Көпмәдениетті Қазақстан: балаларға арналған әлем елдеріне саяхат сабағы

Ғажайып әлем елдеріне саяхат.

Сабақтың мақсаты: Балалардың көп ұлтты Қазақстан туралы білімдеріне кеңейту, халықтар арасындағы достықты нығайту, әр түрлі ұлттардың мәдениетті мен дәстүріне деген қызығушылықтарын арттыру, кез келген ұлттың адамына сыйластықпен, құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Барысы: Психожаттығу.

Кел балалар ортаға

Қайырлы таң достарым!

Достарымды көргенде !

Қуана қарсы аламын!

Қолымыздан ұстасып!

Жылулықты алайық!

Тәрбиеші: -Біз қандай Республикада тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Қазақ халқының өзінің ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлері, ойындары, рәміздері бар. Сендер Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран

Тәрбиеші : Бәріміз бірге еліміздің әнұранын орындайық.

Гимн орындалады.

Тәрбиеші: Қазақ жері туралы кім, не біледі екен?

Айдын: Қазақстан жері кең байтақ. Біздің мемлекетік тіліміз-қазақ тілі.

Алия: Біздің Республикамызда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті тұрады.

Тәрбиеші : Біздің ортамызда да басқа ұлт өкілдері бар екен. Сіздер қай елден келдіңіздер, ұлттарыңыз кім? (Ресей)

Владислав: Здраствуйте дорогие гости. Добро пожаловать к нам в Россию.

Біз сендерге орысша билеп берейік. Ал енді біз Өзбекстанға баруымыз керек. Ол үшін сыйқырлы тастардан өтуіміз керек.

Шұғыла: Ассалаумағалейкум, хурматли мемонлар. Хош кепсизлер.

Біз сіздерге өзбек биін билеп береміз. Дос туралы мақал-мәтелдер айтылады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Өте тамаша енді, ұшаққа мініп өзіміздің Қазақстан жеріне, елімізге қайтып оралайық.

Тәрбиеші: Балалар, біз қаншама ғажайып елдер әлеміне саяхатқа барып келдік, көптеген ұлт өкілдерімен таныстық. Біз әлі бармай қалған қаншама елдер бар. Барлық ұлттар, елдер бір-бірімен дос болып, тату-тәтті өмір сүруі керек. Соғыс деген мүлдем болмасын. Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын. Балалар, әрқашан да достықтарының берік болсын! Енді бәріміз бірге «Қара жорға» биін орындайық.

Жаңақорған кенті

№28 “Алпамыс” балабақшасы

Ғажайып әлем елдеріне саяхат.

Әдіскер: Нұржанова А

05. 07. 2013 жыл


Ұқсас жұмыстар
Денсаулық еліне саяхат: балаларға арналған спорттық сайыс бағдарламасы
Балаларға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері және патриоттық тәрбие сабағы
Көктемгі орманға саяхат: мектепке дейінгі балаларға арналған сабақ жоспары
Нашар еститін балаларға арналған қазақ тілі пәнінің нәтиже сабағы: Қазақстан - фонетикалық және тілдік дағдыларды бекіту
Әлем таныған тәуелсіз ел - Қазақстан: тәуелсіздіктің 25 жылына арналған әдеби-танымдық кеш
Орманға саяхат: мектепке дейінгі балаларға арналған тәрбиелік-дамытушылық сабақ жоспары
5-6 жастағы балаларға арналған Қазақстан қалалары бойынша тақырыптық сабақтар жинағы
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған балаларға тәрбиелік-оқыту сағаты
М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Экономика және бизнес арнаулы лицейінің математика сабағы: Түркістанға саяхат - логика мен есеп дағдыларын дамыту
Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған Ертегілер әлеміне саяхат: қатынас, тіл және қоршаған ортамен танысу арқылы психологиялық-педагогикалық түзету сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz