Қалған бұрыштарды тап

Сабақтың тақырыбы: «Геометрия әлеміне саяхат»
Сабақтың мақсаты:
Білім беру: Бірінші тараудағы алғашқы геометриялық мағлұматтарын пысықтау
Тәрбиелеу: оқушылар шығармашылығын дамыту, ой өрісін арттыру.
Дамыту: ұжымдылыққа, білімдерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Жоспары:
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К. Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.
(М. В. Ломоносов)
3. Адамның даңқы - оның ойлау қабілетінде. (Паскаль)
І. Ұйымдастыру кезең:
Топтар таныстыру
ІІ. Зейінін байқау сайысы:
«Бірінші» тобына.
- Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
- Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
- Төрт қойдың неше аяғы бар?
«Екінші» тобына.
- Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?
- 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
- 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?
«Үшінші»тобына.
- Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар?
- Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?
- Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар?
«төртінші» тобына.
- Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
- Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
- Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
«бесінші» тобына.
- Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
- Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?
- Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?
ІІІ. Математикалық сұрақтар
- Төртбұрыш дегеніміз не?
- Ромб дегеніміз не?
- Оның қасиеттері қандай?
- Үшбұрыштың түрлерін атаңдар
- 120 градусқа тең бұрыш қалай аталады?
- Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы дегеніміз не?
- Квадрат пен ромбының ортақ қасиеттерін атаңдар.
- Пифагор теоремасының тұжырымдамасы
- Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу қалай аталады?
- Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы неше градусқа тең?
- Үшбұрыштың тамаша нүктелері
- Тең бүйірлі үшбұрыштің анықтамасы
- Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы
- Трапеция дегеніміз не№
- Параллелограмның қасиеттері
- Тіктөртбұрыш пен квадраттың айырмашылығы
- Биссектриса дегеніміз не?
- Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?
- Қандай үшбұрышты тік бұрышты үшбұрыш деп атаймыз?
- Геометрия қандай бөліктерден тұрады?
ІV Сиқырлы фигуралар
Берілген суретте неше фигуралар бар, фигураларды сипатта
V. Геометриялық есептер
І топ
1. Параллелограмның бір бұрышы 60 градусқа тең. Қалған бұрыштарды тап.
2. Теңбүйірлі үшбұрыштың р=14 см, ьабаны 4 см, бүйір қабырғаларын тап?
2топ
- Теңбүйірлі трапециянын бір бұрышы 35 градусқа тең қалғанын тап
- Тең қабырғалы үшбұрыштың бір қабырғасы-3 см, периметрін тап.
3топ
- Теңбүйірлі ұшбұрыштың табанына қарсы жатқан бұрышы 80 градусқа тең. Қалғанын тап.
- Тең бүйірлі үшбұрыштың р=10 см, бүйір қабырғасы-3 см табанының ұзындығын тап?
4 топ
- Ромбының бір бұрышы 120 градусқа тең. Қалғанын тап
- Тең қабырғалы үшбұрыштың р=15 см, қабырғаларын тап. (5см)
5 топ
- Тікбұрышты трапецияның бір бұрышы 35 градусқа тең, қалған бұрыштарды тап
- Параллелограмның бір қабырғасы 5 сантиметрге, ал периметрі 50-ге тең Параллелограммның басқа қабырғасы нешеге тең?
VІ «Білімдіге биіктегі орын»
1. Трапецияның табандары 6 см, 14 см. Диагоналдары орта сызығын қандай бөліктерге бөледі.
2. Квадраттың қабырғаларының орта нүктелерінен шыққан төртбұрыш квадрат екенін дәлелдеңіз.
Бағалау
VІІ. Рефлекғсия. Стикерға 1 минуттік эссе
Топтар өзін-өзі бағалайды. Жиналған смайликтер бойынша
Қорытындылау.
Сабақ аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет!
«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
№25 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Геометрия әлеміне саяхат»
Математикалық сайыс
8 сыныптар
Пән мүғалімі: Алпысбаева Г. К.
2016-2017 оқу жылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz