Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тұтас жіңішке сызық

Қарағанды обл, Жезқазған қаласы,
№9 жалпы білім беретін орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Мейрманов Жездыбай Турганалиевич

9-сынып оқушыларына сызу пәнінен арналған сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Сызба сызықтарының түрлері.9-сынып
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға сызба сызықтарының түрлері
туралы түсінік беру.
Cабақтың міндеттері: Оқушылардың білімдерін молайту.
Танымдық сызу сабағына деген қызығушылықтарын
арттыру.
Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа,
тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Оқыту формасы: сыныппен, жеке оқушымен.
Пәнаралық байланыс: геометрия, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, тапсырмалар
Сабақ барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу, сабаққа дайындықтарын қадағалау.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес
сызықтар.
1. Тұтас жуан негізгі сызық. Бұл сызықтың жуандығын S латын әрпі деп белгіленеді. 0,5мм-1,4мм-ге дейін аралықта алынады. Сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуға тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Шығару және өлшем cызықтары, проекция және координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима мен тілікті сызықтау тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
3. Тұтас жіңішке іркісінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтың көрсету үшін қолданылады.
4. Тұтас ирек сызық. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен болу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз қолмен жүргізіледі.
5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың аралықта, ал олардың ара қашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бұл сызықтың жуандығы да тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Үзілме сызық сызбада көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады.
6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Қимада, осьтерде, симметрияда қолданылады.
7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
8. Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық. Бүгу сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
9. Үзік сызық. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады,
сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы 1...1,5 S -ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты.

ІІІ. Сарамандық жұмыс

Сызба сызықтарын сызу.

VІ.Сабақты бекіту.
Не туралы білдік?
Не үйрендік?

V.Үйге тапсырма. 6-7 беттерді оқу, сызықтардың түрлерін сызу.

ІІІ. Сарамандық жұмыс
Сызба сызықтарын сызу.

VІ.Сабақты бекіту.
Не туралы білдік?
Не үйрендік?

V.Үйге тапсырма. 6-7 беттерді оқу, сызықтардың түрлерін сызу.

Ұқсас жұмыстар
Үзілме сызық
Адасқан көріністер тапсырмасы
Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету
Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Графикалық редакторда перспективалық көрініс заңдылықтарын пайдалану тұрғысындағы тиімді әдіс-тәсілдер
Ажырамайтын қосылыстар
Математикалық фигуралар. 4 сынып
Кеуде нүктесі
Талғаулы салалас құрмаластар ережесімен таныстыру
Графика. ашық хаттар
Пәндер