Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кәсіби қазақ тілі сабағында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану

Баяндама

Кәсіби қазақ тілі сабағында
деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану
Қажығалиева Ф.Б-<<Еуразия>> гуманитарлық-экономикалық
колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Қазақтың ұлттық тұтастануы үшін
табан тірейтін негізгі тұғыр-мемлекеттік тіл ретінде
қазақ тілін дамыту...
Дауға салса- алмастай қиған, әрі қару, әрі қалқан болған
әрі байырғы, әрі мәңгі жас,отты да
ойнақы Ана тілінен артық бұ дүниеде қымбат
не бар екен?
Н.Ә.Назарбаев
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай <<сілкіністер>> бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы <<білу аз, сол білгеніңді іске қолдана білу>>дейді. <<Әркім қолда барын ұсынады>> деп немқұрайдылыққа салынсақ, алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соны орасың. Мақсатымыз - алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар. Қай заманда, қандай реформа болсын білім беру саласының басты тұлғасы - ұстаз. Мемлекеттік білім саясаты да осы ұстаз арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда оқу орнының, оқытушының қасиетті міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің шәкірт алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны шәкіртке жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді шәкіртің салғырт тыңдап, бейжайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Өлі тыныштық... Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Білім алушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - білім алушы студент. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай студенттің таным белсенділігін арттыруды мақсат ет.Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістер өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап білім беру саласының барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында білім алушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы - бұл студенттің бойындағы ортақ қасиетке байланысты топтарға бөліп оқыту.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі:
Қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапасы артады;
Студенттердің физико-психологиялық ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері дамиды;
Студент өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, шеберлігі шыңдалады;
Жауапкершілігі артады, шығармашылығы қалыптасады;
Жүйелі оқыту принциптері арқылы студент өзін-өзі дамытып, өзін-өзі бағалап, білім деңгейін өсіреді;
Студент өз жұмысына талдау жасайды, қорытынды шығарады, жаңалыққа ұмтылады.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді тұстары

Студенттің пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

Студентті шығармашылық жұмысқа баулиды;
Оқытушының уақытын үнемдейді;

Қосымша мәліметтер береді

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
- студенттің өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- студентті ынталандыруға;
- студент пен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- студенттің өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Өзектілігі-профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы-студенттерді дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.Мәселе - педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен студенттің тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастыру.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.Қорғалатын жағдайлар-деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері. Болашақта оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере отырып,дамыту,ғылыми жетістіктер мен педагогикалық тәжірибелерді жаңартуға, оқытушыларды ақпараттық қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет етеді.
Оқытушының міндеті-білім алушының төменгі ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне жеткізу.
Оқытушы үнемі үздіксіз еңбек үстінде көрінуі тиіс. Орыс педагогы Ушинскийдің: <<Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатса оның мұғалімділігі де жойылады.>>деген сөзін есте ұстағанымыз жөн.
<<Еңбексіз талант-тұл>> дегендей уақыт көшінен қалмай, өркениетті елдермен тереземіз тең болуы үшін ұрпақ алдындағы борышымызды естен шығармайық.

Ұқсас жұмыстар
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы
Деңгейлік оқытудың математика сабағында тиімділігі
Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс жасауда қолданылуының тиімділігі
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу
Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Өндірістік оқу сабақтарында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану
Инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары Открытая школа
Білім технологиялары
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару
Пәндер