Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қызыл сары

Қарағанды обл, Жезқазған қаласы,
№9 жалпы білім беретін орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу және технология пәнінің мұғалімі Мейрманов Жездыбай Турганалиевич
5-сынып оқушыларына бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары.

Сабақтың тақырыбы: Түстану ерекшіліктері
Сабақтың мақсаты: Бояу түрлерімен таныстыру, олардың қасиеттерін білуге үйрету.
Ұлттық нақыш бояулар жайлы әңгімелесу, көркем туындылармен
танысу.
Оқушыларды тазалыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу
Оқушылардың ойлау қабілетін, шеберліктерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақ әдісі: дамыта оқыту, іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Оқыту формасы: сыныппен және оқушымен.
Пәнаралық байланыс: физика, тарих.
Көрнекіліктер: суретші туындылары.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, дайындықтарын қадағалау, сабақта жоқ адамдарды белгілеу, үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты топтастыру арқылы қайталау.

Бейнелеу өнері

графика
мүсін
живопись
сәулет
дизайн

ІІ. Жаңа сабақты игеру
Живопись - өмірдің нақ өзі.
Эшен Делекруа
Суретшінің бояу таңдағыштығы палитра арқылы анықталады. <<Политра>> сөзі екі ұғым бар. 1- суретші бояулары араластыратын тақтайша, 2-суретші бояуларының жиынтығы.
Х.Рембрандт бояу түстің қолданудың шебері болған. Ол кейбір картиналарды 7 бояу қолданған. А.Рыловтың пейзаждарында 12 бояу. К.Коравин 10-15 бояудан көп қолданған.
Политра бояулары белгілі бір жүйемен орналасу керек.
Табиғат көрінісіндегі түстік қатынастардың шапшаң ұстап қалу үшін этюд орындау.
Живопись туындыларында акварель, майлы бояу, гуашь, пастель, тушь қолданылады.
Живопись шығармасы негізінен кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, әйнекке, металға салынады. Живопись шығармада түстердің өзара үйлесіп, жарасып келуі коларит болып табылады <<колорит>>-латын сөзі, <<бояу түсі>> деген мағынаны білдіреді.
Акварель бояуын қолданудың шебері: Үкі Әжеев <<Ана мен немере>>, <<Ә.Қастеев келбеті>> тағы басқалар.Сонымен қатар Р.Ысмайылова, С.Романов, С.Мәмбетов тағы басқалар.
Күн спектрі қанша түстен тұратын болса, сонша түс бар.Түстердің саны жетеу.
Түстер жылы және суық болып екіге бөлінеді.
Сары, қызыл, қызғылтсары жылы түстерге жатады.Көк, күлгін, көгілдір түстер суық түстерге жатады.
Жылы түске де, суық түске де жататын түстер бар, ол жасыл түс.
Бояуларды бір біріне қосу арқылы суретші жаңа түс табады. Көк пен қызылды қосып не күлгін көк, не солғын қызыл түс алуға болады.Көк пен сарыдан жасыл, ал сары мен қызыл түстен қызғылтсары түс шығады.

Бояу түстерінің психолгиялық әсері.
1.Қызыл өмір күшінің түсі. Бұл түс жүрек соғысы мен тынысы жиелетеді, адамға сенімділік пен белсенділік, күш қуат береді.
2.Қызыл сары. Бұл түс сергектіктің, қуаныш пен жетістіктің және қызық думанның түсі болып есептеледі.
3.Сары.Көңіл күйді көтереді,ең көңілдісі-алтынның түсі,өзіңізді жеңіл сезінуге көмектеседі.ұйқыны ашады
4.Жасыл.Өсімдік әлемінің түсі, жер бетіне кең тараған. Денсаулық пен тұрақтылықтың түсі. Бұл түс-тыныштандырады, шаршағанды басады.
5.Көгілдір. Бұл түс-тыныштықтың, қаталдықтың сонымен қатар тәуелсіздіктің белгісі болып табылады.
6.Көк.Суық әрі мазасыздандыратын түс
7.Қоңыр.Отбасындағы берекенің және қауіпсіздіктің түсі.
Термин сөздердің қысқаша түсіндірмесі.
Акварель-суға жақсы еритін бояу.
Гармония-бояу үйлесімділігі.
Гризайль-бір түсті бояумен орындалған көркем шығарма.
Гуашь-суға езілетін қоңыр бояу
Пастель-живопистік құрғақ, бор тәріздес бояу.
ІІІ. Сарамандық жұмыс
Белгілі түстер арқылы белгісіз түсті анықта. Натюрморт орындалуында реңдік қатынасты, бояу түстерін анықта.

IV. Сабақты бекіту, бағалау
Натюрморт суреттерін тексеріп, қателерін жөндеу, шығармаларын тыңдап талдау.
V. Үйге тапсырма:
Түстік шеңбер жасау, пейзаж салу

Ұқсас жұмыстар
Отбасы. өткенді қайталау
Алғашқы гүлдер
Жылы және суық түстер қоспасы. жылы және суық түсті бояумен жұмыс
Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар
Бояулар сыры. түстердің түс шеңберінде орналысыуы
Қуыршақтардың киімдерінің түстері
<<түстер әлемі>>
Суретшілер әлемінде сайысы (сыныптан тыс шара)
Құлыншаққа арналған жол
Жол белгісін білеміз бе
Пәндер