Бүршіктің құрылысы

Биология сабағында аналогия әдісін қолдану

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытыда ғылыми таным әдістерін пайдаланудың маңызы зор. Ғылыми танымның жалпы әдістеріне индукция, редукция, анализ, синтез, аналогия, классификацялау, жалпылау, салыстыру, т. б. жататыны белгілі. Биология сабақтарында аналогия әдісінің алатын орны ерекше. Табиғаты жағынан, систематикасы жағынан ұқсас ағзалардың ортақ белгілерін ажырату, олардың сәйкес элементтерін табу аналогиялық ой қорытудағы басты тәсіл болып табылады.

«Аналогиялық»-грек тілінен аударғанда ұқсас, сәйкес деген мағынада. Биология пәнін оқытуға аналогияны пайдалану тиімді әдістердің бірі болып саналады. Оқушының өздігінен ізденіп тиісті тапсырмадағы ағзаның, құбылыстың, қасиеттердің ұқсастығы мен айырмашылығын табуда, ұлттық бірыңғай тестке дайындалуда да осы аналогия әдісі жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ол оқушылардың есте сақтауын да жақсартады. Оқушылардың тақырыптық, шығармашылық жұмыс жасауына қызығушылықтарын арттырады.

Осы әдісті қолданудың бірнеше мысалдарын қарастырайық.

6-сынып «Бүршіктің құрылысы»

Өсу бүршігі
Ортақ
Гүл бүршігі
Өсу бүршігі:

Бастама

Жапырақ

Тек ұзарған өренде

Ортақ:

Сыртқы қабыршақ

Алғашқы сабақ

Гүл бүршігі:

Гүл шанақ

Қысқарған өренде

Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы

Тамырсабақ
Тамыр
Тамырсабақ:

1. Тамырсабақтың ұшында бүршік болады

2. Буын және буынаралығынан тұрады

3. Жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті

4. Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады

5. Бүршіктен дамиды

6. Тек көп жылдқ өсімдіктерде болады

Тамыр:

1. Тамыр ұшында оймақша бар

2. Буын және буынаралық болмайды

3. Жапырақ болмайды

4. Бүршіктері жоқ

5. Ұрық тамыршасынан дамиды

6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады

Тұқымның құрылысы бойынша

Қос жарнақты
ұқсастығы
дара жарнақты
Қос жарнақты:

1. Екі тұқым жарнақты

2. Қабығы суға жібігенде тез суланады

3. Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады

ұқсастығы:

1. Тұқым жарнағы бар

2. Қабығы тығыз

3. Ұрық

-сабақша

-тұқымша

-бүршікще

дара жарнақты:

1. Бір тұқым жарнақты

2. Қабығы суға жібігенде сулануы қиын

3. Қоректік зат эндоспермде жинақталады

Қос жарнақты:

Тұқымдастар

көкнәр, алабота, асқабақ, орамжапырақ,

құлқайыргүлділер, раушангүлділер,

бұршақ, алқа, кіріккен күлтілілер,

еріндігүлділер, күрделігүлділер

ұқсастығы:

Тұқымдастыру

лалагүл, құртқашаш, пияз, інжугүл,

астық

Омыртқалы жануарлардың ішкі құрылысы

Жануарлар
Зәр шығару мүшесі
Тыныс алу мүшесі
Жүрегінің құрылысы
Мекен ету ортасы
Жануарлар: Балықтар
Зәр шығару мүшесі: Бүйрек, қуық
Тыныс алу мүшесі: Желбезек
Жүрегінің құрылысы: Екі қуысты, тұйық қан айналым шеңбері
Мекен ету ортасы: Су
Жануарлар: Қосмекенділер
Зәр шығару мүшесі: Бүйрек, клоака, қуық
Тыныс алу мүшесі: Өкпе, тері, желбезек
Жүрегінің құрылысы:

Дернәсілі

2 бөлікті, бір шеңберлі, ересегі

3 бөлікті, екі шеңберлі

Мекен ету ортасы: Су, құрлық
Жануарлар: Жорғалаушылар
Зәр шығару мүшесі: Бүйрек, қуық
Тыныс алу мүшесі: өкпе
Жүрегінің құрылысы:

3бөлікті жүрек қарыншасында жартылай перде бар, тек қолтырауындікі

4 бөлікті

Мекен ету ортасы: Су, құрлық
Жануарлар: Құстар
Зәр шығару мүшесі: Бүйрек, клоака
Тыныс алу мүшесі: Өкпе, қосарлы тыныс алу
Жүрегінің құрылысы:

4 бөлікті, 2 жүрекше, 2 қарынша,

2 қанайналым шеңберлі

Мекен ету ортасы: Су, құрлық-ауа
Жануарлар: Сүтқоректілер
Зәр шығару мүшесі: Бүйрек, қуық
Тыныс алу мүшесі: өкпе
Жүрегінің құрылысы:

4 бөлікті, 2 жүрек-ше, 2қарынша,

2 қанайналым шеңберлі

Мекен ету ортасы:

Су, құрлық-ауа

топырақ

Жәндіктердің тыныс алу және зәр шығару мүшелері

Жәндіктер
Зәр шығару мүшесі
Тыныс алуы
Жәндіктер: Гидра
Зәр шығару мүшесі: Бүкіл денесі
Тыныс алуы: Суда еріген оттегімен, бүкіл денесі арқылы
Жәндіктер: Шұбалшаң
Зәр шығару мүшесі: Әр буылтығында екі-екіден орналасқан имек түтікшелер
Тыныс алуы: Тері жабыны
Жәндіктер: Қос жақтаулы былқылдақ денелілер
Зәр шығару мүшесі: Шапанша қуысына ашылатын бүйрек
Тыныс алуы: Тыныс саңылауынан және шапанша қуысы, шапанша қалтасы, қантамыры, суда тіршілік ететіндері желбезек тақташаларымен сифондар
Жәндіктер: Өрмекші
Зәр шығару мүшесі: Аяғындағы сатанбез және мальпигий тамыршасы
Тыныс алуы: Қос өкпе-ауа қапшығы
Жәндіктер: Қоңыз
Зәр шығару мүшесі: мальпигий тамыршасы
Тыныс алуы: Хитинді демтүтік
Жәндіктер: Шаян
Зәр шығару мүшесі: Екі жасыл без
Тыныс алуы: Екі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өзекшелер-желбезектер

Аналогия әдісі-индукция әдісімен тығыз байланысты, яғни қарапайымнан күрделіге, жекеден жалпыға қарай бағытталады. Мысалы: қан жасушаларынан дәнекер ұлпасына, одан ағзалық жұмысының реттелуіне (гуморалдық реттелу), оны жүзеге асыратын ішкі секреция бездеріне, бездердің қызыметі арқылы ағзаның тұрақты дамуы мен реттелуіне т. с. с.

8-сыныптағы «Ағзаның ішкі ортасы»тақырыбын толық түсіну үшін аналогия әдісі негізінде ішкі ортаның құрылысы мен қызметіне, қан жасушаларының құрылысын, қасиетін, қызметін пайдаланамыз.


Ұқсас жұмыстар
Бүршіктің ішкі құрылысы 6 сынып
Жапырақтың құрылысы. жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. 6 сынып
Сабақтың түрлері, құрылысы. сабақтың қызметі мен сабақтың ішкі құрылысы
Гүлдің құрылысы - 6 сынып
Жыныс жасушаларының бөлінуі
Биология пәнінен тест жұмыстары
Жүректің құрылысы
Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
Аталықтың құрылысы
Атомның құрылысы.Д.И.Менделеев жасаған периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz