Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бейсекең - қазақ әдебиеті ғылымында тұңғыш рет қазақ әдебиетінің тарихын жүйелеген, бір ізге салған ғалым
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,
№268 орта мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
Досанова Ғайни Тұрмағанбетқызы
<<Өлмес өмір дастаны>>
Тақырыбы: <<Өлмес өмір дастаны>> атты әдеби -танымдық кеш
Мақсаты: Қазақтың біртуар азаматы, филология ғылымдарының докторы Бейсенбай Кенжебаевтың 110 жылдығына орай, ғалымның саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету.
Міндеттері: Бейсенбай Кенжебаевтың өмір тарихын, өміріндегі шығармашылығы мен зерттеулерімен таныстыру.
Түрі: Әдеби-танымдық кеш
Әдісі: баяндау, әдеби монтаж
Көрнекілігі: Ғалым туралы жазылған ой - пікірлер, презентация, кітап көрмесі
1-жүргізуші:
Тастарда тарих бар,
Тағдыры халықтың,
Аманат ойы бар
Азамат алыптың.
2-жүргізуші:
Тастарды ғұмыры бар
Кешегі ғұндардың,
Шыны бар, сыры бар,
Құпия тұнған мұң.
1-жүргізуші:
Тастарда тілі де бар
Түбі бір түркінің.
Сенім бар, сезім бар
Жаңа ашқан бүртігін.
2-жүргізуші:
Түбі бір түркі елдерімізді растайтын айғақ әдебиетімізді көне дәуірден бастау керектігін ғылымда бірінші болып Бейсенбай Кенжебаев көтерді, көтеріп қана қоймай, өткен ғасырдың 30-70 жылдары арасында дау-дамайға түсіп, қазақ әдебиетінің тарихы 18 ғасырдан емес, 5-8 ғасырлардағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталатындығын дәлелдеген.
1-жүргізуші:
Түркі халықтарының әдебиетін зерттеген, әдебиетті жүйелеуге үлес қосқан қазақ халқының ардақты азаматы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаевтың 110 жылдығына орай саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беріп, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан, үлгі ету мақсатында ұсынылып отырған <<Өлмес өмір дастаны>> атты әдеби-танымдық кешке қош келдіңіздер!!!
2-жүргізуші:
Ағаділов Дінмұхаммедтің орындауында <<Қазағым>> әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
Ғалым өміріне қысқаша шолу жасайық.
1-оқушы (Нұрайым)
(Өмірбаяны жайлы қысқаша мағлұмат беріп өтеді)
Кенжебаев Бейсембай (1904-1987) - ғалым, түрктанушы, әдеби сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылында туған. И.Сталин атындағы Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін, М.Горький атындағы Әдебиет институтын, Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
<<Жас қайрат>>, <<Лениншіл жас>> (<<Жас алаш>>), <<Кеңес туы>>, <<Оңтүстік Қазақстан>>, <<Социалистік Қазақстан>> (<<Егемен Қазақстан>>) газеттерінде, тағы басқа газет - журналдарда бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, редактор, <<КСРО Жоғары Кеңесінің Ведомостволарында>> аудармашы қызметтерін атқарған. 1941-1944 жылдары - Қазақстан мемлекеттік біріккен баспасының бас редакторы, 1961 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) аға оқытушысы, филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1975-1987 жылдары профессоры, кеңесші-профессоры қызметтерін атқарған.
Б.Кенжебаев - қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай Құнанбаевтің, С.Торайғыров, Ж.Жабаев, М.Сералин, М.Әуезов, С.Шәріповтердің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған <<ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті оқулығын, <<Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын жариялады. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, зерттеумен айналысты. Кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға орай ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын Бұхар жыраудан басталады деген жансақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Осы тақырыпта <<Көне әдебиет туралы>> (1969), <<Қазақ әдебиетінің мәселелері>> (1973) атты еңбектерін жазған. <<Қазақ әдебиеті тарихы>> (1948) кітабының фольклорға қатысты тарауларын жазып, <<Жамбыл Жабаев - қазақ халқының жыршысы>> (1955), <<Біржан мен Сараның айтысқаны>>(1955) тағы басқа зерттеулерін жариялаған. <<Тымпи>> (1943,1981), <<Көңіл ашар>> (1971) сатиралық фольклор мұраларын бастырды.
Б.Кенжебаев - көркем проза және аударма саласында да көп еңбек еткен. 1928 жылы <<Асау жүрек>> әңгімелер жинағы жарық көрген. А.Пушкиннің шығармаларының қазақша библиографиялық көрсеткішін жасаған. Көптеген орыс және шетел жазушы-ақындарының шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
Ленин орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.
1-жүргізуші:
Тыңнан жол салу қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуді бір ғасырға емес, табаны күректей он екі ғасырға әрі жылжыту нағыз ұлт жанашырының әрекеті.
2-жүргізуші:
Әрине, бұл бастама Бейсекеңнің бір күнгі жемісі емес, әке-шешеден ерте айырылып, тез есейген, есею жолдарында үлкен жүректі азаматтарды өзіне үлгі ете білген кешегі сары баланың өмірлік арманы болатын.
1 (Бейнероликтен Б.Кенжебаевтың өмірі туралы қызының айтқан мәліметі көрсетіледі)
1-жүргізуші:
Өзінен үлкендерден үлгілі өнеге алып жүрген Бейсекең ұлтының нағыз жанашыры болып өседі.
Өкініштісі, бұл жолда кеңес үкіметі оның басынан сипай қойған жоқ. Сонда да болса өзінің азаматтық көзқарасын сақтап қалуына бірден-бір әсер еткен ұстаздары болатын.
2 (Бейнероликтен Б.Кенжебаевтың ұстазы болған М.Жұмабаев жайлы Құлбек Ергөбектің айтқан пікірі көрсетіледі)
2-жүргізуші:
Көрген тәрбиесін көкейіне құйған Бейсекең алғашқы ерлігін 1941 жылы қазақтың біріккен әдебиет баспасына бас редакторлыққа қызметке келгенде жоспарда тұрған Мұхтар Әуезовтың <<Абай жолы>> кітабын жарыққа шығарудан бастайды.
3 (Бейнеролик үзінді <<Абай жолының>> баспаға басылу тарихы көрсетіледі)
1-жүргізуші:
Сонда Абайдың жарыққа шығуына Бейсенбай Кенжебаев қызметтен кету арқылы қызмет еткен.
2-жүргізуші:
Достық сыналған тұста сыну орнына осындай байсалды, батыр әрекет көрсеткен.
1-жүргізуші:
Соны біліп Мұқаң кітаптың алғашқы нұсқасының бірінші бетіне <<Бешім, осы кітаптың жарыққа шығуына еткен еңбегің мен көрсеткен қайратыңды шын көңлден бағалаған ағалық жүректен М.Әуезов>> деп Бейсекеңе берген екен.
2-жүргізуші:
Бейсенбай Кенжебаевты <<Бешім>> деп еркелеткен Мұхтар Омарханұлының сөзінен Бейсекеңе деген шексіз ризашылықты көреміз.
1-жүргізуші:
Сол заманның коммунистік партиясы ұлтым деген азаматтарды еркелеткен жоқ, қайта тұқыртып, қатарынан шығарып, керек десеңіз қаматып, атқызып жіберді, жұмыстан босатты.
2-жүргізуші:
Бейсекең де бірнеше мәрте қуғынға ілініп, алаштықтарды ақтаймын деп көп қиыншылық көрді.
4 (Бейнеролик Сұлтанмахмұт Ергөбектің сөзі) 1
1-жүргізуші:
Қазақтың ұлтжанды ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғырұлының да бар мұрасын бізге жеткізген Бейсенбай Кенжебаев болатын.
2-оқушы: ( Жамал )
Қазақ әдебиеттанудағы сұлтанмахмұттанудың ғылыми іргесін қалаған профессор Бейсембай Кенжебаев. Дүрмегі мен дүрбелеңі мол бұл ғылыми саласының дүниеге келуі тікелей Бейсекеңнің табанды зерттеуінің нәтижесінде ғана жүзеге асты. С.Торайғырұлы
бар әдеби мұрасын - бар тағдырын Бейсекеңе аманат етіп тапсырып кеткендей, ол бар ғұмырын ұлы ақын мұрасын тануға, танытуға, әр кезеңде жабылған жаладан арашалауға бағыштайды. Өзі анық танығанынан танбайтын табанды, белдескен жерде не не белі сынбай, не белдігі кетпей қайтпас, қайсар ғалым Б. Кенжебаев болмағанда, ол ақын әруағы үшін басын бәйгеге тігіп, жан сала күреспегенде Сұлтанмахмұт есімін әлідей-ақ әлдеқашан ақтаңдаққа айналдырып жіберіп, өзінің тұстастары - ардақты ағаларымызбен
бірге тарих қойнауынан енді-енді қайта ашып, қайыра қауышып жатар едік... Ақын есімінің өшіп кетпей, ұлтшыл санатта жабық қалмай, бүгінгі ұрпаққа маңдайы жарқырап жетуінде - ғұлама ғалым Б. Кенжебаевтың зор күрескерлік әрекеті жатыр. Ақын ғылыми өмірбаянын түзу, жинақтарын асқан ыждағаттықпен ғылыми өреде құрастыру, текстологиялық жұмыстар жүргізу, өмір белеңіндегі айтқызбаған кезеңдерді деректі-көркем әңгіме түрінде жазу, ұлтшылдық қарғыс таңбасы басылып жауып тастаған өлеңдерін мақалаларында атын атамай, түсін түстемей насихаттау...міне батыр жүрек ғалым Бейсекең атқарған істердің қайсыбірі осылар. "Ризамын не көрсем де осы жолда" (С. Торайғырұлы) деп ақын айтқандай, Б. Кенжебаевтың, Сұлтанмахмұтты ақтау, жақтау, сөйтіп үлкен ілімге айналдыру жолында кешпеген бейнеті, көрмеген құқайы жоқ. Бұл жолда ол беделге бас имеді, мансапқорға жағынбады, ақиқаттан танбады. Дәйімгі табандылығын ұлы ақын мұрасы дауға түскенде де танытты. Ұлы ақынды анықтау, ақтау, тану, таныту жолында ол ұлтшыл да, космополит те атанды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысына да ілікті. Қайсар әрекеті үшін Қазақстан Компартиясы ОК-нің әр кездегі хатшылары болған Ж. Шаяхметов, М.С. Соломенцев, Н. Жанділдиндермен қырандай сілкесіп айтысты.
5 (Видеоролик Сұлтанмахмұт) 2
2-жүргізуші:
Баласын қиындықтан қорғаған әке өзінің ұстанымдары үшін өмірінде талай рет отқа күйіп, суға тұсті.
1-жүргізуші:
Бірақ ғылымның мәңгілік ғұмыры бар екендігіне шүбәсз сенген ғалым үмітті болашақтан күтті, сол болашаұтың барына сенді.
2-жүргізуші:
Бейсенбай Кенжебаев туралы атйылған пікірлер өте көп, солардың бірі қазақ әдебиетінің дамуына өз үлесін қосқан Мырзатай Жолдасбеков ағамыз.
1-жүргізуші:
Ағамыздың сөзін бейнероликтен тамашалайық
6 (Мырзатай Жолдасбеков бейнеролик)
3-оқушы (Гүлжайна )
Бейсекең басынан қудалауды өте көп өткізген адам, қиын жылдары Мәскеуге барып, сол жерде қызмет етіп, кітабын сатып күн көрген. Соған қарамастан, әдебиетіміздің тарихына сіңірген еңбегі Бейсембай Кенжебаевтың есімін құрмет - пен, мақтанышпен айтатын дәрежеге көтерді.
Абайдың: <<Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға>>, дегеніндей, әлі есімде, қарама - ғында қызмет істеп жүрген біздерге жазғы дем - алыс - қа кетіп бара жатсақ: <<Ел арасындағы әңгі - мелерді жинай жүріңдер, қазақтың боғауыз айтыс - тарын да тастамаңдар>>, деп тапсырма беріп жіберетін. Өзгені қайдам, өзім бірнеше нұсқасын жинап келгенмін сонда. Әрине, олар мұнда көрін - бейді, алайда алда толықтырылады деп ойлаймын.
2-жүргізуші:
Бейсенбай Кенжебаев қазақ халқының әдебиеті мен тарихына қосқан үлесі ұшан-теңіз.
4-оқушы: (Жарқынай)
Бейсембай Кенжебаев - қазақ әдебиетінің мәсе - лелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арнал - ған іргелі еңбектер жазумен қатар, Абай, Ж.Жабаев, М.Сералин, М.Әуезов, С.Шәріповтің өмірі мен шығармашылығы туралы да жан-жақты зерттеу жүргізіп, кітаптарында әдебиет өкілдерінің кемең - герлік, ойшылдық, тапқырлық қабілетіне бағасын беріп, тағдырына қатысты ой түйген ғалым. Ұлттық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет заман қайшылықтарына қарамай, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жүйелеу, терең зерттеумен айна - лысты, сөйтіп қазақ әдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан басталады деген жаңсақ пікірді теріске шығарып, Орхон-Енисей жазбаларынан бастала - тын - дығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге күш салды. ХХ ғасырда өмір сүрген ақын-жазу - шы - лардың шығармашылығын, сондай-ақ түрк дәуірінің әдеби нұсқаларын жинақтап, жүйелеп, бір ізге түсірді.
5-оқушы (Нұрайым)
Бейсекең - жиырмасыншы ғасырдың ба - сындағы әдебиетті терең зерттеген адам. Ол Ыбы - рай мен Шоқанды, Бернияз Күлеев, Әсет ақын, Сұлтанмахмұт, Ақмолла, Мақыш Қалтаев, Әкірам Ғалымов сынды әдебиет өкілдерін зерттеді.
Бейсекеңнің ғылыми еңбектерін қазақ әдебие - тінің тарихын тереңге апарған, тұңғыш рет жүйеге түсіріп негіздеп, жан-жақты дәлелдеп берген, еш - қашан ескірмейтін, көнермейтін, ұрпағының қо - лы - нан түспейтін аса құнды мұра деп есептеймін.
6-оқушы (Аружан)
Бейсекең - қазақ әдебиеті ғылымында тұңғыш рет қазақ әдебиетінің тарихын жүйелеген, бір ізге салған ғалым. Ол кісі қазақ әдебиетінің тарихын: Ерте дәуірдегі әдебиет (түркі халықтарына ортақ әдебиет, Х ғасырға дейін), Мұсылман дәуірінің әдебиеті (Х-ХІІ ғасыр), Алтын орда кезіндегі әдебиет, Қазақ хандығы тұсындағы әдебиет, ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиет, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және қазіргі әдебиет деп дәуірлейтұғын. Бұл жинақтарға Бейсекеңнің көз майын тауысып, талай мехнат шегіп, талай қиындықты бастан кешкен ауыр да азапты ойлармен жазған, асыл қаламынан туған қазақ әдебиетінің тарихын зерттеушілерге аса қажетті, құнды шығармалары, мақалалары, ғылыми зерттеу еңбектері кірген.
7-оқушы (Нұрболат )
Құлбек Ергөбек ағамыз Бейсекеңнің бес томдық академиялық жинағын жариялап жатыр. Оның бірінші томы <<Түрк қаға - натынан бүгінгі күнге дейін...>> деп аталады.
Бірінші тарауына Бейсекеңнің <<Ерте дәуір - лердегі әдебиет нұсқалары>>, <<Қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу>>, сондай-ақ түрк халықтарына ортақ <<Дивани Лұғат ат-Түрк>>, <<Қисса-сұл Әнбия>>, <<Кодекс Куманикус>>, <<Мұхаббатнама>> сияқты айшықты шығармаларды талдауы беріліп, <<Әдебиет тарихын зерттеудің кейбір мәселелері>> жайлы пікірі де енгізілді. Бұрын еш жерде жа - рияланбаған <<Сөз туралы сөз>> деп аталатын түркітануға арналған құнды еңбегі де тұңғыш рет осы томдықтан орын алды.
Оқушы: Гүлжайна
Б.Кенжебаевтың бес томдығы әдебиет тарихындағы Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан - дардың еңбектерімен қатар тұратын аса құнды жинақ деп есептеймін.
2-жүргізуші: Мұхамедиярова Асылжанның орындауында <<Елге сәлем>> әнін қабыл алыңыздар
8-оқушы (Нұршапағат)
Бейсембай Кенжебаевтың артында қалған байтақ мұра мұнымен шектелмейді. Әлі де талай мұрасы жинақталып, түбегейлі зерттелуі керек. Әдебиеттану ғылымының көшін бастап тұрған ұстаз академик Виктор Максимович Жирмунский, мәскеулік профессорлар Әмір Нәджип - пен, Айсұлу Валитовамен, сол сияқты өзге де атақ - - ты ғалымдармен әдебиет тарихына, соның ішінде қазақ әдебиетінің тарихына қатысты бол - ған ұзақ сұхбаттарына талай куә болғанмын. Сол кездегі ұзақ әңгіменің арқауына айналған көп - теген ойлары бұл жинақтарға кірмеген. Түбінде оның бәрі табылып, жинақталады деп ойлаймын. Өйт - кені Бейсекең өте ескерімпаз кісі болатын, бәрін жинақтап, қағазға түсіріп отыратын. Болашақтың еншісінде кен қазғандай әлі де аша түсетін, тереңдей бойлап тұнығына қана түсетін ғалымның мұраларын жинақтау міндеті тұр. Оның еңбегі бес томдықтан да қомақты болатынына сенімдімін.
7 (Бейнеролик шәкірттері)
1-жүргізуші:
<<Шәкіртсіз ұстаз - тұл>> демекші, Бейсенбай Кенжебаевың саналы ғұмырында өз зерттеулерін жалғастыратын шәкірттері де бар.
2-жүргізуші:
Шәкірттері: Бейсекеңнің ғұмырын жалғастырып, ұлты үшін өмірін сарпы еткен шәкірттерінің бірі - ғалым Алма Қыраубаева. Ұстазы шәкірт таңдауда қателеспеді. Алтын Орда дәуірінің әдебиетін жеріне жеткізе зерттеген Алма апай талапты шәкірт бола қоймай, өзінің мектебін қалыптастырған ұлағатты ұстаз болып есте қалды.
8 (Алма Қыраубаева жайлы ролик көрсетіледі)
1-жүргізуші:
Бейсенбай Кенжебаевтың ізін жалғастырып, үмітін ақтаған шәкірттерінің бірі
Хабиболла Сыдықов ақын-жыраулар тақырыбын зерттесе, академик Рымғали Нұрғалиев кезінде айтуға болмайтын М.Әуезовтың трагедияларын зерттеп ғылымға үлес қосты. Шәкірттердің қай-қайсысы да ғылым жолында адалдық танытып, ұлтының қамын жеген азаматтар.
2-жүргізуші:
Бейсенбай Кенжебаев шәкірттерінің бірі - Мырзатай Жолдасбеков өзінің ұстаз жайлы айтқан үзіндісімен танысайық:
9-оқушы (Мұрат)
Мен үнемі айтып жүремін, Бейсекең бойын жасырған тұлпар сияқты кісі еді, бейсеует кісі алдына шығып, көлбеңдеп сөйлей бермейтін. Ешбір жиында әлдекімге артық сөз айтқанын естіген емеспін. Бірақ шындыққа ешбір жанаспайтын, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын, өзінің атына ай - тыл - ған кейбір орынсыз сөздерге қатты қынжы - латын еді, үйге келгенде уайымдап, пұшайман болатын. Бейсембай Кенжебаевтың ақ жүрегінен аршылып, төгіліп жазған маржандай ойларының бәрі кесіліп, пішіп, қайшыменен қиылып, күзеліп, жүнін жұлған тауықтай болып жарияланатын. Ол замандарда Бейсекеңнің бір сөзі жүзеге асқан жоқ, жазған мақаласының бірде-бірі тұтас күйінде жарияланбады. Бәрі сүзгіден өткізіліп, мағынасы жойылып, халыққа түсініксіз күйде жетіп жатты. Сонда да Бейсекең айтқанынан қайтқан жоқ. Үнемі: <<Халық болған жерде әдебиет болады, әде - биет болған жерде оның тарихы болады. Сон - дық - тан біз мұны зерттеуіміз керек. Бұқар жыраудың алдында да қазақ болған, қазақ болды деген сөз қазақ халқының әдебиеті болған деген сөз. Осыны дәлелдеуіміз керек!>> дейтін жарықтық күйіп-пісіп.
1960 жылы университетті бітірген кезімде Бейсекең мені арнайы шақырып алып: <<Мырзатай, өзім жетекшілік етемін, сенің қолыңнан келеді. Бауырлас өзге елдерге қарашы, көршілес татарды, өзбекті ал, бәрі де әдебиетін кешегі ХVIII ғасыр - дан бастап отырған жоқ. Біздің олармен тарихы - мыз бір, тағдырымыз бір, түбіміз, төркініміз бір халықпыз, бәріміз бірміз. Ф.Энгельстің айтатын сөзі бар емес пе: <<Неғұрлым ғасырлар түбіне тереңдеген сайын, соғұрлым тектес халықтардың арасындағы айырмашылық жойыла береді>>, демеуші ме еді. Біз - тегіміз бір, тарихымыз бір халық - пыз. Сонда олар өздерінің тарихына кіргізгенде, аңқып тұрған даланың жырындай ғажап шы - ғармаларды неге өзіміздің тарихымызға қатысты емес деп айтамыз?.. Бабаларымыз қалдырған асыл - - дарымыздан біз неге ат-тонымызды алып қа - шуымыз керек, маған осы жағы түсініксіз>>, дейтін еді.
2-жүргізуші:
Шорабек Нұрболат <<Алға, Қазақстан>> әні
Қорытынды:
1-жүргізуші:
<<Түбі бір түркі еліміз, бөлінбейік, жарылмайық>> деген Бейсекеңнің ұлы өсиеті орындалып, бүгінгі таңда Түркістанда Бейсенбай Кенжебаев атындағы түркітану музейімен қатар түркі тілдес халықтар кітапханасы жұмыс жасауда. Түркі тілдес халықтардың рухани дүниесі, бай шығармалары оқырманды терең ойға жетелейді. Әттең, дүние-ай, аманаты орындалған Бейсенбай Кенжебаев көзімен көрсе ғой деген арман да жоқ емес.
2-жүргізуші:
Бейсембай Кенжебаевтың артында қалған байтақ мұра мұнымен шектелмейді. Әлі де талай мұрасы жинақталып, түбегейлі зерттелу үстінде.
1-жүргізуші:
Ұлттың тілін қадірлеуді, халықтың дәстүрін дәріптеуді ұрпаққа аманат етіп қалдырған Бейсенбай Кенжебаевтың қазақ әдебиеті тарихындағы сәулесі ешқашанда сөнбейді.
2-жүргізуші:
Әдеби-танымдық кешіміздің қорытындылау сөзін Облыстық тарихи-өлкетану музейінің______________________________________________________________ береміз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz