Формулаларды көшіру

3/29-сабақ жоспары

Мерзімі 15. 04. 2013 ж.

Сыныбы: 8”Ә”

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ехсеl-дегі деректермен жұмыс және формуланы енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты: Еxcel-дегі деректермен жұмыс және формуланы енгізу және көшіру жолымен таныстырады

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларға ұяшыққа формуланы енгізу және көшіруді үйретеді;

- оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды, қарапайымнан күрделіге қарай орындата отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады ;

- уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиеленеді.

Қолданылған модульдер: “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”, “Талантты және дарынды балаларды оқыту”, “Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу”.

Стратегиялық іс-әрекеттер: “Жылы лебіз”, “Миға шабуыл”, “Бағдаршам ”, “Сыр сандық”, “Формативті тест”, “Екі жұлдыз, бір тілек”.

Уақыт өлшемі
Жоспар мазмұны
Мұғалімдер іс-әрекеті
Оқушы іс -әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Уақыт өлшемі: 5 мин.
Жоспар мазмұны:

Кіріспе

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру

“Жылы лебіз” тренингін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алар бағамыз,
Кілең «бестік» болсын!

Мұғалімдер іс-әрекеті:

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

Орындарынан тұрғызып, щеңбер құрғызып, жақсы тілектер айтқызады.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Оқушы іс -әрекеті:

Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

Бағалау: Жарайсың! (ф. б. )
Ресурстар: Тұсаукесер
Уақыт өлшемі: 5 мин.
Жоспар мазмұны:

Білу

Үй тапсырмасын сұрау

“Сыр сандық”

Мұғалімдер іс-әрекеті: Сыр сандықтағы оқушылардың жасырған сұрақтарын ұсыну
Оқушы іс -әрекеті: Оқушылар жасырынған сұрақты талдау және шағын тестке жауап беру.
Бағалау: Өзін-өзі бағалау
Ресурстар: Сыр сандық, таратпа қағаздар
Уақыт өлшемі: 3 мин.
Жоспар мазмұны:

Топқа бөлу

1-топ Сандар

2-топ Ұяшықтар

3-топ:Амалдар

Мұғалімдер іс-әрекеті: Оқушыларды топтарға бөледі.
Оқушы іс -әрекеті: Қағазға қарап, сандар, амалдар, ұяшықтарға байланысты шағын топтарға бөлінеді.
Бағалау: Ауызша бағалау (мадақтау) Бірінші топтасқан оқушыларды мадақтау
Ресурстар: Түрлі-түсті топтасу қағаздары
Уақыт өлшемі: 2 мин.
Жоспар мазмұны: “Миға шабуыл” стратегиясы
Мұғалімдер іс-әрекеті: Кестеге байланысты тақырып мазмұнын анықтайтын сұрақ қояды.
Оқушы іс -әрекеті: Оқушылар сұраққа жауап беріп сұрақтар кестелік тақырыбына қатысты анықтайды.
Бағалау: Смайлинг (ф. б. )
Ресурстар: Флипчарт
Уақыт өлшемі: 15 мин.
Жоспар мазмұны:

Түсіну

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

1-топ Формуланы енгізу.

2-топ Формулаларды көшіру.

3-топ Салыстырмалы және абсолют сілтемелер.

Мұғалімдер іс-әрекеті: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша бағыт беру
Оқушы іс -әрекеті: Жаңа тақырыпқа мақсат құру, кітаптан оқып, бір-бірлеріне тақырыпты түсіндіреді.
Бағалау: Өзара бағалау
Ресурстар: Бағалау парағы, компьютер, флипчарт, маркер, қалам, электрондық оқулық, оқулық, интернет.
Уақыт өлшемі: 2 мин.
Жоспар мазмұны: Сергіту сәті
Мұғалімдер іс-әрекеті: Бейне жазбаларды қосып береді
Оқушы іс -әрекеті: Оқушылар видео роликке қарап, орындайды
Бағалау: Жарайсың! (ф. б. )
Ресурстар: тұсаукесер
Уақыт өлшемі: 10 мин.
Жоспар мазмұны:

Қолдану

Деңгейлік тапсырма:

1-тапсырма. Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға тігінен, көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. Көшіру командасын пайдалану.

2-тапсырма: Сандардың арифметикалық ортасын табу

3-тапсырма: Формула көмегімен сандарды дәрежеле

4-тапсырма: V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте.

Мұғалімдер іс-әрекеті: Оқушылардың жас ерекшелігін және А, В, С деңгейдегі тапсырмаларды ұсанады.
Оқушы іс -әрекеті: Берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.
Бағалау: Өзін-өзі бағалау (ф. б. )
Ресурстар: Таратпа қағаздар, компьютер
Уақыт өлшемі: 3 мин.
Жоспар мазмұны:

Талдау

Қорытынды

“Формативті тест” MS Excel бағдарламасында жасалған автотест әдісі арқылы.

Мұғалімдер іс-әрекеті: Оқушыларға білімдерін жүйелеу үшін тест тапсырмасын ұсынады
Оқушы іс -әрекеті:

Берілген тест тапсырмасы

бойынша

жұптық әрекет жасайды.

Бағалау: Өзара бағалау әрекеті
Ресурстар: Компьютер, бағалау парағы
Уақыт өлшемі: 2 мин.
Жоспар мазмұны:

Жинақтау

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Мақсаты: алған білімді қорытындылау, жинақтау.

Бағалау

Дамыту

Үйге тапсырма: §8. 3 тақырыпты оқу, кестеде формуланың тиімді жолдарын қарастырып келу.

Мұғалімдер іс-әрекеті:

Кері байланыс әрекетін жүзеге асыру үшін стикер ұсынды.

Жиынтық бағалау

Үйге тапсырма ұсыну

Оқушы іс -әрекеті:

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазды және өз ойларын өлең түрінде ұсынды.

Ұпайларын есептеу

(1-3 ұпай)

15-12 ұпай- «5» баға

11-9 ұпай-«4» баға

8-5 ұпай-«3» баға

Күнделікті алып, тапсырманы жазу

Бағалау:

“Екі жұлдыз, бір тілек”

Жиынтық баға

Ресурстар:

Стикер, қалам

Бағалау парағы


Ұқсас жұмыстар
Формуланы енгізу және көшіру
Ecxel-де формулалар енгизу және көшіру 8 сынып
Абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер. Ұяшық мазмұнын көшіру
Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу. Формулаларды енгізу
Excel бағдарламасына мәтін енгізу
WORD текстiк редакторы және оның мәнi, мәзiрi , құрал тақтасы мен кезеңдерi
Формулаларды енгізу.Бұл тақырып Excel кестелік процессорға арналған негізгі тақырып
Формуланы көшіру және енгізу. 8-класс
Электрондық кестеде формулалар енгізу. Атқаратын қызметтері
Объектілерді қою
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz