Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Асыл анам мерекең
Ашық тәрбие сағаты
<<Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады>>
8-класс жетекшісі Қазыбекова Жұмагүл Тынышкалиқызы.
Сабақтың мақсаты:Оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу .
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер,бейне материалдар,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Көрініс: "Сәбидің дүниеге келуі"
(Сахнада анамен сэби)
2-жүргізуші: Сен дүниеге келдің. Айқай сала жылап, бұлданып келдің. Сонда кімге жылап, кімге бұлдандың?! Ал анаң үшін сенің соныңның өзі бақыт! Бүкіл сай-сүйегі босап, денесін әрең қозғап жатып, сенің айқайыңа жан жүрегі елжіреп мәз болады. Қайран, Ана! Анажан!
Мейірімді көздері мөлт-мөлт етіп күш жияды.
Анасы: Күнімменің, менсенімынажарықдүниеге алып келген анаңмын. Балапаным, ботам менің!
(Бесік жырын айтып сахнадан иіыгады.)
1-жүргізуші:Сәби өмірге алғаш келгенде өз сезімін гуілдеген үнімен білдірсе, өсе келе ерекше
сезімін энмен жеткізгісі келеді.
Ән: "Анаға сәлем".
2-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығыңмен шуағыңмен күн ана
Алып келдің жер бетіне гүл көктем
-Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар!!!
Арулар!
1-жүргізуші Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан - ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.Осы бір <<АНА>> деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару - көңілдің гүлі.
2-жүргізуші Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі - ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық. Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.
І жүргізуші:
Той пердесін ашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық
ІІ жүргізуші:
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең
Құтты болсын ұстаздарым
Қуанышты берекең
І жүргізуші:
1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.
1-оқушы:
Өзіңе еліктеп өсермін
Борышты өтермін қалайда
Тым нәзік, жұтаңдау жырымды
Жүректе жылытшы, жарай ма?
Мұғалім: Хор <<Ананың тілі.>>
ІІ жүргізуші:
- Оқушыларды өздерінің шығарған өлеңдерін оқиды. Қабыл алыңыздар.
Мұғалім: -<<Анашым>> әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші:
- менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
ІІ жүргізуші:
-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
І жүргізуші:
-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
ІІ жүргізуші:
- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Мұғалім: -Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
1-оқушы
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
І жүргізуші:
Ән де шырқап, ойын да ойнап жатырмыз.
Асыл ана бәрі осының сіздің ғана арқаңыз.
2-оқушы:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
Мұғалім:
-Кластың орындауында ән <<Ана туралы жыр.>>
І жүргізуші:
-Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.
ІІ жүргізуші:
-Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер ме екен ?
І жүргізуші: -Сынап көрелік.
І жүргізуші:
- Мерген аналарымыздың құрметіне тағы да ән шашу
ІІ жүргізуші:
-Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады. Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты.
- Қаладан көтергенше жүк алып, әйелдердің кетуіне рұқсат етемін,- дейді
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалаға кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды,кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
І жүргізуші:
-Осылай бір халықты әйелдер аман алып қалған екен.
Кішкене қыздар ұл балаларды көтеріп шығарыпты.
Сен осылай жасай алар ма едің?
ІІ жүргізуші:
- Мүмкін мен тек біреуін ғана алып шығар ма едім?
І жүргізуші:
-Ол бақытты жан кім екен ?
І жүргізуші:
- Білмеймін. Тек күшімнің келері сол болар дегенім ғой.
ІІ жүргізуші:
- Аналарымыз қандай өнерлі десеңші!
І жүргізуші:
- Өздері мерген. Өздері бір үлкен адамды да көтеріп кететіндей күштерін қалай сынасақ екен?
ІІ жүргізуші:
-Олардың шешендігін сынап көрелік.
Мұғалім: Сөз тапқанға қолқа жоқ ойыны
Аналарды ортаға шақырып, бір санды таңдатамыз.
Таңдаған сандарының сұрақтарына жауап береді. Бір сан 5 сұрақтан тұрады.
І ж -Менің анам алтын
ІІ ж -Менің де анам алтын
І ж -Аналарды құрметтеп
ІІ ж -Қол соғыңдар жалпың
Аналарды ортаға шақырамыз
І жүргізуші:
- Біздің сөз тапқыш аналарымыздың құрметіне <<Әже>> әнін ұсынамыз.
3-оқушы:
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
4-оқушы Ардақты Ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтін
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
ІІ жүргізуші: Адам ең алдымен Ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды.Ана баласының ер жетіп адал болуын қалайды.Анаға осыдан басқа артық тартутаралығының керегі жоқ. Мұсылман қауымы анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызынан құтылмайсың деген екен.
І жүргізуші: -Бәріміз де ана алдында борыштармыз. Сол борышты өтеу бізге міндет. Сынып оқушыларының орындауында <<Анашым.>> әнін қабыл алыңыздар!
5-оқушы:Ана деген,ана деген бұл өмірдің тірегі
Аналардын мөп-мөлдір ғой тілегі
Құлыным шырылдаған ,ешбір тыным таппаған,
Ауырмасын, ауырмасын ,аналардың жүрегі.
6-оқушы:Құттықтаймын мейрамыңмен ,аналар,
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейді өмірде
Елің ,жұртың ,ұл мен жұртың бағалар.
Мұғалім:
-Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) - ға сахабалары келіп
-Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші жақсылық жасау керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді:
-Әкеңе,-деді .
Бейнеклип: ˝Ана туралы аңызˮ
7-оқушы: Көз керек-ананың өнерін,парасатын көруге.
Көз керек- арудың,әйелдің,ананың сұлулығын көруге.
Көз керек-ұйқысыз түндер мен уайымды күндер салған.
Әжімдердің сырын ұғуға,
Мейірім мен жылылыққа толы ана алақанындағы,
Ықыласты қолмен ұстап сезінуге.
Көз керек-бесік жырымен ана әлдейінің құдіретін
Толық біліп ұғынуға!-деи келе ақ шашты әжелерімізге арнап <<Асыл әжем>> әнін тарту етеміз.
8-оқушы
Маған қымбат адам жоқ бір анадан
Бар жақсылық аналардан жаралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Аналарға борышты ғой бар адам,
9-оқушы
Мен ананы шуағы толы күн деймін,
Анадан зор құдіретті білмеймін.
Анам аман-сау жанымда жүрсе егер
Бақытым да әр лез бірге жүр деймін.
10-оқушы
Дүниедегі еңардақты асыл жан,
Анам мені мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан
Хор:
1-2-жүр .құрметтейік ,о адамдар ,аналарды
Бізді өмірге әкелген аналарды.
Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz