Жеті модульді кіріктіру негізінде сыни ойлау дағдыларын дамытатын орта мерзімді сабақ жоспары

Орта мерзімді сабақтар топтамасын жоспарлау

Мен, 2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталағында оқытудағы кембридж тәсілінің Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша білім алдым. Бұл бағдарлама барша қазақстандық ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін өзімнің оқыту және оқу тәжірибемді жүргізу үшін Үшінші деңгей бағдарламасының жеті модулін ықпалдастыра отырып, күнтізбелік жоспардағы 4 сабағымды белгілеп алдым.

§ 9. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері.

9. 1 Отырықшы және көшпелілердің материалдық мәдениеті.

§10. Сәулет өнері және өнер

§11. Халық ауыз әдебиеті, жазу, дін

Тізбектелген сабақ жоспарын құру үшін әрбір сабақтағы оқыту мен оқу мақсаттарын құру керек болды.

Орта мерзімді жоспарлаудағы алдыма қойған мақсатым: сыни тұрғыдан ойлайтын құзіретті оқушы қалыптастыру. Сабақты жоспарлау барысында әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, сынып оқушыларының білім-біліктігін нығайтатын тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білуге тырыстым. Оқушының айналасындағылармен тіл табыса білуге үйрететін топпен, жұппен жұмыс жасау үшін тапсырмаларды жинақтадым. Оқып үйренудің негізгі мақсаттарында оқушы тақырып бойынша нені білу керектігіне назар аудардым. Келесі қадамым сол оқып білудің мақсатына жету үшін жеті модульдің кіріктірілуіне мән бердім. Жеті модуль бір-бірімен байланысты екендігін теориялық білімімде меңгергендіктен, тізбектелген сабақтарыма барлық модульді қатыстырдым. Себебі, жеті модуль адам ағзалары секілді тығыз байланыста ұштасады.

Тізбектелген сабақтарымда модульді кіріктіру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді жоспарладым.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульін жандандыру үшін-миға шабуыл, Джиксо, топтық тергеу, РАФТ әдістерін пайдалануды ұйғардым.

Сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульін кіріктіру үшін-Роун-Робин, Венн диаграммасы, кезбе тілші әдістерін пайдалана отырып, оқушыларды еркін сөйлеуге және сыни тұрғыдан ойлана білуге талпындырғым келді.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау - топтық бағалау, жұптық бағалау, бағалау критерийі арқылы бағалау, топ басшысының бағалауы, «екі жұлдыз, бір тілек» әдісін пайдалануды ұйғардым.

АКТ- ны әр сабағымда қолдану үшін бейнефильм көрсету, слайд арқылы сұрақтар дайындадым.

Талантты және дарынды оқушыларды оқыту модульін кіріктіру үшін жекелеген оқушылар үшін күрделенген тапсырмалар дайындадым.

Жас ерекшелігіне қарай оқыту модульін кіріктіру үшін деңгейлік тапсырмалар енгіздім.

Жоспарланғанған сабақтарым нәтижелі болу үшін түрлі көрнекіліктер дайындадым. Өз сабағымның оқушы сұранысына жауап беретіндей қызықты да мазмұнды жоспарлануы іс тәжірибеде жақсы нәтеже көрсетеді деп үміттендім.


Ұқсас жұмыстар
Сыни оқытуға негізделген жеті модульді кіріктіру арқылы Үндестік заңы бойынша тізбектелген төрт сабақтың орта мерзімді жоспары
Орта мерзімді жоспарлау: 6-сынып қазақ әдебиеті пәнінде жеті модульді ықпалдастыру тәжірибесі
4 «Б» сыныбына арналған орта мерзімді жоспар: қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жеті модульді интеграциялау
7-сынып физикасы: Жұмыс, қуат, энергия - жеті модульді кіріктірген тізбектелген төрт сабаққа арналған орта мерзімді жоспар
Жеті модульді практикалық қолдану арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту тәжірибесі
Бастауыш сыныпқа арналған мүшел жас тақырыбындағы сыни ойлау арқылы дамытатын сабақ жоспары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары - Соғыс және балалар тағдыры: әдеби талдау мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Жеті модульді интеграциялау мен сыни оқыту негізіндегі 6-сынып қазақ әдебиеті сабағы бойынша рефлексивті есеп
Көркем еңбек сабағында жеті модульді қолданудың теориясы мен тәжірибесі
Дарынды оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілігін жетілдіру: коучинг жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz