе, шырқар едім,
Махаббаттың асқақ әнін.
Тебірентер едім, тамылжытып,
Рахатқа бөлеп, адам жанын.
Қолдан келсе, ұшар едім,
Ақ үмітті арқалап.
Талай сезім құшар едім,
Болмадым тіпті, жарқанат.
Қолдан келсе, жүзер едім,
Мұхиттарда тұңғиық.
Әттең, арман алыстасың,
Бұл да болды тым биік.
Қолдан келсе, айналар ем,
Өзен болып ағар ем.
Енді қайттым, осы ғана,
Тудыра алмадым, жаңа әлем.
Қолдан келсе, тұтқын болу,
Жақсылыққа әрдайым.
Бұл да, сірә, мүмкін емес,
Тек қана өлең арнаймын.
Қолдан келсе, кірлетпес ем,
Кеудедегі пәктікті.
Шайқасқанда қараменен,
Мен қолдаймын ақтықты.
Қолдан келсе, сақтап қалу,
Өмірлерді қымбатты.
Тағдыр, адам аямайды,
Соққы берер тым қатты.
Мәңгі өлең жазар едім,
Өлмеу егер қолдан келсе.
Ақын атын тағар едім,
Бағым егер маған ерсе
37
Әкеге ант
Көз жасын төгетін,
Кетті ме күн өтіп.
Орның бос қалды ма,
Қорғаным, сен кетіп.
Жалғызбын демеймін,
Анашым қасымда.
Бір сенің демеуің,
Жоқ болды, расында.
Сырымды айтатын,
Жан іздеп сабылам.
Артық жан әкеден,
Жоқ қой деп жабығам.
Қолдауы әкемнің,
Керекті кездерде.
Көңілді алдаймын,
Сабырлы сөздермен.
Түбінде ойлардың,
Отырам күні-түн.
Болашақ өмірге,
Зор менің үмітім.
Қамқорлық жасаймын,
Қарындас, анама.
Шындықты сіңірем,
Жүрек пен санама.
Шыңдарға шығамын,
Әкешім, ант етем.
Жаманды жығамын,
Биікке мен жетем.
38
Жел, қыс, көңіл
Бәрі суық,
Жел де, қыс та,
Көңіл де.
Бәрі жалған,
Тірлік, қайғы,
Өмір де.
Бәрі ұмыт,
Мейірім, шаттық,
Сезім де.
Бәрі үміт,
Шыдам, сабыр,
Төзім де.
Бәрі асыл,
Өнер, білім,
Ақыл да.
Бәрі қымбат,
Туған, туыс,
Жақындар.
Бәрі бақыт,
Сәттілік, күлкі,
Қуаныш.
Бәрі ыстық,
Қайрат, жүрек,
Жұбаныш.
Бәрі мәңгі,
Жақсылық, достық,
Махаббат.
Бәрі арман,
Пәктік, ғажап,
Шапағат.
Бәрі шындық,
Құдірет, тағдыр,
Болашақ.
Бәрі заңды,
Сүю де, қорқу,
Қарасақ.
Бәрі күнә,
Қорлау, ұрлау,
Өлтіру.
Бәрі сауап,
Адалдық, еңбек,
Өкіну.
Бәрі зиян,
Ашу, ыза,
Құмарлық.
Бәрі артық,
Жақсы мінез,
Ұнамдық.
39
Халқымның ажалсыз ұлдары
Халқымның ажалсыз ұлдары,
Ар менен пәктіктің құлдары.
Қоңырлау, қатыгез тағдырдың,
Қастық пен жаланың құрбаны.
Халқымның ажалсыз ұлдары,
Ақындар - қалдырған жырларын.
Батырлар көрсеткен ерлікті,
Шешендер - ақтарған сырларын.
Халқымның ажалсыз ұлдары,
Тарландар жырлаған мұң-зарды.
Қырандар самғаған биікке,
Өнермен тербетіп қырларды.
Халқымның ажалсыз ұлдары,
Біздерге бостандық қалдырған.
Әрбірің қол жетпес шыңдарым,
Қазақтың тарихын салдырған.
Он алты жыл өмірім
Он алты жыл өмірім,
Өтіп міне кетті енді.
Қолға қысып қайратты,
Үлкен сапар шеккенмін.
Балалық қалды артымда,
Қуаныш, бақыт артылған.
Білемін, енді күлмеймін,
Жас балаша жарқылдап.
Он алты жыл өмірім,
Аз болды ма сезгенім.
Түскен талай көңілім,
Қанша болды төзгенім.
Не керемет көрмедім,
Ұнаттым да талайды.
Еске алып күлемін,
Өткен күнге қарайлап.
Бір мүшелді тастадым,
Ересек өмір бастадым.
Ойлайтын мен көп болдым,
Қиялға талай кеп қондым.
Үлкен болу оңай емес,
Өмірге қарап білемін.
Өз-өзіме жалына,
Тағдырдан бақыт тіледім.
40
Ой түйін
Санамда не бар,
Сен білмейсің,
Осылай бола тұра,
Мені тілдейсің.
Жүрегімде қандай мұң,
Түсінбейсің.
Сөйте тұра,
Өзімді түсін дейсің.
Пешенеме не жазды,
Кім біледі.
Қиындығыма кенелген,
Біреу күледі.
Сен күштісің,
Мен әлсіз.
Бірақ бәріміз де,
Емеспіз күнәсіз.
Мықтысың сен,
Менен сірә.
Кішіпейіл болу,
Емес күнә.
Көндім өмір,
Мен саған.
Арқама талай,
Жүк салған.
Ару арман
Арманым бар алдымда,
Кеудемде от жандырған.
Қайрат жиып қолыма,
Шықтым енді жолыма.
Қиялдаймын, ойлаймын,
Армандауды қоймаймын.
Еңбекпенен жетемін,
Болмаса олай, не етемін.
Қиындыққа төземін,
Білем, келер кезегім.
Бағым қонар басыма,
Бақыт келер қасыма.
Жүріп шыдап қорлыққа,
Тап болады молдыққа.
Күліп қарсы ал қайғыны,
Кетпейді сынып айбының.
Қайғы ешқашан іркілмер,
Жыламады кім-кімдер.
Сынды ғой сағы талайдың,
Шаршады біреу, қинай мұң
41
Махаббаттан айрылған
Аспандай биік арманға,
Қол создым бұл жалғанда.
Сезімнен әбден жүдедім,
Екі айырыылып жүрегім.
Жан дүнием қобалжи,
Сүйіп едім біреуді.
Күйініп енді көңілім,
Жүрегім шоққа тірелді.
Бар рахатын, қызығын,
Көре алмадым өмірдің.
Қорқыныш қонып кеудеме,
Бойымды билеп, діріл - мұң.
Жұлдыздай жарық арманым,
Шындық па артта қалғаның.
Енді міне, отырып,
Жалғыздық әнін салғаным.
Сезім
Сезім, сезім,
Қинамашы, жалынамын.
Сен туралы ойлай қалсам,
Неге сонша жабығамын.
Сезім, сезім,
Күйдірмеші, күйретпеші.
Өмірімді жастайынан,
Қайғы-мұңға үйретпеші.
Сезім, сезім,
Себелеші жанарыма.
Берші уәде, өтінемін,
Бақытымды табарыма.
Сезім, сезім,
Сыйла маған шапағатты.
Әр таң сайын кеп қасыма,
Салшы әнін махаббаттың.
42
Пәк жүрек неге жылайды
Пәк жүрек неге жылайды,
Қалайша ол мұңайды.
Жұбаныш таппай еш жерден,
Көңілі оның құлайды.
Көңілің нені сұрайды,
Қолдауын ба басқаның.
Ренжіттің сен де талайды,
Демейтін жанды таппадың.
Құдіретті достықты,
Кірледің сен қаншама.
Аталған соң дос болып,
Дос болудан шаршама.
Әділетсіз болдың сен,
Көрдің бе содан пайдаңды.
Адал жанды, ақ ниет,
Бақ беріп, тағдыр таңдады.
Сағым болды сезімің,
Таусылды шыдам, төзімің.
Еріксіз жасың ағады,
Қайғы, мұң есік қағады.
Кірді міне кеудеңе,
Жаныңды әбден қинады.
Сырқат болды қайратың,
Жүрекке күлкі сыймады.
Қалды үміт түнекте,
Барлық арман тілектер,
Орындалмай барады,
Қиялың артта қалады.
43
Егер болсам
Армандауым мұң емес,
Өмірдің мәні бұл емес,
Тағдырға қарсы тұра алар,
Сірә, мүмкін, біз емес.
Егер болсам мен ағаш,
Жалғыздыққа жаным қас.
Бұтақтарым көп менің,
Бағым да бар төкпелі.
Егер болсам мен бұлбұл,
Салар едім ән мен жыр.
Әділдік пен шындықтың,
Білер едім, кім ұқты.
Егер де мен тау болсам,
Қасыма жақын жинар ем.
Жандарды ізгі ниетті,
Зұлымдарды қинар ем.
Егер де болсам найзағай,
Құртар едім наданды.
Азапқа салған бейкүнә,
Қарапайым адамды.
Егер болсам мен жауын,
Жауар едім тамшылай.
Ұрлықпенен семірген,
Азғынның артын қашылай.
Егер де мен түн болсам,
Ғашықтар сүйген жұлдызды .
Жарқыратып ай жақсам,
Салқын самал тұрғызып.
44
Балалық шақ
Бала кезім, бал күнім,
Жүрегімді жылытқан.
Сол бақытты сәттерді,
Емеспін мен ұмытқан.
Көз алдымда тұр әлі,
Бала күннің бейнесі.
Сыңғырлаған бал тілі,
Еш кіршіксіз жейдесі.
Төгілген талай көз жасым,
Ренжіген еш себепсіз.
Көңілге алып әр нәрсе,
Пайдалы да, керексіз.
Еске аламын отырып,
Күлген сәтті баяғы.
Үзік-үзік суреттер,
Басы да жоқ аяғы.
Жұбаныш айтқан жандарды,
Ұнататын көңілім.
Армандаушы едім осылай,
Өтсе деп бар өмірім.
45
Қарындасыма
Жүзің жарқын, жүрегің пәк,
Болсын деп мен тіледім.
Бар ма мына өмірде,
Сенен артық тірегім.
Тілерім менің жалғызым,
Бар жақсылық өзіңе.
Ешқашан да қайғырма,
Жас түспесін көзіңе.
Жұбанышты көзімен,
Жүрегімді жылытқан.
Қайда жүрсем мендағы,
Болмадым сені ұмытқан.
Күндей сұлу күлкіңді,
Сағынам алыс кеткенде.
Еркелету өзіңді,
Қиындық маған еткен бе.
Анашым
Анашым, сенсің өмірде,
Қасиетті деп санайтын.
Құрмет тұтып, барша жан,
Бауыр етіне балайтын.
Ашқызды маған есігін,
Мына жарқын әлемнің.
Өсірдің мені, жеткіздің,
Жеткенше күшің, кәдеңнің.
Қиналдың дағы мен үшін,
Ауырсам не жыласам.
Талай рет демедің,
Шалынсам не құласам.
Жұбату үшін өзімді,
Ұйқыңды талай бөлдің сен.
Қарап маған сабырмен,
Еркелікке көндің сен.
Сенсің менің тұмарым,
Аяулы, асыл, жан анам.
Сенсің менің шырағым,
Мәңгілік қарыз мен саған.
46
Сағыныш
Сағынам нұрлы жүзіңді,
Жарқыраған қайратты.
Сағынам, әке, өзіңді,
Батыр да, батыл, айбатты.
Жүректе мұң, көңіл бос,
Өткіземін уақытты.
Қосып сені қиялға,
Аңсап едім бақытты.
Кей сәттерде ойлаймын,
Болсаң ғой деп қасымда.
Баладан әкені айырған,
Тағдыр қатал расында.
Оған істер, амал жоқ,
Не айтасың өмірге.
Қыспаққа алып талайды,
Еріксіз жасың төгілген.
Армандарым бұрынғы,
Емес биік жайдарлы.
Көре алмай, бұрылып,
Жүзіңді сенің айдарлы.
Көкірегімде ауыр жүк,
Санамды менің улайды.
Еске алсам өзіңді,
Көңілім сырқат жылайды.
Түсінік
Уақыт қайда барасың,
Алшақ етіп жылдар арасын?
Бақыт қайда қаласың,
Неге қайғы, адамдарды шаласың?
Мәңгі емес, бұл өмірім білемін,
Кей шақтарда, ойнаймын да күлемін.
Қандай қайғы салсаңдағы басыма,
Бұл өмірді жан-тәніммен сүйемін.
Қандай өмір тағдыр жазды,
Сырын ашып айтпайды.
Бұл дүниеден өткен жандар,
Енді ешқашан қайтпайды.
47
Осы ма заманың
Осы ма заманың,
Қор болған адамың.
Жекіріп жендеттер,
Семірген арамың.
Осы ма заманың,
Құтырған жаманың.
Жақсының кес-кестеп,
Әр басқан қадамын.
Осы ма заманың,
Тигізген залалын.
Барлардың жоқтарға,
Қойғызған талабын.
Заманың осы ма,
Қас қылған досыма.
Қолы ұзын зұлымды,
Көтерген басына.
Сыйлайық, достарым
Сыйлайық, достарым,
Ана мен әкені.
Қамқорлық жасайық,
Сәбиге мәпелі.
Сыйлайық, достарым,
Әже мен атаны.
Ақылын тыңдайық,
Алалық батаны.
Сыйлайық, достарым,
Бауырың, туғанды.
Жолдасың етсеңші,
Білімді қуғанды.
Сыйлайық, достарым,
Дәстүрін ұлтымның.
Қолдан біз бермейік,
Намысын жұртымның
48
Не етермін
Өмірім өтермісің,
Ойлардың арасында.
Төзімім өшермісің,
Ақ, қара таласында.
Алыстан жарқыраған,
Бақытқа жетемін бе?
Өзендей сарқыраған,
Ағып мен кетемін бе?
Тағдырым, жазармысың,
Бағыма ақын болу.
Ұраншыл өлеңіммен,
Халқыма жақын болу.
Көңілді үміттенген,
Сен әлде, алдайсың ба?
Шындықты көзге айтсам,
Жұртым-ау, қолдайсың ба?
Баршаны сынға алсам,
Менімен жырлайсың ба?
Өткеннің ісін істеп,
Қастандық қылмайсың ба?
Көктемде
Жабырқау, жайсыз көктемде,
Аспаның тамшы төккенде,
Жазыққа гүлдер еккенде,
Қуанам, кеудем нұрланып.
Самал жел бетім өпкенде,
Ойымды құстар сөккенде,
Жалғыз қап, жасыл бөктерде,
Сыр шертем, көлге ұрланып.
Жылуы күннің жеткенде,
Қанымнан салқын өткенде,
Жабайы, шалғай беттерде,
Отырам бейқам, жыр жазып.
Аққулар жүзген шақтарда,
Қызарып күндер батқанда,
Келе алмай бір тоқтамға,
Толқиды көңіл құлазы
49
Әжем менің ардақты
Әжем менің ардақты,
Таусылмас кені ақылдың.
Айтар сөздер салмақты,
Жаныммен саған жақынмын.
Ертегің баян етілген,
Менімен жетті бүгінге.
Мен үшін, жылап егілген,
Әжетай жүрші күлімдеп.
Түк емес, мына өлеңім,
Көбірек сенің пейілің.
Бассын деп өрге өнерім,
Сыйлаған едің мейірім.
Апашым, ақ ниетті,
Ізгілікке мені үйретті.
Қартайма, әже, тілегім,
Жаныңда сенің жүремін
Ұстаған қолдан сәби боп,
Кіршіксіз пәк жүрегім.
50
Ақындық арманым
Ақын боп, мен де жаралдым,
Рухынан жырдың нәр алдым.
Өлеңнен қамал салармын,
Бұлт болып көкте жауармын.
Нөсер боп жерге жауармын,
Бақшаны гүлмен жабармын.
Шындықты, достым, сынармын,
Өмірден орным табармын.
Жазды күн, жасыл жайнаған,
Найзағай болам ойнаған.
Бұлбұлдай болам сайраған,
Тынышын алып қоймаған.
Жанартау сынды қайнаған,
Қайратым күшін жоймаған.
Жандарға толды айналам,
Ниетке қара тоймаған.
Қар болып, қыста түсермін,
Ақпанда мұздап үсермін.
Білмессің қалай кеткенін,
Күн нұрын төксе көктемің.
Таулардың етек жағында,
Өзен боп ағам мамырда.
Мұхитқа келіп қосылам,
Өмірім - мұхит, тосып ал.
Маужырап ерке маусымда,
Тұрармын биік тау сынды.
Ормандай гулеп, шулармын,
Алыстан естір даусымды.
51
Қапырық шілде кезінде,
Самалдай есем сезілмей.
Тамызда атқан таң болып,
Күз келсе желдей жанданам.
Қыркүйек келген шақтарда,
Кезермін сарғылт бақтарда.
Тағы да ақ қар жапқанда,
Оралам қармен ақпанға.
Қайсысын айтам жылдардың,
Тыныштығымды ұрлар мұң.
Ақындық жолы оңай деп,
Осыдан кейін ойлар кім.
Арманы көп қой ақынның,
Арманға мен де жақынмын.
Шындықты жазсам, егер де,
Өшпесін білем атымның.
Атақ емес, менің арманым,
Түсінем дүние жалғанын.
Құдіретті сөздің мұрасын,
Келеді тек жалғағым.
Жоқ енді басқа тілегім,
Ақын боп өмір сүремін.
Жақсылық болсын тірегім,
Халқым деп соқсын жүрегім.
Қоштассам тыныш өмірмен,
Өкініш қалмай көңілде.
Шын сөзім, осы арманым,
Өткерем, тағдыр жазғанын.
Өмір мәні
Өмір, сен өзі қандайсың,
Сүйесің, бірде алдайсың.
Бейкүнә жүрек жандарды,
Қинаудан ешбір талмайсың.
Қанша рет көңіл езілді,
Қаншама бақыт сезіндім.
Шаршатқан талай сынақта,
Түсіне алмадым өзіңді.
Өмірдің мәнін іздеумен,
Берілген үміт үзбеумен.
Бірталай жылдар келемін,
Табамын, білем, сенемін.
Көп ойлар өтті санамнан,
Сездім мен мұңнан таралған.
Бітердей төзім таусылып,
Жақсылық нәрден жаралған.
Атырдым біраз таңдарды,
Мәнісін ойлай жалғанның.
Шырмалып ойлар тоғысты,
Көңіл мен қайғы соғысып.
Түсінгенім мынау, достарым,
Пәктікке өтірік қоспағын,
Бақытты тұрып тоспағын,
Ұмтыл, ізден, еңбектен,
Орындалсын десең жоспарың.
Қайғыға батырма төзімді,
Ардақтап, бағала сезімді.
Сабыр қыл, ешқашан түңілме,
Ұғын да, ұмытпа сөзімді.
Көмекке шақырма наданды,
Айыра біл, арам мен адалды.
Себепсіз ессіздік жасама,
Тани біл мейірімді адамды.
Иман мен ақылды сақта,
Жақын мен досыңды сатпа.
Ата-ана, туғанды сыйла,
Дүние байлығын жима.
Әлсізді қорға әрдайым,
Түсіне біл өзгенің жағдайын.
Иланба, нәпсі құмарға,
Шындықты естен шығарма.
Әр уақытта бол әділ,
Мына жайды және біл.
Жала жаппа басқаға,
Күндесең, тіпті, масқара.
Сөз соңында айтарым,
Ел құрметтер адам бол.
Жақсымен қыл қайтарым,
Бар жақсыға адал бол.
Біліп жүр, достым, осыны,
Біздерге берілген өмір сынақ.
Иман мен махаббат қосылып,
Қалай қарайсың, көрсек шыдап.
52
Тұман
Арманыңнан адастырар,
Жақсыменен таластырар,
Қастықпенен жарастырар,
Жаман ойлар санадағы.
Пәктігіңді қаралайтын,
Жүрегіңді жаралайтын,
Ұятыңды мазалайтын,
Жаман ойлар санадағы.
Жоятұғын талабыңды,
Қинайтұғын жан арыңды,
Жеткізбейтін ақ бағыңды,
Жаман ойлар санадағы.
Мақсатыңнан жаңылдырар,
Өтірікке бағындырар,
Нәпсіге де қылар құмар,
Жаман ойлар санадағы.
Санадағы жаман ойлар,
Тұман сынды келіп бойлар.
Айналаңды көрсетпейді,
Жақсы, жаман өлшетпейді.
Ұстан, достым, адамдықты,
Шындықпенен, адалдықты.
Жақсылықтан құрғыз қамал,
Ізгі оймен қылып амал.
Ой толғау
Есейдім міне, ер жеттім,
Жүретін болдым тербеп мұң.
Бірде сергек, бірде бос,
Ойларыммен болдым дос.
53
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Өлеңдерім - өмірім
Қызылсая орта мектебі
2010 - 2011 оқу жылы
Мазденов Жасқыран
Қызылсая орта мектебінің
11- сынып оқушысы
Өлеңдер жинағы
Жол басы
Жол басы мына өлең ақындықтың,
Жазсам деймін жырларды толқындардай.
Жүк артып аса ауыр жолға шықтым,
Санасыз түнекке жарық шашсам, толған айдай.
Көр кеуде, жат мінез, өтірік сөз,
Болды ма, бүгінгі күн бізге жақын.
Шындығына өмірдің жеткізіп көз,
Жасқанбастан, бұлтартпай айтар ақын.
Мазмұны
1. Жалған арман
Сен
Қос заман
Арман
Қазақстан
2. Махаббат
Асыл арман
Жүрегің махаббат аңсайды
Жан достарыма
3. Жүрегімді ауыртпашы
4. Тағдырымнан сұраймын
Жүрмін іздеп бақытты
Бір өзіңді ұнаттым
5. Шыдамды бол
Сексен алтының жастары
6. Бұлттардан биік арман
Махаббат құдіреті
7. Саған ғашықпын
8. Өлеңдерім өмірім
Өмір жауын
9. Достарыма кеңес айттым
10. Ең басты бақыт - өмір сүру
11. Жаңа өмір
Ешқашан кеш емес өзгеруге
12. Шын мұратқа жету
13. Абайды ұлықтау
14. Абай ата қасиеті
15. Қайғы жұтқан жұрты үшін
Шынайылық қалса кетіп
16. Таңғажайып табиғат
17. Жол басы
Мен өмірге ғашықпын
Жас көңіл
18. Достарыма арнадым
Тілім менің
Жоғалту
19. Құтыла алмадың
20. Жаңа бағыт
21. Махаббат
Тәрбие үшін төрт шумақ
22. Өмірден сабақ алу
Қазақтың мұңды тарихы
54
23. Заман талабы
24. Шындық
25. Жақсымын деймін
Қызылсая кештері
26. Бәрі де ақ
Есте сақта
Жыла да, жылама
27. Өмір үшін күрес
28. Өмір үшін күрес
29. Қолдан келсе
Әкеге ант
30. Жел, қыс, көңіл
31. Халқымның ажалсыз
ұлдары
Он алты жыл өмірім
32. Ой түйін
Ару арман
33. Махаббаттан айрылған
Сезім
Ой толғау
34. Пәк жүрек неге жылайды
Егер болсам
35. Балалық шақ
Қарындасыма
Анашым
36. Сағыныш
Түсінік
37. Не етермін
Сыйлайық, достарым
Осы ма заманың
38. Әжем, ардақтым
Көктемде
39. Ақындық арманым
40. Өмір мәні
41. Тұман
42. Құтыла алмадың
43. Жаңа бағыт
44. Махаббат
45. Шын мұратқа жету
46. Достарыма кеңес айттым
47. Ой түйін
48. Түсінік
49. Балалық шақ
50. Сағыныш
51. Анашым
52. Қарындасыма
53. Әжем, ардақтым
54. Сыйлайық, достарым
55. Махаббат құдіреті
Өлеңдерім өмірім
Өмір жауын
56. Саған ғашықпын
57. Ең басты бақыт - өмір сүру
58. Шынайылық қалса кетіп
59. Жаңа өмір
60. Жүрегімді ауыртпашы
61. Жалған арман
Сен
Қос заман
62. Таңғажайып табиғат
63.Таңғажайып табиғат
64. Тағдырымнан сұраймын
Бір өзіңді ұнаттым
Жан достарыма
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz