Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Балаларға арнаған шығармалары
Әдебиеттік оқу. 3 сынып.
Сабақтың тақырыбы:: Жамбыл Жабаев. Менің өмірім.
Сабақтың мақсаты: Бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының, ұлттық салт - дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу. Жамбыл аталарының өмірімен, балаларға арналған шығармаларымен таныстыру; сөздік қорларын молайту, оқушыны қиялдап шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу, бір-бірін тыңдауға, пікірлесуге, өз ойын жүйелі түрде айта білуге дағдыландыру; ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Араласып кеткен оқиғалар, топпен жұмыс, әңгімелеу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Жамбыл, Сүйінбай туралы слайдтар, өлеңдер.
Күтілетін нәтиже: Жыр дүлділі Жамбылдың өмірімен, өлеңдерімен танысады мәтінді түсінеді, топпен жұмыс істей біледі, ақылдасады, жанындағыларды тыңдай біледі, ақынның табандылығы мен талпынысын үлгі етіп алады.
Не арқылы бағаланады? Мәтінді оқып, мазмұнын жүйелі болатындай етіп ретімен қойып орналастырып шығулары арқылы, топта тез , өнімді жұмыс істей білулері, берілген сұрақтарға толық жауап бере білулері, сауатты жаза білулері, үй тапсырмасын тиянақты орындай білулері арқылы бағаланады.
Сабақтың барысы:
1.Психологиялық дайындық
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
5-ке қолды жеткізу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Бала Тұрар мәтінінің мазмұнын айтқызу.
Шерхан Мұртаза кім?
Оның қандай шығармалары бар?
Тұрардың балалық шағы қалай өтті?
Атамырза қандай бала болды деп ойлайсыңдар?
Тұрардың бойындағы қандай жақсы қасиеттерін ұнаттың?
Қызығушылығын ояту. Оқушылардан бүгінгі естіген жағымды сөздерін еске түсіріп жазу сұралады. Мысалы: Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! т.с.с. Оқушыларға қайырлы күн болуын тілеп, сабақтың басталатындығын хабарлау. Күннің жадын, сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазғызу. Оқулықтары жабулы болуын және топтағы жұмыс тез, өнімді, сапалы болу үшін бір-біріне көмектесу, ақылдасу керектігін ескерту.
Мағынаны тану.
Үстел үстіндегі хатқалтаны әр топқа беру. Хатқалтада мәтін абзац бойынша төрт бөлікке бөліп берілген. Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп орналастырып шығады.
Қолдарыңдағы мәтін бөліктерін реттеу кезінде қиналдыңдар ма? - деген сұраққа жауап алу.
- Сонымен біз Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?
- Жамбыл тауының етегінде туғандықтан солай қойылған.
- Өткен сабақтағы <<Батырдың ұрпағы>> әңгімесінде жерге ат қоюға байланысты оқиғаларды еске түсіріп көрейікші?
- Олжабай әскерлерімен жоңғарларды қырғынға ұшыратқанда сол жер <<Қалмақ қырған>> деп, Шойынкөл көлі Жасыбай батырдың атымен Жасыбай көлі аталады. Бұл мәтінде жер-суға адам аттарын берсе, бұл мәтінде адамға таудың атын берген.
Жамбыл Жабев пен оның ұлы ұстазы Сүйінбай Аронұлы туралы слайдпен жұмыс.
Жамбылдың балалық шағында жақсы сезім мен адамгершілікке тәрбиелеген кімдер болды?
Жамбыл 15 жасында Сүйінбайдан бата алған, 35 жыл бойы ұлы ақынның өнегесін үйренген. Сүйінбайды пір тұтқан.
Менің пірім - Сүйінбай,
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы , сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай -, дейді ол.
Жамбыл туралы қосымша түсінік беру. Жамбыл жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, білімге шақырды. Өлеңдері балалар әдебиеті тарихынан ерекше орын алған.
<<Жүз жасаған жүректен>>
Балаларға арнаған шығармалары
<<Балама хат>>
<<Шәкірт балаларға>>
<<Бесік жыры>>
<<Балаларға>>
<<Балаларға>>
Балалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым.
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Ән-күйімді тыңдашы, батырлықтың үніндей,- деп ақын өзі жырлағандай Жамбыл сегіз қырлы, бір сырлы адам.
Жамбылдың шығарған әндері: <<Абайдың суретіне>>, <<Бұрымға>> , <<Күләшқа>>, <<Угәй -ай>> т.б. әндері және <<Серпін>>, <<Ұран>>, <<Мың бір түн >> т .б. бірнеше күйлері болған.
Жамбыл ақын қара танымаған, хат та білмеген. Ол өзін күткен, қасиетті адам болған. Атай өмірінің соңында қатты ауырып ауруханада жатады. Қайта-қайта қысылып Ә. Тәжібаевты шақыртады.
Әбділда: <<Жазылып кетесіз>>, - дей бергенде.
Жәкең: Жоқ енді оңалмаспын, Сүйінбай тапсырып кеткен қызыл жолбарысым болушы еді қиналғанда, тарыққанда құйрығын бұлғаңдатып қасымда жатушы еді, сол қызыл жолбарысым жаңа ғана кешкісін батысқа қарай кетті. Пұшайт, пұшайт, пұшайт деп үш рет айқайладым, жолбарысым артына қарамады. <<Алладан хабар келген сияқты аманатын тапсырайын, қамданыңдар>>, - депті. Сол күні 1945 жылдың 22- маусымында жүз жасаған ақынның жүрегі тоқтапты.
Сергіту сәті
Жамбылдың жеңсік асы.
- Жәке, сізді 100-ге келді деп мақтанамыз. Жүзге келуіңіздің сыры неде деп сұрапты Сәбит атамыз.
- Мен ғұмырымда темекі тартқан жоқпын, арақ ішкен жоқпын. Ал айран ішсем сарайым ашылады деген екен.
Баласы Тезекбай:
Тәтем күнде түске дейін және түстен кейін кесе - кесе айран ішеді. Бір ғажабы 41 рет сапырған соң ғана кесеге ернін тигізеді. Бірде тәтемнің кебісін жамап отырғанымда Күлән келіні ары-бері сапырды да айранды тәтеме ұсынды. Сонда тәтем:
- Жоқ Күлән, сен айранды 41 рет сапырған жоқсың, 36 рет сапырдың алдама, енді бес рет сапыр деп қайтарып берді -, дейді.
Оқулықпен жұмыс жүргізу. Оқушылар мәтін ретін тексереді. Мәтінді абзац бойынша оқып шығады.
Сөздікпен жұмыс жүргізу. Тағы да басқа түсінбейтін сөздерің жоқ па? деген сұраққа жауап береді.
Ой толғау кезеңі
а)Мәтінде байқалған жақсы сөздерді теріп жазу.
ә) Бала Жамбылдың кіршіксіз таза ойы, шын сыры қандай жақсы сөздерінен байқалады?
<<Бұл менің өмірімдегі ең бақытты минуттарымның бірі еді>>.
Осы айтылған жақсы сөзге өз көзқарасыңды білдір.
б) Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
в Неге қызықтыңдар? Неге таңдандыңдар?
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. <<Өнерге құштар бала>> тақырыбында шығарма жазу.
Бала Жамбылдың жақсы азамат болып қалыптасуына жақсы адамдар мен жақсы сөздердің және халқымыздың ежелден келе жатқан баланы жақсы әдет-ғұрыпқа тәрбиелеуінің үлкен әсері мол болды. Біз де өз өмірімізде жақсы сөздерді көп естиік және жақсы сөздерді көп айтып өмір сүрейік.
Оңалбаева Ағилаш Ізбасарқызы -
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz