Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ВЕРТИКАЛЬ БҰРЫШТАР

ВЕРТИКАЛЬ БҰРЫШТАР

Романова Камила Айдарханқызы
№184 негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі.
Қожакент ауылы, Жаңақорған ауданы, Қызылорда обылысы.

Пәні: Геометрия
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Вертикаль бұрыштар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Вертикаль бұрыштар тақырыбын
игеру, алған білімдерін есептер шығаруда қолдана
білуге дағдылау.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қаблеттерін шыңдау
және пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдық жұмыс істеуге,
бірлікке, білімдерін бірлесе отырып шыңдауға үйрету
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа тақырыпты түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар, сызба құралдары, оқулықтар, сөзжұмбақ
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Оқу құралдарын тексеру.
Төрт топқа бөлу.
Зейінді сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:
1) №85 есеп
2) Үй тапсырмасын <<Сен білесің бе?>> ойыны арқылы қайталап өту.

Жаңа сабақты түсіндіру:
Интерактивті тақта мен плакаттар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа анықтамамен, теоремамен таныстыру, талдау.
Жаңа сабақты бекіту:
<<Кім жылдам>> ойыны:

Оқулықтан есептер шығару:
№79, 86
Сергіту:
Сөзжұмбақ шешу арқылы ерекше тордағы сөздерді табу.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Бұрыштың өлшем бірлігі.
2. Аксиомалар тобы.
3. Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш.
4. Геометрия пәнінің бір бөлімі.
5. Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем.
6. Ақиқаттығы дәлелденетін сөйлем.
7. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі.
8. Бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болып келетін екі бұрыш.
9. Жазыңқы бұрыштың жартысына тең бұрыш.
10. Бір қабырғасы ортақ, ал қалған екі қабырғасы толықтауыш сәулелер болып келетін екі бұрыш.
Сабақты қорытындылау:
Жаңа сабақты сұрақтар қою арқылы қайталап өту.
Сұрақтарға топтар бойынша жауап беру.
<<Қатесі бар геометриялық диктант>> жазу.
Оқушыларды бағалау:
Әр кезең бойынша тотардың қорытынды бағасын шығару. Белсенді оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
Вертикаль бұрыштар, №87 есеп.

Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас бұрыштардың қасиеттері
Оқушыларға сұрақтарға жауап беру
ВОС сыбайлас ЕОС ВОС
Қиылысқан түзулер. перпендикуляр және көлбеу
Координаталық жазықтық
Қазақ тілінде
Бұрыш - осьтік симметриялы фигура
Қиылысқан түзулер
Математикалық таңғажайыптар алаңы
Центрлік симметрия
Пәндер