Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақты бекіту. Сабақ тақырыбы

Сабақ тақырыбы: <<Төле би>>
Пәні:Шешендік өнер
Мақсаты: Төле бидің даналығы,шешендік тапқыр сөздері жайлы түсіндіру,мәлемет беру;
Дамыту: Оқушылардың ойын,тілін,шығармашылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелеу: Адамгершілікке,елін,жерін қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту;
Түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап,баяндау.
Көрнекілігі :<<Үш жүздің билері>> әдістемелік кітабы, <<Әдебиеттік оқу>> 4 сынып, <<Тарихи тұлғалар>> энсиклопедия.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:
Кезекшіден оқушылардың сабаққа қатысуын сұрау
ІІ.Үй жұмысын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ
ІҮ.Қазыбектің Төле бидің жағдайын сұрауы (көрініс)
Үй жұмысы: <<Қазыбек бидің ел дауын шешуі>>
Сұрақтар:
1.Кемеңгер би нешінші жылы,қай жерде дүниеге келді?
2.Қазыбек бидің ата тегі кімдер болған?
3.Қазыбектің есімі қазақ халқының арасында қалай тарады?
4.Қазақ ханы Абылай Қазыбек би туралы қандай пікір айтты?
Үй жұмысын бекіту.Оқушыларды бағалау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы аңыз-әңгімелер,шешендік сөздер көп.Солардың көпшілігінде ол ақылды,әділ,шешен және халық қамын ойлаған қайраткер ретінде суреттеледі.Оның өмірбаянына тоқталсақ. Төле Әлібекұлы (1663-1756 ж.ж) қазіргі Жамбыл облысы,Шу ауданының Жайсан жайлауында дүниеге келген.
-Балалар,Төле би кім? деген сұраққа жауап беріп көрейікші.

Төле би кім?

Сөзге шебер шешен
Кемеңгер би әділ Өз заманының қоғам қайраткері
-Балалар, <<тектіден текті туады>> демекші Төле бидің арғы аталары елге танымал адамдар болған.Ендеше Төле бидің арғы тегімен танысайық.
Ата-тегі:
Әлібек
Құдайберді би
Дулат
Төле би
Жайылмас би
Жанту
Жарылқамыс
Жаныс



Төле би өз елінің,өзге халықтардың әсірсе шығыстың аңыз-әңгімелерін,қисса-дастандарын еркін меңгерген.15 жасынан бастап,ел билеу ісіне ынтасы ауған.
1723 жылы Жоңғар шапқыншылығынан кейін Төле би елге таныла бастайды. Қыз-анадан,бота-енеден ажырап,аңырағанда,азынаған елге билер де ұйытқы,ұйымдастырушы болды. <<Елге бай құт емес,би құт>> дейтін нақыл сөзді Төле би сол кезде айтыпты.
-Балалар Төле би 93 жасқа келіп,ауырып жатқанында оның жағдайын сұрау үшін көптеген төрелер мен билер келген болатын.Солардың бірі Қазыбек би.Сол сәттегі Қазыбек Төле арасындағы әңгімеден үзінді тыңдайық.(көрініс)
-Жарайсыңдар балалар! Төле би өзінің жағдайын қалай жұмбақтап айтқан.Әрбір сөзінің астарында үлкен мағына барын білдік.
Ардақты істерімен, асыл қасиеттерімен, асқан әділдігімен, кемеңгерлік ғибрат-кеңестерімен, <<даналық шешімдерімен>> қазақ елін көркейтуге бар қажыр-қайратын жұмсаған ғұлама заманында <<Қарлығаш әулие>>, <<Қарлығаш би>> атанған. Мұның себебі былайша: <<Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама>> кезінде ел ауғанда Төле үйін жықпай, қасиетті жұртын қимапты. Сонда жоңғарлық әскербасы Төле биден көшпей қалудың сырын құмартып, қиыла сұрапты.
- Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді, ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым, - дейді дана туған Төле би.
<<Бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын>> Төленің ғажайып болмысын жүйрік таныған қалмақ қолбасшысы:
- Шын әулиенің өзі екен - деп, өзіне де, еліне де көз алартпапты.

ІҮ.Сабақты бекіту.
-Балалар,бүгінгі жаңа сабағымызды бекіту үшін мына бекіту сұрақтарына жауап берейік.
> Төле би қай жерде,қашан дүниеге келген?
> Төле би кім?
> Төле бидің арғы атасы кімдер болған
Шымкентте,Түркістанда,Ташкентте билік басында болған.Сәулетті ғимараттар салуға үлесін қосты.Төле би 1756 жылы 12 жыл билік жүргізген атасы Жүніс ханның қасына жерленген.
Оқушыларды бағалау.
Ү.Үйге тапсырма: Төле би жайлы аңыз-әңгімелер оқып келу.

№ 47 М.В.Ломоносов атындағы қазақ орта мектебі

Тақырыбы: Төле би
Пәні: Шешендік өнер
Сыныбы: 3 <<А>>
Пән мұғалімі: Б.Қайнарбекова
Күні: 28.02.2014 жыл

Ұқсас жұмыстар
Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғылар
Қай түзу перпендикуляр түзу
Ақпаратты компьютерде сақтау
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.(КОМПЬЮТЕРМЕН ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ КУРСЫ)
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Кесте арқылы саяси қысым жағдайындағы Қазақстанды түсіндіру
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Ана тілінің қызметі
Сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері
Форма макеті терезесі
Пәндер