Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұлы Отан соғысы туралы суреттер

<<Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран.>>
Интеллектуалдық ойын.
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, тарих пәні бойынша білімдерінің сапасын арттыру. Ұлы Отан соғысы туралы танымдарын кеңейту. Отансүйгіштікке, ата баба рухын қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұлы Отан соғысы туралы суреттер. Интерактивті тақта.
Барысы:
9-10 сынып оқушыларынан құралған 2 топ бір біріне қарсы орналасады. Әр топта 4 оқушыдан. Алдымен топ басшылары өздерін және топ мүшелерін таныстырады.
1 айналым. Әр топтың білімін салыстыру үшін 10 сұраққа топ мүшелері <<Иә>> немесе <<жоқ>> деген жауап берулері керек. Әрбір жауап 10 ұпаймен бағаланады.
1 топтың сұрақтары:
1. Ұлы Отан соғысы кезінде фашистердің жоспары бойынша Қазақстан <<Үлкен Түркістан>> отары құрамына кіруі қажет пе еді?
2. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты 1941 жылы іске қосылды ма?
3. Қызылорда қаласы Сталинград шайқасы кезінде Кавказ және Орта Азияны байланыстырды ма?
4. Соғыс кезінде Гурьевте мұнай зауыты салынды ма?
5. Жұмағали Саин Ұлы Отан соғысында ұшқыш болды ма?
6. М. Мәметова Севастополь қаласы үшін шайқасты ма?
7. 1943 жылы желтоқсан айында Алматы жастары өз қаражаттарына ұшақ жасатты ма?
8. <<Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда - Москва>> деген сөзді Б. Момышұлы айтты ма?
9. 1941-1942 жж. Қазақстанға 500 зауыт, фабрика, цехтар және артельдер көшірілді ме№
10. Депортация-<<өз еркімен қоныс аудару>> дегенді білдіреді ме№
2 топтың сұрақтары:
1. Ұлы Отан соғысы кезінде фашистердің жоспары бойынша Белорусь пен Балтық жағалауы <<Үлкен Түркістан>> отары құрамына кіруі қажет пе еді?
2. Александров радиозауыты соғыс кезінде Қазақстанға көшірілді ме?
3. Новороссийск қаласы жаулап алушылардың қиратуына ұшырады ма?
4. Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1943 жылы Қарағанды металлургия зауытын салу туралы шешім қабылдады ма?
5. Әди Шәріпов Ұлы Отан соғысында пулеметші болды ма?
6. Қажымұқан Мұңайтпасов ұшақ жасау үшін қаржы бөлді ме?
7. <<Ағам да, апапм да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінемін >>, - деп Әлия молдағұлова айтты ма?
8. Қазақ жауынгері Д. Сұраншиев Белоруссияда Лида қаласындағы астыртын партизандық жұмысқа қатысты ма?
9. Соғыс кезінде Украинадан Қазақстанға көшірілген өндіріс орындарының саны 100 бе?
10. Эмиграция <<азаматтарды күштеп қоныстандыру>> дегенді білдіре ме?
2 айналым.
Шарты:
6 ұяшықтың бірін таңдап, берілген сұраққа жауап бересіздер. Жауап дұрыс болған жағдайда 500 ұпай аласыздар. Жауап дайын болмаса, қосымша көмек алуға болады.
Бірінші көмектен кейін дұрыс жауап үшін 400 ұпай, екінші көмектен соң 300 ұпай еншілейсіздер. Жауап дұрыс болмаған жағдайда ұпай бізде қалады.
1. Жау тылында жүріп Молдава,Украина жерінде, Чехословакия мен Румыния жерлерінде басқыншыларға қарсы ашық та астыртын шайқасып, аман-есен елге оралған жазушы? (Қ.Қайсенов)
Қосымша көмек:
1. Ол жастайынан жазушы болған жоқ, партизан болыпты, оны бала кезінде (қара тентек( деп атаған.
2. 2004 жылы <<Халық Қаһарманы>> атағы берілді.
2. Қазақстан қай майданның ең жақын тылы болды? (Сталинград.)
Қосымша көмек:
1. Жауынгер қазақ! Бұдан әрі шегінетін жер жоқ екенін, майдан шебінен кейін қолдан шығарып алғанда Кеңес мемлекетін ерекше ауыр жағдайда қалдыратын аудандар жақын жатқанын естен шығарма. Ол <<Шығыстың кілті>> деген үндеу жолданды.
2. Ол майданда алғадай Жамбылұлы, Төлбай Мырзаев, Қасым Аманжолов, Қарсыбай Сыпатаевтар ерлік көрсеткен.
3. 1944 жылдың ақпан айында Украинаның Днепропетровск облысының Софьевск ауданындағы Ново-Юльевка ауылының маңында әскери тапсырманы орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан жазушы? (Б.Бұлқышев)
Қосымша көмек:
1. 1916 жылы Жезқазған облысы Ұлытау ауданыныңАмангелді ауылында дүниеге келген.
2. <<Адамзатқа хат>>, <<Заман біздікі>>, <<Шығыс ұлына хат>> шығармаларының авторы.
4. Жауға қарсы 305 рет ұшып шыққан бауырымыз, Львов операциясы кезінде оның эскадрильясы жаудың бір ұшағын, 27 танкін, 42 автокөлігін, 12 зеңбірігін жойып жіберген. (Т. Бигелдинов)
Қосымша көмек:
1. Бүйірінде 13 деген жазуы бар ұшақпен жауынгерлік тапсырма алып, Берлин мен Прагаға дейін ұшып барып, аман-есен оралған ұшқыш.
2. ІІ мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған.
5. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап солтүстік-батыс бағыттағы майданда шайқасқан дивизия?
Қосымша көмек:
1. Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 километрлік бөлікке орналасып, жаумен күші тең болмаса да 50 жау танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты.
2. Ол дивизия командирінің атында Алматы қаласында саябақ бар.
6. 1943 жылы шілдеде Солтүстік батыс майданының 34-атқыштар дивизиясының 4-батальонына жіберіледі. Ол қызмет ететін батальонға Казачиха деревниясын азат ету тапсырылды және сол ұрыста ерлікпен қаза тауып, Смердль өзенінің жағалауында жерленген.(Ә Молдағұлова)
Қосымша көмек:
1. Ол Ақтөбе облысында дүниеге келген батыр қыз.
2. Соғыста мерген болған.
3 айналым.
Шарты:
Берілетін сұраққа байланысты 3 тірек сөз беріледі. Сол сөздерге қарап команда ұпай тігеді. Сұраққа дұрыс жауап берсе сол ұпайға ие болады. Ал егер қате жауап берсе сол ұпай шегеріліп тасталады.
1. Кеңес Одағының батыры. Волокаламск. 1941ж. Сұрақ:
Батырлар тізе бүкпеді
Қасқая қарсы ап жауды олар,
Дубосеково жанында,
Мәңгілік тұрып қалды олар,-деп жырлағандай 1941 жылы жаумен қасық қаны қалғанша шайқасқан қай қала? (Мәскеу)
2. Тұңғыш. ПО-2 ұшағы. Шайқас. Сұрақ: Қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш, ПО-2 ұшағына мініп Кубань, Қырым, Украина, Польша, Германия аспандарындағы шайқасқа қатысқан, 2004 жылы Тәуелсіз Қазақстанның <<Халық Қаһарманы>> атағы берілген батыр? (Х.Доспанова)
3. Шайқас. Өшпес. Ерлік. Сұрақ: Александр Матросовтың өшпес ерлігін қайталаған, сол үшін қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол кім? (С.Баймағанбетов)
4. Тапсырма. 1942. Қаза тапты. Сұрақ: 1942 жылы Сталинград шайқасында 17-ші рет жауынгерлік тапсырманы орындауда ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры? <<Н.Әбдіров>>
4 айналым. Берілген сөздерді пайдалана отырып шағын ойтолғау жазу.
Ерлік, отан, шайқас, жеңіс, адамзат, тарих, өмір, ешқашан, намыс, бейбітшілік.

Ұқсас жұмыстар
Ж.жабаев "балама хат"
Ұлы Отан соғысы
Қазақстан ұлы отан соғысы жылдарында
Қмж. мен соғысты жек көрем. 4 класс
Қазақстандықтар ұлы отан соғысы майданында
Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер
Мен ер жетіп толамын
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Шығыс шынары
Компьютерлік сабақ
Пәндер