Оқушылар бағалану үшін талпынбайтын

Абилкасимова Гулмира Садуакасовна мұғалім партфолиосы С есебі

№12 топ 3 деңгей

ОҚО, Мақтарал ауданы

Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылған растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы

рефлексивтік есеп.

«Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз. Себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны жасау үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де олар да өзгеруі қажет». С. Бич 2012ж.

Егеменді тәуелсіз Қазақстанды өркениетке бастар жол - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы - мұғалім. Заманның көшіне ілесіп, қоғам өзгерісіне сай болу үшін ұзтаздар әрқашан ізденіп, білімін жетілдіріп жан - жақты білікті болуды талап етеді. Өскелең ұрпақтың болашағына жауапты мұғалімдер десек, сол ұстаздардың білім жүйесін заман талабына сай үйлестіріп, әдістемелік іс-тәжірибесіне жаңалық кіргізу міндеті тұр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев жолдауында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық комммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп ерекше атап көрсетілген.

Қазіргі мектеп қоғамдық өзгерістерге тез икемделетін, жаңалыққа құмар мұғалімдерге аса зәру, сол себепті кез-келген инновациялық тапсырмаларды шешуге қабілетті, шығармашылық тұрғысынан қарайтын аса білімді мамандар қажет. Осы мақсат жолында еліміздің ұстаздары Кембридж университеті тәсілінің сындарлы оқыту теориясына негізделген 7 модуль бойынша жаңаша сапалы білім беруге көшуде.

Мен Кембридж бағдарламасы негізінде курсқа келудегі мақсатым - жаңашылдық серпін, білім беру тәжірибеме жаңа инновациялық технологияларды енгізу мақсатында келдім.

Бірінші бетпе-бет кезеңінде облысымыздың әр аудандарынан келген мұғалімдермен бір топта оқыдық. Кембридж бағдарламасына негізделген сындарлы оқыту технологиясындағы 7 модулді ежгей-тегжейлі талқыладық. Содан бірінші «Бетпе - бет» кезеңінде алған теориялық білімімді іс-тәжірибеде қолдану үшін мектебіме қайта келдім. Енді өтілген сабақтар топтамада мен қандай өзгерістер енгізгеніме көз жүгіртейік. Кембридж оқытудың 7 модулін сабақтарыма ықпалдастыру сәтінде көптеген өзгерістер жасауыма тура келді. Өзгерісім осы жоспар түзуден ақ байқалды. Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды түзгенде тек бір сабақтың көлемінде ғана қол жетімді мақсат туралы енгіздім. Қысқа мерзімді жоспар жасағанда оқып үйренуге мақсат қоя отырып содан қандай нәтиже көре алатындығымды жоспарладым. Дәстүрлі күнделікті сабақтың жоспарында мен оқушының қандай іс-әрекетте болатындығына тоқталмайтынмын. Ал қысқа мерзімді жоспарды жасай отырып, оқушының әр-бір әрекетін, мұғалімнің беретін тапсырмаларын жоспарладым. Және әрбір сабақ бөлімдерінде тиімді әдіс тәсілдерді жоспарлап соған қарай формативті бағалау түрлерін түсірдім. Және қолданылатын ресурстарды жоспарладым. Жоспардағы осыншама өзгерістің болғандығы, енді соны іске асыруды жаңалыққа толы болары сөссіз екенін білдім.

Ең алдымен сынып бөлмесіндегі өзгерістен бастасам. Өйткені бұл бағдарламаның негізінде барлық тапсырмалар топтық жұмысқа бейімделген, яғни парталарды қалыпты жағдайдан топтық жұмысқа дайындау үшін өзгерттім. Тарих пәні кабинетінде карталар жиынтығы мол . ал енді АКТ-ны қолдану мақсатында слайд және бір компьютерді оқу ісі жөніндегі орынбасары Муталиева Мөлдір апайдың басшылығымен жабдықтап алдым. Және АКТ үшін ноутбукты пайдаландым. Бұрын дәстүрлі парталарда отырған оқушылар топтық жұмыстар үшін лайықталған орындарына жайғасқанда алғашында тосырқап қалды. Бұл қиындықтан шығу үшін оларға топтық тапсырмалардың қаншалықты қызық болатындығын айтып, бірлесе көтерген жүк жеңіл болады дей келе, оларда ынтымақтастық орнату мақсатында бірнеше тренингтер жүргіздім. Топтық жұмыстар оқушыларға бірлік, бірегейлік сезімдер қалыптастырып, сол арқылы сыныпқа тікелей қатысы бар екендігін аңғартты.

( Ж. Пиаже 1960 мұғалімдерге арналған 15 бет) бұл туралы былай жазады. «Адамның ақылы (ми деген мағынада ) өзін таниды, яғни, психологиялық тілмен айтқанда басқа заттармен немесе басқа ақылдармен ғана қатынаста болады». Адамның санасы тек басқа адамдармен қарым-қатынаста әрекеті ғана оқушыларды жаңа түсінікке әкеледі. Ал қарым - қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға олардың пікіріне идеяларына көзқарасына мінезіне бейімдеу деген сөз .

Яғни топ жұмысы кезінде ой үстіне бөлек ой туындай түседі деген сеніммен шағын топтық және топтық жұмыс жүргіздім.

Топтық жұмыс жүргізу үшін оқушылардың өздеріне топ ережесін құрғыздым. Өте ұтымды болды. Яғни топ мүшелері сыныпта сабақ үстінде бірлік, татулық, сыйластық, түсіністік, тәртіп болу керектігін жазып және оны үнемі орындап отыруы үшін бір бұрышқа іліп қойдым.

Сабақтың негізгі құрылымына келер болсақ, сындарлы оқыту бағдарламасындағы жеті модулдің белгілі бір стратегиялармен ықпалдасып кіріктірілуі жақсы нәтиже береді деп үміттендім. 7 модульді жетік түсіне келе, мен модульдерді аспан әлеміндегі жеті қарақшыдай сезіндім. Жарқыраған жеті қарақшы жұлдызы барда тас түнекте адаспайсың. Сол секілді 7 модульді кіріктіре отырып білім беру жақсы нәтиже берері сөзсіз. Әрбір модульді кіріктіре отырып мен қандай өзгерістер ендіре алғаныма тоқталайын.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Жеті модульдің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» және «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 10-бет)

Дәстүрлі сабақ тек мұғалімнің монологі мен мұғалімнің рұқсаты арқылы жауап берумен, мұғалімнің бағалауымен шектеліп қалса, ендігі сабақтар оқушылардың диалогімен өзін-өзі немесе бірін-бірі бағалаумен, өз ойын еркін жеткізумен жалғаспақ деген көзқараста болдым. Осы күнге дейін менің тәжірибем жаңа проблеманы ұстаздың түсіндіруі ұтымды деп келдім. Ендігі жерде бұл көзқарасым мүлдем өзгерді. Қазақта сөз бар: «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» дегендей, балаға дайын түріндегі білім жұқпайтындығын байқадым. Дәстүрлі сабақтарымда жаңа сабақты меңгерту үшін, көп күшімді сарп ететінмін. Тақырыпты толықтай түсіндіруге тырысып, егжей-тегжейлі баяндайтынмын. Бұл менің барлық уақытымды алып қоятын. Ал теориялық білімді меңгере келе, мен үлкен кемшілік жіберетіндігімді байқадым. Ал Кембридж бағдарламасы бойынша жаңа проблеманы оқушының өзі шешуіне жағдай туғызу жақсы нәтиже көрсететіндігін іс-тәжірибемнен байқадым. Сол себептен бағдарламаға негізделген «Диалогтік оқыту» әдістемесі менің пәнім үшін өте тиімді болды. Балалар сыныпта проблема шешу үстінде диологқа түсуді, оқушылардың да ынталануына септігін тигізді . Диалог үстінде оқушылар басқа сыныптасының идеясын түсініп, және өз идеясын дәлелдей білуге, және әңгіме барысынды бірінің пікірін бірі бағалай білуге үйренді.

Александер (2004) оқытудағы әңгіме - қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше әңгіме барысында идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негіізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. (Мүғалімге арналған нұсқаулық. 36-бет)

Диалогтық оқыту кезінде оқушыларға берілген топтық жұмыста тек қана тақырыпты меңгертіп қана емес, сөйлесу арқылы олардың бойында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру еді.

Оқушылар топпен бірлігі жараса идея алмасып, бір - біріне түсіністікпен қарап жұмыс жасағанын көрдім. Бұл жағдай менің іс-тәжірибемдегі өзгерістің болғандығы еді. Дәстүрлі сабақта мен оқушылардың сабақ үстінде әңгімелесуіне жол бермей, әр оқушының дербес жұмыс жасап, өзімен-өзі болуына мән беретінмін. Бұл бағдарламаны меңгере отырып, оқушылардың бір-бірімен диалогқа түсуі жақсы нәтиже беретіндігін байқадым.

Барнс (1971 ) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде яғни сөйлесу талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсеткен. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 37-бет)

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 7 бет) .

Сабақтың құрылымының өзін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған үш бөлікке жоспарладым: «қызығушылықты ояту», «мағынаны ашу», «ой толғаныс» (рефлексия) . Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдану үшін мен оқушыларға бағыт - бағдар беруші, ойды қозғаушы ретінде ғана танылдым. Бұл модульді қолдана отырып менің түйгенім, оқушыларды дайын, жаттанды біліммен сусындату емес, керісінше механикалық деңгейдегі сұрақтардан туындайтын жоғары деңгейдегі яғни сыни тұрғыдан ойлануға түрткі болатын « . . . не болар еді? », «қалай өзгертуге болады?», «е гер де . . . сен не істер едің ?» деген сияқты сұрақтарға оқушылар өздерінің ойын еркін айта білетін, өз біліміне өзі жауап беретін жеке тұлға тәрбиеленіп шығады. Тізбектелген сабақтарымның нәтижесінде оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз пікірін жеткізіп, өзгенің пікірін ой елегенен өткізіп, дұрыс баға бере біліп, кез - келген тапсырмаға сыни тұрғыдан қарап, шешім қабылдай білуге үйренді.

Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой - тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс - әрекеттеріне әсер етеді. (мұғалімге арналған нұс. 5 бет)

Менің бір байқағаным сыныпта еркіндік атмосферасы қалыптасты. Оқушылар қалыптасқан, белгілі бір форматтан шығып, өз бетінше жұмыс жасайтын, өз ойын ашық айтатын, сыни тұрғыда ойлана білетін, сабақта алған білімін өмірде өз қажеттілігіне жарата алатын жеке ойы қалыптасқан тұлға ретінде қалыптаса бастады деген ойдамын.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Аталған модульді өз сабақтарыма кіргізу арқылы мен өзімдегі дәстүрліктің мүлдем өзгергендігін байқадым. Дәстүрлі сабақтарда оқушыны бағалау тек қана мұғалім тарапынан жүргізілетін. Кейде оқушы өзінің қандай баға алғанын біле алмайтын. Үндемейтін, ықыласы төмен оқушылар бағаланбай, тасада қала беретін. Оқушылар бағалану үшін талпынбайтын. Ал Кембридж бағдарламасы бойынша курста алған білімінің нәтижесінде мен формативті бағалаудың оқушы үшін орны елеулі екендігін байқадым.

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александер 2001)

Өз сабақтарымда «бағдаршам», «екі жұлдыз, бір тілек», «сэндвич», түрлі смайликтер, жұлдызшалар беру арқылы, критерий арқылы бағалау түрлерін қолдандым. Және оқушыларға топқа баға беруді, өзара бағалауды, өзін-өзі бағалауды, және бағалау арқылы өмірде қандай да жағдайға баға бере алу керектігіне үйреттім. Және де оқушыларға өз жұмысының қатесін өзі табуға жағдай жасадым. Бұл әрекетім арқылы оқушы өмірде жіберген қателігін қалай туралауға болатындығына үйреткім келді. Оқыту үшін бағалаудың қаншалықты маңызды екендігіне әр-бір сабағымдағы нәтижеге қарап байқадым. Жақсы жауабы үшін алған жұлдызшамен қатар «жұлдызың жарқырай берсін» деген мақтау сөзім оқушының көкірегіне ынта, жігер, бергендігін байқадым. Және топбасшысына бағалау парағын тапсырдым. Ол оқушыға деген сенімді білдіріп, соған лайықты әрекетте болуын, өзін мұғалімдей сезінуін оқушыға алдағы өмірде басшылыққа деген жауапкершілікке дайын екендігін ұғындырды.

Осы модульді кіріктіре отырып мен өзімдегі және тәжірибемдегі, оқушыларымдағы өзгерісті байқадым.

Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

ХХІ ғасыр техниканың озық дамыған ғасыры. Заманның дамуына сай бүгінгі оқушылардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да басқаша. Олай болса кез-келген мұғалім өз пәнінің терең білгірі ғана емес, әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы керек.


Ұқсас жұмыстар
7.1.Процент
Күрделі және кері функцияладың туындысы
Дарындылар додасы
Халық банкінің тапсырмасы
Африканың халқы және саяси картасы
Стрессті болдырмау жолдары
Теңдеуді графиктік тәсілмен шешу
Құзырлық тапсырма-білім алушының дағдысын қалыптастырудың негізі
Көлдер
"магнит өрісі" тарауын қайталау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz