Галогендердің физикалық қасиеттері

Сабақ тақырыбы: «Галогендер. VII А топша элементтеріне жалпы мінездеме».

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға галогендер, олардың тотығу дәрежесін, физикалық, химиялық қасиеттерін және олардың қосылыстары тақырыбын жете меңгерту. Бейметалдардың химиялық қасиеттері туралы білімдерін галогендердің химиялық қасиеттері арқылы бекіту.
Дамытушылық : Оқушылардың галогендер топшасы және олардың қосылыстары туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды басқа бейметалдарға қарағанда галогендердің басты ерекшелігін ажырата алуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Менделлевтің периодтық жүйесі, «Элементтердің электртерістілігі» таблицасы, галогендердің образцы, оқулық, карточкалар

Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ- жауап, ой қозғау.

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру.
2. Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары.
3. Жаңа сабақ түсіндіру
4. Бекіту.
6. Бағалау .
5. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен тақырыпқа пысықтау сұрақтары:

1. Бейметалдар атомдарының құрылысының ерекшеліктерін түсіндіріңіз?

2. Электортерістілік дегеніміз не?Қай элементтің электртерістілігі ең жоғары?

3. Бейметалдардың физмкалық қасиеттері жөнінде не айта аласыз?

Карточка бойынша жауап беру:

Мәтіндегі бос орындырға тиісті сөздерін жазыңыздар.

1) . . . атомдары . . . атомдарына қарағанда сыртқы қабаттағы электрондарды өздеріне тез қосып алады, бұл элементтер . . . деп аталады.

2) Периотарда элементтердің реттік номерлері артқан сайын олардың бейметалдық қасиеттері . . .

3) Топтарда элементтердің бейметалдық қасиеттері . . . .

4) Периодтық жүйені қолдана отырып III период элементтерінің жоғарғы оттекпен қосылыстарының молекулалық формуласын жазыңыз ? Мұнда элементтердің қышқылдық қасиеттері қалай өзгереді?

5) VII А топшасы элементтерінің сутектік қосылыстарының формуласын жазыңыз? Элементтердің реттік номері өскен сайын қышқылдық қасиеттері қалай өзгереді?

6) Сутек периодтық жүйеде 2 орынды (I A топ және VII А топта) алып тұрғанын ескере отырып, мына элементтердің Na, K, Cl, F сутектік қосылыстарының формуласын жазыңыз.

7) Төмендегі элементтердің жоғарғы тотығу дәрежесінің сәйкесін табыңыз :

Азот
+6
Азот: Хлор
+6: +5
Азот: Күкірт
+6: +4
Азот: Кремний
+6: +7

8) Сыртқы электрон қабатында 4, 5, 6, 7 электрон болатын элементтердің қайсысында бейметалдық қасиет басым ?

9) Төмендегі схема бойынша берілген электрон қабаттарының қайсысы бейметалдарға тән?

, 2, 1

, 2, 8, 2

, 2, 8, 7

10) Электртерістілігі жоғарғы атом . . . ?

Күкүрт, фосфор, кремний, хлор.

Жаңа сабақ түсіндіру .

1. Периодтық жүйеде орналасу тәртібі.

1. Сілтілік металдар.

2. Сілтілік жер металдар.

3. Халкогендер.

4. Гологендер.

2. Галогендерге мінездеме:

- периоттық жүйеде орналасу реті,

- атомдарының құрылысы,

- тотығу дәрежесі,

- олардың барлығының Р-элементтерге жататындығы,

- фтордың басқа галогендерден ерекшелігі

- галогендер оттекпен қосылыста - Г2О7 валенттілік көрсетсе, сутекпен қосылыста - НГ валенттілігін көрсетеді

3. Галогендердің ПЖ -де реттік номерлері өскен сайын атомдардағы энергетикалық деңгей саны артады, мұның салдарынан электрондардың ядромен байланысы әлсіреп басқа электрон тартып алу қаблеті төмендейді де, тотықтырғыш қабілеті азайып сәйкесінше тотықсыздандырғыш қабілеті арта түседі.

4. Тотықтырғыш қаблеті төмендегенде оларда бейметалдық қасиеті де төмендеп металдық қасиеттерінің артуына әкеледі.

5. Топта мына схема бойынша F→CI →Br → I галогендердің

- тотықтырғыш қабілеті төмендейді.

- тотықсыздандырғыш қабілеті артады.

6. Галогендердің тотығу дәрежесі -1, +1, +3, +5, +7

( Фторда -1, өйткені бұл элементтің электртерістілігі ең жоғары элемент)

Галогендердің физикалық қасиеттері.

Оқулықпен жұмыс . Оқушылар өз беттерінше галогендердің физикалық қасиеттерімен танысады және олар өз беттерінше галогендердің қасиеттерінің өзгергіштік заңдылықтарын, галогендерде коваленттік полюсті байланыс түзу механизмін түсініп, оны қорытындылайды.

Дәптерге галогендердің физикалық қасиетін жазу:

F-, Сl-газ, Br-сұйық, I және At -қатты заттар.

Галогендердің алыну тарихы.

Фторды француз ғалымы А. Муассан 1886ж НҒ-электролиздеу арқылы алған.

Бұл алу әдісі осы күнге дейін қолданылуда.

Фтор - ең белсенді, күшті тотықтырғыш галоген.

(түсіндіру ПЖ орны, атом құрлысы, ең кіші атом радиусы) . Фтор-табиғатта бос күйінде кездеспейді.

Хлор. Ең бірінші швед химигі К. Шееле тұз қышқылын пиролюзитпен қыздыру арқылы алса, ағылшын ғылымы химик Г. Дэви оның газ тәріздес жәй зат екендігін дәлелдеп, француз химигі Гей Люссак оған «хлор» деген ат береді.

Хлор да табиғатта бос күйінде кездеспейді, ол өте улы зат, оны суды залалсыздандыру үшін, ағартқыш зат ретінде пайдаланыды. Өндірісте поливинихлорид, синтетикалық каучук, пластикаттар алу үшін, лак және бояу алуда қолданады.

Бром бейметалдар ішіндегі жалғыз сұйық бейметалл. Оны 1825ж Антуан Жером Балар ашты. Бром қызыл-қоңыр түсті, улы, жағымсыз иісті зат, адам организміне түссе ішкі ағзаны ғана емес сыртқы теріге түсседе көп уақыт жазылмайтын жараға айналады.

Басқа галогендер сияқты бромда табиғатта бос күйінде кездеспейді. Ол теңіз суларында, теңіз жануарларында және ондағы өсімдіктердің құрамында кездеседі.

Бром медицинада, тоқыма өнеркәсібінде бояу ретінде қолданылады.

Ең алғаш иодты француз химик- технологы ғалым Бернар Куртуа ашты. Грек тілінен аударғанда иод «күлгін» деп аталады. Құрамында иоды жоқ зат табиғатта өте аз кездеседі десе де болады. Адам ағзасында да иод өте қажет элеметтердің бірі екендігін біз жақсы білеміз.


Ұқсас жұмыстар
Галогендерді физикалық қасиеттері
Галогендер. хлор
Оксидтердің жіктелуі. Сабақтың тақырыбы
Галогендер
Сілтілік жер металдар
Химиялық реакциялар белгілері
Галогендер және олардың қосылыстары
Атом құрылысы
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Галогендердің атомдық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz