Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармалары бойынша АКТ қолдану, топтық жұмыс пен формативті бағалауға негізделген сабақ жоспары

Мұғалімнің жазбалары
Тренердің жазбалары
Мұғалімнің жазбалары:

1-тапсырма. АКТ модулін пайдаланып, оқушылар 1936-1938 жылдар. Нарын. Бөкей ордасы. Ереуіл сөздеріне ассоциация жасады. «1936-38 жылдарИсатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерлісі болған жыл. Нарын - Махамбеттің туған жері. Ереуіл-көтеріліс, қарсылық, наразылық» деп слайдқа жазды. (2мин)

2-тапсырма. М. Өтемісұлының өмірі мен шығармаларынан алған білімдерін еске түсіру мақсатында 5, 6, 7-сыныптардағы материалдар бойынша тест алынды. Тест 5 сұрақтан тұрды. Әр сұрағына 1 ұпай қойылды. Тест жұмысының кретерийі слайд арқылы көрсетілді. Топтардағы оқушылар бірін -бірі тексеру арқылы бағаланды. Оқушылар қойған баға мұғалім арқылы оқушылардың тізімі жазылған әр топтың бетшелеріне қойылды. (2 мин)

3-тапсырма. Махамбет Өтемісұлы кім Махамбет поэзиясы нені ту етті? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін оқулықтың 45-46- беттеріндегі берілген мәліметтерді оқыңдар. Оқулықпен қоса, қосымша материалды, интернетті пайдаланыңдар. АКТ модулін басшылыққа ала отырып, интернеттен «Қазақ рухының алдаспаны» тақырыбын алып, оқулықты пайдаланып, М. Өтемісұлының өмірі, шығармалары, толғауларының тақырыптары туралы жазды. Тапсырмаға дайындалғанда, диологтік әңгімесімен топ мүшелері өзара сөйлесіп, ақылдасып алды. Содан кейін орындалған тапсырманы әр топ топ мүшелерімен тақта алдына шығып, постермен қорғады. Тыңдаушы топ постер қорғаушы топтың айтқандарына бағалау белгісін көтеріп отырды. Формативті бағалау жүрді. 3-тапсырма бойынша (1-топ) «Дарын» тобы Махамбеттің өмірі мен шығармаларын кешенді талдау үлгісімен түсіндірді D:\зейнегул\SAM_0708.JPG Мұнда «Ойын жүйелі жеткізуі», «Топтың ойын бейнелеу шеберлігі», «Тақырыпты меңгеруі» критерийлерімен «Жалын» (2-топ) тобы бағалады. Формативті бағалау жүрді.

«Жалын» (2-топ) тобы драмалық көрініс түрінде бейнеледі. Баймағамбет сұлтан рөлінде Мағжан, Махамбет рөлінде Жанжігіт ойнады.

D:\зейнегул\SAM_0705.JPG

Бұл екі оқушыны «Ақиық» тобы (3-топ) «Тақырыпты ашуы», «Дауыс мәнері», «Образға енуі» критерийлерімен бағалады . Формативті бағалау жүрді.

«Ақиық» (3-топ) тобы бұл тақырып бойынша Қазақстанның картасын салып, Махамбеттің туған жері, көтеріліс болған аймақты көрсетті.

D:\зейнегул\SAM_0706.JPG

Мұнда «Тақырыпты ашуы», «Карта салудағы шеберлігі», «Сөйлеу мәдениеті» критерийлерімен «Дарын» (1-топ) тобы бағалады. Формативті бағалау жүрді.

(Смайликтер, математикалық фигуралар: «өте жақсы»-бес тармақты жұлдыз, «жақсы»-төртбұрыш, «орташа»-ұшбұрыш, бағдаршам; «өте жақсы» жасыл түс, «жақсы»-сары түс, «орташа»-қызыл түс.

Оқушылар өздерінің қойған бағаларын неліктен солай қойғанын дәлелдеп айтып отыруы (6 мин)

4-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар. Мұнда да оқушылар берілген тапсырманы диологтік әдіспен толықтырып алды. Бұл кезде өзім әр топты байқап, бақылап, зер салып қарап жүрдім. Өлеңді өздері оқып алды, содан кейін «Дарын» тобынан Ақтоты, «Жалын»тобынан Мағжан, «Ақиық» тобынан Тоты оқыды. Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы дарындылығын байқауға жасаған критерий бойынша бағалау бетшесіне формативті бағалау жаздым. Оқушылардан да кімнің қалай оқығанын сұрадым. Оларда Мағжанның оқу мәнеріне «өте жақсы» деген баға қойды. Осы жерде Мағжанның мәнерлеп оқу дарындылық қабілеті танылды. Олардыңда ойы менің бағалауыммен бірдей болды. Мәнерлеп өлең оқыған оқушыларға қол шапалақтап марапат жасалуы (5 мин)

1-топқа. 5-тапсырма. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы не? Өлеңде ақын қандай мәселе көтерген? Өлеңдегі лирикалық кейіпкер кім? Лирикалық кейіпкерге сипаттама тапсырмасын «Дарын» тобы постер арқылы қорғады. Постердегі ойлары суретпен беруде Мақсаттың, Ақмоншақтың сурет салатындығын байқадым, ал Ақмоншақтың өлеңнің идеясын ашуда өмірмен байланыстыра отырып, ойын жүйелі жеткізе білетіндігін байқадым.

D:\зейнегул\SAM_0716.JPG

Мұнда «Тақырыпты ашуы», «Постердегі суреттегі оқушы фантазиясы», «Постерді қорғауы», «Жауаптың дұрыстығы» критерийлерімен топ арасында бағалау жүрді. «Дарын» (1-топ) тобын «Жалын» (2-топ) тобы бағалады. Формативті бағалау жүрді.

2-топқа 5-тапсырма. Өлең құрылысына талдау, тіл ерекшелігіне талдау, өз көзқарасын білдіру еді. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді диалог әдісін, ес картасын қолданып, өлең құрылысына, тіл ерекшелігіне талдады. Бұл тапсырма кезінде де топ мүшелері диологтік әдіспен тапсырманы бір-бірімен ақылдасып, сөйлесіп, талқылап алды. Талдауларын ес картасына салып, постермен қорғады.

D:\зейнегул\SAM_0715.JPG

Мұнда «Әдебиет теориясы бойынша білім денгейі», «Тақырыпты меңгеруі», «Сөйлеу мәдениеті», «Жауаптың дұрыстығы» критерийлерімен топ арасында бағалау жүрді. «Жалын» тобын (2-топ) «Ақиық» тобы(3-топ) бағалады. Формативті бағалау жүрді.

3-топқа 5- тапсырма. «Махамбет аңсаған азаттыққа біз қалай қол жеткіздік?» тақырыбында эссе жазу. Оқушылар тапсырманы постер арқылы қорғады.

D:\зейнегул\SAM_0714.JPG

Тәуелсіздікке жетудің тарихи кезеңдерін оқулықтан тыс мәліметтер арқылы Ақтолқын сызба түрінде, ал Нұрайна жүректен шыққан өлең шумақтары арқылы жеткізді:

Есет, Досан, Махамбет пен Исатай,

Батырларым жауға шапқан аянбай.

Көтеріліс пен соғыстардың соңында

Азаттыққа жеттік біздер осылай.

Осы тапсырма барысында Ақтолқынның сурет салуға ерекше қабілеті, Нұрайнаның өлең шығара алатын қабілеті көрінді. Мұнда «Тарихи білім денгейі», « Ойын жүйелі


Ұқсас жұмыстар
М. Өтемісұлының Қызғыш құс өлеңі бойынша сабақ жоспары: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығын талдау
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы: тарихи-әдеби талдау
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы (9-сынып, қазақ әдебиеті)
9-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы: 8-сынып қазақ әдебиеті сабағы
Дауылды жылдар жыршысы тақырыбындағы сот сабақ: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет оқуы: Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы және патриоттық тәрбиесі
8-сынып: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы - өр рухты ақын
5-сынып әдебиеті: Махамбет Өтемісұлының Қызғыш құс өлеңінің сабақ жоспары
Махамбет Өтемісұлының Жалғыздық пен Мен құстан туған құмаймын өлеңдерін талдау және сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz