М. Әбдіхалықов атындағы орта мектептің 2014-2015 оқу жылы 6-9 сыныптар арасындағы Әлем тілдері сөйлейді сайысы

«М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі» ММ-сі

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Әлем тілдері сөйлейді»

(6-9 сыныптар арасында)

C:\Users\Админ\Desktop\20140918_161412.jpg

Өткізген мұғалім: А. Кулмырзаева

2014/2015 оқу жылы

Сабақ тақырыбы: «Әлем тілдері сөйлейді»

Сабақ мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстауға, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында өз өнерін көрсетіп ауызекі сөйлеу мәнерін дамыту.

Сабақ әдісі: сайыс

Сабақ көрнекілігі: Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар.

Кіріспе бөлім:

-Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар! Біз сіздерді 22-қыркүйек тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған 6-9 сыныптар арасындағы «Әлем тілдері сөйлейді» атты сайысымызға қатысып отырғандарыңызға қуаныштымыз.

6 в сынып оқушылары орындауында қазақ биі

C:\Users\Админ\Desktop\20140920_115011.jpg

Тіл- әрбір ұлттың заңы, сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Тіл - біздің ұлттық қазынамыз, байлығымыз, халықтың күре тамыры, достық көпіріміз. Әр тілдің өзге тілдермен байланысы, өз тарихы, өз тағдыры болады. Тіл арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, рухани мәдениетімен танысады.

«Өзге елдің тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Адам баласының өсіп-өркендеуі жолындағы бірінші қадамы- достықты кеңейту» деп жазған ұлы Абай атамыз өзінің 25-ші қара сөзінде.

Ал, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев : « . . . өткенді еске түсіре отырып, болашаққа ұмтылу керек. Өзге ұлттармен бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп олардың да мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеу керек. »-деген болатын.

Біздің еліміз көпұлтты мемлекет. Ол 130 дан астам ұлт өкілдері тұратын этносаяси ел- Қазақстан Республикасы. Міне, сол себепті 1998 жылдың 20- қаңтарында ҚР президенті бұйрығымен 22-қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі болып белгіленіп, содан бері бұл мереке жыл сайын тойланып келеді.

Дүниенің ең сұлу ғажап тілі
Ол менің ана тілім- қазақ тілі
Осы тілде айтылған алашымның
Қуанышы, қайғысы, азат-мұңы.

Тілмен мәңгі қазақтың қазақтықы
Тілмен мәңгі қазақтың азаттығы

Ал, енді сайысқа қатысатын оқушыларымыздың әр елдің тілінде дайындап келген өлең-тақпақтарын тыңдайық. Алдымен әділ қазыларды тағайындап алайық.

  1. мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Қопашова Амангүл апай.
  2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі, әдіскер- Байманова Роза апай

C:\Users\Админ\Desktop\20140920_120549.jpg

Қатысушы оқушылар:

  1. 6- в сынып оқушысы Жаңбырбаева Ақбота (ағылшын тілінде)
  2. 6 а сынып оқушысы Елеусинова Альбина (түркмен )
  3. 8 в сынып оқушысы Жуленова Сәуле (өзбек тілінде)
  4. 6а сынып оқушысы Артықбаева Меруерт (ағылшын)
  5. 8 б сынып оқушысы Надирханова Д. мен Келембай Назым. (Украин)
  6. 7 ә сынып оқушысы Сарсенова Айдын (ағылшын тілінде)
  7. 6 в сынып оқушысы Мерекеқызы Ақмарал (қазақ тілінде)
  8. 6 а сынып оқушысы Теңелова Ақкүміс (Түрік тілінде)
  9. 9 б сынып оқушысы Рамазанов Санжар (ағылшын)
  10. 8 в сынып оқушысы Серікбаева Молдір (қазақ тілінде)

Қатысқан оқушыларға әділ қазыларымыз баға бергенше ортаға өзбек биімен 6 сынып оқушыларын шақырамыз.

C:\Users\Админ\Desktop\20140920_120330.jpg C:\Users\Админ\Desktop\20140920_123346.jpg

Марапаттау.

«Ана тілім, ана тілім жүрегім

Қадір тұтып оны әркез жүремін

Бойымдағы өнерімді аздаған

Өз тілімнің қасиеті деп білемін

Ана тілім- ең асылым, ардағым

Ана тілім-бар байлығым, бар бағым

Халқым үшін арнасам ән-жырымды

Ана тілі-өз тілімді арнадым. »-

дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Барлық қатысқан оқушыларға рахмет айтамыз. Сау болыңыздар!

C:\Users\Админ\Desktop\20140920_122322.jpg


Ұқсас жұмыстар
Ырғыз орыс орта мектебінің 2014-2015 оқу жылы 5-6 сыныптар арасындағы математикалық интеллектуалдық ойын-сайысы
Информатикалық калейдоскоп: О.Исаев атындағы жалпы орта мектептің сыныптан тыс білімдік сайысы (2014-2015 оқу жылы)
Қамидоллиева Сандуғаш Асқарқызы ұйымдастырған 2014-2015 оқу жылы 5-6 сыныптар арасындағы информатика пәні білімділер сайысы Жеңіп көр
І. Үргенішбаев атындағы орта мектепте өткізілген Ана махаббатымен әлем тербелген сабақ-сайысы (2013-2014 оқу жылы)
№9 орта мектептің XXI ғасыр көшбасшысы: 2013-2014 оқу жылы математикалық сайысы
А.Иманов атындағы лицей-мектептің 5-сыныпқа арналған Астрофизика факультативті курс бағдарламасы (2014-2015 оқу жылы)
Қ. Мырзалиев атындағы орта мектептің 9 б сыныбына арналған 2013-2014 оқу жылы тәрбие жұмысының жоспары
2014-2015 оқу жылы 4-сыныптар арасындағы Қазақстан тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған Көңілді эстафета сайысын ұйымдастыру жоспары
№19 орта мектептің 2014-2015 оқу жылы Толағай сайысын ұйымдастыру және өткізу әдістемесі
Әнші балапан: №21 орта мектептің 1-сынып оқушылары арасындағы ән байқауы, Жаңаөзен қаласы, 2014-2015 оқу жылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz