Саяси кейстің құрылымы

Дебат-пікірталас ойыны.

Негізгі мақсаты: оқушының ой-өрісін дамыту, іздендіру, мәдениет-тілікке тәрбиелеу.

Негізгі ережелер: құрылымды сақтау, әр топта 3 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық, шындық, сыйластық.

Карл Поппер форматындағы дебат.

Кейс.

1. Саяси кейс(рр) ;

2. Құндылық кейс(варо) .

Саяси кейстің құрылымы:

1. Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата (БП) ұсынады)

2. Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3. Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен, газеттен) айту)

4. Мәселе (проблема)

5. Мәселе өзектілігі

6. Себептер (мәселенің себептері, кем дегенде үшеу болу керек)

7. Шешу жолдары (әр себепке шешу жолын ойлап табу)

8. Атқарушы органдар (мәселелерді кім шешетінін айту)

9. Қаржы (мәселені шешуге қажет қаражат)

10. Уақыт (жұмыстың қай аралықта жүргізілетіні)

11. Нәтиже (қорытынды)

✔ Мәселені шешуге арналған жоспар құрылады.

Ойын барысы:

Спикер
Уақыт
Спикердің рөлі
: 1
Спикер: Жақтаушы 1
Уақыт: 6 минут
Спикердің рөлі: Команданы таныстырады. Кейспен таныстырады.
: 2
Спикер: Даттаушы3-Жақтаушы1
Уақыт: 3 минут
Спикердің рөлі: Даттаушы 3 Жақтаушы1-ге сұрақтар қояды.
: 3
Спикер: Даттаушы1
Уақыт: 6 минут
Спикердің рөлі: Өз командасымен таныстыру. Жақтаушы 1-дің кейсін (келіспейтін жағдайларын) даттап, қарама-қарсы өз командасының кейсімен таныстырады.
: 4
Спикер: Жақтаушы3-Даттаушы1
Уақыт: 3 минут
Спикердің рөлі: Жақтаушы3 Даттаушы1-ге сұрақтар қояды.
: 5
Спикер: Жақтаушы 2
Уақыт: 5 минут
Спикердің рөлі: Даттау тобының айтқан даттауларына жақтау айтып, өз кейсін қалпына келтіреді.
: 6
Спикер: Даттаушы1-Жақтаушы2
Уақыт: 3 минут
Спикердің рөлі: Даттаушы1-Жақтаушы2-ге сұрақтар қояды.
: 7
Спикер: Даттаушы 2
Уақыт: 5 минут
Спикердің рөлі: Даттауды жалғастырады. Жақтаушы 2-нің кейбір сөздеріне өз түсініктеме-лерін айтады.
: 8
Спикер: Жақтаушы1-Даттаушы2
Уақыт: 3 минут
Спикердің рөлі: Жақтаушы1 Даттаушы2-ге сұрақтар қояды.
: 9
Спикер: Жақтаушы 3
Уақыт: 5 минут
Спикердің рөлі: Ойын барысына қорытынды анализ жасайды, өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.
: 10
Спикер: Даттаушы 3
Уақыт: 5 минут
Спикердің рөлі: Ойын барысына қорытынды анализ жасайды, өздері ұсынған механизмнің ұтымдылығын айтады.

• Қосымша 8 минут беріледі. (Дайындыққа, сұрақтар дайындауға )

Құндылық кейстің құрылымы:

1. Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата (БП) ақталады деп есептейді)

2. Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3. Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен, газеттен) айту)

4. Философия ()

5. Аргументтер()

6. Қорытынды.

✔ Ойын барысы (спикердің рөлі, уақыт) саяси кейспен ұқсас.

✔ Дұрыс-дұрыс емес, ақталады-ақталмайды формасында қарастырылады.

Ескерту:

❖ Командалар жақтау мен даттау позицияларына дайын болу керек.

❖ Позиция ойынға 15 минут қалғанда анықталады

(теңге лақтыру арқылы) .

Қызылсая орта мектебінде қазақ тілі семинарында өткізілетін дебат ойынының тақырыптары:

1. Мемлекеттік тілді насихаттаудың ұтымды механизмі(І ойын),

2. Орыс тілін ресми тіл статусынан алып тастау ақталады ма?.


Ұқсас жұмыстар
Сипаттау әдістері
Қазақ халқының сөз өнері
Саясат және оның қызметтері
Моңғол - татар шапқыншылығы
Билеттер
Қытайда феодалдық құрлыстың орнауы
Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Орыс жерінің мәскеу төңірегіне бірігуі
Жапониядағы феодалдық құрылыс
Қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz