Аспан әлеміне саяхат


БҚО, Жаңақала ауданы,
Қызылоба ауылы
«Е. Ш. Орақбаев атындағы жалпы
орта білім беретін метебі» КММ
І-санатты
физика пәнінің
оқытушысы
Батырова Толқын Нәсиқызы
Аннотация
Бағыты: « Ғылыми-техникалық прогресс-экономикалық
дамудың сатысы ретінде»
Секциясы: Физика
Автордың аты-жөні: Сүндетова Диана Талғатқызы
Тақырыбы: «Аспан әлеміне саяхат»
Зерттеудің мақсаты:
- Көк аспанның таңғажайып сырларымен танысу, ғылымның адам өміріне қосқан үлесін зерттеу, тану;
- Қазіргі заман талабына сай ғылыми-техникалық процестерді игеріп, өз мүмкіндігімді ашу;
- Ғарыш дәуірінің басталуы, оны игерудегі жетістіктер жөнінде танысып, жеке шығармашылығымды кеңейту.
Зерттеудің бөлімдері:
- Кіріспе
- Аспан ұғымы оның пайда болуы
- Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын дүниетанымдық ұғымдар.
- Адам-ғарыштық тіршілік иесі.
- Қорытынды. «Мен және менің кеңістік әлемім»
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Адам баласы ғарыш көгіне көтеріліп, ашық космосқа жол ашты. Жерді және оның байлығын ғарыш кеңістігінен зерттеудің пайдалы жақтары ойластырылуда. Дүние жүзінің көптеген ғалымдары адамзаттың әрі қарай өмір сүруіне қажетті жетістіктерді ғарыштан табамыз деп болжам жасауда. Сондықтан Қазақстан жастарын ғарыш ғажайыптарын игеруге үйретсе, әлемдік дамуымызға қосар үлесімізде тарихи қадам болар еді.
Адам баласының қоғамдық дамуы үздіксіз өсіп, өрістеп отыратын күрделі процесс. Қаншама болдым-толдым десе де адам баласы қол жеткен табыстармен шектеліп қала алмайды, ол әрқашан көбірек білуге құштар болады да тұрады. Өйткені, бізді қоршаған әлемде әлі де болса ашылмаған сырлар, шешілмеген жұмбақтар, жүрілмеген жолдар баршылық. Адам баласының ұшқыр ойымен ақылы әлем құрылысының таңғажайып сырларын ашуға бағытталғанымен ХХ ғасырға дейін планета аралық кеңістікті зерттеудің ғылыми негізін жасауға мүмкіндік болмады. Ракеталық-космостық техниканың тұңғыш ғылыми негізі қаланғанына көп уақыт болған жоқ. Ол туралы ойлар алғаш рет Циолковский еңбектерінде қарастырылды. Әлемнің және аспан денелерінің пайда болуы және құрылымы жөніндегі алғашқы мифтік түсініктерге ертедегі грек философиясының көрнекті өкілдерінің бірі Гераклит көзқарасы бойынша бізді қоршаған /ортаны/ әлемді құдай да, адам да жаратпаған. Ол бірде жанып, бірде сөніп тұратын мәңгі от.
Грек материализмінің шарықтау шегі біздің заманымызға дейін V-VІ ғасырларда өмір сүрген Демокриттің көзқарастарымен ұштасады. Оның айтуынша, аспан әлеміндегі Ай, Күн және жұлдыздар уақытқа байланысты өзгеретін, шексіз кеңістіктегі материалдық денелер. Ай да Жер тәрізді, онда да жердегі сияқты биік таулар мен жазық далалар бар деп есептейді.
Аристотель философиясынан нәр алған, сол философияға негізделген біздің заманымызға дейінгі ІІ ғасырда өмір сүрген Птоломей Жер - бүкіл әлемнің орталығы, оны Ай, Күн, Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн планеталары айналып жүреді, сонымен бірге олар қозғалмайтын жұлдыздармен қоршалған деп геоцентрлік жүйе ұсынды.
Италияның екінші ұлы ғалымы, тамаша техник, инженер, дарынды физик және астроном, ерекше талантты Галилео Галелей 1610 жылы адам баласы тарихында алғаш рет өзі жасаған телескобын аспан кеңістігіне бағыттап, сол кезге дейін ешкім көріп білмеген әлем құпияларының көптеген сырларын ашты. Ол «Құдіретті» Күн бетінде қара дақтар бар екенін, Айдың беті таулар мен кратерлерге толы екендігін, Юпитерді айналып жүрген 4 серігі бар екендігін анықтады.
Атақты неміс ғалымы Кеплер /1571-1630/ Галелейдің тірі кезінде-ақ Коперник ілімімен дат астрономы Тихо Баргеннің кестелерін негізге ала отырып, пленаталар қозғалысының атақты үш заңын ашты. Кеплер заңдары планеталардың Күнді айнала қозғалуы қандай күштің әсерінен болатынын түсіндіре алмайды.
Бұл сұраққа жауап берген ағылшын ұлы ғалымы И. Ньютон болды. Ол өзі ашқан бүкіләлемдік тартылыс заңы арқылы планеталар қозғалысын, олардың Күннен айналу себептерін түсіндіріп берді.
Әлем және құрылымы туралы адам баласының көзқарастары осылай дамып қалыптасты. Енді журналистердің ғалымдарға сұрақ қоюына болады.
Аспан ұғымы, ол қалай пайда болды?
Бірде мен кешкілік төсекте жатып, терезе саңылауынан бір жарықты көрдім. Бұл жарқыраған не деп, тұрып терезеден сыртқа көз салдым. Аспан көгінде жарқырап тұрған жұлдыздар. Қарап тұрсаң жұлдыздардың өрнектері түрлі пішіндер құрайтынын көресің. Әсіресе, жетіқарақшы ерекше көзге түседі екен. Осылай қарап тұрғанда маған мынадай ойлар келді:
«Аспан ұғымы, ол қалай пайда болды?», «Таңертең туатын жұлдыз ба, әлде . . . », «Көк аспанның ар жағында не бар?» «Жұлдыздар қалай пайда болды?». Осы сұрақтарға жауап тапқым келді де, «Аспан әлеміне саяхат» деген тақырыпта зерттеу жұмысын бастадым.
Аспан күмбезі-бақылаушыға киіз үйдің төбесі сияқты болып көрінетін күмбез. Күн, Ай, Жұлдыздар, т. б. аспан шырақтары бізден өте қашықтықта болғандықтан, олардың арақашықтығының айырмашылығы бізге сезілмейді. Сондықтан олар Аспан күмбезінде орналасқандай әсер береді. Ашық далада аспан жалпайып көрінеді, яғни күмбездің төбесіне қарағанда, оның іргесі (көкжиек) қашықтығындай болады. Биік үйдің қасында тұрған адамға аспан күмбезі көкжиекке қарағанда биік болып көрінеді. Ауа қабаты көгілдір, көк, күлгін сәулелерді күштірек шащырататындықтан аспан күмбезі көк түсті болып келеді. Аспан денелеріне жұлдыздар /соның бірі-Күн/, планеталар (планета грек сөзі - кезбе деген мағынаны білдіреді), /соның бірі-Жер/, планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Күн төңірегіндегі планеталардың жолын орбита деп атайды. Орбита /латын сөзі/- із, жол.
Жұлдыз жүйелері шар немесе оралым бұтақтары тәріздес шоғырларды құрайды. Оларды галактикалар деп атайды. Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігін Біздің галактика деп атайды. Онда 150 млрд-тай жұлдыздар бар. Күн - бізге ең жақын, қатардағы орташа жұлдыз. Бір секундта 3 шақырым жылдамдықпен таралатын жарық Күннен жер бетіне 8 минутта, ал Біздің галактиканың бір шетінен екінші шетіне жүз мың жылда жетеді.
Күн жүйесі . Күн - негізінен сутегі мен гелийден тұратын қызған алып шар. Ол жерден 150 млн. км қашықтықта орналасқандықтан, аспан күмбезінде кішкене ғана көзді ұялататын жарық дөңгелек болып көрінеді.
Күннің ені Жердікінен 109 есе үлкен, ал Күнді құрайтын заттардан біздің Жер шарымыздай 330 мың Жер шарын жасауға болар еді. Күн бетінің температурасы 6000 градус, ал Күн центріне жақын қойнауында температура тіпті 15 млн. градусқа дейін жетеді. Адам ақыл-ойы жете бермейтін мұндай жоғары температурада Күн құрамындағы заттар өзгерістерге ұшырайды: сутегі «жанған» сияқты бірте-бірте гелийге ауысады. Осылайша Күн құрамындағы заттар Жер бетіндегі тіршілік көзі болып отырған жарық пен жылуға айналады.
Жарқырап жанған сайын Күн еріп, бірте-бірте массасын кішірейте түседі. Алайда Күн массасы өте үлкен болғандықтан ол тіпті осындай затпен энергияның шығынына қарамастан, әлі де миллиардтаған жылдар бойы сәулесін төге береді.
Күн бетінен әрдайым қара қоңыр дақты байқауға болады. Мұнда Күн газдың температурасы Күн бетінің басқа жағына қарағанда бірнеше жүздеген градус салқын. Сондықтан дақтар қара қоңырлау болып көрінеді. Күн дақтарының саны белгілі бір кезеңге байланысты өзгеріп, ал олардың саны, шамамен, әрбір 11 жылда ең көбею шегіне жетіп отырады. Дәл осы кезде астрономдар Күннің белсенділігі артты деп есептейді. Бұл кезде Күндегі процестердің барлығы да қауырт жүреді, Күн сәулесінің мөлшері артады. Мұның өзі біздің планетамыздағы тіршілікке де әчер етеді. Күннің белсенділігі күшейген жылдары поляр шұғыласы жиі байқалып, ауа райы құбылмалы келеді.
Күннің бізге тигізетін зиянды әсерінен қорғайтын жолды белгілеу үшін ғалымдар Күн мен Жердегі құбылыстардың өзара байланысын зерттеуде.
Күннің барлық айнала төңірегінде күн атмосферасы орналасқан. Ол Күннің көзі сияқты негізінен сутек пен гелийден құралады. Күннің толық тұтылу кезінде, яғни ай Күннің бетін түгелдей жапқанда Күн төңірегінде бірнеше минут бойы Күн тажы-ұзын шашақты аппақ күміс түсті жарқыл пайда болады. Бұл нағыз-Күн атмосферасының ең сыртқы қабаты.
Күн кеңістікке үздіксіз түрде көптеген ұсақ бөлшектерді-протондарды, электрондарды және басқа заттарды шығарып тұрады. Заттың мұндай бөлшектері Күн желі деп аталады және ол бүкіл Күн жүйесіне таралады. Кейде Күн атмосферасында күшті қопарылыстар-Күн оталулары байқалады. Бұл кезде Күннің қопарылыс болған жерінен көп мөлшерде өте шапшаң бөлшектер оқша «атыла» бастайды. Кейбір оталулар ашық космоста немесе Айда экспедицияда жүрген космонавтарға қауіпті болып есептеледі. Ғалымдар Күн оталуларын алдын-ала болжап айту және онан қорғану тәсілдерін ойластырып жатыр.
Күн-біздің планетамыздағы тіршілік көзі. Күн сәулесінің энегиясынсыз Жердегі тіршіліктің болуы мүмкін емес. Күн энергиясы әртүрлі қондырғыларда: күн пешінде, тұзды теңіз суын тұщыландырғышта кеңінен қолданылады. Күн космос кораблі мен автоматтық станциялардың барлығына да қондырылатын күн батареясы үшін де энергия көзі болып табылады.
Күн мен оның төңірегінде айналып жүретін аспан денелерін тұтас алғанда күн жүйесі дейді. Оның құрамына біздің Жерде кіреді.
Жер- Күн жүйесіндегі үлкен шар үшінші планета, көлемі бойынша 5-орында. Жер-Күн жүйесіндегі бірден-бір тіршілігі бар планета, ол орбита осімен Күнді айналып отырып, жыл мезгілдерінің ауысуын жүзеге асырады.
Жер Күнді орта есеппен 150 млн км қашықтықта айналады. Жерге қарағанда Шолпанның орбитасы күнге 40 млн км жақын, ал Марс одан 78 млн км алыс орналасқан. Жерде ғана ауа бар. Жер өз бөлігінен 24 сағат уақытта айналым жасай отырып, Күнді 4 жылда 1 айналып шығады.
Полюстері жағынан сәл қысыңқы жердің формасы нақты шар емес.
Жердің көлемі 510 млн км 2
Жердің бетіндегі судың көлемі 360, 6 млн км 2
Планеталар дың көлемі әр түрлі. Соған қарап, оларды екі топқа бөледі.
Бірінші топқа көлемі орасан зор алып планеталар-Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун жатады. Мұндай үлкен планеталар негізінен су мен газдан тұрады. Екінші топтағылар жер тектес планеталар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс. Ал Плутонның құрамы қандай екені әлі әзірше белгісіз.
Меркурий, Шолпан, Жер және Марс төртеуі күнге басқалардан гөрі жақын орналасқан. Бұлар тастақты қатқыл заттардан, металдардан және солардың оттегімен қосылыстарынан тұрады. Оларыдң құрамында жеңіл газдар мен су аз кездеседі. Үлкен планеталардан басқа да Күнді айналып жүретін мыңдаған ұсақ планеталар бар. Оларды астероид деп атайды. Церера деп аталатын ең ірі астероидтың диаметрі 770 км. Күннің серігіне кометалар да жатады. Кометаның газ, тозаң құйрығы жарқ етіп, түнгі аспанды сызып өтеді. Оны «жұлдыз ақты» деп қызықтай қарамайтын кісі жоқ. Астероидтар мен кометалар біртіндеп жанып бітіп жатады. Олардың осындай жанып біткен ұсақ бөлшектерін комета дейді. Кометалар атмосфераға кіргенде жанып кетеді. Оның түгел жанып үлгермеген құйма тас, темір сияқтанған кесектерінің жерге де түсетіні болады. Планеталардың арасындағы кеңістіктердің бәрі космос әлемінің тозаң-түйіршіктері мен газ әлемдеріне толы. Аспан әлеміндегі барлық денелердің қозғалысы мен күн жүйесіндегі планеталардың айналасын басқаратын күш -әлемдік тартылыс күші.
Ең үлкен планета қайсысы?
Бүкіл Күн жүйесіндегі ең үлкен, ең ауыр планета-Юпитер /Есекқырған/. Ол жерден 13 есе үлкен, егер Юпитерді үлкен алма деп есептесек, жер онымен салыстырғанда бұршақтай ғана болып қалар еді. Юпитермен жердің салмақтарын салыстырсақ былай болып шығады: таразының бір басын жаңағы үлкен алма Юпитерді қоямыз. Ал онымен тең басу үшін таразының екінші басына тура бір уыс, тіпті одан да артық 318 бұршақ салу керек, міне Юпитер Жерден сонша есе ауыр. Юпитер жерден өте алыс, сондықтан сәулелі белгілердің өзі оған дейін ұзақ уақыт жүреді. Юпитердің беті Жердің, Айдың, Марстың беттері сияқты қатты қабаршақты емес, бүкіл планета қалың, тығыз атмосферамен тұмшаланған алып мұхит. Юпитердің бір өзінде 14 серік бар, бұлардың кейбіреуі әжептәуір үлкен. Мәселен, Ганимед деп аталатын серігі Меркурий планетасынан үлкен. Юпитердің сұлбасындағы ең қызық нәрсе-оның қызыл теңбіл дағы. Бұл дақтың үлкендігі сондай, ол тіпті жердегі телескоптан да көрінеді. Ғалымдар оны баяғыдан бері бақылап жүр. Теңбіл дақ үнемі бір жерде тұрады, оны бұлт баспайды және не үлкеймейді, не кішіреймейді. Бұл бір жұмбақ сыры.
Аспанда қанша жұлдыз бар?
Жұлдыздардың бізден алыстығы сондай, олар Күнмен салыстырғанда құртақандай ғана болып көрінеді. Бірақ қандай көп! Бүкіл аспан жылтыраған, алыс та сырлы Күндерге толып тұр!Қанша екен өздері? Санауға бола ма?
Адамдар баяғы замандарда-ақ аспанда қанша жұлдыз барын білуге құмартқан. Түнде ұйқыдан безіп, аспандағы жұлдыздарды бақылап қарайтын адамдарды, жұлдызшы деп атаған, кейінірек бұларды астраном дейтін болды, мұндағы «астр» - «жұлдыз» деген сөз.
Аспанды дұрыс бағдарлау үшін олар көк күмбезін шартты түрде аудандарға бөліпті, ал жұлдыздарды топқа, шоғырларға жіктеген. Әр топтағы ең көрнекті, ең жарық жұлдыздарды ойша ұқсайтынын жобалаған. Сонда жұлдыз топтарының сұлбасы аңға, құсқа, адамға, әр түрлі затқа үйлес тәрізді көрінеді. Сөйтіп, аспан әлемінде тұтас бір хайуанаттар қорығы «пайда болды». Мұнда не жоқ десеңізші! Жираф пен Жылан, Аққу мен Шаян, Балық пен Түлкі . . .
Кейбір шоғырлар ертегілер мен мифтердің кейіпкерлерінің атына ие болды-Андромеда, Кассипея, Орион, Геркулес деген сияқты . . .
Сөйтіп, жұлдыз патшалығын танып-білу біршама жеңілдеді. Астрономдар үңіліп тұрып санағанда жұлдыздардың ұзын саны 3 мың екен. «Қалайша небәрі үш-ақ мың ба?»-десті олар таңырқап. - Мүмкін емес! Сірә, адамның көзі онша өткір болмаса керек. Енді олар жұлдызды аспанға дүрбі-көру түтігі арқылы қарайды. Шынында да жұлдыздар он есе көп болып шығады! Көру түтігі арқылы бұрын әлсіздігінен мүлде байқалмаған қаншама жұлдыз көрінеді.
Егер көру түтігі де алғыр «қырағы көз» жасап шығарса, мүмкін, бұдан да алыста тұрған жұлдыздарды көрудің сәті түсер, -десті олар.
Мұндай «қырағы көз»-телескоп болып шығады, оның көрген жұлдызының көптігі сонша, ешкім санына жете алмай, көмекке машина-роботты шақыруға тура келеді. Машина «Аспандағы жұлдыздың саны-шамамен алғанда 200 миллион».
Мәссаған! Машинаның өзі нақпа-нақ санап шыға алмайды, тек шамамен мөлшерлейді. Жұлдыз қандай көп, тіпті ойша елестетудің өзі қиын!
Осыншама жыпырлаған жұлдызды қайтсең есте сақтап қаласың? Ғалымдар мұның да амалын ойлап тапты-әр жұлдызға жеке паспорт ашу керек. Ал паспортта ең мәнді деректер көрсетілуге тиіс. Мәселен, жұлдыздың есімі немесе рет саны, өйткені бәріне бірдей ат таба алмайсың! Содан соң жұлдыздың көк күмбезіндегі нақты тұрағы, бұл-керек кезінде бірден тауып алу үшін. Одан ары- жасы, мөлшері және түсі. Өйткені жұлдыздар әр қилы болады: қартаң немесе өте жас, алып немесе ергежейлі, жанып тұрған немесе сөніп қалған. Жұлдыздардың түстері де әртүрлі, бұл-олардың температурасына байланысты. Егер жұлдыз өте ыстық болса-оның түсі аппақ немесе көгілжім, егер біздің Күн сияқты, басқалармен салыстырғанда «салқындау» болса-сарғыш немесе қызғылтым келеді, мүлде суып кеткен жұлдыздар да бар, олардың түсі батар Күн сияқты қып-қызыл болады, онда жарықта, жылу да шамалы.
Ғалымдар жұлдыздарды бақылау және зерттеу жұмысын обсерватория деп аталатын, ерекше жабдықталған астрономиялық ғимараттарда жүргізеді. Әдетте, обсерваториялар қала сыртында, завод мұражайларының түтіні мен шаңынан аулақта немесе тіпті ауасы айрықша таза әрі тұнық болатын таулы жерде орналасады. Аспан ашық болған жағдайда ғана жұлдыздарды қапысыз бақылауға болады.
Астрономдардың көмекші «көзі»- телескоп өздері үшін арнайы
салынған, төбесі күмбезді, мұнара үйлерге орнатылады. Кеш батысымен күмбез шатырлар жылжып ашылады да, «қырағы көз»-телескоптың түнегі аспанға бағытталады-қиян биікте жамырай жымыңдап, өзіне шақырып тұрған беймәлім нысанаға алады.
Телескопты кім ойлап тапқан?
Алыстағы нәрселерді жақындататып және үлкейтетін алғашқы аспаптарды Голландияда 1608 ж. Ойлап шығарған. Оларды көзілдірік жасайтын адам ойлап тапқанға ұқсайды. Галилео Галилей бір жылдан кейін осы өнер табысы туралы естіп, түнгі аспанды бақылау түтігі бірі біріне кіретін екі түтікшеден тұратын болған. Түтікшелердің ұштарына ол линзаларды орнатты. Олардың біреуі дөнесі, үлкендеу болып обьектив жұмысын атқарды. Бақа линза, кішірегі, ойыс болды және окуляр жұмысын атқарды. Ол арқылы бақылау жүргізіллді. Бұл телескоп 30 есе үлкейтуді берген. Галилей Айды, планеталарды, жұлдыздарды зерттеген. Ол Күн жүйесіне қатысты көп маңызды жаңалықтар ашқан. 1668 ж Иссак Ньтон айналы телескоп ойлап шығарды. Ол линзаларды айнамен алмастырды, соның нәтижесі кескінің айқындығы өсті. 1758 ж. Түсті контурларды бармейтін, хроматикалық линзалар ойлап шығарылды. Қазіргі астрогомиялық бақылауларға арналған ең үлкен телескоптардың барлығы-айналы.
Тәжірбие:
Қажетті нәрселер: беті ойыс айна, жазық айна, үлкейтетін шыны, терезе
Тәжірбие кеш құрым терезеден Ай көрінген кезде жүргізіледі.
Тәжірбие барысы:
- Айнаны ойыс беті жағымен Айға қарай орналастыр.
- Терезе алдында жазық айнаны, одан ойыс айнада шағылылысқан Ай көрінгендей етіп орналастыр.
- Енді үлкейтетін шыныны алда жазық айнадағы Айдың кескініне қара.
Нәтиже: Жазық айнада Ай жақын секілді көрінеді, ал үлкейтетін шыны кескінді тағы да үлкейте түседі.
Өйткені: Ойыс айна Ай кескінін шағылыстырып жақындатады. Жазық айна осы кескінді дәл береді, ал үлкейтетін шыны өз кезегінде оны тағыда үлкейтеді. Айналы-линзалық телескоптар осы принцип бойынша жұмыс істейді.
Ең қарапайым телескопты жасап көр.
Қажетті нәрселер: екі үлкен шыны, диаметрінің сәл ғана айырмашылығы бар екі картон түтікше, скотч;
Тәжірбие кеш құрым Ай жақсы көрінетін кезде жүргізіледі.
Тәжірибе барысы:
- Бір түтікшені екіншісіне кіргіз де бір ұшына скотчтың көмегімен үлкейтіп шыныны бекіт.
- Айға үлкейтетін шыны жағынан қара, ал басқа шыныны қарама-қарсы ұшының алдында ұста. Түтікті не бері, не әрі жылжытып сонымен бірге екінші үлкейтетін шыныны жақындатып және алыстатып айқын кескін алғанша телескопты икемдеңдер.
Нәтиже
Сен Айдың кері және үлкейтілген кескінін ала аласың.
Өйткені
Алдыңғы шыны Айдың шығатын сәулелерді жинап, түтіктің ішінде оның кескінін береді. Көзге жақын орналасқан линза бұл кескінді үлкейтеді және Айды жақындатады. Линзалы телескоптар осылайша жұмыс істейді, бірақта шын аспаптар кері емес, дұрыс кескін көрсетеді.
Жұлдыздың құйрығы бола ма?
Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды. Бұрын астрономиялық «қырағы көз» - телескоптар жоқ кезде адамдар құйрықты жұлдызды дұрыстап көре алмаған да, оларды құбыжық, пәлекет санаған.
Қазір «құйрықты» жұлдыздан ешкім де қорықпайды, керісінше ғалымдар оны тағатсыз күтеді.
Аспан әлемі |
Тақырып Ертегілер әлеміне саяхат |
География әлеміне саяхат |
Ғарышқа саяхат |
Сөздер аралы |
Ойын әлеміне саяхат |
Ғарышқа математикамен бірге |
Ғарыш әлеміне саяхат |
Таза бала |
Тақырып Ғарыш әлемі |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz