Балаларға арналған достық пен ұлтаралық бірлік тәрбиелік сахналық бағдарлама

Мақсаты: Б. Балаларға «достық» сөзінің мәнін түсіндіру.

Д. Зейінін, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Эмоцианальдық көңілдерін көтеру.

Т. Көп ұлтты Қазақстанды құрметтеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Барысы: Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін айнала.

Жалықпастан қайта біз,

Достық сөзін айтамыз.

Бақыттымыз осы біз,

қасымызда досымыз!

«Достық» туралы әңгімені сахналау.

Қатысушылар: құмырсқа, көбелек, ара, торғай, қарға.

Ән: Дос болайық бәріміз.

Жүргізуші: Бәріміздің кеудемізде бір үміт,

Біз сол үшін айқасамыз бірігіп,

Жүрегіміз бір соғады қашанда,

Жүрсекте біз неше түрлі киініп.

Би: Қара жорға

Тақпақ: Монғол, дүнген, ұйғыр,

Армян, тәжік, грузин.

Орыс пенен украин

Терезесі тең жатыр.

Жүргізуші: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Гүл-бәйшешек еш уақытта солмасын,

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын.

Ән: Ақкөгершін

Жүргізуші: Ал балалар достық туралы мақал-мәтелдер айтайық.

Досыңды бір алдасаң,

Өзіңді мың алдағаның.

Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

Жаман достан, қисық таяқ артық.

Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады.

Тақпақ: Достар болса достық атын ақтаған,

Алыс жолда- жақын жол.

Қара бала, сары бала, ақ бала

Туыстардай тату бол!

Ойын: «Досыңды тап»

Тақпақ: Сары, ақпыз, қарамыз,

Бәрімізде баламыз,

Бір Отанда тұрамыз,

Бір мектепке барамыз.

Би: Паппурий ( өзбек, грузин, қазақ, орыс)

Жүргізуші: Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Айнала көңіл жүректі кір шалмасын.

Қыран құстар даласына еркелеп,

Аспанымда қалықтаудан талмасын.

Тақпақ: Отанды әркім анасында

Қастерлейді, бағалап,

Өйткені, Отан баласындай

Бізді өсірер бағалап.

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана, Отан- үлкен

Қазақстан -туған ел!

Хор: «Отан»

Би: Достық биі

Достарға жақсы тілек айтайық. Ұлттар достығы жасай берсін!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан: достық пен ұлтаралық бірлік туралы мерекелік тәрбие сағаты
Бір шаңырақ астында: Қазақстандағы ұлтаралық татулық пен мәдени бірлік
Достық сезімі: мектепке дейінгі балаларға арналған оқыту-тәрбиелік жоспар
Балаларға арналған Тәуелсіздік пен мемлекеттік рәміздер туралы сахналық қойылым
Менің Отаным - Қазақстан: тәуелсіздік, тарих және ұлтаралық бірлік
Қарлығаш пен Дәуіт ертегісі арқылы балаларға достық пен адалдықты тәрбиелеу
Бірлік болмай, тірлік болмас: Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен патриотизмді қалыптастыру
Түрі басқа, тілегі бір: бастауыш сыныптағы ұлтаралық достық фестивалі
2-сыныпқа арналған ашық сабақ: Өзін-өзі тану - Күш бірлікте (бірлік пен достықтың тәрбиелік мәні)
Астана - тәуелсіздік пен ұлтаралық бірліктің символы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz