Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала

Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаменті
4 - сынып
Дүниетану 2 - нұсқа
Оқушының аты-жөні_______________________________________________________________________________
Аудан, мектеп атауы _______________________________________________________________________________
Тест өткізілген күн, ай, жыл___________________________________________________________________________

1.2011 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің неше жылдығын тойладық?
а) 21 жылдығы ә) 20 жылдығы б) 19 жылдығы
2. Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?
а) Есіл ә) Іле б) Сырдария
3. Табиғат дегеніміз не?
а) бізді қоршаған ортаның бәрі ә) адам қолымен жасалған дүниенің бәрі
б) адамнан тәуелсіз тіршілік ететін бізді қоршаған орта
4. Қазақстанның бұрынғы астанасы қалай аталады?
а) Алматы ә) Ақмола б) Атырау
5. Өлі табиғатқа не жатады?
а) тоқылдақ ә) парта б) жаңбыр
6. Жануарларды қорғау мақсатында құрылған аймақтар қалай аталады?
а) қорықтар ә) қорғау орындары б) бақтар
7. Анаңның әке-шешесі сен үшін кім?
а) нағашы ә) жиен б) немере
8. Адам денесінде қанша бұлшық ет бар?
а) 450-дей ә) 650-дей б) 180-дей
9. Организмнен қажетсіз, зиянды заттарды бөліп шығаратын негізгі мүше?
а) асқазан ә) өкпе б) бүйрек
10. Желбағармен нені өлшейді?
а) желдің күші мен бағытын ә) температураны б) ауадағы су мөлшерін
11. <<Арасан>> деген не?
а) шағын көл ә) бұлақ б) минералды су көзі
12. Қандай температурада су қатады?
а) -10⁰С ә) 0⁰С б) -100⁰С
13. Қайсысы кенді пайдалы қазбаға жатады?
а) темір ә) таскөмір б) әктас
14. Құрғақшылыққа төзімді өсімдік?
а) күнбағыс ә) сексеуіл б) беде
15. Мұрын қандай мүше?
а) сипап сезу ә) дәм сезу б) иіс сезу
16. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында не бейнеленген?
а) қанатты тұлпар ә)қалықтаған қыран б) алтын адам
17. Қазақстан мемлекеттік тіл қай тіл?
а) орыс тілі ә) қазақ тілі б ) ағылшын тілі
18. Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?
а) Орал ә) Тараз б) Атырау
19. Қандай көлік түрі тек ауылда қолданылады?
а) трамвай ә) жүк көлігі б) ат-арба
20. 1 қыркүйекте қандай мереке атап өтіледі?
а) мұғалімдер күні ә) білім күні б) жаңа жыл
21. Аталғандардың қайсысы көпжылдық өсімдіктер тобына жатады?
а) орамжапырақ ә) емен, қарағай б)құлпынай
22. Біз тұратын құрлық?
а) Австралия ә) Еуразия б) Африка
23. Өзеннің көлге немесе теңізге құятын жері қалай аталады?
а) бастау ә) арна б) саға
24. Табиғат қандай болады?
а) тірі және өлі табиғат ә) тек тірі табиғат б) тек өлі табиғат
25. Ас қорыту органы дегеніміз ?
а) жүрек тамырлары ә) өкпе, қолқа б) өңеш, асқазан, ішек

Ұқсас жұмыстар
Павлодар облысының облыс орталығы қай қала
Орал - тарихи қала
Көлінен безген қаз оңбас
Математика 2 сынып "өткенді пысықтау"
Ақмола тарихын оқыту
Трактор заводы орналасқан қала
Қосындыны санға көбейту
Қалғаны неше үйрек
Экономикалық белсенді халықтың үлесі
Жаса, жайна - талдықорған 6-сынып
Пәндер