Әңгімеге біріккен сөзді қатыстыру

Тұрарова Сымбат Жұматайқыз ы
ШҚО
Тарбағатай ауданы
Тана мырза орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Пәні:қазақ тілі сыныбы:4 Күні:26. 11. 2015ж
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөз
Мақсаты: Біріккен сөз туралы ұғыммен таныстыра отырып, білім, біліктерін қалыптастыру.
Оқушыларды шығармашылыққа баули отырып, ойлау қабілеттерін және сөздік қорларын дамыту.
Топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіру.
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдісі: Интербелсенді әдіс- тәсілдер.
Сабақтың көрнекілігі: Арнау сөз, слайдтар, Гүл мен Айна кейіпкер кестелер, таратпа материалдар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Тренинг: Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Сәлем деймін достарға Сәлем барша ұстазға Тату болсын халықтар, Аман болсын балалар. Арнау сөз: Мұралардың ең қымбаттысы -сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суы көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Ғ. Мұстафин
Тілек айту. Жүректен жүрекке.
Аспанымыз ашық болсын! -Көк туымыз биік болсын! -Еліміз тыныш болсын!
Топқа бөліну
І топ. «Алғырлар» ІІ топ. «Білімділер»
Үй жұмысын тексеру:
Блиц-турнир.
Әр топқа 5 сұрақ.
Бағдаршам арқылы бағалау
Жаңа сабақ.
Өткен сабақта Сөзстан деген елде бір ақсақал өмір сүргенін айттық. Оның аты күрделі сөз екеніміен таныстық. Осы ақсақалдың үш ұлы бар екен. Оның аттары: Біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз. Біріккен сөз ынтымақта татулықта өмір сүріпті. Балалары да тату болып, бірі- бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен, біз бүгін Күрделі сөз ақсақалдың біррікен сөз деген ұлының өмір тарихымен танысамыз. Ол үшін шағын көрініс тамашалайық.
Көрініс: «Айна мен Гүл»
Содан бері қазақта Айнагүл есімді қыз бала атын қоя бастапты. Айнагүл есімі қалай жасалып тұр?
Тапсырма : Гүл шоғын жасау.
Тапсырма: Дәптермен жұмыс . 9- жаттығу. Көшіріп жаз.
І топ. 10-жатттығу. Кемпірқосақ өлеңін оқып жатқа жаз.
ІІ топ. 11- жаттығу. Біріккен сөзді қатыстырып, сөйлем құра.
І топ. Төрт сөйлем тәсілі . Біріккен сөз туралы оқығанын дәлелдеу. ІІ топ. Тұжырым кестесі.
13-жаттығу. Хайуанаттар бағына саяхат тақырыбына әңгіме құрау. Әңгімеге біріккен сөзді қатыстыру.
І топ. Сәйкестендіру тесті.
«Менің бағытым»
ІІ топ. « Жоғалған сөздерді тап»
Сергіту сәті.
Бекіту.
Анаграмма.
І топ. Бірінші түбір сөз- сан.
Екінші түбір сөз- сұйық зат.
Екеуін қосып оқысаң,
Жерге қойылған ат.
ІІ топ. Бірінші түбір сөз- түс.
Екінші түбір сөз- құс.
Екі түбір сөзді қоссаң,
Шығады тағы құс.
Бүгін көгілдір экранда қандай бағдарлама болатынын көрейік. Егер осы бағдарламада біріккен сөз болса қол соғайық.
06 30 - Әнұран.
07 00 - Таңшолпан.
08 00 -Тілашар.
10 00 - Көзайым.
11 00 - Балбұлақ.
12 00 - Алдаркөсе.
Ендеше, алған білімімізді «Венн» салыстыру арқылы дәлелдейік.
Қорытынды.
Білем деме балам,
Білмегенің көп шығар,
Бұл дүниеде сірә
Бәрін білген жоқ шығар дегендей барлығын қайталау қажет.
-Балалар біз бүгін не үйрендік?
Біріккен сөз дегеніміз не?
Бағалау. Блоб ағашы арқылы өзін- өзі бағалау.
Үйге тапсырма.
І топ. 12- жаттығу.
ІІ топ. 14- жаттығу.
Ән: Отаным
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz