Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

ОҚО Мақтарал ауданы
Н Оңдасынов атындағы №8 жалпы
орта мектебінің тарих пәні
мүғалімі Абилқасимова Гүлмира Сәдуақасқызы

Мектептегі тәжірибе
сезінде орынлдауға арналған
сегіз тапсырмалар
жиынтығы

Түйіндеме
Мүғалімнің аты-жөні: абилкасимова Гүлмира Садуақасқызы
Жұмыс орны: Н. Оңдасынов атындығы №8 жалпы орта мектебі
Еңбек өтілі:14 жыл
Білімі: Жоғары
Лауазымы: Тарих пәні мұғалімі
Санаты: ІІ
Отбасылық жағдайы: тұрмыс құрған, 2 ұл, 2 қыз
Мекен жайы: ОҚО
Мақтарал ауданы
Қазыбек би а/о
Абиболла ауылы
К. Абилкасимов көшесі №23
Жетістіктері: облыстық, аудандық мектепішілік мадақтама қағаздары

№8 Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі
тарих пәні мұғалімі Абилкасимова Гүлмира
Тренер: Нұрлыбаева Жанат Ілесбекқызы
1.Әріптестермен кеңесу
Мен бірінші Бетпе-бет кезеңіндегі оқыту мен оқу туралы ғылыми және тәжірибелердің жеті модуль негіздемелерімен таныса келе, оны оқу сыныбы жағдайында іске асыру үшін тізбектелген сабақтар топтамасын жасадым. Яғни төрт сабаққа орта мерзімді жоспар, әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар жасадым. Жоспарды жасай отырып, мен оқу және оқыту үдерісінде зерттеу жүргізу, бағдарлама негізіндегі жеті модульді қамти отырып, оқушыға сапалы білім беруді мақсат еттім.
Іс-тәжірибемді Мақтарал ауданы, №8 Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінде бастадым. Мектеп директоры М. Мақұлбеков мырзаға үш айлық оқудың барысын, әр кезеңнің мақсатын баяндап бердім. Мектеп директоры М. Мақұлбеков мырза бүгінгі таңда мұғалім бойындағы бірізділік оқушының қызығушылығын төмендететінін, сондықтан заман ағымына лайықты біліктілікті арттырып отыру керектігін айтып өтті. Іс-тәжірибені бастауға қолайлы жағдай туғызу үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Муталиева Мөлдір апайға жүктейтіндігін айтты.Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Муталиева Мөлдір апай іс-жоспармен таныса келе, мультимедиялық кабинеттегі парталардың жылжымайтындығына байланысты №40 тарих пәні кабинетін реттеп беретіндігін айтты.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Муталиева Мөлдір апай іс-жоспарыммен таныса келе, мультимедиалық кабинеттегі карталардың жылжымайтындығына байланысты №40 кабинет тарих пәні бойынша жабдықталған кабинетті реттеп беретіндігін айтты.
Муталиева Мөлдір апай менімен сұхбат барысында дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың айырмашылығын байқап өз ойын ұсынды. Яғни, әріптестер мен 3 айлы оқу барысы жайлы дөңгелек үстел жүргізсек деген пікір білдірді. Сұхбат барысында мен дәстүрлі оқытуда басымдылық мұғалімге берілсе сындармен оқытудағы басымдылық оқушыға берілетіндігін атап өттім. Сондықтан мұғалім оқушының өз бетінше білім алуына жағдай туғызып бағыт беруші екендігін айттым. Менің ойымды тыңдай келе көптеген мұғалімдер жоспарлаған сабақтарыма қатысып тәжиірбе алмасқысы келетіндіктерін білдірді.

№8 Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі
тарих пәні мұғалімі Абилкасимова Гүлмира
Тренер: Нұрлыбаева Жанат Ілесбекқызы

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе <<пікір алмасу>> барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық)
Мен, теориялық білімімді тәжірибеде іске асыру үшін 7<<А>> сыныбында жұмыс жасауды ұйғардым. Сыныпта 26 оқушы бар. 13 ұлбала, 13 қызбала. Бұл сынып оқушыларының мінез-құлқы, сабақ үлгерімі, сыныптағы психологиялық ахуал маған таныс болмағандықтан, алғашқы қадамымды олармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудан бастадым. Шаттық шеңбер бойына шақырып, өз есімдерін және оған теңеу сөз айтуларын сұрандым. Осылайша олардың есімдерін есімде жақсы сақтауға тырыстым. Екінші қадамым оқушыларға алдағы төрт апта көлемінде бірге жұмыс жасайтынымды айтып өттім. Және алдағы уақытта дәстүрлі сабақ үлгісінде емес жұптасып, топ болып жұмыс жасайтынымызды айттым. Сол мақсатпен топтарда жұмыс істеу үшін алғаш рет топқа бөлу болып өтті. Конфет түстеріне қарай бөлдім. Алғашқы топ болып отыру оқушыларға ұнамады, өйткені олар өз достарымен және жақсы оқитын оқушылармен отырғылары келді. Сол себепті оларға топта жұмыс жасау тиімділігін және топ ережесін жасаттым. Топ ережесінде балалар тәртіп, достық, сыйластық, ауызбіршілік, ұйымшылдық болу керектігін жазды. Алғашқы сабағымда постер қорғауды түсіндіре отырып, оларға барынша еркіндік берілді. Тапсырманы жан-жақты өз қабілеттеріне қарай постерге түсірді. Бұл әрекет дәстүрлі сабақта болмағандықтан, балаларға өте қызықты болып көрінді. Тапсырма орындаған оқушыларға формативті бағалау жүргізіп отырдым. Бұл әрекетім оқушыға үлкен әсерін тигізгенін байқадым. Сабақтың жиынтық бағалауында уақытым жетпеді. Сол себепті келесі сабағымда уақытты үнемді жүргізуді жоспарладым. Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс үшін тілек ағашына стикерлер жапсыруын айттым.
Екінші сабағымда оқушылардың менен қандайда бір жаңалық күтіп тұрғандарын сезіндім сол себептен теориялық білімдегі үйренгендерімді іс-тәжірибеде ұтымды орналастыруға ұмтылдым. Яғни сыныпта барынша белсенді және демократиялық атмосфераның қалыптасуы маңызды екенін байқадым. Мұғалім білімді реттеуші ретінде шыққаннан гөрі, оқытуды белсендіруге, оқыту қатып қалған жұмыстан гөрі пайдалы әрі жағымды саяхат болуына ықпал етуі керек деп түсіндім. Ендігі жерде топтарға тапсырманы түрлендіре беруге тырыстым. РАФТ-әдісі бойынша оқушылар тарихи оқиғаның кезеңіне еніп, рольдік ойындар ойнады. Топпен жұмыс жасай отырып, оқушылар бір-біріне көмектесу, ортаға ой тастау, бір-бірінң пікірін тыңдап, қорытынды жасай білуі мені қуантты Сабақ соңында кері байланыста оқушылардың көпшілігі <<Сабақтың барлығы жаңа әдіспен өтілсе>> деген пікір жазды.
Сабақтарда әсіресе білуге, белсенділікке ынтасы төмен оқушылардың жағымды әрекеттері, дұрыс айтқан жауаптары әрдайым есепке алынып отырылды Бірінші сабақта белсенді оқушының тасасында қалып қоюға тырысқан оқушы, ендігі жерде өзініңде топтық тапсырмаға үлесін қоса алатындығын сезінді. Үлгермеуші екі оқушының ата-анасы үйінде баласының оқулықпен жұмыс жасап отырғандығы қуантқандығын айтып өтті. Қорыта келе:
-оқушылар жұптық, топтық жұмыс жасауға төселді
- белсенділіктері артты,
-сабақ үстіндегі топтық жарыстарға дайын бола бастады,
-өз ойларын ашық жеткізе білді
-топта бірлік, татулық орнады.
Осындай нәтижеден сыныптағы ынтымақтастық атмосферасының қалыптасғандығын байқадым.


№8 Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі
тарих пәні мұғалімі Абилкасимова Гүлмира
Тренер: Нұрлыбаева Жанат Ілесбекқызы

3. Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Аристотельден әль-фарабиге, әль-Фарабиден Алтынсаринге, одан күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан оқу үдерісі уақыт талбына орай көптеген өзгерістерге ұшырағанын байқаймыз. Бұл үрдістің адамзат тіршілігімен жалғаса беретіндігі анық. Сол себептен дәстүрлі оқытудың өзін заман ағымына лайықтап өзгерту қажеттілігі туды.
Оқушылар өзддерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып өздерінің ойларымен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, ойға жүйрік, тілге шешен, бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға болып қалыптасуы мемлекетіміздің мақсатарының бірі. Өйткені мемлекеттің болашағы жастардың қолында.
Жоспарланған сабақтарымда сындарлы оқытудың жеті модульінің кіріктірілуіне жұмыс жасадым. Сыныптағы сұрақ қою негізінен <<бастама-жауап-кейінгі әрекет>> үлгісінде болатындығы анық. Бастама жасайтын жәнеде оны бақылап отыратын адам мұғалім.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау тәсілдері болады.
<<Отырықшы және көшпелілердің материалдық мәдениеті>> деген тақырыптық сабағымда қызығушылықты ояту сәтінде оқушының өз ойын еркін ашық айтуына жағдай жасадым.
<<Мәдениет дегеніміз не?>> <<Материалдық мәдениет дегеніміз не?>> деген сұрақтарды қоя отырып оқушылардың тақырып не жайында болатындығына өз ойларын ашық айтқызуға тырыстым. Және осы тақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетілді. Фильмді көрсете отырып, <<Қандай ой түйдік?>> деген сұрақ қойылды. Мұндай сұрақтар оқушының сөйлеу мәнерін, шығармашылығын дарындылығын шыңдай түседі.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналадыда оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсартады. Теориялық білімімде сұрақ қоюдың әдісін және тәсілдерін іс тәжірибемде қолдануға тырыстым. Қызығушылықты ояту бөлімінде сұрақтың түрткі болу түрін, мағынаны тану бөлімінде мысалдар келтіре сөйлеу үшін, <<Мысал келтіре аласыз ба?>> деген сұрақтар қойып отырдым.
<<Халық ауыз әдебиеті, жазу, дін>> тақырыбымдағы сабағымда қызығушылықты ояту үшін сыни тұрғыдан ойланту мақсатында: <<Сонау ата-бабамыздан келе жатқан қандай сенімдерді білесіңдер?>> деген сұрақ қойылды. Әр топтан жекелеген оқушылар өз ойларын тұжырымды баяндады. Яғни оқушыға орынды, ұтымды сұрақ қою арқылы:
-тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанады
-сын тұрғысынан ойлауға көмктеседі
-бір-бірімен идеясын алмасуға
-әңгімені ой елегінен өткізуге септігін тигізеді
Оқушылардың жауабын тыңдай келе оқушының ойының ең тұжырымды сәттерін қайталап отырдым. Сұраққа жауап алудың жазбаша түрінде өз сабақтарымда қолдандым. Нақтырақ айтсам тарихи сынақ хат әдісі арқылы оқушы мәтіндегі қалып кеткен ойды яғни сұрақтың жауабын жазбаша береді.
Оның дұрыс-бұрыстығын АКТ арқылы өзі тексереді.
Қорыта келе, оқушыға сұрақты тианақты қою және оның жауабын тыңдап өз ойын еркін жеткізуіне және дәлелдей білуіне жағдай жасау керек деген ойдамын.

Ұқсас жұмыстар
Информатика. Ақпарат Сілтеме
Дененің салмағы .Салмақсыздық.Жердің жасанды серіктерінің қозғалысы
Механизмнің пайдалы әрекет коэфценті
Адам ағзасындағы химиялық элементтер
Сабаққа әзірлеу
Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Әлемнің ақпарттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар
Рационал сандарға амалдар қолдану. 6 сынып. қысқа мерзімді жоспар, презентация
Сабақты етістіктер кімді
Графиктік ақпаратты өңдеу
Пәндер