Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп
В 2 есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп
Қазіргі таңда білім беру сапасы қызметкерлерінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - оқу мен оқытудың тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және заманауи технологияларды меңгеру. Ал осы міндеттерді іске асыру педагог қызметкерлеріне жүктелген. Жүктелген міндетімнің орындалуы үшін мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған үшінші деңгейлік курсқа келдім. Курс барысында жан - жақтан келген түрлі пән мұғалімдерімен таныстым. Тренер оқытудың жаңа тәсілдері арқылы бізді топтық жұмыстарға үйретті, <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> оқулығымен таныстырып, ондағы бағдарламаның негізгі мазмұнын түсінуге көмектесті. Оқулықтағы шетел зерттеушілердің идеяларын оқып, жұппен - топпен талқылап, біліп, түсініп үйрендік. Бар үйренген біліміммен мектепте тәжірибе жинақтауға бардым.
<<Бірінші бетпе - бет кезеңінен>> кейін Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 орта мектебінде ағылшын тілі пәнінен 7 <<Ә>> сыныбында іс - тәжірибеден өттім. Тізбектелген сабақтар топтамасына орта мерзімді жоспар құру үшін менде мынадай сұрақтар қалыптасты: жеті модульдуі 45 минутта қалай байланыстырамын?, оқушылар бойынан нені өзгертуім керек? Төрт сабақтан кейін оқушылар қалай өзгереді, қандай нәтиже береді? . Осы сұрақтарға жауап ретінде мен курста оқып, түсініп, біліп, үйренген жеті модульдері, білімдерімді өз практикамда қолдануға тырыстым. Ең алдымен осы сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес 6 тарау <<Өмір қуаныштары>> бойынша орта мерзімді жоспар құрдым. Осыған сүйене отырып күнделікті қысқа мерзімді жоспар құрдым. Unit 6. Pleasures of life. 6 тарау <<Өмір қуаныштары>>. Step One. "Having fun". 1 сабақ - "Көңілді уақытқа ие болу>>.
Сабағымның мақсаты - сыни тұрғысынан ойлай отырып, ағылшын тілінде оқушылардың сөздік қорын молайып диалог арқылы сөйлеуге үйрету. Достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Міндеттері:
жаңа сөздермен танысу және оларды сөйлем ішінде қолдана білуге үйрету;
оқушылардың уақытын тиімді пайдалануын дағдыландыру;
оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
+ Тақырыпқа сай жаңа сөздерді меңгереді және оны ауызекі сөйлеуде қолданады.
+ Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
+ Оқушылар іс-әрекеттер барысында өзін-өзі және топтық бағалау арқылы ізденімпаздыққа, жауапкершілікке үйренеді.
Жоспарланған мақсат - міндеттерімді жүзеге асыру үшін, тізбектелген сабақтар топтамасына негізделген сабақта, жұмыс барысында қолданылатын әдіс - тәсілдерімді жүзеге асыру үшін бағдарламада негізделген модульдерді қолдандым. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін мен шашылып жатқан әріптерді теріп, тақырыпқа сай дұрыс сөз шығарып, 4 топқа бөлуді ұсындым.
1 топ - "Happy"
2 топ - "School"
3 топ- "Great"
4 топ - "Letter"
Оқушылар сөздерді ойдағыдай дұрыс құрастырды. Әріптерді теріп, топқа бөліну кезінде оқушылар бір бірлерімен сөйлесу арқылы диалог жүріп жатты Қызығушылығын ояту кезеңінде сыни тұрғысынан ойлау модулінің модулінің <<Миға шабуыл>> стратегиясын қолдандым. Яғни оқушылар тақырыпқа сай <> (мектеп экскурсиясы) бойынша сөздер ойлап жазды. Осы сәтті пайдалана оытырып мен топтағы кей оқушылардың орындықтарының артына көбелек стикерін жапсыру арқылы топ басшыларын сайладым.
С деңгейдегі оқушым <> деп дұрыс орындады. Жауап берген топ оқушыларына мадақтама ретінде смайликтер беріп, формативті бағалауды жиі жүргізіп отырдым. Бағалаудың формативті түрде жүргізілуі оқушылардың өздеріне деген жауапкершілікті сезінуіне, әділ болуға көмегі бар екенін байқадым. Қызығушылық ояту мақсатында мен - көшбасшы, ал оқушылар - ізденуші болды. Оқушының белсенділігін, оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін бақылай жүріп, сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын байқадым. Алайда негізгі міндетім - сабақта туындаған негізгі идеялар оқушылардың назарын сабаққа аудару олардың өз бетінше ізденуіне бағыт - бағдар беру. Осы міндетімді іске асыру үшін мағынаны тану кезеңінде <<Сөздікпен жұмыс>> жасатуда оқушылар сөздік оқулықтарды қолдану арқылы жаңа тақырып сөздерін топ болып іздестіріп, сөздік дәптерлеріне жазды. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс - әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. <<Мұғалім - оқушы>> және <<оқушы - оқушы>> жағдайындағы қарым - қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды [1]. Өз беттерімен жаңа сөздерді, сөз тіркестерін іздеп, аудармасын табу шамалы қиынға соққанын байқадым. Себебі , бұрын - соңды балалар тек дайын аудармаларды көшіріп жүретін, өз беттерімен сөздік кітаппен жұмыс жасауға бейімделмеген. Дегенмен, оқушылардың іс - әрекеттерін бақылап, тапсырманы дұрыс орындағандарына қарағанда, балалардың топ болып бірлесіп жұмыс жасағандары өздеріне ұнағанына көзім жетті. Белсенділік танытқан оқушыларды, топтарды смайликтер арқылы бағаладым. Тапсырма орындау барысында балалардың зейіні мен қабілеттеріне, іс - әрекеттерін бақылап жүріп, зерттеуге үш оқушыны таңдадым. Олар:
<<А>> деңгейіне таңдалған оқушым Төлеубай Камила сыныпта үздік,беделді, аяулы оқушы. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын шығармашыл бала. Өз - өзіне сенімді, шыншыл, әділетті, тақырыпты тез түсінеді, тапсырмаларды уақытында орындайды, ойын топ алдында еркін, ашық жеткізе алады. Қосымша музыка мектебінде дәріс алады. Пән олимпиадаларымен қоса, ән айтудан қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі лауреат. <<В>> деңгейіне таңдалған оқушы Кенесова Сымбат сыныпта ұстамды, өзгелермен тіл табысқыш, ағылшын тілін сүйіп оқиды, жақсы оқуға талпынысы жоғары. Қимылы баяу, алайда кез келген тапсырманы өздігінен орындайды. <<С>> деңгейіне таңдалған оқушым Садыров Жақсыбек сабырлы, бар білгенін ішінде ұстайды. Топ алдында сөйлеуге ұялады. Өз пікірін ашық жеткізуге қысылады.
Тақырыпқа сай <<Мәтінмен жұмыс>> кезінде сыни тұрғысынан ойлау модулінің Jigsaw стратегиясын қолдандым. Оқушылар ең алдымен жеке өз беттерінше мәтінді түсіне оқыды. Кейін жұп болып өз ойларын бөлісті. Содан соң топпен мәтінді талқылады. Кейін топаралық жұмысқа ұласты, яғни әр топтан бір оқушы келесі топқа барып, түсіндіріп, мәтін бойынша ойларын бөлісті. Жас ерекшеліктеріне сәйкес <<А>> деңгейдегі оқушыларға оқулық бойынша Думан деген баланың <<Мектеп экскурсиясына>> байланысты сыныптастарына саяхат бойынша айтқан сөздерін қолға киетін қуыршақтарды сөйлеттіріп диалог құру тапсырмасын бердім. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді [2].
<<В>> деңгейдегі оқушыларға осы диалог ішінен болымды сөйлемдерден болымсыз және сұраулы сөйлем жасауға бердім.
<<С>> деңгейдегі оқушыларға диалогты түсіне оқып, мәтінмен салыстырмалы түрде өздерінің ең жақсы деген көңілді уақыттарының сурет салуды ұсындым. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға смайликтер беріп, <Оқулықтағы сөздерді суреттеріне сай қою арқылы <<Сәйкестендіру>> тапсырмасын бердім. Ең алдымен жеке өз беттерімен дәптерге орындады. Кейін жұптасып бір - бірлерінікін тексеріп, қателерін (тек орфографиялық қате болды) түзеді. Әр топ осы тапсырманы қатесіз орындады. Тапсырманы дұрыс орындағандарына байланысты мен оқушыларды мәтінді жақсы түсінгендерін байқадым. Тіпті <<С>> деңгейдегі оқушылардың өздері де мәтін бойынша әр сөздің нақты аудармасын білмесе де, топтық жұмыста қызығушылық танытып, мәтіннің жалпы мазмұнын түсініп білгендері мені қатты қуантады.
Оқушылардың өздері жаңа сабақты талқылап, түсініп, біліп, тапсырмаларды еш қиындықсыз орындағаннан кейін тақырыптық ағылшын әуеніне сай би билеу сергіту сәтін өткіздім. Тек сабақ бойы тақырыпқа сай слайд жүріп жатқанын да емес, сергіту сәтінде де аудио - видео материалын пайдалану- жеті модульдің бірі АКТ қолданғанымның айғағы. Балаларға сергіту сәті өте қатты ұнады. Себебі , оқушыларда бұрын - соңды ағылшын тілінде сергіту сәті өткізілмеген (тек қазақ тілінде ғана).
Балалармен қоса өзім де сергіту сәтін орындадым, оларға жағымды әсерін тигізді. Себебі ұстаздың балалармен бірге билеп, сергіту сәтін орындау олар үшін жаңалық, әрі қызықты. Бой жазып алғаннан кейін <<Ой толғаныс>> кезеңінде 4 топқа флипчарт тараттым. Бұл тапсырманы орындау кезінде де мен сыни тұрғысынан үйрету модулінің <<Ассосациялау>> стратегиясын қолдандым. 1 және 2 топ мәтіндегі кейіпкер Кэйттің Париждегі саяхаты бойынша алған <<жағымды әсерін>>, ал 3 және 4 топқа <<жағымсыз әсерлерін>> флипчартқа салып, қорғады. Бұл тапсырманы берудегі мақсатым - балалардың сурет салу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту, салған суретін қорғау кезінде жаңа тақырып сөздерін ауызекі сөйлеуде қолданып, коммуникативік дағдысын қалыптастыру еді. <<В>> деңгейдегі С оқушым және <<С>> деңгейдегі Ж оқушыларым флипчарт қорғау кезінде бүгінгі сабақтың жаңа сөздерін өз сөздік қорларында қолданғанда мен өз мақсатыма жеткенімді байқадым. Сабақ соңына қарай топ басшылары өз топтарындағы оқушыларға және өздеріне ауызша түрде баға қойып, смайликтерін санап, кімде ең көп жиналғанын айтты. Сонымен қатар өздерін де бағалай алды. Сабақ барысында бұл типтегі оқушылар толық ағылшын тілінде сөйлемесе де, тақырыпты түсініп, топта ұйымшылдық орнатып, төртінші тоқсанның алғашқы сабағында бірден өз - өздерін реттеп, өз топтарын бақылап, өзін де , өзгелерді де тиімді бағалай алғандары мен үшін үлкен жетістік. Бұл сабақта бағалау түрі тек бағалау парақтарымен ғана шектеліп қалған жоқ. Осы жағдайда мен Шонның <<Рефлексивті тәжірибені педагогтардың проблеманы анықтау және іс-әрекеттерінде эксперимент жүргізе отырып шешу әдісі ретінде қарастыратынын>> [3] ескере отырып, оқушылардың өз - өздерін бағалауға мүмкіндік бердім. Кері байланыс парақтарынан оқушыларымның рефлексияларын оқып отырып, сабақ барысында өз жұмысымның нәтижесі мен кемшіліктерін де байқадым.
Сабақта не ұнады, немесе жақсы болды?
Не ұнамады, немесе жаман болды?
Сабақта нені өзгерткің келеді,сенің қалауың?
Нәтижесінде оқушылардың көбі тапсырманы жақсы меңгергендеріне көзім жетті. Оларға флипчартпен жұмыс, сергіту сәті, мәтінді талқылау, қуыршақты сөйлету сияқты кезеңдер ұнады. Мен үшін ең маңыздысы <<С>> типтегі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын танытып, тапсырмаларды дұрыс орындай алулары болды. Кей оқушылар топтық жұмысқа бейімделмегендіктен А деңгейдегі К оқушым <<топ өте шулы>> болды деп өз ұсынысын жазды.
Сабаққа екі ата - аналар мен екі әріптесім қатысты. Бақылау парағын тараттым, өз пікірлері мен ұсыныстарын жазып білдірді. Үй жұмысына <<Менің ең қызықты көңілді уақытым>> эссе жазуға бердім. Сабақ соңына қарай топ басшыларының ауызша бағалауларын есере орытып, суммативті бағалау жүргіздім. Алғашқы сабағымда тап болған кедергілер:
# уақыттың жетіспеушілігі;
# дарынды балалардың енжар оқушыларды елемей, пікірін санамай, шектен тыс көшбасшылық танытулары;
# енжар оқушылардың өз ойларын топтық жұмыста еркін жеткізе алмауы;
# уақыт тапшылығына байланысты сабақ процесінде жеті модульді жүйелеп қолдану қиындыққа соқтырды.
Жеткен жетістігім:
Күтілетін нәтижелерді болжастырғанымдай оқушылар тақырыпқа сай жаңа сөздерді меңгерді. Сабақта толық ағылшын тілінде сөйлемесе де, сабақты түсінгендері. Сыни ойлау арқылы топ арасында психикалық сенім қалыптасып, ұйымшылдық орнай бастады. Оқушылар іс - әрекет барысында өзін - өзі және топтық бағалау арқылы ізденімпаздық пен жауапкершілікке үйренді. Алғашқы сабақта кедергілерге жолықсам да, сабағымның нәтижелі болуы - ол әрине <<бірінші бетпе - бет кезеңінде>> тренер оқытып үйреткен бағдарламаның жеті модулінің оң әсері.
Қорыта келе, сабақ барысында мен оқушыларды тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күші, шама - шарқын бағалай білуге, топта өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуға жетеледім. Жас ерекшеліктеріне сай оқытуда мен іс - әрекеттің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелеу түрлерін қолдандым. Іс - әрекеттің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, оқытудың жаңа тәсілін пайдаландым. Олар:
* Жеке жұмыс;
* Жұптық жұмыс;
* Топтық жұмыс;
* Топаралық жұмыс .
Сабақ барысында әр "оқушы - оқушымен (жұппен) - топпен - ұжыммен-мұғаліммен>> қатынаста болдық. Флипчартпен жұмыс, Jigsaw стратегиясы арқылы жүргізілген мәтінмен жұмыс кезінде оқушылар арасында диалог арқылы оқытудың әңгіме-дебат түрі жүріп жатты. Ал тақырыптық жаңа сөздердің қазақша аудармасын табу үшін сөздік оқулықтарды пайдаланып, ізденіп, бір - бірлеріне дәлелдеп, топтық жұмыста диалог арқылы оқытудың зерттеушілік әңгімесі жүріп жатты. Қызығушылық ояту кезеңінде <<Миға шабуыл>>, мағынаны тану кезінде <>, ой толғаныс кезеңінде <<Ассосациялау>> стратегиясын қолданғынымнан СТО модулінің жүріп жатқанын көруге болады. Жоғарыда дәлелдерге қарағанда сабақ процесінде орындалған тапсырмаларда уақыт тапшылығына қарамастан бағдарламаның жеті модульдерін жүйелеп қолдана алдым. Тәжірибе кезінде жаңашыл тәсілдерді енгізгенге дейін, сабақ барысын, яғни жаңа сабақты түсіндіру, оқушы түсінді ме жоқ па сабақ жоспарындағы тапсырмалардың толық орындалуы өзіме міндетті деп санайтынмын және бұл дағды жылдар бойы бұлжымай орындалып келген болатын. Күнделікті дағдыланған әдетім, үй тапсырмасын тақтаның алдында оқушыны шығарып, оның дайындығына немесе дайын еместігін біліп, сол сәтте бағалап жіберетінмін. Қазіргі кезде қолданылып жүрген постер қорғау, суреттерді сөйлету, топтық - топаралық жұмыстарды өте аз немесе пайдаланбайтынмын. Мектептегі тәжірибе кезінде менің мынаған көзім жетті, топ болып жұмыс жасау арқылы оқушылар жаңа идеялар таба білді , өз - өздерін бағалауды үйренді, ынтымақтастықтарын нығайтты. Бұл дегенім білім төңірегіндегі болып жатқан үлкен жетістік, жаңа қалыптасқан үдеріс. Алғашқы сабақ өз ойымша нәтижелі болған сияқты. Неге? Өйткені, бұл кезеңде мен бұрын - соңды болмаған оқытудың жаңа тәсілдерін қолдандым. Атап айтқанда, жеке - жұптық - топтық жұмыстар, рефлексия, аудио - видео материалдар, сапалық дәлелдемелер жинадым.
Болашақта өз тәжірибемде кездескен кедергілерді болдырмау үшін мен әр тапсырмаға уақытты тиімді пайдаламын, тапсырмаларды түрлендіру арқылы (мысалы, қосымша ресурстық материалдар пайдалану, топ басшы қылып сайлау) енжар оқушыларды шеттетпеуге тырысамын, белсенді оқушыларға қасындағы жұбына көмектесуді ұсынамын (тек өзі емес, топ толықтай сабаққа қатысу), дарынды оқушыларға күрделі тапсырмалар беремін, топта ұйымшылдық орнату үшін оқушыларға <<топ ережесін>> жасату арқылы балаларды жауапкершілікке үйретемін деп жоспарлаудамын. Бірақ, әрине , тәжірибені әлі де саралау қажет, себебі алғашқы сабақта барлығы жүз пайыз деп айта алмаймын, ең алдымен, уақытпен санаса отырып тап болған қиыншылық пен кемшілікті жоюға тырысамын. Жұмысымның әр кезде нәтиже беруі үшін үнемі ізденіс үстінде болуым шарт. Қажетті кезде порталға шығып, өзіме тиесілі мәліметтерді алып, білімімді үздіксіз жетілдіріп отырамын.
Іс -әрекеттерді зерттеу туралы мағлұматтарды іздеп танып, іліп, білімге деген оң көзқарасымды түбегейлі өзгерту үшін ұшан теңіз жұмыстар атқарамын.
Сілтеме:
[1] <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> 12 бет
[2] <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> 29 бет
[3] <<Мұғалімге арналған нұсқаулық>> 53 бет
Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп
Қазіргі таңда білім беру сапасы қызметкерлерінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі - оқу мен оқытудың тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және заманауи технологияларды меңгеру. Ал осы міндеттерді іске асыру педагог қызметкерлеріне жүктелген. Жүктелген міндетімнің орындалуы үшін мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған үшінші деңгейлік курсқа келдім. Курс барысында жан - жақтан келген түрлі пән мұғалімдерімен таныстым. Тренер оқытудың жаңа тәсілдері арқылы бізді топтық жұмыстарға үйретті, <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> оқулығымен таныстырып, ондағы бағдарламаның негізгі мазмұнын түсінуге көмектесті. Оқулықтағы шетел зерттеушілердің идеяларын оқып, жұппен - топпен талқылап, біліп, түсініп үйрендік. Бар үйренген біліміммен мектепте тәжірибе жинақтауға бардым.
<<Бірінші бетпе - бет кезеңінен>> кейін Степногорск қаласы, Бестөбе кентінің №1 орта мектебінде ағылшын тілі пәнінен 7 <<Ә>> сыныбында іс - тәжірибеден өттім. Тізбектелген сабақтар топтамасына орта мерзімді жоспар құру үшін менде мынадай сұрақтар қалыптасты: жеті модульдуі 45 минутта қалай байланыстырамын?, оқушылар бойынан нені өзгертуім керек? Төрт сабақтан кейін оқушылар қалай өзгереді, қандай нәтиже береді? . Осы сұрақтарға жауап ретінде мен курста оқып, түсініп, біліп, үйренген жеті модульдері, білімдерімді өз практикамда қолдануға тырыстым. Ең алдымен осы сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес 6 тарау <<Өмір қуаныштары>> бойынша орта мерзімді жоспар құрдым. Осыған сүйене отырып күнделікті қысқа мерзімді жоспар құрдым. Unit 6. Pleasures of life. 6 тарау <<Өмір қуаныштары>>. Step One. "Having fun". 1 сабақ - "Көңілді уақытқа ие болу>>.
Сабағымның мақсаты - сыни тұрғысынан ойлай отырып, ағылшын тілінде оқушылардың сөздік қорын молайып диалог арқылы сөйлеуге үйрету. Достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу. Есте сақтау қабілетін дамыту.
Міндеттері:
жаңа сөздермен танысу және оларды сөйлем ішінде қолдана білуге үйрету;
оқушылардың уақытын тиімді пайдалануын дағдыландыру;
оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
+ Тақырыпқа сай жаңа сөздерді меңгереді және оны ауызекі сөйлеуде қолданады.
+ Сыни ойлау арқылы психологиялық сенім қалыптасады.
+ Оқушылар іс-әрекеттер барысында өзін-өзі және топтық бағалау арқылы ізденімпаздыққа, жауапкершілікке үйренеді.
Жоспарланған мақсат - міндеттерімді жүзеге асыру үшін, тізбектелген сабақтар топтамасына негізделген сабақта, жұмыс барысында қолданылатын әдіс - тәсілдерімді жүзеге асыру үшін бағдарламада негізделген модульдерді қолдандым. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін мен шашылып жатқан әріптерді теріп, тақырыпқа сай дұрыс сөз шығарып, 4 топқа бөлуді ұсындым.
1 топ - "Happy"
2 топ - "School"
3 топ- "Great"
4 топ - "Letter"
Оқушылар сөздерді ойдағыдай дұрыс құрастырды. Әріптерді теріп, топқа бөліну кезінде оқушылар бір бірлерімен сөйлесу арқылы диалог жүріп жатты Қызығушылығын ояту кезеңінде сыни тұрғысынан ойлау модулінің модулінің <<Миға шабуыл>> стратегиясын қолдандым. Яғни оқушылар тақырыпқа сай <
С деңгейдегі оқушым <
<<А>> деңгейіне таңдалған оқушым Төлеубай Камила сыныпта үздік,беделді, аяулы оқушы. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын шығармашыл бала. Өз - өзіне сенімді, шыншыл, әділетті, тақырыпты тез түсінеді, тапсырмаларды уақытында орындайды, ойын топ алдында еркін, ашық жеткізе алады. Қосымша музыка мектебінде дәріс алады. Пән олимпиадаларымен қоса, ән айтудан қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі лауреат. <<В>> деңгейіне таңдалған оқушы Кенесова Сымбат сыныпта ұстамды, өзгелермен тіл табысқыш, ағылшын тілін сүйіп оқиды, жақсы оқуға талпынысы жоғары. Қимылы баяу, алайда кез келген тапсырманы өздігінен орындайды. <<С>> деңгейіне таңдалған оқушым Садыров Жақсыбек сабырлы, бар білгенін ішінде ұстайды. Топ алдында сөйлеуге ұялады. Өз пікірін ашық жеткізуге қысылады.
Тақырыпқа сай <<Мәтінмен жұмыс>> кезінде сыни тұрғысынан ойлау модулінің Jigsaw стратегиясын қолдандым. Оқушылар ең алдымен жеке өз беттерінше мәтінді түсіне оқыды. Кейін жұп болып өз ойларын бөлісті. Содан соң топпен мәтінді талқылады. Кейін топаралық жұмысқа ұласты, яғни әр топтан бір оқушы келесі топқа барып, түсіндіріп, мәтін бойынша ойларын бөлісті. Жас ерекшеліктеріне сәйкес <<А>> деңгейдегі оқушыларға оқулық бойынша Думан деген баланың <<Мектеп экскурсиясына>> байланысты сыныптастарына саяхат бойынша айтқан сөздерін қолға киетін қуыршақтарды сөйлеттіріп диалог құру тапсырмасын бердім. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді [2].
<<В>> деңгейдегі оқушыларға осы диалог ішінен болымды сөйлемдерден болымсыз және сұраулы сөйлем жасауға бердім.
<<С>> деңгейдегі оқушыларға диалогты түсіне оқып, мәтінмен салыстырмалы түрде өздерінің ең жақсы деген көңілді уақыттарының сурет салуды ұсындым. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға смайликтер беріп, <
Оқушылардың өздері жаңа сабақты талқылап, түсініп, біліп, тапсырмаларды еш қиындықсыз орындағаннан кейін тақырыптық ағылшын әуеніне сай би билеу сергіту сәтін өткіздім. Тек сабақ бойы тақырыпқа сай слайд жүріп жатқанын да емес, сергіту сәтінде де аудио - видео материалын пайдалану- жеті модульдің бірі АКТ қолданғанымның айғағы. Балаларға сергіту сәті өте қатты ұнады. Себебі , оқушыларда бұрын - соңды ағылшын тілінде сергіту сәті өткізілмеген (тек қазақ тілінде ғана).
Балалармен қоса өзім де сергіту сәтін орындадым, оларға жағымды әсерін тигізді. Себебі ұстаздың балалармен бірге билеп, сергіту сәтін орындау олар үшін жаңалық, әрі қызықты. Бой жазып алғаннан кейін <<Ой толғаныс>> кезеңінде 4 топқа флипчарт тараттым. Бұл тапсырманы орындау кезінде де мен сыни тұрғысынан үйрету модулінің <<Ассосациялау>> стратегиясын қолдандым. 1 және 2 топ мәтіндегі кейіпкер Кэйттің Париждегі саяхаты бойынша алған <<жағымды әсерін>>, ал 3 және 4 топқа <<жағымсыз әсерлерін>> флипчартқа салып, қорғады. Бұл тапсырманы берудегі мақсатым - балалардың сурет салу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту, салған суретін қорғау кезінде жаңа тақырып сөздерін ауызекі сөйлеуде қолданып, коммуникативік дағдысын қалыптастыру еді. <<В>> деңгейдегі С оқушым және <<С>> деңгейдегі Ж оқушыларым флипчарт қорғау кезінде бүгінгі сабақтың жаңа сөздерін өз сөздік қорларында қолданғанда мен өз мақсатыма жеткенімді байқадым. Сабақ соңына қарай топ басшылары өз топтарындағы оқушыларға және өздеріне ауызша түрде баға қойып, смайликтерін санап, кімде ең көп жиналғанын айтты. Сонымен қатар өздерін де бағалай алды. Сабақ барысында бұл типтегі оқушылар толық ағылшын тілінде сөйлемесе де, тақырыпты түсініп, топта ұйымшылдық орнатып, төртінші тоқсанның алғашқы сабағында бірден өз - өздерін реттеп, өз топтарын бақылап, өзін де , өзгелерді де тиімді бағалай алғандары мен үшін үлкен жетістік. Бұл сабақта бағалау түрі тек бағалау парақтарымен ғана шектеліп қалған жоқ. Осы жағдайда мен Шонның <<Рефлексивті тәжірибені педагогтардың проблеманы анықтау және іс-әрекеттерінде эксперимент жүргізе отырып шешу әдісі ретінде қарастыратынын>> [3] ескере отырып, оқушылардың өз - өздерін бағалауға мүмкіндік бердім. Кері байланыс парақтарынан оқушыларымның рефлексияларын оқып отырып, сабақ барысында өз жұмысымның нәтижесі мен кемшіліктерін де байқадым.
Сабақта не ұнады, немесе жақсы болды?
Не ұнамады, немесе жаман болды?
Сабақта нені өзгерткің келеді,сенің қалауың?
Нәтижесінде оқушылардың көбі тапсырманы жақсы меңгергендеріне көзім жетті. Оларға флипчартпен жұмыс, сергіту сәті, мәтінді талқылау, қуыршақты сөйлету сияқты кезеңдер ұнады. Мен үшін ең маңыздысы <<С>> типтегі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын танытып, тапсырмаларды дұрыс орындай алулары болды. Кей оқушылар топтық жұмысқа бейімделмегендіктен А деңгейдегі К оқушым <<топ өте шулы>> болды деп өз ұсынысын жазды.
Сабаққа екі ата - аналар мен екі әріптесім қатысты. Бақылау парағын тараттым, өз пікірлері мен ұсыныстарын жазып білдірді. Үй жұмысына <<Менің ең қызықты көңілді уақытым>> эссе жазуға бердім. Сабақ соңына қарай топ басшыларының ауызша бағалауларын есере орытып, суммативті бағалау жүргіздім. Алғашқы сабағымда тап болған кедергілер:
# уақыттың жетіспеушілігі;
# дарынды балалардың енжар оқушыларды елемей, пікірін санамай, шектен тыс көшбасшылық танытулары;
# енжар оқушылардың өз ойларын топтық жұмыста еркін жеткізе алмауы;
# уақыт тапшылығына байланысты сабақ процесінде жеті модульді жүйелеп қолдану қиындыққа соқтырды.
Жеткен жетістігім:
Күтілетін нәтижелерді болжастырғанымдай оқушылар тақырыпқа сай жаңа сөздерді меңгерді. Сабақта толық ағылшын тілінде сөйлемесе де, сабақты түсінгендері. Сыни ойлау арқылы топ арасында психикалық сенім қалыптасып, ұйымшылдық орнай бастады. Оқушылар іс - әрекет барысында өзін - өзі және топтық бағалау арқылы ізденімпаздық пен жауапкершілікке үйренді. Алғашқы сабақта кедергілерге жолықсам да, сабағымның нәтижелі болуы - ол әрине <<бірінші бетпе - бет кезеңінде>> тренер оқытып үйреткен бағдарламаның жеті модулінің оң әсері.
Қорыта келе, сабақ барысында мен оқушыларды тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күші, шама - шарқын бағалай білуге, топта өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуға жетеледім. Жас ерекшеліктеріне сай оқытуда мен іс - әрекеттің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелеу түрлерін қолдандым. Іс - әрекеттің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, оқытудың жаңа тәсілін пайдаландым. Олар:
* Жеке жұмыс;
* Жұптық жұмыс;
* Топтық жұмыс;
* Топаралық жұмыс .
Сабақ барысында әр "оқушы - оқушымен (жұппен) - топпен - ұжыммен-мұғаліммен>> қатынаста болдық. Флипчартпен жұмыс, Jigsaw стратегиясы арқылы жүргізілген мәтінмен жұмыс кезінде оқушылар арасында диалог арқылы оқытудың әңгіме-дебат түрі жүріп жатты. Ал тақырыптық жаңа сөздердің қазақша аудармасын табу үшін сөздік оқулықтарды пайдаланып, ізденіп, бір - бірлеріне дәлелдеп, топтық жұмыста диалог арқылы оқытудың зерттеушілік әңгімесі жүріп жатты. Қызығушылық ояту кезеңінде <<Миға шабуыл>>, мағынаны тану кезінде <
Болашақта өз тәжірибемде кездескен кедергілерді болдырмау үшін мен әр тапсырмаға уақытты тиімді пайдаламын, тапсырмаларды түрлендіру арқылы (мысалы, қосымша ресурстық материалдар пайдалану, топ басшы қылып сайлау) енжар оқушыларды шеттетпеуге тырысамын, белсенді оқушыларға қасындағы жұбына көмектесуді ұсынамын (тек өзі емес, топ толықтай сабаққа қатысу), дарынды оқушыларға күрделі тапсырмалар беремін, топта ұйымшылдық орнату үшін оқушыларға <<топ ережесін>> жасату арқылы балаларды жауапкершілікке үйретемін деп жоспарлаудамын. Бірақ, әрине , тәжірибені әлі де саралау қажет, себебі алғашқы сабақта барлығы жүз пайыз деп айта алмаймын, ең алдымен, уақытпен санаса отырып тап болған қиыншылық пен кемшілікті жоюға тырысамын. Жұмысымның әр кезде нәтиже беруі үшін үнемі ізденіс үстінде болуым шарт. Қажетті кезде порталға шығып, өзіме тиесілі мәліметтерді алып, білімімді үздіксіз жетілдіріп отырамын.
Іс -әрекеттерді зерттеу туралы мағлұматтарды іздеп танып, іліп, білімге деген оң көзқарасымды түбегейлі өзгерту үшін ұшан теңіз жұмыстар атқарамын.
Сілтеме:
[1] <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> 12 бет
[2] <<Мұғалімдерге арналған нұсқаулық>> 29 бет
[3] <<Мұғалімге арналған нұсқаулық>> 53 бет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz