Махамбет Өтемісұлы Тарланым өлеңі

«Саран қаласы әкімдігінің №16 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Махамбет Өтемісұлы «Тарланым»

(ашық сабақ)

Өткізген:

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бейсембина А. А.

Саран -2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Тарланым» өлеңі
Сабақтың мақсаты:

М. Өтемісұлы туралы және ақын шығармашылығы туралы ой қалыптастыру.

Міндеттері:
1. Топпен талдау, ой толғау, салыстыру секілді жұмыстар беру арқылы тақырып мазмұнын ашу.

2. Өлеңді әртүрлі әдіспен оқу арқылы оқушылардың сөздік, оқу шапшаңдығын жетілдіру.

3. Отанын сүюге, батылдыққа, еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, көрнекілік, талдау.

Көрнекілік: Power ponint, маркерлер, плакаттар, үлестірмелі қағаздар, интербелсенді тақта, электронды оқулық
Типі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка (күй)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды сабаққа дайындау;

ІІ. Үй тапсырмасы:
«Бинго» ойыны

Шарты: Оқушыларға жасырын сандар беріледі, сол сандарды таңдау арқылы оқушылар артындағы сұрақтарға жауап береді.
1. Д. Бабатайұлы қай жерде дүниеге келді, оны кім деп танимыз?
2. Әр топтан оқушы шығып «Мені жалғастыр» әдісімен жаттау айту.
3. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңі не жайында?
4. Өлеңнің шығуына не жағдай болды?
5. Дулат Бабатайұлының қандай шығармалары бар, қандай тақырыпта?

6. Туған жер, Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
IІІ. Жаңа сабақ:

Проблемалық сұрақтар:

1. Суреттен кімді көріп тұрмыз? (Махамбет Өтемісұлы)

2. Махамбет Өтемісұлы кім? (Ақын, батыр, күйші, ұлт-азаттық көтерлісті басқарушы, өр мінезді, қайсар, тілге шешен)

  • Олай болса оқушылар ақын, батыр күйші болып топқа бөлінеміз.

3. Бүгінгі сабақ кім туралы болмақ?

4. Бүгінгі сабақтың негізгі мақсаты не деп ойлайсыңдар?

Түсінік . М. Өтемісұлының өлеңдерінде даналық сөздер көптеп кездеседі. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы ерлік, батырлықты жырлайды. . - Өлеңдегі сөз қолданыстарынан ақынның күйзелісте екенін сеземіз.
Оқушыларға өлеңнің өн бойында бір өкініш, қимастық бар екендігін ескерте отырып, дауылпаз ақынның бұл өлеңінің қандай өзгешелігі бар екендігі сұралады. (жоқтау сарынында жазылғандығы айтылады. Қазақ әдебиеті тарихында жоқтау жырлары ерекше орын алатыны сөз болады)

Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанның бұрынғы Орда (қазіргі Жәнібек), Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Арабша, орысша хат таныған. Ақын жас кезінен бастап, халықтың ауыр мұңын, тұрмысын жан дүниесімен түсінген.

Махамбеттің шебер ұйымдастырушы, жалынды ақын, тұнып тұрған талант екенін әскери экспедицияда жүрген Е. П. Ковалевскийдің өзі мойындаған. Махамбеттің өзіне дейінгі және кейінгі ақындардан айрмашылығы өлеңдерінің отты қызуында, асқақ арманды рухында, болашаққа, келер күнге деген сенімінде.

ІҮ. Қызығушылықты ояту.
1. «Тарланым» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз? Тарланым деген кезде көз алдарыңа не елестейді? (ақын, батыр, еркіндік, жолбарыс)

2. Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер? (слайд)

Махамбетің Исатайға арналған өлеңдерін атау.
1. Тайманның ұлы Исатай 2. Исатай деген ағам бар 3. Тарланым 4. Мінкен ер
5. Мұнар күн 6. Ұлы арман 7. Тайманның ұлы Исатай т. б.
3. Тарланым сөзінің мағынасын ашу. Өлеңді жазудағы мақсатын түсіну.

1. Махамбеттің өлеңі ( электронды оқу)
2. «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқыту.

3. Тізбектеп оқыту. (төрт жолдан кезекпен оқу)

4. Жұлма оқыту. (Мен бастағанда бірден жалғастырып отыру. 2жол оқысаң-4жол оқу, 3жол оқысаң-6 оқу, 4жол оқысаң-8оқу)

Мұғалім

Таудан мұнартып ұшқан тарланым,

Саған ұсынсам қолым жетер ме?

Арызым айтсам өтер ме?

Арыстаным, көп болды-ау

Саған да менің арманым!

Кермиығым, кербезім!

Керіскендей шандозым,

Құлындай ащы дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым!

Хиуадай базарлым!

Теңіздей терең ақылдым!

Тебіренбес ауыр мінездім!

Садағына сары жебені салдырған,

Садағының кірісін

Сары алтынға малдырған.

Тереңнен көзін ойдырған

Сұр жебелі оғына

Тауықтың жүнін қойдырған.

Маңдайын сары сусар бөрік басқан,

Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан.

Айғайласа белдік байлаған,

Астана жұртын айналған,

Атынатұрман болсам деп,

Жұртына құрбан борлсам деп,

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен.

Атқан оғы Еділ-Жайық тең өткен.

Атқанын қардай боратқан,

Көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан,

Арыстан еді-ау Исатай!

Бұл фәнидің жүзінде

Арыстан одан кім өткен?!
Өлеңді мазмұнын ашу үшін талдауға қойылатын сұрақтар:
- Исатайдың батырға тән бейнесін, ақылдылығын қандай жолдардан көреміз?(кермиығым, кербезім, тебіренбес ауыр мінезім)
- Ал ерлік ісін қандай жолдардан көруге болады?(садағына сары жебе салдырған…, көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан)
- Табиғат халқына тіреу болуға жаратқан сегіз қырлы, бір сырлы туысы бөлек тұлға екенін қандай жолдардан білуге болады?
- Сыртқы тұрпатының көз сүрінетіндей келісті де айбындылығын қалай суреттейді?
- Исатайдың батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыстарға ұқсастықтары бар ма?
- Енді ақынның арманын, өкінішін қай жолдардан байқауға болады? (таудан мұнартып ұшқан тарланым, саған да менің арманым, Арыстан еді - ау Исатай!…)
- Өлеңнің батыр қайтыс болғаннан кейін шығарылғанын қалай білуге болады?(өткен шақта айтылған сөйлемге қараймыз. «Арыстан еді - ау Исатай!…»)
- Елі үшін қан майданға тайсалмай түскен қайыспас қайсар, қара қазақ қамы үшін халықтан туған ер ұлды жырлаған, соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған.
Дәптермен жұмыс.

Сөздікпен жұмыс
Кермиық, кербез - паң, сұлу
Тарлан - биікті мекендейтін еркін құс
Керіскедей - үлкен, алпамсадай.
Керіске - көбіне ашық жерде өмір сүреді, жүрісі өте майпаз, сәнді қозғалатын, денесі аса үлкен бауырымен жорғалаушы.
Фәни - өмір
Жебе - садақ оғы
Сусар - аң
Адырна - садақ жебесін тіреп ататын тарамысы
Шандоз - асыл, ардақты
Әдебиет теориясы
Метафора(ауыстыру) -екі нәрсені, құбылысты, салыстырып, астарлы мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Мысалы: тарланым, арыстаным
Аллитераци- өлеңнің бірыңғай дауыссыз дыбыстардан басталуы-аллитерация деп аталады
Эпитет- заттың, не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Мысалы:сары алтын, сұр жебе
Теңеу- құбылысты басқа нәрсемен салыстыру
Мысалы:құландай, керіскедей


Ұқсас жұмыстар
Тарланым өлеңін жаттау
Махамбет Өтемісұлы туралы
М.өтемісұлы «тарланым» өлеңі. 7- сынып
Қызғыш құс
Өлең үзіндісін өлең құрылысына талдау
Білімдіден шыққан сөз
Махамбет Өтемісұлының Тарланым өлеңі
Абай құнанбаев "қансонарда бүркітші шығады аңға". 7-сынып
Махамбет Өтемісұлы өмірі, шығармашылығы
Махамбет жауласқан хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz