Жалаң және жайылма сөйлемдер: қайталау сабақ жоспары

Қазақ тілі Күні:

Мұғалім:Ашуханова А. Қ

С. тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем. Қайталау сабағы

Білімділік мақсаты : Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін бекіту, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық мақсаты : Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты : Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі : қайталау

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.

Көрнекілік : интерактивті тақта, слайдтар

Жүрісі:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

Ү Қорытынды

ҮІ Үйге тапсырма беру

ҮІІ Бағалау

І Ұйымдастыру кезеңі. 1) Оқушылармен амандасу

2) Сынып оқушыларын түгелдеу

3) Оқушылардың сабаққа назарын аудару

4) Сабақ бастауға жағдай жасау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі .

Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылады:

1) Сөйлем құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

2) Жай сөйлем дегеніміз не?

3) Жай сөйлемнің түрлері қандай?

4 Жалаң сөйлем?

5 Жайылма сөйлем дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі .

1. Көркем жазу

2. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу Слеусін Мәтінді түсініп оқу. 3жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып жазу.

3. Слеусін суретімен жұмыс. Мәлімет беру. Lynx lynx2.jpg

Сілеусін (лат. Lynx lynx ) - мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87 - 104, құйрығы 20 - 31 см, салмағы 13 - 23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

-Сілеусін қандай аң? Ол неліктен қызыл кітапқа енген?

-Тағы қандай жыртқыш аңдарды білесіңдер? (қасқыр, жолбарыс, арыстан) Слайдпен көрсету.

4. . Сергіту сәті: Ормандарға аю, қонжық
Ұялардан бал іздейді.
Мойындарын оңға бұрды
Мойындарын солға бұрды.
Ағаштарды шайқап көрді
Қуанғаннан билей берді.

Сергіту сәтінен қимылды білдіретін сөздерді тап

5. Терме диктанты

І топ ІІ топ

Жалаң сөйлемдер Жайылма сөйлемдер

Оқушы оқыды. Балалар жаттығу орындады. Ара ұшты. Әже шай құйды. Қоян-жануар. Сілеусін-жыртқыш аң.

Күн сәулесі бөлмеге жарық беріп тұр. Айгүл биледі. Балалар коньки тепті. Қар жауды.

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcTUXtaBYTb3XYkpJoHwln13n-1AmKGOSG3Z7hVibQ7YPm737oWO http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQfz01P5MDmUu708x3DnVZEKG-6drr3lHC9tiRUYhUevo-L0MQIZg

Оқулықпен жұмыс 3-жаттығу . Жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдырып оқы.

-Құмырсқа қандай жәндік?

-Еңбек туралы қандаймақал білеміз?

5-жаттығу Ара өленің оқу

-Араның пайдасы. Балы немен пайдалы?

ІІІ Қорытынды

-Жайылма сөйлеммен жалаң сөйлем айырмашылығы?

ІҮ Үй жұмысы 4-жаттығу 89 бет

Ү Бағалау


Ұқсас жұмыстар
Жалаң және жайылма сөйлемдер: 8-сыныпқа арналған сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер: бастапқы сыныпқа арналған сабақ жоспары мен әдістемелік бағыттары
8-сынып: Жай сөйлем және оның түрлері - жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытуға арналған сабақ жоспары
10-сынып (в) үшін сабақ жоспары: Құттықтау хат пен жарнама - толымды/толымсыз және жалаң/жайылма сөйлемдер
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Жалаң және жайылма сөйлем
3-сыныпқа арналған қазақ тілі сабақ жоспары: Жалаң және жайылма сөйлем
Жалаң бен жайылма сөйлем: сұрақ арқылы талдаудың шеберлігі
Қазақ тілі пәні: жалаң және жайылма сөйлемдерді оқытуға арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz