Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бүгін мектепте

<<Отбасы - алтын бесік>>.

(Бастауыш қазақ сыныптар ата-аналарының арасында өткізілетін сайыс жоспары)

Мақсаты: Болашақ ұрпақтың тәрбиелі, өнерлі болып өсуін және ата-ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу.
Көрнекілігі: шарлар, қанатты сөздер, қызыл, жасыл, сары, көк конверттер, билеттер.
Барысы:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі отбасылық сайыстың қатысушылары!
Ата-ана тәрбиесі - қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі <<қазақ>> деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі- ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие.Атамыз қазақ <<Бала - адамның бауыр еті>>, <<Балалы үй-базар>> дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Ал отбасы-бұл қоғамның негізі.
Олай болса, бүгінгі №9 орта мектебі бастауыш сыныптар ата-аналары арасында өткізілгелі отырған <<Отбасы- алтын бесік>> атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!
1.Айтжановтар жанұясы
2. Жарасовтар жанұясы
3.Нуридиновтар жанұясы
4. Жансеріковтар жанұясы
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Сайыста жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз.

Бүгінгі сайысымызды ашу үшін № 9 орта мектеп ұжымын басқарып отырған басшымыз Салтанат Асқарқызына сөз береміз.
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай
Айтқаныңызға көндік деп,
Әділқазы алқасын
Сайлап алсақ жөн болар, - демекші, әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.
1.Секеев Мұқатай Берікұлы - Тараз қаласы әкімі жанындағы ақсақалдар
кеңесінің мүшесі.
2.Есенаманова Хадила Ебелекбаевна- қазақ тілі пәні мұғалімі.
3. Қарабаева Елене Бейбітқызы- қазақ тілі пәні мұғалімі.
4. Бегасилова Назира Асқарқызы - қазақ тілі пәні мұғалімі
Ал, енді сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1 кезең. Отбасы өз-өзін таныстыру
2 кезең. <<Ата мұраң - асыл қазынаң>>. Қазақтың салт дәстүрлері.
3 кезең. <<Көңілді аспаздар"
Әкелер картоп аршудан жарыс
Аналар: Менің баламның сүйікті асы.
4 кезең. Сұрақ-жауап яғни ситуациялық жағдаяттар
5 кезең. <<Ән шырқайық ,қосылып.>>
6 кезең. Үй тапсырмасы. ( шежіре ағашын сызып келу)

Ал, енді кім қай кезекпен шығып өз өнерлерін, білімдерін ортаға тастайтынын біз жеребе арқылы анықтаймыз.

1кезең. Таныстыру.
Олай болса, қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық
Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.

2 кезең. . <<Ата мұраң - асыл қазынаң>>.
Аналарымызға қазақтың салт -дәстүрлері бойынша сұрақтар.
Ал, әкелерімізге 7,3 санына байланысты ұлттық салт-дәстүрлер бойынша
сұрақтар.
1. <<Байғазы>> салт -дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
2. Жеті атаны атап бер

1. <<Көрімдік>> салт-дәстүрінің мазмұнын түсіндіріңіз.
2. Үш алысты атап беріңіз.

1. <<Бастаңғы>> салтының мағынасын түсіндіріңіз.
2. Жеті қазынаны атап беріңіз.

1. <<Иткөйлек>> салтының мағынасын түсіндіріңіз.
2. Үш арсызды атап беріңіз.

Музыкалық номер
Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.

3 кезең. <<Көңілді аспаздар>>
Әкелер картоп аршудан жарыс
Аналар: Менің баламның сүйікті асы.
Қорытынды: Ұпай сандарын жариялау.

4 кезең. Пікірталас яғни ситуациялық жағдаяттар
1-жағдаят.(анаға)
Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан
сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды. Сіз не істейсіз?
(балаға)
Бүгін сабаққа кеш қалып келдің. Қоңырау соғылғанына 5 минуттай уақыт болыпты. Не істейсің?

2-жағдаят (анаға)
Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз <<Мен сурет салып отырмын>> деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
(балаға)
Кеше кешке дейін ойнадың. Сабақ дайындауға шамаң келмей кешке ұйықтап қалдың.Сабақ таңғы 8-15-те басталады. Азанда асығыс шыға салдың. Мектепке келіп сөмкеңді ашсаң кітап, дәптер орнына ойыншықтар тұр. Не істер едің?

3-жағдаят (анаға)
Мектептен келген қызы мамасына: <<Мама сізге бір қызық нәрсе айтайынба? Бүгін мектепте... деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: Сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тұр, мазамды алмашы>>- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
(балаға)
Мектепке келер алдында асығып көйлегіңді теріс киіп алыпсың. Сырт киіміңді шешіп, сыныптың алдына келген кезде көйлегіңнің теріс екенін байқадың. Не істейсің?

4-жағдаят
Мектептен келген балаңыз: <<Мен ертең мектепке бармаймын, апай маған ұрысты>> деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болма

5 кезең. <<Ән шырқайық қосылып>>.
Ана, достық, табиғат, туған жер туралы әндер
Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.

6 кезең. Үй тапсырмасы. ( шежіре ағашын сызып келу)
Қорытынды: ұпай сандарын жариялау.

Муз. номер
Сайысымызды қорытындылау үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
Марапаттау.
Аяқталуы:
Құрметті ата-аналар және қонақтар, ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі <<Отбасы- алтын бесік>> атты сайысымыз өз мәресіне жетті.
Ойламаңыз өнерлерін аяп қалды,
Уақыт болса біршама таяп қалды.
Береке, бірлік тілеп әр жанұяға,
Сайысымыз осымен аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Атам мен әжемнің сүйікті істері. 2-сынып
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін 1 сынып
Мектептегі бағалау
Мен мектепке барамын. 1-сынып
Менің атам
Ұлтты тәрбиелейтін де ата-ана
<<құтты болсын жаңа жыл>>
Бақытыңды балаңнан ізде
Сен және сенің достарың
Оқушыларды фигуралар арқылы топтау
Пәндер