Жиымдар: анықтамасы, Turbo Pascal-да сипаттау және циклдер арқылы қолдану

Сабақтың тақырыбы: Жиымдар

Мақсаты: Оқушыларды жиыммен таныстыру; цикл мен массивпен жұмыс жасауды үйрету; Turbo Pascal да алгоритмді массивте көрсету.

Сабақтың барысы:

  1. Ұймбастыру бөлімі.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа сабақ түсіндіру.

Презентация.

  1. Жиым, индекс дегеніміз не? (слайд №2) .

Жиым - ортақ атпен және типпен біріктірілген, нөмірлері бойынша реттелген мәндердің жиыны.

Индекс - жолдың жекелеген символдарына берілген символдың жолдағы нөмірі.

  1. Жиым түрінде корсетуге болатын мысалдар, неге олай екенін түсіндіру:
  • Неге кітапты«жиым»деуге болады? Бұл жерде жиым мен индексті ажырату керек. (слайд №3) .

Сұрақ: Жай кітапты жиым деп санауға болады. Неге?

Жауабы: (Суретімен)

Кітап көптеген бір типті элементтерден тұрады - беттерден, әр беттің нөмірі бар (индекс), барлық бетбір атпен біріктірілген (кітап) .

  • Неге үйді «жиым» деуге болады? Бұл жағдайда қасысы жиым элементі, қайсысы индекс болады? (слайд №4)

Жауабы: Зәулім үйдің суреті.

Зәулім үйге бір почталық адрес сәйкес келеді (қала, көше, нөмір) .

Әр қайсысы нөмірленген (индекс) пәтерлерді осы үйдің элементтері деп санауға болады.

Неге шахмат тақтасын «жиым» дейміз. Бұл жағдайда қасысы жиым элементі, қайсысы индекс болады? (слайд №5)

Жауабы:Шахмат тақтасының суреті.

Шахмат тақтасы шаршыдан тұрады, әр шаршы әріппен және санмен белгіленеді (екіөлшемді индекс) .

  • Неге футбол командасын «жиым» дейміз? Бұл жағдайда қасысы жиым элементі, қайсысы индекс болады? (слайд №6)

Жауабы: Команда бірнеше адамдардан тұрады, әр адамда нөмір бар

(индекс) .

  1. Turbo Pascal -да жиымды сипаттау ережелері (слайд №7) .

Жиымдарды сипаттау.

Жиым құрғанда компьютер аты бірдей, бірінен кейін бірі орналасқан ұяшықтар тізбегін бөліп береді. Жиымның элементтері нөмірленеді. Элементтің нөмірі (индексі) элементтің жиымның басына қатысты орнын сипаттайды.

Pascal -да жиымдар айнымалыларды сипаттау бөлімінде array қызметтік сөзінің көмегімен сипатталады:

var жиымның аты : array [ бас. индекс . . макс. индекс ] of элемент типі

Мысалы , var а: array [ 1 . . 4 ] of byte.

Бұл жиымның элементтерінің бастапқы индексі 1 деп есептеледі.

Pascal array [ 1 . . 4 ] of byte операторын орындағанда жыимға 4 ұяшық бөліп береді.

а(1) а(2) а(3) а(4)

:
:
:
:
  1. Жиымдарды сипаттау мысалдары (слайд №8) .

Мысалдар:

М: array [-5. . 5] of integer;

Бұл жиымда неше элемент бар? Қандай типті? Қалай нөмірленеді?

Z: array [-5. . 5] of integer;

Бұл жиымда неше элемент бар? Қандай типті? Қалай нөмірленеді?

Мass: array [-5. . 5] of integer;

Бұл жиымда неше элемент бар? Қандай типті? Қалай нөмірленеді?

  1. Программа ішінде жиым элементтерін қолдану (слайд№9) .

Жиым элеметтерін қолдану.

Элементтерді қолдану үшін жиымның аты көрсетіледі және тік жақшаның ішінде элементтің индексі.

Мысалдар:

Read (A[1] ) ;

A[3] :=(2*x+6) mod 4;

A[4] :=(A[1] +A[2] ) div A[3] ;

  1. Жиыммен жұмыс кезінде циклдерді шынайы қолдану. (есептердің шешімдерін талдау, слайдтар №10, №11) .

№10 . Жиымдарды қолдану.

Мысал. Үйдің 1 ден 100 ге дейін нөмірленген пәтерлеріне жаңа газет басылымдарын тарату алгоритмін құру.

№11 .

ия

Жиымды енгізу (слайд №13, 14, 15)

Жиымның сипатталуы мынадай болса:

A: array [1. . 10] of real;

Онда жиымды енгізу үшін мына циклді пайдалануға болады:

For i:=1 to 10 do read (A [i] ) ;

Сұрақ: Неге repeat немесе while емес?

Сұрақ: Жиымның барлық элементтерін шығару қалай жазылады?

Сұрақ: Жиымның енгізілуі қалай өзгереді, егер сипатталуы мынадай болса?

A: array [-8. . 8] of integer;

Есеп:5 бүтін сан берілген. Үлкен санды табу алгоритмін және программасын құр.:

Есеп: 5 бүтін сан берілген. Үлкен санды табу алгоритмін және программасын құр.

Жиымды қолданбай программа құру мысалы:

program Maximum;

var a, b, c, d, e : integer;

begin

read (a, b, c, d, e) ;

if (a>=b) and (a>=c) and (a>=d) and (a>=e) then write (a) ;

if (a>=a) and (a>=c) and (a>=d) and (a>=e) then write (b) ;

if (a>=a) and (a>=b) and (a>=d) and (a>=e) then write (a) ;

if (a>=a) and (a>=b) and (a>=c) and (a>=e) then write (a) ;


Ұқсас жұмыстар
Программалау тілдері мен Turbo Pascal: оқу сабағының жоспары
Turbo Pascal тіліндегі таңдау операторы: информатика пәнінің сабақ жоспары
Turbo Pascal тіліндегі таңдау операторы: теориясы мен практикалық қолданылуы
Циклдік алгоритмдер және Turbo Pascal тілінде олардың практикалық қолданылуы
Pascal программалау тілінде тура және кері санағыштары бар циклдер: алгоритмдік негіздер мен практикалық тапсырмалар
Бірөлшемді жиымдар (массив): анықтамасы, Паскаль тіліндегі сипаттамасы және практикалық тапсырмалар
9-сыныпқа арналған Паскаль (Turbo Pascal) тілі бойынша сарамандық жұмыстар жинағы
Тармақталу алгоритмі мен шартты көшу операторлары: блок-схемалар және Pascal тілінде қолдану
9-сынып: Циклдік алгоритмдер және қайталану саны белгісіз циклдер
Паскаль тіліндегі көпөлшемді жиымдар: теориясы, сипатталуы және практикалық қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz